
Абай Құнанбайұлының өмірбаяны
Биыл ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады (1845 - 1904). Абай Құнанбайұлының мерейтойына орай мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде, соның ішінде ЮНЕСКО аясында аталып өтілетін болады. Бұл біздің еліміз үшін де, барша қазақстандықтар үшін үлкен мақтаныш. Абай Құнанбаев — ұлы ақын, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер. Шын есімі — Ибраһим, бірақ Зере әжесі Абай (қаз. Абай – «ұқыпты», «сақ») деп атаған.
А. Құнанбаев 1845 жылы 10 тамызда Семей облысының Шыңғыстау баурайындағы Қасқабұлақ ауылында (Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы) дүниеге келді. Абайдың арғы тегі билер мен ақсүйектердің руы – Тобықтыдан басталады. Абайдың сөз өнеріне ерте баулуына әжесі Зере әсер еткен. Әжесі халық ауыз әдебиетін жетік меңгеріп, немересіне білімге деген құштарлық пен сүйіспеншілікті сіңіре білген, Абайдың алғашқы тәрбиешісі және ұстазы десе де болады.
Абай Құнанбаев қазақтар арасында орыс және еуропалық мәдениеттің таралуына өз үлесін қосқан. Абайдың дүниетанымының қалыптасуына гуманистік идеяларды ұстанған шығыс ақындары мен ғалымдары (Фирдауси, Әлішер Науаи, Низами, Физули, Ибн Сина және басқалары), сонымен қатар орыс классиктерінің шығармалары және солар арқылы жалпы Еуропа әдебиеті әсер етті. Крыловтың, Лермонтовтың, Пушкиннің, Гете мен Байронның шығармаларын аударған. Абай 170 астам өлең жазды. 56 аударма мен философиялық трактаттар стилінде жазылған 45 «Қара сөздің» авторы. Қара сөздері тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды. Бұл шығармаларында этникалық қазақтардың тарихы, педагогикасы, адамгершілігі және заңы мәселелері көтерілген. Абай қазіргі кезде танымал болып табылатын жиырма шақты әуен шығарып, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз.
Абай Құнанбаевтың өлендері
Күз
Сұр бұлт түсі суық қаптайды
аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді
басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны
ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай
жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ
бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала
шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі
кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш,
қурай.
Біреу малма сапсиды, салып
иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық
киім.
Енесіне иіртіп шуда
жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды
үйін.
Қаз, тырна қатарланып қайтса
бермен,
Астында ақ шомшы жүр, ол бір
керуен.
Қай ауылды көрсең де,
жабырқаңқы,
Күлкі-ойын көрінбейді,
сейіл-серуен.
Кемпір-шал құржаң қағып, бала
бүрсең,
Көңілсіз қара суық қырда
жүрсең.
Кемік сүйек, сорпа-су тимеген
соң,
Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда
көрсең.
Күзеу тозған, оты жоқ елдің
маңы,
Тұман болар, жел соқса,
шаң-тозаңы.
От жақпаған үйінің сұры
қашып,
Ыстан қорыққан қазақтың құрысын
заңы.
Қыс
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.
Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы
Титығы құруына аз-ақ қалды.
Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,
Малшыларым, қор қылма итке малды.
Соныға малды жайып, күзетіңдер,
Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды!
Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін,
Құр жібер мына антұрған кәрі
шалды.
Ғылым
таппай
мақтанба
Орын таппай
баптанба,
Құмарланып
шаттанба,
Ойнап босқа
күлуге.
Бес нәрседен қашық
бол,
Бес нәрсеге асық
бол,
Адам болам
десеңіз.
Тілеуің, өмірің
алдыңда,
Оған қайғы
жесеңіз.
Өсек, өтірік,
мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ
-
Бес дұшпаның,
білсеңіз.
Талап, еңбек, терең
ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой
-
Бес асыл іс,
көнсеңіз.
Жамандық көрсең
нәфрәтлі,
Суытып көңіл
тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең
ғибрәтлі,
Оны ойға
жисаңыз.
Ғалым болмай
немене,
Балалықты
қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап
бақ,
Бір ғалымды
көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда
деп,
Айтпа ғылым
сүйсеңіз,
Сізге ғылым кім
берер,
Жанбай жатып
сөнсеңіз?
Дүние де өзі, мал да
өзі,
Ғылымға көңіл
бөлсеңіз.
Білгендердің
сөзіне
Махаббатпен
ерсеңіз.
Ақыл сенбей
сенбеңіз,
Бір іске кез
келсеңіз.
Ақсақал айтты, бай
айтты,
Кім болса, мейлі, сол айтты
-
Ақылменен
жеңсеңіз.
Надандарға бой
берме,
Шын сөзбенен
өлсеңіз.
Аят, хадис емес
қой,
Күпір болдың демес
қой,
Қанша қарсы
келсеңіз.
Көп орында көріне
айтпа,
Біздің сөзге
ерсеңіз.
Мұны жазған
кісінің
Атын білме, сөзін
біл!
Осы жалған
дүниеден
Шешен де өткен не
бұлбұл,
Көсем де өткен не
дүлдүл.
Сөз мәнісін
білсеңіз,
Ақыл - мизан, өлшеу
қыл.
Егер қисық
көрінсе,
Мейлің таста, мейлің
күл.
Егер түзу
көрінсе,
Ойлап-ойлап, құлаққа
іл.
Ақымақ көп, ақылды
аз,
Деме көптің сөзі
пұл.
Жақынның сөзі тәтті
деп,
Жақыным айтты дей
көрме.
Надандықпен кім
айтса,
Ондай түпсіз
сөзге.ерме.
Сізге айтамын, хаупім -
бұл.
Өзің үшін
үйренсең,
Жамандықтан
жиренсең,
Ашыларсың
жылма-жыл.
Біреу үшін
үйренсең,
Біреу білмес, сен
білсең,
Білгеніңнің бәрі -
тұл.
Сөзіне қарай кісіні
ал,
Кісіге қарап сөз
алма.
Шын сөз қайсы біле
алмай,
Әр нәрседен құр
қалма.
Мұны жазған білген құл
-
Ғұламаһи
Дауани,
Солай депті ол
шыншыл.
Сөзін оқы және
ойла,
Тез үйреніп, тез
жойма,
Жас уақытта көңіл -
гүл.

Аудармалары
Н. САНАҚБЕКҚЫЗЫ: МАХАББАТ ЖЫРЫ
Абай аудармасындағы Пушкиннің «Евгений Онегині»
«АЛАШ АРЫСТАРЫ-МҰХТАР ӘУЕЗОВ» МҰРАЖАЙЫНЫҢ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУЫ
Алаш - 100 жыл, М.Әуезов - 120 жыл
АСАУ ТОЙ, ТЕНТЕК ЖИЫН, ОПЫР-ТОПЫР
Онегиннің Татьянаға жазған
хаты(А. С.
Пушкиннен)
Құп білемін, сізге
жақпас
Ескі жара
білтелеу.
Ақ жүрегің енді
ұнатпас,
Мезгілі жоқ қай
медеу?
Ықтиярсыз мұңды
сезім
Кетті ыршып
жолыңа.
Мазағыңа бердім
өзім,
Өз басымды
қолыңа.
Өлі бойға жан
жүгірді,
Қайратым құрыш болды,
нан.
Мұз жүрегім май
сықылды
Еріп, от боп күйді
жан.
Қор қылуға
құдіреттен,
Жүрегіме түсті
өрт.
Тайды аяғым ескі
серттен,
Түсті емсіз қатты
дерт.
Масқаралап мені
тағдыр
Қылды мазақ, не
шара?
Менің үшін сен жауап
бер,
Менде сөз жоқ,
бишара.
Михрабым1 сен, бас
ұрамын,
Тіл жете алмас
ғүзіріме2
Жетпедім, не
жасырамын,
Гауһарымның
қадіріне.
Сен – ағашта піскен
алма,
Әзір едің,
алмадым.
Құп кіріптар қылды
алла,
Әлде мені
қарғадың?
