2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / А.Алтай «Прописка» әңгімесі. Автор бейнесі 6-сынып қазақ әдебиеті ҚМЖ

А.Алтай «Прописка» әңгімесі. Автор бейнесі 6-сынып қазақ әдебиеті ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
А.Алтай «Прописка» әңгімесі. Автор бейнесі 6-сынып қазақ әдебиеті ҚМЖ
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Бекітемін:________Қысқа мерзімді сабақ жоспары 6-сабақ


Бөлім:

4 – бөлім: Тәуелсіздік-қасиет тұнған ұлы ұғым

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :


Күні:


Сынып: 6

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

А.Алтай «Прописка» әңгімесі. Автор бейнесі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

6.2.2.1 -эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау;

6.3.2.1 -кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға беру;

Сабақтың мақсаты

Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтай алады.Кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға бере алады.

Құндылықтарға баулу

Ұлттық мүдде құндылығы:қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу, қоғам игілігі үшін қызмет ету.

Ар-ұят құндылығы: адал еңбекті құрметтеу,сөзіне берік, ісіне адал болу, шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну.

Талап құндылығы: білуге, жаңаны тануға құштарлық,сыни және креативті ойлау, дұрыс қарым-қатынас орната білу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің әрекеті

Білім алушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басталуы

5 минут







5 минут















Сабақтың ортасы


10 минут




































10 минут






















































5 минут











5 минут




















Сабақтың соңы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал

«Жел соғады...» жаттығуы

Оқушыларға бүгінгі сабақтың

тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері айтылады.


Ойтүрткі

«...әйгілі Желтоқсанның жөні тіптен бөлек. Ол үшін өліп кетсең де арман жоқ. Қойша қамалып, тырнаша жұлынған, көк мз алаңда жер жастанған қай жайсаң қыз-жігіттен жаның артық?!» деген кейіпкер монологін Желтоқсан көтерілісіне қатысты тарихи деректермен салыстырыңдар. Қалай ойлайсыңдар, Архат пікірінде шындық бар ма?


1-тапсырма

«Таңдау», «тұжырымдау» әдісі

Мәтін бойынша негізгі мәселені автор тұспалдап беру себебін анықтаңдар. Төменде берілген тұжырымдарды таңдап, өз ойларыңды жеткізіңдер.

А.Алтайдың «Прописка» [16, 299 б] атты әңгімесінің тақырыбы да желтоқсан. Урбанизация қалаға қуған қазақ ұлтының наласы мен шері, пропискаға отырудың соры. Қала қазақты қабылдағысы жоқ. Әңгіме жолға шыққан Архат есімді жігіттің бір сәт басынан кешкен драмасына құрылған. Алайда бұл жеке бастың қайғысы емес, бүкіл қазақ қоғамының басына түскен ауырпалықты таңбалайды. Алтайда көктем келсе де, бораны басылмай тұрғаны – ол да – тұспал. «Бұландай жігіттер» деп автор тегін айтып отырған жоқ. Махамбетте «Бұландай ерді кескен күн» деген өлең жолдары бар. Үшжігіт – желтоқсан құрбандары. Сол боздақтарды тұспалдайды. Архат қалаға пропискаға отыру үшін төрт ай қаңғиды.Қала қазақ баласына өгей шешеден бетер. Абайша айтқанда, бір қайғымың қайғыны қозғайды. Ол – қазақ қоғамындағы шындық.

ҰСЫНЫЛАТЫН ТАҚЫРЫПТАР:

Билікке деген қарсылық.

Көтерілген мәселені ашық айтудан қорқақтау.

Оқырманды осы мәселеге тұспалдау арқылы қызықтыру.

Оқырманға көтерілген мәселе бойынша өзіндік қорытынды жасату.


10-тапсырма(оқулықтан)

Автор әңгімеде неліктен кейіпкерлерін орысша сөйлеткен? Диалогтерді талдай отырып, кейіпкерлердің мінез ерекшелігіне назар аударыңдар.


ЕББҚ оқушыға тапсырма

«5 сұрақ», «5 жауап» әдісі арқылы

1.Әңгіме неге «Прописка» деп аталған?

А) сол замандағы қазақ қоғамының шындығын суреттегендіктен;

Б) автобустағы адамдардың пропискаға отыра алмауы туралы болғандықтан;

В) тіркеу орны туралы айтылғандықтан;

Г) шығарма тақырыбы астыртын ойы болғандықтан.

2.Архат қайда, не үшін кетіп барады?

А) жұмысқа;

Б) Алматыға;

В) Шірікаяқта тұратын үлкен ағасының үйіне «пропискаға» тұруға;

Г) Орынборға.

3.Шығармада қандай тарихи оқиға туралы айтылады?

А) желтоқсан оқиғасы;

Б) табиғат апаты;

В) жұмысшылар шеруі;

Г) ауыл тұрмыс салты.

4.Кейіпкердің желтоқсан оқиғасына қатысы қандай?

А) желтоқсан оқиғасын білмейді;

Б) желтоқсан оқиғасын естіген;

В) желтоқсан көтерілісіне қатысқан;

Г) желтоқсан оқиғасымен таныс.

5.Алтай табиғатының қатал мінезін автор қандай сөздермен берген?

А) құтырылға қарлы құйын,ұйытқыған боран, қағынған бурадай бұрқырап...

Б) сібірлеп жауған жаңбыр тамшылары терезені тырс – тырс соғады;

В) жайма шуақ жылы, күннің көзі бар сәулесі төгіп тұр;

Г)тау шыңдарына оратылған бұлттар жібектей үлбіреп, торғындай шұбатылады да, көңілді көтеріп, шаттандырды.


2-тапсырма

«ПОПС формуласы» әдісі арқылы кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын салыстырып, баға беріңдер.

1.«Менің ойымша, .....»

2.«Себебі, мен оны былай түсіндіремін...»

3.«Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын... »

4.«Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»


Қорытындылау

Мәтін түйіні:

Сары автобустағылар Самарға сағат жетіден аса жетті. Шофер асуда бой бермей кетіп қалған үш жігіт жайлы тиісті орынға хабарлады.

Қызыл су жүріп жатқан ұлы Ертістің арғы бетіне өте алмады. Архат Күршімге күнбе-күн жетеалмады.Ал бұрқақта бұлаңытып кеткен бұландай жігіттер сол бойы оралмады.

Сұрақ: Сонда оралмаған үш жігіттер кімдер?

Ықтимал жауап: Желтоқсан оқиғасына қатыушылар.


Рефлексия«Зерде»





Білім Идея

Эмоция Сын

Баға





Психологиялық ахуал

«Жел соғады...» жаттығуы

Басқарушы ойынды мына сөздермен бастайды: «Жел соғады..» Қатысушылар бірін-бірі жайлы көбірек білу үшін ойды келесідей сөздермен аяқтау қажет «Жел соғады қызыл түсті көйлек кигенге, немесе кімнің інісі, ағасы, апасы, сіңлісі барларға немесе тәттіні жақсы көретіндерге» Осы аталғандар топпен жиналып, жел соққан сияқты теңселіп, ағаштар сияқты қозғалып тұрады.



«Таңдау», «тұжырымдау» әдісі

Мәтін бойынша негізгі мәселені автор тұспалдап беру себебін анықтайды. Төменде берілген тұжырымдарды таңдап, өз ойын айтады..




Ықтимал жауап:

Билікке деген қарсылық – ештеңе айта алмау,елдегі жағдай

Көтерілген мәселені ашық айтудан қорқақтау – прописка мәселесі,Желтоқсан оқиғасы.

Оқырманды осы мәселеге тұспалдау арқылы тәуелсіздіктің ащы шындығын паш ету.

Әр оқырманның пікірі – мен үшін құнды.
















Диалогтерді талдай отырып, кейіпкерлердің мінез ерекшелігіне талдау жасайды..









Жауаптары:

  1. А) сол замандағы қазақ қоғамының шындығын суреттегендіктен;

  2. В) Шірікаяқта тұратын үлкен ағасының үйіне «пропискаға» тұруға;

  3. А) желтоқсан оқиғасы;

  4. В) желтоқсан көтерілісіне қатысқан;

  5. А) құтырылға қарлы құйын,ұйытқыған боран, қағынған бурадай бұрқырап...





























«ПОПС формуласы» әдісі арқылы кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын салыстырып баға береді.


Ауызша мадақтау арқылы бағалауЖарайсың! Тамаша! Керемет!







Дескриптор

Білім алушы

-мәтін бойынша бір тақырыпты таңдайды;

-өз көзқарасын білдіреді, тұжырым жасайды.





Оқулық

Қазақ әдебиеті

«Атамұра» баспасы

2018 ж






Қалыптас

тырушы бағалауға арналған тапсырма

лар жинағы Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тілінде)

6-сынып









Жариялаған:
Иманкул Мейрамкул
04 Сәуір 2024
1004
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі