Материалдар / "Абай – дана, Абай – дара қазақта"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Абай – дана, Абай – дара қазақта"

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай қазақтың біртуар ұлы ақыны.Түркі әлемінің мақтанышы
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Павлодар облысының білім беру басқармасы

«Железин ауданының білім беру бөлімі»ММ

«Березовка негізгі жалпы білім беру мектебі» КММ








Тақырыбы: Мағжанның «педагогикасы» арқылы болашақ ұрпақты тәрбиелеу әдістемесі



Бағыты: Гуманитарлық

Секция: Мұғалімдер











Орындаған: Ергешбек Мереке Ботажанқызы

Бастауыш сынып Мұғалімі

Жас маман педагог














Захаровка аулы 2023 ж


Павлодар облысы Железин ауданы

Ақтау аулының «Березовка НЖББМ»

Бастауыш сынып мұғалімі

Ергешбек Мерекенің

«Мағжанның «педагогикасы» арқылы

Болашақ ұрпақты тәрбелеу әдістемесі»

атты ғылыми зерттеу жобасы


Пікір


Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы, алаш қайраткері, лирик ақын Мағжан Жұмабаев - поэзия падишасы. Жұмабаев өлеңдерінде халықтын әлеуметтік мәселелерін қозғады. Қазақ педагогикалық ағартушылықтың негізін педагог ақын өз еңбегінде халқын білімге, өнерге, тәлім - тәрбиеге шақырады...


Бұл зерттеу жұмысында бастауыш сынып мұғалімі Ергешбек Мереке ақынның өмірі мен шығармашылығын тереңірек талдап, «Мағжанның педагогикасын» саралап болашақ ұрпақты тәрбиелеуде әдіснеме ретінде алып отыр. Жалпы қазақ педагогикасының негізін қалаушы қазақ ағартушылардың есімдерін атай кетіп, сомен қоса әлем педагогикасының негізін қалаушы педагогтерге шолу жасауы ерекше өзіндік орын алып отыр. Ергешбек Мерекенің бұл зерттеу жұмысын ғылыми жоба жарысына ұсынуға болады деген пікірдемін.

Ергешбек Мереке Ботажанқызы - әдебиеттегі ақын, жазушылардың өлеңдерін мәнерлеп оқуда мектепішілік мұғалімдер арасында өзінің интелектуалды қасиетін көрсетіп жүрген мұғалім, зерттеу жұмысына сәттілік тілеймін.




Пікір жазған: Жусупова Г.Е

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Педагог - зерттеуші
















Аннотация


Мағжанның «педагогикасы» арқылы болашақ ұрпақты тәрбиелеу әдістемесі


«Мағжанның «Педагогикасы» арқылы болашақ ұрпақты тәрбиелеу» атты зерттеу жұмысында Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың «Педагогика» кітабын дәріптеу мақсатында болашақ ұрпақты тәрбиелеу мәселесі қарастырылады.


Пәні мен нысаны: Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика кітабын» басшылыққа алдым.


Ғылыми жобаның мақсаты:

Болашақ жастарға зор сенім артқан Мағжан шығармаларының зерттелуіне өзіндік үлес қосу. Мағжанның «педагогикасының» сырын ашу. Қазақ педагогикалық ағартушылық көзқарасының қалыптасу кезеңдерін анықтау,

Болашақ ұрпақты өнер - білімге, тәрбиеге шақыру.


Ғылыми жобаның міндеттері :


  • Мағжанның «Педагогика» кітабын талдау.


  • Мағжанның педагогикасының тәрбиелік ерекшелігін саралау.

  • Жұмабаевтың шығармашылық еңбектеріне оқырманның

қызығушылығын арттыру.


Ғылыми жобаның өзектілігі:

Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» кітабы бір ғасыр өтседе негізгі мәнін жоймаған, қазіргі таңда да педагогикалық әдістеме ретінде үлкен қолданысқа ие. Мағжанның «Педагогика» кітабында баланы тәрбиелеу негізін қалыптастыруда нәрестелік кезден бала ер жетіп есейген кезге дейінгі аралықта педагогикалық және психологиялық тұрғыдан тәрбие беру жолдары қарастырылған.

Ғылыми жобаның барысы мен кезеңдері:

Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың шығармашылық еңбегінің тәрбиелік мәнін айқындау, педагогикалық ағартушылық көзқарасының кең өрісін, болмысын байыптау, әлем педагогтерінің педагогика ұғымын қазақ өмір-салтына жіктелініп алынған ақынның «Педагогика» еңбегін дәріптеу.

Ғылыми жоба кіріспе және негізгі мәселені қамтитын екі бөлім және зерттеу бөлімі мен қорытындыдан тұрады. Кіріспеде ақынның өмірі мен шығармашылығы, негізгі бөлімде тақырыптың өзектілігі қарастырылып, оған мағлұматтар көрсетіліп, жобаның мақсаты және мақсатқа жету міндеттері көрсетілген.




Зерттеу жаңалығы:

«Мағжанның «Педагогика» кітабын» танытуға үлес қосуға талпыныс. Педагогика ғылымын терең зерттеу, болашақ ұрпақты тәрбиелеуге ұмтылыс.


Ғылыми жобаның әдіс - тәсілдері:

- Көркем әдебиетті зерделеу.

- Интернет көздерінен ақпарат алу.

- Талдау, салыстыру, қорытындылау.

- Сауалнама жүргізу.


Ғылыми жобаның проблемасы:


  • Бала тәрбиесінің әлсіздігі.

  • Баланың бойында ұлттық құндылық, салт - дәстүр, әдет - ғұрыпқа деген махабаттың аздығы.

  • Кейбір ата - аналардың бала тәрбиесіне жеткілікті түрде назар аудармауы.

  • Жаһандану заманында балалардың телефонға тәуелділігі;


Ғылыми жобаның проблемасын шешу жолдары: Егер біз, Мағжан атамыздың «Педагогика» кітабын дәріптеу мақсатында көптеп ісшалар, мектепішілік апталықтар, ата - аналармен бірігіп жобалар өткізсек өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтар - ұлттық құндылықтармен, әдет - ғұрыптармен танысып, тәрбие аясы және білім деңгейлері айтарлықтар жоғары деңгей көрсететін еді.


Қорытынды:

Осы жобаны әрбір бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға, әрбір шәкірт оқытып отырған ұстаздарға басқада педагогика саласында жүрген тәрбиешілерге Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың «Педагогика» кітабын оқуға және өмірлік тәлім - тәрбие беруде пайдалануға ұсыну.















Мазмұны

Кіріспе................................................................................................................5

I-Тарау. Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтің өмірі мен шығармашылығы.......6

1.1 Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың өмірбаяны.............................................7

    1. Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың шығармашылығы................................8


Негізгі бөлім

II-Тарау. Педагогика ғылымы........................................................................11

2.1 Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық ойлары........................................12

2.2 Педагогика - тәрбиелеу пәні......................................................................13




Зерттеу бөлімі

2.3 Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» кітабы............................................14

2.4 «Педагогика» кітабының бөлімдері.........................................................15


III-Тарау. Тәрбие................................................................................................16

3.1 «Толық адам» тұжырымдамасы...................................................................17


Қорытынды.........................................................................................................18

Пайдаланылған әдебиеттер................................................................................19

























Кіріспе


Бүгінгі жаһандану дәуірінде әлемде болып жатқан өзгерістер соның ішінде рухани, адами құндылықтар, болашақ ұрпақ тәрбиесі - ең өзекті мәселе. Заман ағымының үздіксіз дамуы ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан рухани құндылықтарымызды, бала тәрбиелеудегі басты қағидаларды сақтау оңай емес. Ырғағы мен желісі жылдам болып жатқан заманда болашақ ұрпақтарымыздың мінез-құлқы да күн сайын өзгеруде. Өкінішке орай, дамыған заманның жеңіл өмірімен күн кешкен жастарымызға ақша табу мәселесімен сыртта жүрген ата-аналар тек материалдық жағынан қамтамасыз етіп, рухани байлық жағынан яғни дүниетаным, тәлім-тәрбиеге келгенде аз сусындатып жатыр. Жас өспірім бала - жаңа өсіп келе жатқан жас бұтақ. Оны қалай баптасаң, солай өседі, сондай жеміс береді. Сіздің әрбір жасаған қимылыңыз - сіздің тәрбиеңіз екенін ұмытпаңыз. Бала - ата - ананың айнасы. Ата - ана қалай тәрбиелеп бағыттайды, бала солай қарай ұшады. Құрметті ата - ана сол себептен бала тәрбиесіне көп көңіл бөліңіз !

Жас ұрпақ - біздің болашағымыз. Сол жас ұрпақты тәрбиелеу біздердің мойнымызға жүктелген үлкен міндет. Осы орайда, болашақ ұрпақты тәрбиелеу мәселесін шешу жолдарын ұсынуды жөн көріп отырмын.

Бала тәрбиелеудің басты мәселесі - баланың бойына тәрбиені, рухани құндылықтарды сіңіре білу.

«Тәрбие - кең мағынасымен алғанда, қандайда болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз» (Мағжан Жұмабаев). «Тәрбие - тал бесіктен» - демекші балаға тәрбиені ес біле бастағаннан үйрете білуіміз керек.

Бала тәрбиелеу барысында сіздерге Мағжан атамыздың «Педагогика кітабын» ұсынбақшымын. Бұл кітапта баланың дүниеге келгеннен бастап: дем алуы, тамыр соғысы, өсуі, тамақтануы, ұйқысы сомен қоса жан тәрбиесінеде баланың ойлауы, қиялы, іскерлігі жағынан тереңдете түсіндіріле кетіп және балаға дұрыс білім беру, өсіру, жетілдіру туралы атап өтеді. Мағжанның қазақ тілі мен бастауыш мектеп педагогикасын дамытуғада үлесі зор.


Осы өсіп келе жатқан өскелең ұрпақты тәрбелеу барысында салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, өсиет - өнегелерімізді баланың бойына құя білсек, өткен тарихымызды баяндап, болашаққа жол сілтесек, білім нәрімен тереңірек сусындатсақ міне, сонда болашағымыз жарқын, ұрпағымыз кемел болмақ!






I-Тарау. Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы.


1.1 Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың өмірбаяны


Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылы 25 маусымда қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, ақынның енді өз атымен аталатын ауданда, Сасықкөл жағасында туған. Бұл өлке бұрын Ақмола облысы, Петропавл уезі, Сарыайғыр болысы, кейін Полуденовский болысы, бертін Бейнетқор, тағы бірде Булаев ауданы деп аталған. Мағжан Жұмабаев - Алаш қозғасысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы. Азан шақырып қойған аты - Әбілмағжан. Атасы - Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысатын дәулетті кісі болған. Анасының есімі - Гүлсім. Гүлсім Қызылжарда тұратын керей Әшірбек деген саудагердің қызы. Мағжан бойындағы серілік, ақындық қасиеттер әкеден болса, жүрегінің жұмсақтығы, нәзіктігі, жолдас, достыққа қалтқысыздығы, жұртқа қайырымдылығы осы шешеден деседі.

Мағжан төрт жасынан бастап балалары мен туыстары үшін құрылған Бекеннің үй мектебінде оқи бастайды. Мұғалімі шығыстың көптеген тілдерін білетін башқұт ұлтының жоғорғы білімді жас жігіті Ақия Ақанов болды. Ол шығыс тілдері мен шығыс әдебиетін оқытты. Арифметика мен географиядан сабақ берді. 1905-1910 жылдар аралығында Мағжан Петропавл қаласының медресесінде (теологиялық семинарияда) араб, парсы, түрік тілдерінде оқып, түркі халықтарының тарихымен тереңірек танысты.

1910 жылдың күзінде ол Уфаға келіп, сол кездегі жоғарғы рухани оқу орнына теңестірілген әйгілі «Ғалия» медресесіне оқуға түсті. Мағжанның рухани қалыптасуына осы медреседе сабақ берген Ғалымжан Ибрагимов айтарлықтай әсер етті. 1917 жылы оқуын алтын медальмен аяқтады. Жұмабаев Петропавлға қайта оралып, мұнда азаматтық соғыстың зардабын тартады, педагогикалық курстарда оқытушы болып қызмет етіп және өлеңдер жазумен айналысты.

1923 жылы Мағжан Ташкент қаласына көшіп келіп, оқытушылық ғылыми жұмыспен айналысады. Түркістан халық комитетінің жолдауымен Мағжан Жұмабаев Мәскеудегі жоғары әдеби көркем - өнер институтына оқуға түседі. Сонымен қатар Мағжан Жұмабаев Шығыс еңбекшілерінің Коммунистік университетінің студенттеріне қазақ әдебиеті мен қазақ тілі стилистикасы бойынша дәріс берді.

1927 жылы Мағжан Петропавлға қайта оралады, педагогикалық практикум мен совет партия мектебінде оқытушы болып қызмет етеді.

1929 жылы Мағжан тұтқындалып, 10 жылға сотталады. 1936 жылы Максим Горькийдің өтінішімен ақын мезімінен бұрын босатылады.

1937 жылы 30 желтоқсанда Мағжан қайта қамауға алынады, 1938 жылдың 19 наурызында «халық жауы» ретінде атылады.

1961 жылы Мағжан Жұмабаев ақталады, бірақ оның өлеңдеріне тыйым салынады. 1987 жылы ақын толық ақталады.




1.2 Мағжан Бекенұлы Жұмабаев шығармашылығы


Мағжан Бекенұлы Жұмабаев алғашқы шығармашылық жолы 1909 жылдан 1917 жылдың ақпанын қамтиды. Алғаш жазған поэзияларынан бастап ақын ерекше дарындылығымен таныла бастайды. Тұңғыш жинағы 1912 жылы «Шолпан» атты өлеңдер жинағымен шықты.

1913 жылдан Мағжан өмірі мен шығармашылығының жаңа кезеңі басталды. Ол орыс әдебиетінің мәдениетінен нәр алып, осының негізінде Батыс және әлем әдебиеттерімен кеңірек танысуға бел байлайды.


Мағжанның өлеңдерінде ұлт-азаттық көтеріліс жайында баяндайды. Ақын үшін «Өз ұлтын ұмытпаған батыр-нағыз батыр». Сол себепті өлеңдер жинағында жас ақын жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен батырлардың есімдерін атап өтті.

Жұмабайұлы өлеңдерінде ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді көтерді («Шын сорлы»), халқын өнер білімге шақырды («Өнер-білім қайтсе табылар?», «Балалық шақ», «Осы күнгі күй», «Жазғы таң», «Қарағым»). Елімен бірге күйзеліп, туған жеріне арнап өлең жазды «Туған жерім-Сасықкөл», «Туған жер». Бірқатар өлеңдерін махаббат тақырыбына арнады («Сүйгеніме», «Алданған сұлу», «Гүлсім ханымға», «Жас келін», «Зарлы сұлу». Мағжан шығармаларында романтикалық сарын, әсіресе оның символистік арнада жазған өлеңдерінен айқын байқалады. Ақын символизмі болашақ пердесін ашатын жаңа мифология туғызды, келешек суретін салу саясатшылардың емес, ақындардың қолында екендігін көрсете біліді («От», «Пайғамбар», «Күншығыс», «Жаралы жан», «Айға»). «Мен жастарға сенемін» атты өлеңі қуат пен сөнбес жалын жас ұрпаққа рухани күш беріп, қазіргі таңда өмірлік ұранға айналды деуге болады.

Мен жастарға сенемін


Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты-

Қырандай күшті қанатты

Мен жастарға сенемін!

Көздерінде от ойнар,

Сөздерінде жалын бар,

Жаннан қымбат оларға ар,

Мен жастарға сенемін!

Жас қырандар - балапан,

Жайып қанат ұмтылған.

Көздегені көк аспан.

Мен жастарға сенемін!


Шығармашылығының екінші кезеңінде (1917-1924) Жұмабаев Жұмабаев журналистикамен айналысады, ағартушылықта жұмыс істейді.

1917 жылдың желтоқсан айында өткен Жалпықазақтық съезде Мағжан Жұмабайұлы Алашорда үкіметі жанынан құрылған Ағарту коллегиясының мүшесі болып сайланады.

1918 жылы Петропавл уезінде ашылған педагогикалық екі жылдық курстың меңгерушісі болады.

Жұмабаев - сыршыл лирика шебері.1922 жылы «Педдагогика» еңбегін шығарады.

Жұмабаев өмірінің қауырт және шығармашылық жағынан жемісті кезеңі 1923 жылы Ташкентке қоныс аударуымен байланысты. «Мағжан Жұмабайұлының өлеңдері» атты кітабы басылып шығады. Атақты «Батыр Баян» поэмасы, Түркістан мен Сыр циклдары, Ақан сері, Бұхар жырау, Әбубәкір Диваев туралы мақалалары осында жазылады.

Мағжан «Ақ жол» газетінде, «Шолпан» журналында қызмет істейді. Осында Ташкентте, сндай-ақ Қазанда 1922-1923 жылдары Жұмабаевтің екі өлеңдер жинағы жарыққа шығады. Батыс және орыс символистері сияқты Мағжан “шектен тыс дүниені” көруге тырысты, онда нағыз идеялар барына терең сенді. Мағжан өзінің символистігі арқылы, осы ағынның басқа өкілдері сияқты әдебиеттің дамуына зор үлес қосты.

Мағжан ақының шығармашылық жолында биік шыңға жеткендігі жөнінде ақынның бірқатар замандастары да мойындап, өздерінің жақсы пікірлерін білдіре кетті.

Мұхтар Әуезов, жазушы: «Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да Абайда... Бұдан соң Мағжанды сүйемін. Еуропалығын, жарқырағын, әшекейін сүйемін. Бүгінгі күннің бар жазушыларының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі. Одан басқамыздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін»

Сәбит Мұқанов жазушы: «Абай – ақылдың ақыны, ал Мағжан – ақынның ақыны. Мағжан ақын ретінде Абайдан күштірек, Біз Мағжаннан үйренуіміз керек».

Жүсіпбек Аймауытов, жазушы: «Мағжан – сыршылдығымен, суретшілдігімен, сөзге еркіндігімен, тапқыштығымен күшті. Маржандай тізілген, торғындай үлбіреген нәзік үнді күйімен, шерлі мұңды зарымен күшті». 

Зейнолла Қабдолов академик - жазушы: «Қазақ өлеңінің Абайдан кейінгі алыптарының, айтулы алтын діңгектерінің бірі ғана емес, бірегейі – Мағжан Жұмабаев».

Әлкей Марғұлан ғалым: «Ағылшындар үшін Шекспирдің, орыстар үшін Пушкиннің рөлі қандай болса, қазақ халқы үшін Мағжанның рөлі сондай».

Ілияс Омаров мемлекет және қоғам қайраткері: «Мағжан – қазақ поэзиясының жарық күні. Күн нұр шашса, кейбір «әдебиеттің жұлдызы боламыз» деп жүргендер сөніп қалады».

Әлихан Бөкейханов, Алаш қозғалысының көсемі:«Мағжандай ақыны бар, бір жерде тізе қосып отырған 5 миллион қазақтың тілі қалай жоқ болады?!» деген сынды пікірлермен ағартушы ғаламдар жас ақынның жеткен жетістіктерін мойындап, өз пікірлерін білдіре кетті.

  Сұрақтар

иә

  жоқ

1. “Бес арысты” білесізбе?

90%

10%

2Мағжан Жұмабаеавты таныйсызба?


99%

1%

3.Мағжанның өлеңдерін білесізбе?


80%

20%

4Мағжанның “Педагогика” еңбегі жайында білесізбе?

60%

40%


Менде осы тұста қазіргі ұрпақтардан Мағжан атамыз жайында бірер сұрақтар қойып сауалнама жүргізген болатынмын, нәтижесінде




қойылған бірнеше сұрақтың 80% -ы на жауап бергенімен, өкінішке орай 20%-ына жауап бере алмағандарда болды.

Бір қуантары жастардың көпшілігі Мағжан атамыздың суретін көргенде мүдірместен, Мағжан Жұмабаев деп жауап берді және де өлеңдерін білесіз бе ? дегенде жастардың ұранына айналған «Мен жастарға сенемін!» өлеңін айтып берді. Бұл дегеніміз Мағжан Жұмабаев ұмытылмас тұлға! Ол мәңгілікке біздердің жадымызда және оның өлеңдері қазақ халқы үшін баға жетпес құнды дүние болып қала бермек....

Жұмабаевтың қазақ тілін дамыту мен бастауыш сынып педагогикасын қалыптастыруда және де бала тәрбиесінде ұлттық құндылықтарды бала бойында қалыптастыруда өзіндік орны ерекше.





















II-Тарау. Педагогика ғылымы

2.1 Педагогика деген не? Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық ойлары.


Педагогика бұл - адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеумен байланысты адамның әрекеті. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында да қарастырылады. Ежелгі грек философтары Гераклит, Демокрит, Фальс, Сократ, Аристотель, Платондардың педагогикаға қосқан үлестері зор. «Педагогика» деген ұғым көне грек елдерінде б.з.б. 2,5 жылда пайда болған. «Педагогика» сөзі гректің екі сөзінен «пайс»-балалар және «эгейн»- баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу ұғымдарынан шыққан.


Педагогика ұғымдарының бірі - тәрбие. Тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірбиені беру процесі.


  • Адам баласымен бірге жасалып, бірге өмір сүріп келе жатқан қоғамның қажетті және тұрақты функцияларының бірі- тәрбие болып табылады.


  • Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын, атап айтсақ: отбасы, мектепке дейінгі мекеме, оқу тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды.


  • Тәрбие тар мағынада жеке тәрбиелік міндетті шешуге, жеке адамның белгілі бір қасиетін қалыптастыруға және жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс.


  • Тәрбие - педагогикалық кең мағынада қоғамның арнайы бөлінген адамдары - мұғалім, педагог тәрбиешілердің басқаруымен жүргізілетін мақсатты үдеріс.

Педагогикадағы қиын, күрделі мәселелердің бірі - тәрбиенің мақсатын анықтау болып табылады. Мағжан Жұмабаев тәрбиенің мақсатын өте терең тұжырымдайды, ол - «баланы тәрбие қылу тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін адам шығару, қаласа барлық адам баласын әділ жолмен өрге сүйрейтін перзент тәрбиелеу немесе тәрбие деген - ұлттың аса барлық адамзат дүниесін бақытты қылып қалыптастыру» - деп атап кетті.

Осы орайда Мағжан «тәрбиенің басты міндеттерінің бірі бала бойындағы ұлттық сезімдерді ерте қалыптастыру, оларды халықтың рухани мәдениетімен, әдет - ғұрпы, салт - дәстүрімен кеңінен қаруландыру керек деп санайды. Ұлт тәрбиесі - бұрыннан келе жатқан тақақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс және баланы сол - ұлт тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті» - деп атап өтті.


2.2 Педагогика - тәрбиелеу пәні

Педагогика пәні - адамның жеке тұлғасының оның оқыту, білім алу, тәрбиелену шарттарында дамуға және қалыптасуға бағытталған үдеріс, немесе қысқаша айтқанда «адамды тәрбиелеу» - қоғамның ерекше қызметі; адам дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелік қатынастар. Осы тұста педагогика ғылымының негізін қалаған педагог ғалымдар осымен келісе кетіп, өздерінің тәрбиелік мәні зор кең мағыналы нақыл сөздерін айтып кеткен.


Ян Амос Коменский (1592-1670) Чех елінің белгілі ойшылы, педагог. Коменский бойынша, таным - ақыл - парасаттың оқып үйренумен тығыз байланысты болатын белсенді процесі. «Танып - білуге, білім алуға - барлық адамдар қабілетті, сондықтан қарапайым халық білімге тартылуы керек».

Педагогика тарихында Коменский тұңғыш рет ерекше ғылым ретінде дидактика жүйесін жасады. Оның дидактикалық принциптері (көрнекілік, дәйектілік, еліктеу, жаттығу) табиғат заңдарын ой елегінен өткізді, таным мен білімді ұғымды түрде ұштастырып, баянды өткізуді көздеді. Чех ойшылы өз сөздерінің бірінде «Даналықты үйрету - адамды мықты әрі жанын жомарт етеді. Бір әкенің берген тәрбиесін - жүз мектеп бере алмайды» деп айтты.


Константин Ушинский (1824-1871) - орыстың педагог демократы, педагогика ғылымының негізін қалаушы. 1857-1858 жылы тәрбие туралы журналда «педагогиканың пайдасы», «мектептің үш қағидасы», «қоғамдық тәрбие туралы» және басқада педагогика үшін құнды мақалаларын жариялады. Ушинский 1867 жылы өзінің ең басты шығармасы - «Адам - тәрбиенің пәні» атты еңбегін жазды. Бұл педагогика ғылымында аса құнды болып саналды.

«Оқыту - тәрбиелеудің қуатты органы, бұл органды пайдалана білмеген тәрбиеші шәкірттерге әсер етудің ең басты қажетті құралынан айрылады»


Антон Макаренко (1888-1939) кеңестік педагог. Педагогика тәжірибесінде бұрын болмаған жетім балаларды жалпылай қайта тәрбиелеудің тәжірибесін жүзеге асырды. Балалардың оқуы мен оларды еркін өндірістік шығармашылық жұмыспен тәрбиелеуді біріктіре алды. Отбасылық тәрбие теориясын дамытқан.



Қазақстанда педагогикалық ағартушылық идеяны көтергендердің бірі-Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов(1835-1865). Ағартушы ғалым қазақ даласындағы оқу, мектеп ісін ғылыми негізде құрып, оқу білімінің табиғат сырларын ашуға бағытталуын, халқының алдыңғы қатарлы мәдениетті елдерді қуып жетуін аңсады.

Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің (1841-1889) демократиялық - ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзқарасынан айқын көрінеді. Бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге, оқу құралдарын жазуға, тәлімгер ұстаз дайындауға арнады. Торғайда-қолөнер, Қостанайда ауыл шаруашылығы училищелері, Ырғызда- қазақ қыздарына арнап мектеп-интірнат ашылуына зор ықпал тигізді.

Қазақ халқының ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлының (1845-1904) педагогикалық көзқарасының қоғамдық қатынастар тұрғысындағы пікірлері, жастарды халқының әдет-ғұрпы, салт-санасы, дәстүрінен тәлім-тәрбие алуға шақыруды дүниежүзілік педагогика классиктерінің ой-пікірімен үндеседі.

Ағартушы-педагог Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) мол педагогикалық мұра қалдырды. Байтұрсынов бүкіл өмірін қазақ қоғамының білім-ғылымының дамуына, мектеп ағартушылық ісінің жанданып, кемелденуіне бағыштайды. Байтұрсынов ұсынған жаңа әліпби 1913 жылдардан бастап мұсылман медреселері мен орыс-қазақ мектептерінде қолдана бастады.

Міржақып Дулатов (1889-1931) Ы. Алтынсариннің ұстаздық идеяларын әрі қарай дамытып, А. Байтұрсынов сияқты оқу-тәрбие мәселелерін ғылыми тұрғыдан қараған, шәкірттерді жаңа бағдарламалар арқылы білім алуға, мұғалімдердің ғылыми дидактикалық қағидаларға сәйкес сабақ жүргізуіне ерекше мән берген педагогтардың бірі.

Жүсіпбек Аймауытов(1889-1931) педагогика, психология саласында құнды ғылыми-зерттеу еңбектерімен қатар, бірнеше оқулықтар, оқу құралдарының авторы болған ірі тұлғалардың бірі. “Тәрбиеге жетекші” атты еңбегінде педагогиканың дидактика саласын ғылыми негіздеген.

Қазақстанда педагогикалық көзқарастың қалыптасуына Мағжан Бекенұлы

Жұмабаевтың үлесі орасан зор. Қазан төңкерісінен кейін тәлім- тәрбие ғылымына терең үңілгендердің бірі және бірегейі болды. Жұмабаевтың «Педагогика» атты еңбегі сол кездегі ана тілімізде жазылып, ғылыми әлемді елең еткізген туынды болды. «Педагогика» еңбегі- оқулық қана емес сол кездердің өзінде тәрбиелеу әдістемесі бола білді.




















2.3 Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» кітабы


Ұлы ақын, көрнекті ағартушы Мағжанның бұл кітабы қазақ тілінде жарық көрген тұңғыш іргелі педагогикалық ғылыми еңбек әрі сындарлы төлтума оқулық болып табылады. Кітап араб әріпінде 1922 жылы Орынборда, екіншісі 1923 жылы Ташкентте қайта басылып шықты -+«Педагогика» кітабы жалпы, он төрт ірі бөлімдерден тұрады.

Ағартушы еңбегі төрт бағытта жүргізілді: оқу, жазуға үйрету, емлеге дағдыландыру, жазбаша сөзді өркендету, ұғып дағдыландыру.

«Кітапты бір орыс кітабынан тура тәжіма деуге болмайды. Алдыма бір кітапты жайып қойып, бұрылмастан желе бергенім жоқ. Тәрбие ғалымдарынының пікірлерін таңдап алуға ұмтылдым. Шамасы келгенше қазақ қанына қабыстыруға тырыстым» - деп айтып кеткен болатын.

Кітап жазу барысында ақын Рубинштейн, Скворцов, Смирновтардың еңбектерінен қазақ халқының әдет-ғұрыптарына, салт-санасына, тіршілік- тұрмысына сай тұстарын дәріптеді.

«Педагогика» кітабында жалпы рухани және жан тәрбиесі, дене тәрбиесі жайында баяндайды.

Оқу құралының бірінші бөлімінде педагогиканың жалпы мәселелеріне арналған. Жалпы тәрбиені ақын төртке бөлді. Олар: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық және әдеп құлық тәрбиесі. Кітаптың екінші бөлімінде ішкі жан көрінісі жөнінде тереңірек жеке-жеке тоқталып бір ғылым саласы ретінде атап кетеді.....














2.4 Педагогика кітабының бөлімдері

«Тәрбие кең мағынасымен алғанда, қандайда болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету»

Мағжан Жұмабаев


Тәрбие бөлімдері. Тәрбие төрт түрге бөлінеді: Дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі, құлық тәрбиесі. Адам баласында осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Дене тәрбиесі. Баланың денесі физикалық тұрғыда мықты етіп тәрбиелеу. Яғни ыстық, суық, аштық, жалаңаштық сықылды көріністерді елемейтін мықты болып өсіру. Сұлулық тәрбиесі. Табиғаттың сұлулығынынан ләзат алу: сұлу сөз, әдемі әуен, әдемі түрден. Жалпы әлем жаратылысының баршасынан сұлулық атаулысы көре білу.

Құлық сұлулығы(көркем мінез-құлық). Мінезіміздің жақсы болуы. Жақсыдан үйрену, жаманнан жирену. Осы төрт сұлулық адам бойынан табыла білсе, міне сонда нағыз тәрбиелі адам болғаны.


Жалпы педагогика бес бөлімге бөлінеді.


  • Жалпы педагогика

  • Дидактика

  • Методика

  • Мектепті басқару

  • Педагогика тарихы


Жалпы педагогиканы дене тәрбиесі және жан тәрбиесі деп екі бөлді.

Дене тәрбиесі.

Дене тәрбиесінде баланың денесінің дұрыс өсуін : бала туылғаннан бастап, дем алуы, денесінің жылулығы, тамыр соғысы, шомылдыру, баланың тамағы, дұрыс тамақтандыру, ұйқысы, бесікке бөлеу, қозғалуын қарастырып денесінік берік, шымыр, қайратты болуына бағдар берді.

Жан тәрбиесі. Жан тілі Психология. Ойлау, сезу һәм ұғыну.

Нерв системалары (Жан тұрмысын жарыққа шығаратын жан мен дене арасында тіл хатшы болатын құрал, жан мен денені бір-біріне байлайтын байлам- нерв системалары (ми, жұлын) деп аталады), мидың қажуы және оны тамақтандыру (Ми жұмыстан қажығанда демалдырып отыру керек), Әсерлену ( түрлі сезімдер арқылы әсер алу есту, иіс сезу, дәм сезу, сипау сезімі ) иллюзия (болып тұрған әсерленуді бұрынғы әсерлену жеңіп кетуі), іскерлік (бір істі қалау, әуесі кету), Суреттеу (әсерленудің әсерінен көз алдымызға елестету болып табылады), Ес (зейін)(суреттеулерді жанның жоғалтпай сақтай білуі ес деп аталады. Көру есі, есту есі) Қиял ұғымы(жанның өзінде бұрыннан бар суреттеуден жасай алуы қиял деп аталады. Фантазия), Ойлау ұғымы , тіл, ішкі сезімдер (қуану, ренжу, ашулану, ұялу, қорқу) Сұлулық сезімдері, құлық сезімдері жайында және қайрат жайында ерекше атап өтті. Атап өтіп қана қоймай тереңірек зерттеп, баланың бойындағы осы қасиеттерді қалай тәрбиелеу керектігін үйре кетті. Яғни «педагогика» еңбегінде Мағжан атамыз педагогиканы жан-жақты зерттеп, адам баласына дұрыс тәрбие беру керек жолдарын ұсынды.

XX - ғасырдың басында көшпелі қазақтың топырағында елінің ертеңі -

болашақ ұрпақ үшін психологияның осы салаларын көтергендердің алғашқысы болды.

Мағжан қазақ баласының бесікке салып бөленуінен бастап есейгенге дейінгі кезеңді сөз етті. Ол бала тәрбиелеуде тәрбиешінің орнының жоғары екендігін және сол берілген тәрбиенің тікелей тәрбиешіге қатысты екендігін атап кетті.

Көрнекті ақын еңбегінде көбіне психологияға мән береді. Бала тәрбиелеп отырған ата - ана баланың жан дүниесін, психикасын, баланың даму ерекшеліктерін жетік білу керек деп санайды.

Еңбегінде ақын психологияға зер салып, тереңірек қарастырады. Бұл орайда Баланың бүкіл процестерін зерттеп, жүйке жүйесін, оның даму жолдарын, баланың сезім мүшелерін, оның атқаратын қызметін, зейін, қиял, ойлау ұғымдарын тереңірек зерттеп, адам жанының жайын, жан тұрмысын, жан күштерін ақыл, қайрат, көңілдің жайларын баяндайды. Жас ақын «осы аталған тұстағы тәрбиелерді баланың бойына сіңіре білсе ақыл тәрбиесі, дене тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі және де құлық тәрбиесі - онда бала нағыз тәрбиелі адам болар еді». Абай атамыздың сөзімен тұжырымдасақ «толық адам» болар еді.


II-Тарау. Тәрбие

3.1 «Толық адам» тұжырымдамасы


Абай Құнанбаев өз шығармаларында адам болудың жолдарын және болашақ ұрпақтың адамшылдық қасиеттерін бойға ұялату барысында көп ізденді. Ізденістер барысында Абай атамыз «Толық адам тұжырымдамасын қалыптастырды. «Толық адам тұжырымдамасы - рухани жетілген, кемеліне келген адам.

Абайдың толық адам жайындағы тұжырымдамасын ғылыми тілмен оқырманға 1982 жылы М. Мырзахетұлының «Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары» атты монографиясында түсіндірілді.

Толық адам - Абай атамыз армандаған ең биік қол жетпес асқар шыңы еді. «Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Осы үш нәрсе бір адамның бойынан табылса сол адам толық адам болмақ» - деп атап кетті .

Ғылым - білімді уағыздаған ағартушы ақын ақылды, білімді аса жоғары бағалайды. Не нәрсеге болсын ақыл-таразы, дүниегің сырын танып білуде ақылдың мүмкіндігі шексіз мол деп санайды.

«Он жетінші сөзде Абайдың өз тұсындағы және Абайдан бұрынғы үлкен моралист, педагог ойшылдардың өз айтқан пікірінне жанасатын ой-толғау жүргізеді. Ол - толық адам сапалы болудың шарты, «гармоническая лисность жайындағы ойларды зерттеп, жаза бастады. Бұл Абайдың 38 қара сөзінде қолданылатын «толық адам» деп аталатын сөздің тікелей баламасына келеді. Кемел адам мәселесі мұсылмандық әлемнің сопылық ағымында XI-XII ғасырда-ақ қалыптасып, шарықтау биігіне жетіп, сол негізінде 1069 жылы Жүсіп Баласағұнның «Құтатғу Білік» дастанында толық баяндалып суреттелген болатын. Сопылық «хал ілімі» саласында негізі қаланып, даму жолына түскен сопылық адамшылық ілімді Абай өз заман талабына орай дәстүрлік жалғастықпен дамыту арқылы қазақ даласына - адамшылықтың толық адам ілімі деп аталатын жаңа түрі дүниеге келді.

Абай Құнанбаев кемел сөздерінің бірінде: «Енді біліңіздер, ей перзенттер! Құдай тағаланың жолы деген жол Алла тағаланың өзіндей ниһаятсыз (шексіз, өлшеусіз) болады. Оның ниһаятына ешкім жетпейді. Бірақ сол жолға жүруді өзіне шарт қылып кім қадам басты, ол таза мұсылман, толық адам делінеді» дей өз ойын түйіндеді.

Мағжан Жұмабаевтың педагогика саласын зерттеу барысындағы еңбегінде «Тәрбие төрт түрлі: дене тірбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі һәм құлық тәрбиесі. Еерде адам баласындаосы төрт тәрбие тегіс берілсе оның тәрбиесі түгел болғаны, дұрыс тәрбие алып шын адам болғаны» деп атап кетті

Абай атамыздың «толық адам» тұжырымдамасы (ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек) мен Мағжан атамыздың «тәрбиелі шын адам» (дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық һәм құлық тәрбиесі) түпкі ойы, көксеп, баяндап отырған адамшылдықтың толық адам ілімінің бейнесі бір - талапты, еңбекқор, ізгілікті, мейрімді, қанағатшыл, рақымды, тұла бойы толған ар, ұят, пенделіктен қол үзген иманды адам.

Қорытынды

Мағжан Бекенұлы Жұмабаев - ерекше жазу стилімен қазақтың Пушкині бола білді. Ақынның лирикалық өлеңдері әдебиет саласында ерекше орын алады. Қазақ тілін байыту ретінде, әдебиетке жаңа түрлер енгізу ретінде Мағжанның еңбегі көп. «Абайдан кейін тіл өнегесіне Мағжаннан асқан ақын жоқ қазақта...

Абай ақылдың ақыны болса, Мағжан - сезімнің ақыны». Жас ақын өлеңдерінде халқын білімге, өнерге шақырады.....

Мағжан Жұмабаев өз халқын сауат ашуға ғана шақырып қоймай, болашақ ұрпағының ұлттық тәрбиесіне де ерекше назар аударады . Ол өзінің «Педагогика» кітабы атты тәрбиелік мәні терең еңбегін жазды. Еңбегінде әлем педагогтерінің еңбетерінен біздің қазақ тұрмысына қатетті жерлерін жинақтап жазды. Мағжанның «Педагогика» еңбегін су түбінде жатқан асыл тас дер едім. Себебі онда адам өміріне қажетті көптеген дүниелер қамтылған. Бала туылғаннан бастап, есейіп ер жеткенге дейінігі аралықтағы баланың психологиялық және педагогикалық тұрғыда тәрбие алуын толықтай қамтып кетті. Мағжан Жұмабаев өзінің  мәдениет, сұлулық, ізгілік туралы ойларын

«Құлық сезімдері» деген бөлімде  одан әрі дамыта түседі. Ол қазақ халқына  басқа халықтың жақсысын үйрен, сөйтіп көтеріл дейді. «Басқа халықты, жалпы адамзатты сүйе біл деп өсиет айтты. «Адам шын ізгі адам боламын десе, халық ісі, халыққа пайдасы жолында  құрбан бола білсін»,- дейді. Ең алдымен өзінің өлеңдерінде  халықты сауаттылққа, оқу оқып, білім алуға үндеді. Мағжанның қазақ тілін дамыту мен бастауыш сынып педагогикасын дамытуда орны ерекше. Еңбектерінде Мағжан педагогика саласын ол 5-ке бөліп қарастырды: 1. Жалпы педагогика. Адамның дене һәм  жан күштерін  тәрбие қылу жолдарын  көрсетеді. 2. Дидактика. Оқытудың негізгі  жолдарын көрсетеді.3. Методика . Оқытудың негізгі жолдарына негіздеп, белгілі бір пәнді  қалай оқыту керек екендігін үйрететін  пән қазақ тілінің методикасы деп аталады. 4. Мектепті басқару. Бұл пән мектеп қалай салынуға, қалай басқарылуға тиісті, сынақтарға шәкірттерді қалай бөлу керек, оқу уақытын қалай белгілеу керек. Осындай мектеп құрлысы жолдарын көрсетеді.5. Педагогика  тарихы . Түрлі заманды түрлі тәрбиеге адамзат қалай қараған, қандай жолдармен жүрген, тәрбие дүниесінде қандай білімпаздар өткен, олар қандай жаңа жолдар тапқан. Педагогика тарихы осыларды баяндайды.

Мағжанның Педагогика  оқулығын оқи отырып мынандай ой түйіндейміз: ғылым ұлттық болмысымыз бен сана — сезімге жақын этнопедагогика, психология  принциптерін негізге ала отырып жазған. Аталған еңбекті сараптай келе өткен ғасырдың 20 – шы жылдарда педагогикалық – психологиялық тракттата айтылған ойлар  бүгінгі тәуелсіз  мемлекетімізді дамытуда, әсіресе  ұлттық байлығымызды пайдаланып, оны қажетімізге жаратауға таптырылмас мұра болып отыр.




Пайдаланған әдебиеттер



  1. Әбиев Педагогика. Алматы. 2004

  2. Б.Байменова М.Жұмабайұлының педагогикалық мұрасы // Ұлт тағлымы 2001 №4

  3. Б.Бекматова Мағжанның «педагогикасы» // Ұлағат 2003 №5

  4. Д. Ысқақұлы Мағжан поэзия падишасы. Алматы 2020 №3

  5. «Жеті ғасыр жырлайды». Жазушы баспасы // Мағжан Жұмабайұлы №517

6. С.Сеңкібаев. Мағжанның ұстаздық тәлімгерлік идеялары және олардың дамуы // Білім 2001 №3

7. Қоянбаев. Педагогика. Алматы









Мағжан жайлы көркем және деректі туындылар


Мағжан: деректі фильм - Рижиссері- Қ.Умаров. - Ш.Айманов атындағы Қазақфильм, 1990

Алаш туралы сөз: деректі фильм- Қ.Умаров, - Ш. Айманоа атындағы Қазақфильм. 1994.

Алашорда: деректі фильм - Ш.Айманов атындағы Қазақфильм, 2009

Алаш рухы // Қазақ радиосы 2013 жыл - 29 мамыр - сағ 23:00

Төлеубай Е. Мағжан (пьеса).

Исабекұлы Д. Әлдиле өмір әлдиле (пьеса)

Қожахметова М. Азат алаш - даңқты алаш (пьеса)

Омарова М. Ақтастағы Ахико (трагедия - 2016)

Мағжан Жұмабаев. Деректі фильм. Авторы Мая Бекбаева, Жүргізушісі: Сырым Қашқабаев, 2018



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!