Материалдар / А. Байтұрсынұлы Мақала
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

А. Байтұрсынұлы Мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
А. Байтұрсынұлы туралы мақала.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Наурыз 2023
226
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сан қырлы санаткер

Найманбаева Айзат Кәдірқұлқызы

С.Ерубаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі

Дүниедегі өмірдің өзіндей байтақ, мынау жарық дүниенің даласындай дарқан ғажайып тұлға, халқымыздың айдай маңдайына біткен абзал азаматы, асқар таудай арысы, өмір жолы мәңгілікпен астасып, ғасырлардан ғасырларға ұласып,сан ұрпағымыздың елдік мектебіне айналған асыл ардагер азаматы-Ахмет Байтұрсынұлы.

Саналы ғұмырын сауат ашуға арнап, қарабайыр халықтың көзін ашуға ұмтылған жан, қазақтан шыққан тұңғыш ағартушы екені мәлім. Өзінің өткір тілді өлеңдері, жыр-жинақтары арқылы халқының құлағына маса болып ызылдап, ұйықтап жатқан халықты оятуға талпынған, жанды жерінен шағып, болашаққа зер салуды насихаттайды. Қазақ қоғамында оқу саласына ерен еңбек сіңірген Ахмет Байтұрсынов, араб жазуы негізінде жасалған тұңғыш әліпбидің дүниеге келуіне түрткі болды. Өзінің қолға алған жобасы негізінде, топ алдына шығып, баяндама жасаған сәтте, ағартушы ғалым: «Әр жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай басқалық болса, тілінде де сондай басқалық болады. Біздің жасынан не орысша, не ноғайша оқыған бауырларымыз сөздің жүйесін, қисынын нағыз қазақша келтіріп жаза алмайды не жазса да қиындықпен жазады, себебі, жасынан қазақша жазып дағдыланбағандық» деп айтқан болатын. Кіріктірілген сөздер, әріптердің балаларды оқып, игеруіне қиындық тудыратындықтан, барынша жеңілдетілген, тілге оңай екендігін алға тартып, «Оқу құралы» қазақ әліпбиінің баспада жарияланып, қара домалақ балалардың қолына тиіп, көзін ашуға өз ықпалын тигізді. Аталмыш оқулық әлі күнге дейін өзінің маңыздылығын жоймай, құнды дүниелер ретінде бағалануда. Айта кетейік, қазіргі біздің білім беру жүйесінде талай жылдар бойы қолданыста болып, кейінгі жылдары өзгеріске енген «әліппе» оқулығы да биыл жанданып, қайта шәкірттердің қолына табысталатын болды. Оның алғашқы бетінде, Ахмет Байтұрсынұлының болуы да бекер емес.

Жалпы, өзі жазылған өмірбаянда ол: «...Орынборға келгеннен кейін, ең алдымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім; одан кейін қазақ әліпбиі мен емлесін ретке салып, жеңілдету жолында жұмыс істедім, үшіншіден, қазақтың жазба тілін бөтен тілдерден келген қажетсіз сөздерден арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердің жат әсерінен тазартуға әрекеттендім; төртіншіден, қазақ прозасын жасанды кітаби сипаттан арылтып, халықтық сөйлеу тәжірибесіне ыңғайластыру үшін ғылыми терминдерді қалыптастырумен айналыстым», деген болатын. Талай жылдық зерттеу, тынымсыз еңбек, алға қойған мақсаттың арқасында ғалым өзінің тырнақалды туындысын көпшілікке ұсынып, жемістің нәтижесі көп уақыт өтпей-ақ байқала бастады.

«Тіл құрал» қазақ тілінің тұңғыш оқулығы. Ол жерде тек жазылу, оқылу емлесі ғана көрсетіліп қоймай, нақты дәлелдермен анықтамалар, грамматика, терминдер кеңінен қарастырылған. Мысалы, бүгінгі күнге дейін қолданыстан түспей келе жатқан зат есмі, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, бастауыш, баяндауыш, пысықтауыш, шылау, сөз таптары, сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа т.б. көптеген терминдерге түсінікті түрде анықтама беріп, сауап ашуға негіз болған. Әрине, бастапқыда балалар үшін бұл ұғымдар құлаққа түрпідей тигенімен, уақыт өте келе, сөйлемдердің құралу барысы, талдау жүйесіне бірізділік қалыптасып, әр бөлшекке мән беру нақты түрде жүзеге асырылды.

Ахмет Байтұрсынұлы-аса көрнекті қазақ ақыны, журналист және педагог...Ол қазақ тілі емлесінің реформаторы, грамматиканың және қазақ әдебиеті теориясының негізін салушы,әлеуметтік-қоғамдық өмірдегі қоғам қайраткері, халқын мәдениетке шақырған, ұлтының арын жоқтаған нағыз азаматы болған”-деп профессор Рымғали Нұрғалиев айтқандай, сан қырлы санаткер-Ахмет Байтұрсынұлы аудармамен де көп айналысады.А.Крыловтың мысалдары, Пушкин, Лермонтов шығармаларын аударып,”Қырық мысал” атты жинағын басып шығарды.Негізгі мақсаты халқының қараңғы да надан болып қалмауын, мәдениеті озық елдерден үлгі алуын ескертіп, қазақ қадамын алға бастыру еді.

Талай жанның өміріне шуақ болып шашылып, талай жанның шамшырағын жағуға ықпал еткен азамат, тек білім саласында орасан тер төгіп қана қоймай, баспа саласының дамуына да үлкен көмегін тигізді. Тұңғыш, жалпыұлттық «Қазақ» газетінің жарыққа шығуына түрткі болған, дәл осы Ахмет Байтұрсынов болатын. Саясаттан хабар-ошар тарапын, халықпен тікелей байланыс орнатқан басылым адамдарды үнемі ілім-білімге де үгіттеп отырды.

Ол ұлтына,қазақ халқына қызмет етті.Бұл туралы Сәкен Сейфуллин кезінде былай деген болатын:”Ахмет халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір бағын бәйгеге тіккен, Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын тіккен, Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл”

Ол шын мәнінде ұлт ұстазы, халқымызыдың рухани көсемі бола білді.

Оған қоса, нар тұлға Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі ретінде тарихтан жақсы таныс. Тіпті, отаршылықтың отты лебі оның отбасына да өз кесірін тигізіп, қазақтың текті ұлына жала да жабылды. Әрине, ұлттың ұранын ұлықтаған жанды Патша үкіметі аса жақтыра қоймағаны анық. Алайда, қазақ үшін, Ахмет Байтұрсынов қашан да, биік тұғырдағы, төбемізге көтеретін ұлт ұлы екенін қанша ғасыр өтсе де дәріптеп өтпек.

Тілі таза, намысы өжет, текті тұлға қашан да ұрпақтардың ықыласына бөленіп жүре бермек. Тұңғыш ұстаз, ағартушы, ұлт жанашыры, мемлекет қайраткері, ақын, аудармашы, нар тұлға. Осындай игі қасиеттердің бәрін бір бойына ғана сіңіре білген абзал азамат, сан қырлы санаткер-Ахмет Байтұрсынұлы!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!