Он сегіз мың бұл
ғаламның
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Абай
Абай

Абай Құнанбайұлының өмірбаяны
Биыл ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады (1845 - 1904). Абай Құнанбайұлының мерейтойына орай мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде, соның ішінде ЮНЕСКО аясында аталып өтілетін болады. Бұл біздің еліміз үшін де, барша қазақстандықтар үшін үлкен мақтаныш. Абай Құнанбаев — ұлы ақын, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер. Шын есімі — Ибраһим, бірақ Зере әжесі Абай (қаз. Абай – «ұқыпты», «сақ») деп атаған.
А. Құнанбаев 1845 жылы 10 тамызда Семей облысының Шыңғыстау баурайындағы Қасқабұлақ ауылында (Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы) дүниеге келді. Абайдың арғы тегі билер мен ақсүйектердің руы – Тобықтыдан басталады. Абайдың сөз өнеріне ерте баулуына әжесі Зере әсер еткен. Әжесі халық ауыз әдебиетін жетік меңгеріп, немересіне білімге деген құштарлық пен сүйіспеншілікті сіңіре білген, Абайдың алғашқы тәрбиешісі және ұстазы десе де болады.
Абай Құнанбаев қазақтар арасында орыс және еуропалық мәдениеттің таралуына өз үлесін қосқан. Абайдың дүниетанымының қалыптасуына гуманистік идеяларды ұстанған шығыс ақындары мен ғалымдары (Фирдауси, Әлішер Науаи, Низами, Физули, Ибн Сина және басқалары), сонымен қатар орыс классиктерінің шығармалары және солар арқылы жалпы Еуропа әдебиеті әсер етті. Крыловтың, Лермонтовтың, Пушкиннің, Гете мен Байронның шығармаларын аударған. Абай 170 астам өлең жазды. 56 аударма мен философиялық трактаттар стилінде жазылған 45 «Қара сөздің» авторы. Қара сөздері тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды. Бұл шығармаларында этникалық қазақтардың тарихы, педагогикасы, адамгершілігі және заңы мәселелері көтерілген. Абай қазіргі кезде танымал болып табылатын жиырма шақты әуен шығарып, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз.
Абай Құнанбаевтың өлендері
Күз
Сұр бұлт түсі суық қаптайды
аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді
басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны
ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай
жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ
бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала
шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі
кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш,
қурай.
Біреу малма сапсиды, салып
иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық
киім.
Енесіне иіртіп шуда
жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды
үйін.
Қаз, тырна қатарланып қайтса
бермен,
Астында ақ шомшы жүр, ол бір
керуен.
Қай ауылды көрсең де,
жабырқаңқы,
Күлкі-ойын көрінбейді,
сейіл-серуен.
Кемпір-шал құржаң қағып, бала
бүрсең,
Көңілсіз қара суық қырда
жүрсең.
Кемік сүйек, сорпа-су тимеген
соң,
Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда
көрсең.
Күзеу тозған, оты жоқ елдің
маңы,
Тұман болар, жел соқса,
шаң-тозаңы.
От жақпаған үйінің сұры
қашып,
Ыстан қорыққан қазақтың құрысын
заңы.
Қыс
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.
Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы
Титығы құруына аз-ақ қалды.
Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,
Малшыларым, қор қылма итке малды.
Соныға малды жайып, күзетіңдер,
Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды!
Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін,
Құр жібер мына антұрған кәрі
шалды.
Ғылым
таппай
мақтанба
Орын таппай
баптанба,
Құмарланып
шаттанба,
Ойнап босқа
күлуге.
Бес нәрседен қашық
бол,
Бес нәрсеге асық
бол,
Адам болам
десеңіз.
Тілеуің, өмірің
алдыңда,
Оған қайғы
жесеңіз.
Өсек, өтірік,
мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ
-
Бес дұшпаның,
білсеңіз.
Талап, еңбек, терең
ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой
-
Бес асыл іс,
көнсеңіз.
Жамандық көрсең
нәфрәтлі,
Суытып көңіл
тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең
ғибрәтлі,
Оны ойға
жисаңыз.
