«Абай –
тұлға»
"Қазақтың ұлы ақыны Абайдың
175 жылдығы барлық өңірлерде аталып өтіп жатыр. Осыған байланысты
елімізде әртүрлі шаралар ұйымдастырылуда. Солардың бірі – жалпы
облыстық диктант. Диктантқа Қостанай ауданы, Айсары орта мектебінің
пән мұғалімдері (қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен басқа) бір адамдай
қатысты. Диктанттың мақсаты: қазақ әліпбиін насихаттау, жазу
дағдыларын қалыптастыру және әліпбиге бейімдеу; патриотизм,
махаббат, білім беру тақырыптарындағы ақынның адамгершілік –
философиялық ойларына педагогтардың назарын аудару болып табылады.
Диктант хакім Абайға тағзым ете отырып, оның рухани әлемін кеңінен
ашуға, Абайдың рухани мұраларын елдің санасына сіңіру мақсатында
өткізілді. Осы орайда ол мемлекеттік тіл мен ұлы тұлғалар ұлтты
біріктіретінін, бәрімізді тұтас ел ететінін атап
өтілді.
Абайдың шығармашылығы
бәрімізге жақсы таныс. Ол ұлы адамның еңбектері ешқашан да ұлтқа
бөлінбейді. Ұлы шығармашылық барлық адамзатқа тән, яғни Абай тек
қазақтың ғана емес, адамзатқа ортақ «Ұлы тұлға» екені мақтанышпен
ерекше атап айтылды. Жалпы облыстық диктантқа мектептен 25 пән
мұғалімдері қатысты. Диктант облыс өңірінде
белгіленген күні 14.10.2020 ж. күні өткізілді. Диктант «Абай –
тұлға» тақырыбында, мәтіні жалпы Абайдың ұлы тұлға екені жайында
(аудиозапись түрінде) құрастырылған. Сауаттылық – адам бойындағы
білімділік пен сауаттылықты білдіреді. Диктант жұмысын барлық
ұстаздар қауымы сауатты, ұқыпты әрі жоғары бағаға
жазды.
Ұлы ойшыл өзінің шығармаларында адамгершілік,
имандылық тәрбиесіне, оқу-білімге, әлемдік өркениетке жетуге көп
көңіл бөлген. Ол жастарға арналған сөзінде жаман қылықтардан аулақ
болуға, салмақтылыққа, сабырлыққа, жас кезден бастап иманжүзді
болуға шақырады. Олар жалқаулардан арылып, білімге ұмтылса дейді.
Ғұлама өз заманындағы жастарға сенбесе де, болашақ жастарға сенім
білдіреді.
Қорыта айтқанда, Абай атамыздың ұстанған
мұраты – адамшылықты бұзбау, адамгершілік ізгілік қасиеттерді
жоғару көтеру, адам деген ардақты атқа сай болу, яғни қазіргі
ұздаздар да осыны жас ұрпақ бойынан көруге қызмет
етеді.
Берсүгірова Дариға
Сапабекқызы,
Айсары орта
мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімі
Қостанай
ауданы


