Материалдар / Абай - әлемдік мәдениеттің тұлғасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абай - әлемдік мәдениеттің тұлғасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай Құнанбайұлы Әлемдік мәдениеттің біртуар тұлғасы
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абай-әлемдік мәдениеттің тұлғасы

Тегінде Адам баласы, Адам баласына нақыл, ғылым,  ар, мінездеген нәрселермен озады.

Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің, бәрі де ақымақшылық.

Абай Құнанбайұлы



Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (10 тамыз1845 жыл  6 шілде 1904 жыл) — ұстаз, ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, сазгер, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды көзқарасын ислам дініне таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Ақынның шығармашылықпен еркін араласуы 1860 жылдар болды. Ол кезде Абай өлеңдерін басқа аттармен жариялаған, тек 1886 жылы «Жаз» деген өлеңінен бастап өз атын қоя бастайды. Ақынның «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғұтыр», сонымен қатар «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», «Сегіз аяқ» өлеңдерінің сол кездегі әлеуметтік жағдайларды түсіну үшін маңызы зор.Абайтанудың білгірі М. Әуезовтің атап көрсеткендей, Абай мұрасының нәр алған рухани үш арнасы: өз халқының мәдени мұрасы мен Шығыс, Батыс елдерінің рухани қазынасы болды. Оқи жүріп, білімін толықтыра жүріп қырықтан асқан шағында біржола ақындыққа берілді.Туған халқын сүйіп, оны қасіреттен құтқаруды, бодандыққа қарсы Абай халқын оятып, береке-бірлікке шақырды. Туған халқы да Абайын сүйіп, қатты құрметтеді. Өмірлік мағынасы зор өлеңдерін жатқа айтып, тұмардай сақтады. Шынында әр сөзі теңіздің тереңіне тартқандай мың батпан ойдан туған, кісіге берер шабыты мен шапағаты мол Абай әр қазақтың бағдаршамы іспетті.Абай өлеңдері бай философиялық, курескерлік қасиетке ие. Ол ең алдымен қазақтың телегей –теңіз ауыз әдебиетінен сусындап, батырлар жыры мен ғашықтық жырларының үрдісіне мұрагерлік етті. «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» – Абайдың шығармашылық мұрасындағы поэмалары да зерттеушілердің назарында. Абай қазақ өлең үлгісін жаңаша тұрғыдан байыта түсті. Сондықтан да Абай қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы деуге болады. Абай тек қана ақын емес, сонымен бірге сазгер. Халық арасынан шыққан таланттарды танып, олардың еңбегін таратушы болды. Абайдың ән шығармашылығы қазақтың халық музыкасында ерекше орын алады. «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай» т. б. әндері әлі күнге халық жүрегінен жылы орын алған.Абай өзінің шығармашылығында қара сөзге ерекше мән берген. Абай поэзиясының арқауы ғылым, білім, еңбек – осы қара сөздерде жалғасып дамиды. Қара сөздерден адамның көңіл-күйінің жарығы мен қараңғысының айнасы болған – күлкі мен қайғы туралы педагогтар арасында осы күнге дейін айтылмаған тың ой табамыз. Өйткені күлкі мен қайғы туралы ешкім Абайдай тап басып айта алмаған. Абай «күлме» демейді тек «орынсыз күлкіден сақ бол» дейді. Абай өз шығармалары арқылы рухани бірлікке шақырады.



Абай әлемдік мәдениттің тұлғасы . Ол жалғыз мәденитеттің ғана емес бүкіл қазақ жұртының жүрегі мен иманында сақталған ірі тұлға. Абайды жәй сөзбен сипаттай салу- ол үлкен бір надандықтың белгісі. Себебі, Абай қара қазаққа кезіндегі надан халыққа мәңгі есте қаларлықтай сана сезіміне білім орнатты. Сол замандағы халықтың жалқаулығы мен енжарлығын, санасыз бен сауатсызын , менмендік пен мансапқорлығын , халық арасындағы рухани азғындықты өз шығармаларында сөз етіп, ауыр болса да оларға жеткізуге тырысты. Және жеткізді .

Абай Құнанбайдың ұлы. Әкесі секілді ол да бір ауылды билеп - төстеп отыруына болатын еді. Бірақ, Абай халқының қамын жеп, олардың надан болып, нағыз адам ретінде қалыптасып кете алмай қалатындығына қам жеп, өзінің қара да дара сөздерімен халықын білімге , өнегеге жетелеген дана жан. 

Абай дана , Абай дара қазақта,

Жоқ қой бұндай мына әлемде, ғажапта.

Асқақтаған даңқы әр кез әлемге,

Кім білмейді ұлы Абайды қазақта?

Осындай өлең шумақтарымен Абайды әр кез насихаттауымыз - бұл қанымызға сіңген даналық . Халқымыздың осындай маңдайына біткен ұлы тұлға перзенті жадымыздан еш ұмытылған емес. Оның бізге мұра болып қалған еңбектері санамыздан өшпес , жүрегімізден сөнбес, біз үшін ешқашан таусылмайтын , бітпес асыл рухани мұра. Абай тек халықтың надандығын емес, сонымен қатар көзі қарақты жастарға салт пен сананы, дін мен дәстүрді, өркениетке жетелеп, қараңғылықтан шығарар білім мен тәрбиені түсіндірген. Жалпы, адамзат ойының асқақ шыңын бағалайтын асқар тұлға Абай тағылымы жылдан жылға, ғасырдан ғасырға көздің жауын алатын асыл жауһардай күн өткен сайын одан әрімен жарқырай түсуде. 

Ұлт мақтанышы, кемеңгер ақын Ислам дінінің барша қағидаларын құрметтейтін діни отбасында тәрбиеленгені бесенеден белгілі. Абай кемелдікке жеткен шағында Тәңіріні тануды ең бастысы санап, осы мәселелерді толықтай танып білуге ден қойған болатын. Абайдың білуінше Тәіңрге деген сенім адамның адамдығының күллі махаббат пен әділет сенімінің қайнары. 

Абайдың иман туралы танымына тоқтала кетейік: 

Иманның екі түрі болады: біріншісі ақылмен илану, екіншісі біреуге еріп илану. Бұл ақылмен илану- дегеніміз сенушілік яғни, жүрегінде құдайы бар адам. Ал біреуге еріп илану- деп отырғанымыз діншілдік. Жалпы қазіргі заманның көрермендеріне ұғымдырақ болу үшін ақын өзінің 12 және 13 қарасөздерінде атап 

өткен. Абай дін насихаттаушы емес, Алланы танушы және оның хикметін зерттеуші хакім. Хакім Абай деудің жөні де осы болар. Абайдың діні сыншыл ақылының діні. Абайдың исламның бес парызын орындап , діннің түпкі мағынасын жаңғыртуы осыған дәлел. Жалпы Абайдың діндегі мақсаты адам баласына Жаратушыны таныту және сол арқылы адамзатты бір бүтін, бір бауыр қылу болатын.   

Абайдың дінді адамгершілік тәрбиеде пайдаланғандығы туралы Мұхтар “ .... Абай ислам дінінің үгіт өсиетін , шартты түрде ғана шамалы, шақты жерге ғана керекке жаратты. Ал оның өзінің шынайы үлкен мүддесі , ислам дінінің шеңберінен әлдеқайда ары асып түсіп, кең жатады” деген еді. Атап айтса айтқандай , Абайдың басты мұраты адамзатты бір бауыр қылу еді. Ол дінге де тек адамгершілік тәрбие ретінде қарап , мақсаты бойынша керегін алды. Кемеңгерге керегі сенушілік болатын. 

Абайдың діншілдігінен кейін оның сөздерінің тәрбиелік мәні мен тарихи маңыздылығына тоқталайық. Абайдың өлеңдері мен қара сөздері халықты адамгершілікке үндейді , ерекше мәні зор тәрбие береді. Жақыннан жыраққа қарай , оңайдан қиынға қарай , қызықты жайдан үлкен толғаулы қорытындыға қарай біртіндеп жетектеп жетелейді. Абайдың қара сөздерінің арасынан көңіліме қонымдысы қайрат , ақыл, жүрек үшеуінің өтімді диалогынан тұратын он жетінші қара сөзі. Ақынның бұл қара сөзі Әуелде бір суық мұз ақыл зерек атты өлеңімен тұспа тұс келеді. Кемеңгер ақын өлеңде айтқанын қара сөзде одан әрімен аша түседі, бұл Абайдың өз идеясына беріктігін және мәселені жүйелі түрде қарастыра отырып, оны оқырманның ой санасына жеткізуді мақсат етіп, мақсатынан ауытқымайтындығын көрсетеді. Қарасөзде қайрат, жүрек, ақыл үшеуі адамзат үшін атқаратын жұмыстарын ортаға салып, әрқайсысы өзін бірінші орынға қойып таласады да, ғылымға көмекке жүгінеді. Ғылым оларға төрелігін айтып, үшеуінде жақсылы- жаманды жақтарын айтып , дәл сипаттап , әділ сынайды. Оларға: “Егер үшеуің араз болсаңдар, мен жүректі жақтаймын”- дейді. Демек хакім Абайда жүректі жақтайды, адамның адамды сүюін , адам үшін қызмет етуді бірінші орынға қояды. Десекте, ғылым бойынша да , Абайша да мінсіз нәрсе - осы үшеуінің бірлігі. Осындай лекпен Абайдың өлеңдері туралы , олардың мән мағынасы мен тәрбиелік тынысы туралы айта кеткеніміз жөн. Негізі хакім Абайдың ғибратқа толы қарасөздері мен жақұт жырлары әлем әдебиетінде болмаған ерекше құбылыс. Ақынның өлеңдерінің әр ұйқасының өзі адамды тебірентпей қоймайды. Сол үшінде дана Абайдың өлеңдерінен тәрбиелік өсиет өнеге аламыз. Әсіресе, ақын жырларынан қоғамдық саяси , әлеуметтік саяси тақырыпқа негіз болған , адамды асыл қасиеттерге жетелейтін, ізгілікті ойларды көп кездестіреміз. Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай мұрасын әлемде насихаттап жүрген шетелдік бірқатар тұлғаның еңбегін бағалап, оларды ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттаған болатын. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармаларын ағылшын, испан, қытай, неміс, араб және өзге де тілдерге аударып, дананың ілімін әлем оқырмандарына тарту еткен бұл азаматтардың ерен еңбектері үлкен құрметке лайық.Абай мұрасын өзге тілдерге аударып, ақын шығармаларының әлемдік ауқымда таралуына үлес қосып жүрген шетелдік қаламгерлер, аудармашылар мен ғалымдардың кімдер екенін, қандай жұмыс атқарғанын білу, олармен таныс болу қазақ жұртына қашанда қызық. Мемлекеттік марапатқа ие бол­ған тұлғалар қатарында жазушы, аудармашы, ғалым, өз елінің әдебиет саласында үздігі атанған адамдар бар. Мәселен, ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталған Мария Санчес Пуиг (Испания) Украинаның Харьков қаласында испан отбасында дүниеге келген. 2013 және 2020 жылдары Абайдың «Қара сөздерінің» толық мәтінін аударған. Женева уни­вер­ситетін орыс филология­сы және Мадридтегі «Комплутенсе» уни­вер­ситетін роман филологиясы маман­ды­ғы бо­йынша бітірген зерттеуші испан халқына қазақтың өзге де ақын-жазу­шы­ларының шығар­маларын ұсынған. 2019 жылы ол қазақ әдебиеті антологияларын БҰҰ-ның 6 ресми тіліне аудару жобасы аясында қазақстандық 60 ақын-жазушының шығармаларын испан тіліне аударған.Ал қытай азаматы, ІІ дәрежелі «Достық» орденінің иегері Ха Хуанчжан ғұлама мұрасын насихаттаудағы еңбегі үшін Абай ауданының құрметті азаматы атағына ие болған екен. Ол Абай өлеңдерінің толық жинағы мен «Абай жолы» романын қытай тіліне аударған. Қазақтың дара тұлғасы Абай Құнанбайұлының туындыларын қытай оқырманына ұсынған тағы бір қаламгердің еңбегі еленді. Қытайда тұратын қазақтар арасынан шыққан танымал қаламгер, қоғам қайраткері, ІІ дәрежелі «Достық» орде­нінің иегері Мәжит Ақбар – Абай ғақлияларын қытай тіліне асқан көркемдікпен жеткізе білген аудармашы. Ол Қытайдың Іле аймағына қарасты Қорғас ауданында дүниеге келіп, 7 жасынан қытай тілінде білім алған. 1976 жылы қытай әдебиеті мамандығы бойынша Ланьчжоу университетін тәмамдаған. 24 жасында әдебиет саласындағы Қытай Мемлекеттік сыйлығын иеленген, ал 1982 жылдан бері қытай жазушылар ұйымының мүшесі. Абайдың 175 жылдық мерейтойына арнап қаламгердің «Абайдың қытай тіліндегі шығармалары» атты кітабы жарыққа шықты.

Қытай халқының Абай мұрасымен жіті таныс екенін бұған дейін де талай байқағанбыз. 2013 жылы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинь Назарбаев Университетінде сөз сөйлегенде Абай­дың 37-ші қара сөзінен үзінді айтқан еді. Ал 2019 жылы Абай шығар­ма­ла­рын оқу эстафетасына Джеки Чан, Джек Ма сынды танымал тұлғалар қатысты. Бұл Абайды қытай тілінде сөйлеткен қаламгерлер еңбегінің нәти­же­сі екені сөзсіз.Қазақ әдебиетінің маржандары Еуропа жерінде де жоғары бағаға ие. Әсіресе Қазақстан мен Германия ара­сын­дағы көркем әдебиет пен аударма саласындағы жетістіктерді ауыз тол­тырып айтуға болады. Қазақ әде­бие­тіне сіңірген еңбегі үшін Михаил Дудин атындағы қазақстандық ПЕН-клубының арнайы сыйлығына ие болған белгілі неміс әдеби редакторы, аудар­машысы, ІІ дәрежелі «Достық» орде­­нінің иегері Леонард Кошут Абай өлеңдерін ерекше ықыласпен тәржімалады. Неміс тіліне аударылған өлеңдеріне Қазақстанның халық жазушысы Герольд Бельгер жоғары баға беріп кеткен. Л.Кошут 2003-2006 жылдары Герольд Бельгердің қолдауымен Абайдың қара сөздерін неміс тіліне аударған. Ол одан бөлек қазақ әдебиетінің 17 шығармасын неміс оқырманына ұсынып, қазақтың белгілі қаламгерлерімен тығыз шығар­ма­шылық байланыс орната білді. Оның Абай шығармашылығына қызы­ғушылығын Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» оятқан екен.Шетелде Абай философиясын зерттеп, оны өзінше саралап, кітап жазған тұлғалар да жетерлік. Мысыр азаматы, ІІ дәрежелі «Достық» орде­ні­нің иегері Халед Ас-Саид Ғанем «Абайдың Қазақстан халқына өсиет­те­рі» атты кітабын араб тілінде шы­ғарған. Қазіргі уақытта ол қа­зақ­стан­дық шығыстанушылармен бір­ле­сіп, «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры басып шығаратын Абайдың «Қара сөздері» мен өлең­де­рінің жинағын араб тіліне тәржімалап жатыр.Абай мұрасы Латын Америкасында да жарық көрді. Оған филология ғылымдарының докторы, Бразилияның Сан-Паулу университетінің профессоры, ІІ дәрежелі «Достық» орденінің иегері Эдельсио Америконың үлесі орасан. Ол Абайдың «Қара сөздер» жинағын португал тіліне аударды. Сонымен қатар зерттеушінің «Абай сөзі­нің құдіреті» атты мақаласы жарық көрді. Осылайша қазақ халқының ұлы тұлғасы Абайды шетел жұртшылығына сол елдің ана тілінде таныстырып жүр­ген тұлғалардың еңбегі елеусіз қал­ма­ды. Олардың әрқайсысының Абай ілімінің әлем игілігіне, жас ұрпақ­тың өмірлік бағдарына айналуына қосқан үлесі зор.


Абайдың ұшқыр ойы - терең мағыналы, әр біреуі әртүрлі тамырлы. М.Әуезов айтқандай- ақ “Абай кемесі кең әлемде сенімді, түзу жол сызып , маңып барады”. Бүгінгінің күнімен Абай тек қазақтың ғана емес, бүкіл жұртшылықтың ғұламасы болды. Себебі, өзін өзі басқара алатын, көзі ашық адамзат қоғамы Абайдың саяси идеалына айналды. Абайдың білім мен адами құндылыққа деген өшпес сенімі демакратияны ұстануға себеп болды. Сол үшінде әр кез әділеттілікті жақтап, даулы мәселелерді шешуде ол көптеген адами шиеленістерден жиіркенетінін білдірген болатын. Осылардың өзінен- ақ Абайдың өте күрделі тұлға екендігін аңғаруға болады.

Атап айтқанымыздай кемеңгер ақынның әр сөзінің, әр өлең шығармаларының тәрбиеде де тәлімде де алар орны биік. Ақын өз дәуірінен бастап- ақ кешегі мен бүгінгі қара қазақтың келер болашағын , олардың салт дәстүрін, оқу білімі мен рухани мәдениетін , жастарды адамшылдыққа тәрбиелеу жолын сол заманнан бастап- ақ тынбай ойлаумен өтті. Жастарға тал есіктен тәрбие берер, бойына даралықтың қаны мен даналықтың жанын дарытар шығармалары бұл уақытта ешқашан өшкен емес. Өшпейді де. 

Осындай ұлтымыздың мақтанышы, қайталанбас ірі тұлғамыздың халқына мұра еткен асыл сөздері айтылар ойға сыймас, қыр сыры асып тасқан мол дүние. Абайдың ізгілікке , даналыққа жол бастаған сырсыз дүниелерінің жалғыз қазақ жұртында емес, түпкіл дүние жүзін шарлап, сол жерде қалыптасып, одан әрімен таусылмас қазынадай дамуына елеулі үш мәдениттің ықпалы зор екендігін атап өткен , Абай көрген данышпан ақын - Мұхтар. Ол үш мәдениеттің біріншісі- қазақтың ерте заманнан жиылып келген ұлттық даналығы - халық ауыз әдебиеті, екіншісі – түрік, араб -парсы тілдеріндегі шығыстың рухани құнды қазынасы , ал үшіншісі - Еуропа мәдениеті мен орыстың ұлы мәдениеті.Өзге ұлт өкілдері Абайды тап бір өздерінің перзенттері секілді сүйеді. Оның қайталанбас біртуар тұлға екендігімен қатар оның барлық дерлік қарасөздерін, шығармаларын бес саусақтарындай білмесе де , қадыр тұтып, ардақтайтындарына күмән жоқ. Жалпы Абайдың шығармалары өзге елде өз тілдерінде аударылған. Мәселен, ақынның шығармалары Тоқаевтың бастамасымен әлемнің 10 тіліне аударылды. Аударылған еңбектердің ішіне - 45 қарасөзі ,  145 өлеңі , 3 поэмасы кіреді. Шығарма- орыс, ағылшын, неміс, түрік, қытай, испан, француз , итальян және жапон тілдерінде аударылып, жарық көрді. Бұл аударыма бастамалары өте ауқымды аударма жұмыстарының бірі болды. Осындай бастамалардан кейін Абайды асыл да ардақты біртуар ұлы перзент екендігіне тағы да бір мәрте көз жеткіземіз. Қорытындылай келе, мен үшін жалпы қазақ халқы үшін еңбегі еш өшпейтін, мәңгі адамзаттың жүрегінде төрден орын алатын, жауһардай жарқыраған асыл сөздері мен таным тынысымызға, тәлім тәрбиемізге өз үлесін қосқан, біз үшін дана ақын, дара ақын, елі үшін ұлы перзент ұлы тұлға - Абай мәңгі есімізде қалады!



Авторы:Нұрділла Асылжан

11сынып оқушысы ,253орта мектеп ,Қызылорда қаласы

Таңдалған номинация:Абай – әлемдік мәдениеттің тұлғасы

Электронды почта: asylzhanahmetzhanov@gmail.com

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!