Абай - азаттықты аңсаушы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Абай - азаттықты аңсаушы

Материал туралы қысқаша түсінік
мақала ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өз заманында азаттықты аңсауы жайлы жазылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Л.Қ. Медеуқанова

АБАЙ АЗАТТЫҚТЫ АҢСАУШЫ

«№ 27 жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесі



Абай – қазақтың ұлы данышпаны, халықты өнер, білімге, азаттыққа шақырушы.

Абай мұраларының барлық концепсиясының негіз арқауы, бағыт-бағдары толығымен бар.

Қазақтың ұлы данышпаны Абай Құнанбаев өзі жасаған әлеуметтік ортаны, оны құрайтын жеке адамдарды тәрбиелеу, түзеу арқылы өзгертуге ұмтылған ағартушы - демократ.

Абай жайлы Сәбетқазы Ақатай: «Қазақты сынап-мінеуге тек Абайдың құзыры ғана жетеді. Неге? Себебі, халық Абайды ардагер аға тұтады. Жақсының жақсыға жақын жүргені – жақсы. Өйткені, Абай-қазақтың құлағы, көзі, жүрегі, миы. Біз оны ұлттық ақын деуіміз сондықтан», - деп баға береді.

Абайдың өмірі мен шығармашылық қызметі отарлау саясатының дәуірлеп тұрған шағына тұспа-тұс келді.

Сол уақыттағы қоғамдық жағдайларға байланысты ХІХ ғасырдың екінші жартысында Абайдай қазақ болмысында ойшылдың болуы тарихи қажеттілік еді: Неге? Ол замандағы тарихи жағдай қандай еді, халық көшпелі өмірден ауысып, қыс қыстауы, жаз жайлауы белгіленіп, тұрақтылық қалыптасты. Көшпелілік жойыла бастады. Қазақ жерінде қалалар салынып, бұрыннан барлары көркейе түсті.

Ақын Абай өмір сүрген дәуір - қазақ өзін-өзі ұсынуға ұмтылса да, өз тағдырын өзі айқындау мүмкіндігіне қолы жетпей, әрі-сәрі абдырап қалған кез. Халық бағдарын таңдау құқығынан айырылған кез.

Заманымыздың көрнекті ғалымы М.Әуезов Абай бой алдырмай шыққан дәуірді былай суреттеген еді: «Мәдениет, өнер-білімге кенеліп, артта қалған ел-жұрт бар. Қыс жұты, жаз індетімен аралас ел шаруасының құтын шайқап, барымта жасап, бақталастықтан туған әлек, лаң әкеліп, соны қалың ел ортасына пәле ғып жүрген, қанап, тонап, сорлатып жүрген атқамінер, шонжар бар. Өздері надан, өздерінің тағдыры-халық қамы дегенді ойламайтын дүлей, қараңғы тап. Олар бастаған ел көшінен барар беті-қараңғы, екі талай тығырық».

Абайдың ойшыл боп қалыптасуы қазақ халқының басынан кешкен ауыр тұрмысына сәйкес келеді. Абайды ақын ғана емес, ойшыл, гумманист қылған осы «Өтпелі қоғам» қайшылығы.

Табиғатынан жуас, аңқылдақ қазақ психологиясын бұл «өтпелі кезеңнен» тез төселіп кетуі екі талай еді. Осы сәттерде Абай халқына нали отырып, өзінің жоғары идеялық ойдағы пікірлерін жалғастыра түсті.

Адам түзелмей, заман түзелмейді. Өзін-өзі өзгерту жолдары іріктелінбейді деген тұжырым - дүниетанымын жаңартты.

Міне, осындай өмірдің ащы жағдайы, Абайдың рухын оятып, халқын азаттыққа шақырды.

Абай дамыған өркениетті қоғам идеясын құруға шақырды. Абай «Сәулең болса кеудеңде» өлеңінде халыққа азаттық- демократиялық қоғамды қалай орнату жайлы түп нұсқасын көрсетті.

Өркениетті қоғам -қандай қоғам?

Абай өз шығармалары арқылы ол - қоғамды аша түсіп, идеялардың бірлігіне шақырды.

Өркениетті қоғам: Біріншіден, береке-бірлігі тоғысқан, берік ел идеясы. Ол туралы:

Берекелі болса ел-

Жағасы жайлау ол бір көл.

Жапырағы жайқалып,

Бұлғақтайды соқса жел.

Жан-жағынан күркіреп,

Құйып жатса аққан сел.

Оның малы өзгеден,

Өзгеше боп өсер төл.

Берекесі кеткен ел-

Суы ашыған батпақ көл.

Құс қаңқылдап, жағалап,

Сулай алмас жазғы төл.

Оның суын ішкен мал,

Тышқақ тиіп, аспас бел.

Көл деп оны кім жайлар,

Суы құрсын,ол бір шөл.

Бұл өлең шумағы арқылы Абай бірлікті, берекелі елді көрсетті. Жай көрсетпей, салыстыра көрсетті.

Екіншіден, қоғамды басқарушы адам - жан-жақты дамыған, рухани, гумманистік құндылықтарға ие, жоғары мәдениеттілік пен сана-сезімі, интелектісі, ой-өрісі тұрақты қалыптасқан, білімі терең, ақылға бай, еліне қамқор болып, дұрыс жолға бағыт беруші, ұлтжанды болуы тиіс. Яғни, кемелденген азамат болуы шарт. Бұл тұрғыда Абай:

«Көп шуылдақ не табар,

Билемесе бір кемел», - деп ел билеуші азамат бейнесін жоғары дамыған тұлға бейнесі арқылы көрсетеді. Ел билеу ісінде үлкен жүректілік пен ақыл-парасат, жалынды жігер керек.

«Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті,

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»,- деп Абай жүрекпен сезініп, ақылың арқылы күш -қайратыңды еңбекпен жұмсауға шақырды.

Үшіншіден, қоғамды басқарушы адамның дұрыс саясат жүргізу идеясын ұсынады. Ол туралы:

Единица - жақсысы,

Еріген- елі бейне нөл...

Единица кеткенде,

Не қалады өңкей нөл»,- деп, кемелді басшы билігі елінің дәулетін, бірлігін асырады, көркейтеді, ал кемелсіз адам билігі елін жоққа шығаратынын және басшысыз ел қураған шөлмен тең екендігін, яғни оның тіршілік тынысы нөлге тең болатынын дөп басып, ашып берді.

Төртіншіден, қоғамдағы экономиканың халықтың мақсат- мүддесімен астарласып жатуы шарт. Қоғамдағы меншіктің түрлілігі экономикалық прогресске байлық пен дәулетке әкеледі.

Адамның қай-қайсысы болмасын өркениетті, тәуелсіз өмір сүргісі келеді. Ал мұның негізгі шарты, адамдар рухани байлықтан гөрі жоғары қоятыны мал – мүлік. Сондықтан, қай-қайсысы болмасын өз еңбегін мал табу үшін жұмсағысы келеді.

Бесіншіден, Абай ар-иманын сатпай-ақ, қулық-сұмдықсыз-ақ, алдап, арбамай-ақ мал табудың жолын көрсетіп кеткен. Мысалы: Абайдың «Қуанбаңдар жастыққа» деген өлеңі түгел осыған арналған:

Қуанбаңдар жастыққа

Елірме күлкі мастыққа

Көзің қайдан жетеді,

Достық пенен қастыққа?

Құрбыңның қызық дегенін,

Сөз екен деп ап шықпа.

Адалдан тапқан тиынды,

Сал да сақта қапшыққа.

Қолдағыңды қорғап бақ,

Мал арзан деп аптықпа.

Сыпайы жерде шаруа ойла,

Даңғойланып қаптықпа.

Мал табудың, яғни байлықтың көзі - еңбек. Адам еңбек ету арқылы, жетіледі, дамып қалыптасады. Қоғамдық игіліктерді жасайды.

«Есектің артын жусаң да, еңбек ет»

«Егіннің ебін,

Сауданың тегін,

Үйреніп, ойлап, мал ізде», - деп өзіңе пайдалы іске әрекеттен, еңбек ет, сонда мұратыңа жетесің деп еңбектің этикалық моральдық жағын түсіндіреді.

«Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын»,-дейді.

Еңбектің кей түрлерінің жоқтығынан қазақтың қолы байлаулы болған. Олар соған орай жағымсыз мінездерді де туғызған. Олар: «қулық салу»,«ел кезіп», «тамақ іздеп салақтау»,«ұрлық қылу» т.б. осыларды Абай сынға алады. Жастарды адал еңбекке шақырады.

Алтыншыдан, ұрпақ тәрбиесі-қоғамдық іс. Кемелденген қоғам адамдары ең алдымен адамгершілік, адами қасиеттерге ие өзіндік көзқарасы, идеясы бар, қалыптасқан азамат болу қажет. Өзі ұстаған таным тұрғысынан Абай қоғамды ағартушылық, гумманистік жолмен өзгерту жолында күреске түсер жаңа адам бейнесі қандай болмақ деген мәселені көтереді. Абай өз ұлы Әбдірахман бейнесі арқылы «толық адам» бейнесін көрсетеді:

... Жаңа жылдың басшысы- ол,

Мен ескінің арты едім, - деп Әбішті жаңа ұрпақтың толық адамы болу туралы асыл қасиет атаулыны бойына ұялатқан үлгі-өнегесі ретінде бейнелейді.

...Кешегі өткен ер Әбіш,

Елден бір асқан ерек ті

Жүрегі жылы, бойы құрыш,

Туысы жаннан бөлек ті

Өнері оның жұрт асқан,

Ғылымға көңілі зерек ті.

Аямаған ғаріптен,

Қолдан келген көмекті

Еңбекпен тапқан қоректі

Дүниелікке көңілі тоқ,

Ағайынға бауырмал,

Тәкәппар, жалған онда жоқ.

Айнымас жүрек, күлкің-бал,

Көргені мен білгені

Жүзге келген шалдан көп,

Тура сөзді жақтаған,

Бала айтса да хақ сөзді,

Бұрылмастан тоқтаған.

Тұл- бойың ұят, ар едің,

Талаппен терең бойлаған,- дегенде, бұл болашақ ұрпақ бойында дәл осындай дәрежеде қасиет болуын армандаған.

Жетіншіден, қоғам бірлігі – жеке адамның идеялық бірлігінен туады. Идеясы бір болу үшін – мүддесі, танымы бір болуы шарт. Ал, ол жеке адамның қасиеттеріне байланысты болады. Осы тұрғыда Абай:

Бес нәрсеге асық бол,

Бес нәрсеге қашық бол-

Адам болам десеңіз

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек бекер мал шашпақ –

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой

Қанағат, рақым, ойлап қой-

Бес асыл іс көнсеңіз...

Осы өлең жолы арқылы Абай жамандықтан безініп, жақсылық қасиеттерді бойға сіңіруге шақырады.

«Ынталы жүрек сезген сөз

Бар тамырды қуалар»,- деп жүрек тәрбиесі алдыңғы орында, ақылдың тереңінен күштейтін жүрек деп біледі.

Сегізіншіден, елді тану - өзіңді танудан басталады. Өзіне -өзі есеп беру-ойды берік – тіреп, өмірде шалыс басудан сақтану әрекеті. Осы негізде Абай: «... егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәрте, болмаса жұмасына бір, ең болмаса айында бір өзіңнен өзің есеп ал. Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өміріңді қалай өткіздің екен, не білімге, не ақыретке, не дүниеге жарамды күніңде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?»

Қарашы өз бойыңда түгел ме екен,

Ыстық жүрек, оң шырай, қуат пен күш?

Көптің аузын күзетіп күн көрмейсің,

Өзіңді, өзің күзет кел, шырағым! – деп тағы да өзіңе назар салуға үндейді.

Тоғызыншыдан, қоғамның гүлденуі- өнердің гүлдену дәрежесімен тең келеді. Өнер арқасында қоғамның дамуына жаңа, тың өзгерістер келеді (ғылым, техника т.б. жаңалықтар).

Мұратқа жету жолдарының бірі - өнер үйрену. Дін жолында да, ғылым жолында да өнер – адамдықтың бір сипаты. Сол себепті «өнерді үйренбек өзі де «ихсан» немесе, өнер үйренбек жақсылықтың сипаты болып, оның адам өміріндегі пайдасы, өркениетті, парасатты өмір сүру үшін қажет екендігі белгіленген. «Өнер-өзі де мал» немесе «өнер өзі де байлық» екендігін жазып кеткен Абай.

Оныншыдан, кемелденген қоғам-сеніммен бірлікті біріктірген қоғам. Қоғамдық идеология халықтың мүддесін қорғауға тиіс. Имандылық идеологиясы – сенім, әділдіктен шығады.

Дін, имандылық туралы Абай, 38-ші қара сөзінде: «имандылық тек сену ғана емес, әділдікті арттыру мен әділетті іс істеу, ынсап, ұят бұл гәдәлеттән шығады, ал гәдәләт-өзіңе қандай жақсылықтар ойласаң басқаларға да соны ойласаң, басқаларға да соны қала»,-дейді.

Бойында иманы бар адам, Абай сөзімен айтсақ «Адамзаттың бәрін бауырым деп сүйетін адам».

М.Әлімбаев Абайдың аңсаған азаматы қандай азамат деген сауалға: «...Кел байлар жағымсыз ниеттерден арыл, ішіңдегі кірден ашыл, қайратыңды қасиетті іске бағышта, ақиқатқа қымет ет, жақсылықты ойласақ, жүрегіңнің қайнар көзін аш! Жүрек соқырлығынан арыл-сонда, көңіл көрегендігіне жетесің.

«Ұяламын дегені көңілі үшін» атты өлеңінде ақын, адам әр таң атқан сайын алдыңа қарап -ертеңгісін ойламаса, ел де іргелі жылжымайтындай сезінесің. Бүгінгіні ойлап, ертеңді ойламағандар алысқа бармайды дегендей болады. Сонымен, Абай аңсаған азамат арлы, иманды, білімдар, еңбекдос, ақиқатшыл, әділ, көпшіл, жақсылықты жақтаушы, халқын ойлап, ақыл-парасатын көргендікке бағыттаған азамат!».

Абай шығармалары азаттық қоғам құру идеяларынан туындайды. Ол сол қоғамның даму үрдісін жан-жақты жөн сілтеп, ашып көрсетті.

Кемелденген қоғамның басты көрсеткіші-сол қоғамдағы жеке адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуы.

Абай шығармашылығында өмірдің, дүниемен тіршіліктің мағынасы-адам мен қоғам, болашақ.

Сонымен, Абай елін, жұртын азаттық тәуелсіз қоғам құруға шақырады. Соның жолдарын саралап, даралап көрсетеді.

Ел ертеңін бүгінен ойлап, бүгіннен қалыптастыру - адамға парыз. Ендеше, осы адамдық парызымызды адал атқарып, Абай тілімен айтсақ:

«Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан», - дегендей қоғамда өз орнымызды таба берейік.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
07.02.2019
399
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі