Сабақтың тақырыбы: «Абай –дана, Абай- дара қазақта».
Сабақтың мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру.Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу. Оқушыларды туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сұрақ- жауап, баяндау, түсіндңру, өлең оқу, ән айту, көрініс көрсету
Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті, кітаптар, шығармалары, қанатты сөздер, слайдтар, буклеттер.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезең.
Кіріспе
Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар , оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз « Абай- дана, Абай- дара қазақта» атты әдеби кешіміз қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналады. Бұл кеште Абайдың өлеңдері, әндері мен шығармаларының үзінділерімен танысасыздар. Абай философ ,заңгер ,ақын, аудмашы,сазгер,дара ойшыл ,кемеңгер ,Абай жазба әдебиетінің негізін салушы ,гуманист , қоғам қайраткері, әділ би, ағартушы-ұстаз. Абай қазақ тіліне А. С. Пушкиннің, Ю. М. Лермонтовтың, Л. Н Толстойдың, Салтыков –Шедриннің, Гетенің шығармаларын қазақшаға аударды.
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес.
Ол бірақ қайтіп келіп ойнап – күлмес.
Мені мен, менікінің айырылғанын,
“Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы.
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған – дегендей бүгін біз артында өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы ақын атамыз – Абай Құнанбайұлы туралы сөз қозғамақпыз.
Ал енді белсенді тақтаға назар аударайық Абай Құнанбаевтің өмірбаяны туралы видиосюжетті тамашалайық.
Негізгі
бөлім.
1-оқушы:Гүлдана Абай – Ибраһим.
Абай 1845 жылы жылан жылында туылып, 1904 жылы 60 жасында Семей
уезінің Шыңғыс болысында дүниеден қайқан. Негізгі аты – Ибраһим
болса да, «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған.
Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.
Абайдың бар өмірі өзі туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай
ауданы, бұрынғы Семей облысында
өтті.
2-оқушы:Жасұлан
Абай әке жағынан алғанда Тобықтының белгілі шонжары мен батыр
биінен тарайды. Оның бабасы Тобықтының биі болған. Абайдың әкесі
Құнанбай Қарқаралы округінің аға сұлтаны болған. Ал, шешесі Ұлжан
Бошан руынан тарайды.
3-оқушы:
У.Аружан
Әкесі - тілге шешен, ақылға бай, қатыгез, ал шешесі керісінше
ағайын-туысқа қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған.Міне,
сәби шағынан-ақ Абай от пен судай екі ұдай, кереғар мінезді адамдар
ортасында өмір кешті. Аяулы әжесі Зере мен анасы Ұлжанның жас бала
қиялы мен санасының, мінез-құлқының қалыптасуына әсері мол болды.
Ол екеуі айтқан ертегі, аңыз-әңгіме, күлдіргі, мысқыл, ел басынан
өткен тарихи оқиғалар зерделі бала-Абайдың санасына біртіндеп сіңе
берді. Осылайша, бала Абай өз халқының рухани ой қазынасына қанығып
өсті.
4-оқушы:Тимур
Абай 10-12 жасында мұсылманша оқып, хат таниды. Ал, 12 жасында
Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі.
Медреседе жүргенде 14 жасында 3ай орыстың
«приходская школында» орысша сабақ оқыды.
5-оқушы:Перизат
Осы 4 жылдық медреседегі және 3айлық орыс мектептеріндегі оқуы
аяқталып, 15 жасында үлкендерден білімі артып, ел ішіндегі жұртты
өзіне қаратып, әкесіне көп көмегін тигізеді. Ел-жұрт оны би етіп
сайлайды.
6-оқушы:Архат
20 жасында ол от тілді шешен, халық өмірі мен әдетін, билік туралы
істі көп білген көсем болған. Мақал, ертегі, нақыл сөздерді тез
меңгерген. Жаңа заманның ретімен Абай білімге ден қойып, Араб,
парсы, түркі тілдерін үйренді.
7-оқушы:Еркежан
Абай 14 жасынан өлең шығарған. Ол жастар арасында кең таралғанымен,
оған онша мән бермейді. Абайдың өнерге бет бұруына себепкер орыс
достары Грось пен Михаэлис болды.
8-оқушы:Аслан
Абай орыстың ақын-жазушылары – Пушкиннің, Лермонтов, Крылов,
Толстой, Тургеневтің еңбектерін оқыған. Олардың шығармаларын оқи
отырып, оөық ойлы Абай орыс мәдениетін, өнерін, білімін үлгі еткен.
Бұл да Абайдың даналығы.
9-оқушы:Ислана
Абай кестелі сұлу сөздің иесі, көркем әдебиеттің темірқазығы,
өшпейтін жарық жұлдызы. Абай шығармаларын қазақ балалары кімнің
алдында болса да, ұялмай мақтанышпен айта алады.
10-оқушы Абай –
ақын.
- Ұлы ақынның туған жері – табиғаты тамаша Семей жері, Шыңғыс
тауының етегі. Осы туған жердің табиғаты, туған отбасы, заманы
–барлығы Абайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп, оның ақындығына
ықпал етті. Енді өзіміз білетін Абай атамыздың өлеңдеріне кезек
берелік.
- «Қыс»
- «Жазғытұры»
- «Жаз»
- «Күз»
- «Ғылым таппай мақтанба»
Мұғалім:
- Көріп отырғандай ақын өз өлеңдерінде қараңғылық, надандық,
кертартпалықпен күрескен, халық қамын ойлаған, жастарды білімге,
еңбекке, өнерге шақырған.
Абай – сазгер.
- Абай қазақтың ән-күйін сүйіп тыңдаған. Жаяу Мұса, Біржан сал,
Ақан сері, Тәттімбет сияқты халық сазгерлерін ерекше бағалаған. Өзі
де бірнеше ән шығарған.
• Тәңір қосқан жар едің сен
• Сегіз аяқ
• Көзімнің қарасы
• Қор болды жаным
• Бойы бұлғаң
• Айттым сәлем, Қаламқас
• Біреуден біреу артылса
• Көңіл құсы құйқылжытар шартарапқа
• Сен мені не етесің?
• Ата-анама көз қуаныш
• Сүйсіне алмадым сүймедім
• Желсіз түнде жарық ай
«Желсіз түнде жарық ай»
әнін Шаймарданова Алуаның орындауында қабыл
алыңыздар.
Абай –
ойшыл.
- Абай-ойшыл дегенде біздің есімізге оның қара сөздері
түседі.
Қара сөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған.
Жақсы мен жаман туралы баяндайды, халқын алға ұмтылуға шақырады.
Абайдың 45 қара сөзі бар. Олай болса сол қара сөздерінен үзінді
тыңдайық.
(Үнтаспадан қара сөздер
тыңдау)
Абай – аудармашы.
- Абай орыс ақыны А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан
үзінділер, М.Ю.Лермонтовтың, И.Гетенің шығармаларын сүйіп оқып,
аударған. Біз оқыған «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын да
И.А.Крыловтан аударған Абай атамыз
екен.
Ал енді оқушылардың орындауында Абайға арналған өлең жолдарын қабыл алыңыздар
-
Айым
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім? Өзіне –өзі орнатып ескерткішті,
Мұра ғып, кейінгіге қалдырған кім?
-
Акерке
Абай – ақын ер еді,
Абай дана, сері еді,
Абайдың рухын өлтірмей,
Асқақтатқан елі еді
Аспандақан жері еді.
-
Ербол
Жұртына өлең қалдырған
Абай неге өледі?
Абай неге сөнеді?!
Ақын дауыл, сел еді,
Сақтайды ұл-қыз дарынды,
Халқының әдет-ғұрпын.
Біздердей ұрпақтарыңды
Жүрсінші қолдап рухың.
4 Дина
Ақын жаны кең еді,
Ойлағаны елі еді.
«Халқым, жұртым» дегенде
Талай шабыт кеп еді,
Дара ақын ер еді,
Жүрген жері төр еді.
Ақындар жырлап айтқандай
«Абай тіл иен көз» еді.
Абай жыры мәңгілік,
Жүрегім оны сезеді.
5 Мадияр
Ары таза, иманы мол данышпан,
Заман үнін сезе білген алыстан.
Өлеңімен оятып әр сананы,
Өмір бойы надандықпен алысқан.
6 Асылжан
Дана Абайға тең келмес ешбір ақын,
Танытты ол адамзаттың асыл затын.
Қырық бес қара сөзді жазып кетті,
Шырақ қып ұстап жүрміз атап атын.
7 Сайран
Аты өшпейді Абайдың мұным анық.
Ар-ожданын намысқа жанып алып,
«Қалың елім - қазағым» деп жырлады,
Зередей әжесінен тәлім алып.
8 Даяна
Әр сөзінде астарлы ой тұрады.
Оқысаң, ашылады ой тұманы.
Сүрініп, жығылмауға Абайды оқы,
Абай сөзі – қазақтың бойтұмары
9 Еркебұлан
Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім? Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Қорытынды
Ал енді қорытынды ретінде Абайдың жастайынан қандай кем еңгер ойы терең болғанын көру үшін келесі қойылымға кезек берейік.
Құнанбай- Бауыржанұлы Еркебұлан
Абай- Амангельдинов Ерасыл
Қ:кел балам отыр.өзіңе кезі келгенде айтпақ болып жүрген сөзім бар еді.
А:Құлағым сізде әке
Қ:Сенің бойыңда 3 үлкен мінің бар.
ең 1ші сен жұрттың бәрімен күліп сөйлейсің,жайдақ су сияқтысың.Жайдақ суды ит те құста жалайды елге қадірің болмайды.
2 ші көріңгенмен жақын боласың,кісі талғамайтын кісінің жанына ел үйірілмейді.
3 шісі балам орысшылсың,орыстың дұшпандығын ұмытасың.
А:Әке қолында құралы бар бірен- саранға тиетін шыңдағы судан, қойшы-қолаңның қолы жететін жайдақ суды артық білем.
2 ші бұрынғы заман қой сияқты болатын,бір қойшы барлық қойды өзі бағатын,қазір түйе сияқты қасына тас тастап шөк десе шөгеді.Біздің заман жылқы сияқты мұны ақ қар көк мұзда етегін төсек қылып баға алатын жылқышы ғана баға алады.Еңбек сіңірген адам ғана басшы бола алады.
Орысшыл дейсіз әке өнер білімнен қашсақ ол надандық болар.Мен өнер білім үшін ғана орысшылмын.
Мұғалім
сөзі
Абай – дара, Абай – кемел,
озат та,
Жол салады әр өлеңі ғажапқа!
Бар жазғаны даналық боп саналған,
Жалғыздардың жалғызы ол – қазақта.
Мыңмен жалғыз алысқан,
Арыстандай ер еді.
Әр ақынды кезеді
Абайдың өлең-өзені.
Осымен ашық тәрбие сағатымыз
аяқталды,назарларыңызға рахмет.
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы:
«Абай –дана, Абай- дара қазақта»
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Абай - дана, Абай -дара қазақта" Ашық сабақ

шағым қалдыра аласыз