Ғалым болмай
немене,
Балалықты
қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап
бақ,
Бір ғалымды
көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда
деп,
Айтпа ғылым
сүйсеңіз,
Сізге ғылым кім
берер,
Жанбай жатып
сөнсеңіз?
Дүние де өзі, мал да
өзі,
Ғылымға көңіл
бөлсеңіз.
Білгендердің
сөзіне
Махаббатпен
ерсеңіз.
Ақыл сенбей
сенбеңіз,
Бір іске кез
келсеңіз.
Ақсақал айтты, бай
айтты,
Кім болса, мейлі, сол айтты
-
Ақылменен
жеңсеңіз.
Надандарға бой
берме,
Шын сөзбенен
өлсеңіз.
Аят, хадис емес
қой,
Күпір болдың демес
қой,
Қанша қарсы
келсеңіз.
Көп орында көріне
айтпа,
Біздің сөзге
ерсеңіз.
Мұны жазған
кісінің
Атын білме, сөзін
біл!
Осы жалған
дүниеден
Шешен де өткен не
бұлбұл,
Көсем де өткен не
дүлдүл.
Сөз мәнісін
білсеңіз,
Ақыл - мизан, өлшеу
қыл.
Егер қисық
көрінсе,
Мейлің таста, мейлің
күл.
Егер түзу
көрінсе,
Ойлап-ойлап, құлаққа
іл.
Ақымақ көп, ақылды
аз,
Деме көптің сөзі
пұл.
Жақынның сөзі тәтті
деп,
Жақыным айтты дей
көрме.
Надандықпен кім
айтса,
Ондай түпсіз
сөзге.ерме.
Сізге айтамын, хаупім -
бұл.
Өзің үшін
үйренсең,
Жамандықтан
жиренсең,
Ашыларсың
жылма-жыл.
Біреу үшін
үйренсең,
Біреу білмес, сен
білсең,
Білгеніңнің бәрі -
тұл.
Сөзіне қарай кісіні
ал,
Кісіге қарап сөз
алма.
Шын сөз қайсы біле
алмай,
Әр нәрседен құр
қалма.
Мұны жазған білген құл
-
Ғұламаһи
Дауани,
Солай депті ол
шыншыл.
Сөзін оқы және
ойла,
Тез үйреніп, тез
жойма,
Жас уақытта көңіл -
гүл.

Аудармалары
Н. САНАҚБЕКҚЫЗЫ: МАХАББАТ ЖЫРЫ
Абай аудармасындағы Пушкиннің «Евгений Онегині»
«АЛАШ АРЫСТАРЫ-МҰХТАР ӘУЕЗОВ» МҰРАЖАЙЫНЫҢ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУЫ
Алаш - 100 жыл, М.Әуезов - 120 жыл
АСАУ ТОЙ, ТЕНТЕК ЖИЫН, ОПЫР-ТОПЫР
Онегиннің Татьянаға жазған
хаты(А. С.
Пушкиннен)
Құп білемін, сізге
жақпас
Ескі жара
білтелеу.
Ақ жүрегің енді
ұнатпас,
Мезгілі жоқ қай
медеу?
Ықтиярсыз мұңды
сезім
Кетті ыршып
жолыңа.
Мазағыңа бердім
өзім,
Өз басымды
қолыңа.
Өлі бойға жан
жүгірді,
Қайратым құрыш болды,
нан.
Мұз жүрегім май
сықылды
Еріп, от боп күйді
жан.
Қор қылуға
құдіреттен,
Жүрегіме түсті
өрт.
Тайды аяғым ескі
серттен,
Түсті емсіз қатты
дерт.
Масқаралап мені
тағдыр
Қылды мазақ, не
шара?
Менің үшін сен жауап
бер,
Менде сөз жоқ,
бишара.
Михрабым1 сен, бас
ұрамын,
Тіл жете алмас
ғүзіріме2
Жетпедім, не
жасырамын,
Гауһарымның
қадіріне.
Сен – ағашта піскен
алма,
Әзір едің,
алмадым.
Құп кіріптар қылды
алла,
Әлде мені
қарғадың?
Он сегіз мың бұл
ғаламның
шағым қалдыра аласыз





















