400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Абай -аударма шебері

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай аудармаларының маңыздылығы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімнің № 2 жалпы орта білім

беретін мектебі» мемлекеттік мекемесі



Абай – аударма шебері

Кыпшакбаева Гульвира Куанышовна

№2 орта мектебінің қазақ тілі

мен әдебиет пәні мұғалімі



«... Жүрегімнің түбіне –терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын,оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым,кінә қойма!»

Хакім Абай ұрпаққа сөзін осылай арнады.Даланы торлаған надандық түнегіне ол шамшырақтай сәуле төкті және таңы атып,күні шығатын жаққа апаратын жолды өз халқына талмастан күтті. Ру таластарының қым-қуат дау-жанжалына араластырылған Абай әкесінің әділетсіздігімен,қаталдығымен келісе алмайды және көп істерге,әкесінің ырқына көнбей,әділ үкім шығарады.Абайдың халық арасынан шыққан адал,ақылгөй адамдармен дос болуы және жас кезінен бастап орыс мәдениетіне бой ұруы әкесі Құнанбайға ұнамады.Қатал, айлалы әке мен әділетті қайсар баланың арасында елеулі тартыстар жиі-жиі болып тұрады.Бұл тартыстар Абайдың жаңашыл,бұрынғының тәртібіне бағынғысы келмейтін, «қараңғы» халықтың жанашыры болуы, оның ой-өрісінің биіктігін көрсетеді. Абай қазақ халқының ғасырлар бойғы қараңғылықтан құтылатын бірден-бір дұрыс жолы–қазақ және орыс мәдениетінің жақындасуында деп біледі.Ұлы ақын қазақ халқына орыстың да қара халқының мұңы мен зарының бір екенін көрсеткісі келді. Сондықтан да орыс әдебиетінің өкілдері А. С. Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, И.А Крыловтың шығармаларын қазақ тіліне аударған. И.А Крыловтың мысалдарын аудара отырып, өз ортасында да сондай кейіпкерлердің бар екенін көрсетеді.

Абай қазақ халқына жете таныс болмаған тәжік,әзербайжан,өзбек сияқты шығыстың ойшылдарының поэзиясын да үлкен ықыласпен өзі танысып,халқын таныстырды.Абай жаңа поэзияның мақсаты ,міндеті-халыққа қызмет ету,адамды қайта тәрбиелейтін және қоғамды қайта құруға көмегі тиетін жаңалыққа шақыру деп білді. Осы орайда,Абайдың аудармалары қазақты басқа елдердің поэзиясы арқылы ұлт болып оянуына, жаңашылдыққа талпынуға шақырады.

Абай аудармаларында ақынның дәлме-дәл аударумен бірге,өзіндік нақышын, мазмұнын,өзгелермен салыстыруға келмейтін мәнерін байқауға болады. Абайдың орыс классиктеріне шығармашылық жолмен келуі ақын қызметінің әрбір жаңа кезеңінде жаңаша болып отырады.

Крыловты аударғанда,Абай оның мысал моралін қазақ ұғымы мен түсінігіне сәйкестендіре, кейде өзгертіп,өзгеше бір нақыл сөз түріне келтірді.Бірақ «Қанжар», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз...», «Теректің сыйы», «Жалау», «Демон» үзінділерін алсақ, Лермонтовтан аударылған өлеңдерінің ішінде өзінің дәлдігі мен шеберлігі жағынан күні бүгінге дейін бұлардан асқан аударма жоқ.Пушкиннің «Евгений Онегин » үзінділерінде Абай шығыс поэзиясында ертеден қалыптасқан «нәзира»үлгісін қолданып,өзінен бұрынғы ақындардың тақырыбы мен сюжетін жаңаша баяндайды.Татьяна мен Онегин бейнелерінің биік поэтикалығына,шынайылығына ғажап қалған Абай олардың тарихын баяндайды,олардың ұлы,қастерлі сүйіспеншілігінің бағалығын баса көрсетеді және оны қазақ жастарының ұғымына жақындатады.

Абай аудармаларын негізінде екі түрлі деуге болады. Біріншісі-дәл аударма,екіншісі ерікті аударма. Дәл аудармалары шумақ,бунақ,буын ұйқастарына қарай өзара екіге бөлінеді.Кейбір өлеңдерді аударғанда Абай шумағын да,ұйқас түрлерін де берік сақтайды.Орыс өлеңдерінің ырғақ, буындары қазақ өлеңінің буындарына дәл келе бермейді. Сондықтан Абай аударған өлеңдерінің буынын қазақша дәл беруге мүмкін болмаса да,саны жағынан соған жақын келетін өлеңмен аударады.Кейде ұйқастарын,кейде тіпті бейнесін де дәлме-дәл шығарады.Мысал үшін Онегиннің орысша,қазақша мінездемесін алайық:









Орысшасы:

«Как рано мог он лицемерить,

Таить надежду,ревновать,

Разуверять,заставить,верить

Казаться мрачным,изнывать,

Являться гордым и послушным,

Внимательным, иль равнодушным!

Как томно был он молчалив,

Как пламенно красноречив.

В сердечных письмах как небрежен!

Одним дыша,одно любя,

Как он умел забытьсебя!

Как взор его был быстр и нежен,

Стыдлив и дерзок,а порой,

Блистал послушною слезой!









Қазақшасы:

«Жасынан түсін билеп,сыр бермеген,

Дәмеленсе,күндесе білдірмеген.

Нанасың не айтса да,амалың жоқ,

Түсінде бір кәдік жоқ алдар деген.

Кейде паң,кейде көнгіш орныменен,

Кейде елеусіз,кейде ынтық формыменен,

Кейде үндемей жүрсе де,сөзге баяу,

От жалындай жауапкер құрбыменен.

Ғашықтық сөзге жүйрік,әсіресе,

«Дем алысым,құмарым,бір сен»десе,

Жанын құрбан жолына қылған жансып,

Көз қарауы құбылар әлденеше,

Кейде ұялшақ,төменшік,кейде тіп-тік,

Қамыққансып,қайғырып орны келсе...»



Бұл өлеңде ұйқасы не тармақтары (жолдары), буын саны бірдей емес.Мазмұны дәлме-дәл. Сондықтан біз мұны дәлме-дәл аударма деп санаймыз.

Аударманың екінші түрі – ерікті аударма. Бұған жатаындар: «Онегиннің Татьянаға жазған хаттары », Крыловтан аударған кейбір мысалдар және қара сөзбен өлең еткен «Вадим»поэмасы. Бұлардың негізі ғана орысша. Абай олардың жалпы мазмұнын өз сөзі, өз ұғынуынша әдемілеп айтып береді.Солардың үлгісін ғана алып,өзінше жазады.Бірақ, жалпы сарыны,ізі сақталынады. Кейде өз жанынан сурет,баяндаулар қосып,кейбір жерлерін мүлде тастап кетеді. Кейде орыстың жоғары топтарының өмірінде аузына түспейтін сөздерді де Абай Татьянаның аузынан шығарады:

«Қаймақ еді көңілімде,

Бізге қаспақ болды жем.

Екі сөз жоқ өмірімде,

Мен де сорлы-бақыты кем...»

«Қаймақ пен қаспақ», «Евгений Онегин»романында мүлде жоғы былай тұрсын,орыстың ол топтарының адамдарының мүлде басына келмейтін сөздер.Абай аудармалары қазақ әдебиет тарихында ең үлгілі,ең сапалы аудармалар болып саналады.Өйткені, Абай – бір тілден екінші тілге аударылғанда сақталынуға керекті шарттардың негізін дұрыс ұғынған ақын. Сондықтан да ол өлеңінің мазмұны, түріне қарап әр түрлі әдіс қолданады.Орыс тіліндегі өлеңдердің дәлме-дәл аударуға келетіндері болса, қазақ өлең құрылысынан оған дәл не жақын келетін түрлерін іздеп, дәл беруге тырысады.

Бұл аудару жұмысының жалпы заңы. Абай аудармаларының үздік болуының үш түрлі себебі бар: 1) өзінің үлкен таланттығы; 2) орыс тіліндегі өлеңдерде қолданылатын сөздердің тек жай мәнін ғана емес, әдемілік қасиеттерін терең ұғынуы; 3) қазақтың өз тіліне ақынның мейлінше байлығы. А.Пушкин, М.Лермонтов, И Крыловтар - ұлы таланттар. Олар тәрізді ақындардың өлеңдерін аударушы да аса талантты болуы керек. Абай - аударманың шебері, тұнған талант иесі. Оның аудармаларын оқып, көп толғаныста болатының ақиқат. Абай мұрасы-ұлтымыздың рухани байлығы. Ұлы ойшыл, ұлтымыздың тарихында ерекше орын алатын ұлы тұлға, ақын Абай Құнанбаевтың тау бұлағындай сарқылмас қазынасын ашқан сайын оның тереңдігін, тұнықтығын, тазалығын көргендей боламыз. Қай қырынан жазсаң да кеңейіп,көсіліп сала беретінін байқауға болады. Бұл тақырыпты алу мақсатым, көпұлтты ел екенімізді ұмытпай, Абай шығармаларын аударма түрінде оқушыларға жеткізе білуіміз керек деп түсінемін. Сөздің мағынасын ашпай,айтар ойымен бөліспей, шығармадағы негізгі ойды таппай, мазмұнын ашу қиын болатынын көрсету. Сондықтан Абайды өзге ұлт өкілдеріне шығармашылық жолмен таныстыру.


Пайдаланылған әдебиеттер:

Абай. Энциклопедия «Атамұра»баспасы,

https://bilimdinews.kz/?p=83446 - Абай мұрасы – ұлтымыздың рухани байлығы

.С Сағынтаева, Ғ.Дәукеев атындағы энергетика және байланыс университетінің ректоры,профессор.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 ақпан
581
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі