Материалдар / «Абай бол, жас дос»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Абай бол, жас дос»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Оқушыларға көше қатынасы ережелерін меңгерту; жолда жүру ережесін есте сақтау арқылы білгендерін пайдалана білуді тұрақты дағдыға айналдыру; оқушыларды жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қазан 2018
871
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін: _____________________________________ Күні: ____________


«Абай бол, жас дос»


Мақсаты: Оқушыларға көше қатынасы ережелерін меңгерту; жолда жүру ережесін есте сақтау арқылы білгендерін пайдалана білуді тұрақты дағдыға айналдыру; оқушыларды жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, плакатқа жазылған ескерту сөздер, макеттер, оқушылардың салған суреттері.


Барысы.

Залға сап түзеп әр сынып оқушылары музыка ырғағымен кіреді. Әнұран орындалады.


1-жүргізуші: Құрметті оқушылар! Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгінгі «Абай бол, жас дос» жиынымызды бастауға рұқсат етіңіздер!


2-жүргізуші: Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүректе бүршік атып гүлдейді үміи.

Арманға сапар тарту мүмкін емес,

Жол жүру ережесін білмей тұрып.


1-жүргізуші: Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,

Жол жүру ережесі заңды тәртәп –

Ол ортақ

Үлкен кіші баршамызға!


2-жүргізуші: Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген.

Бүгінгі бізге келген қонақтарға,

Жиынымыз басталсын сәлемменен.


1-жүргізуші: Оқушыларға сөз кезегін берейік.


І топ. «Бағдаршам».

Топтың ұраны: Тоқта! Сақтан! Жол ашық!

Жүрме жолға таласып.


ІІ топ: «Жол белгілері».

Топтың ұраны: Үйрен таппай тыным бір,

Белгілердің тілін біл!


ІІІ топ: «Жүргізуші».

Топтың ұраны: Жол тәртібін білейік,

Аман-есен жүрейік!


ІҮ топ: «Қиылыстар».

Топтың ұраны: Басталар әр қиылысың аттауменен,

Жолда жүру ережесін сақтауменнен.


Хор: «Бағдаршам».


І топ. «Бағдаршам».

(Бағдаршамның шығу тарихы жайлы баяндайды).

  1. - оқушы: Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапқанын білесіңдер ме? Ал ендеше тыңдап көрелік. Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмағын.


  1. оқушы: Оны көше қиылысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшын инженер-механигі Д.Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты.




  1. оқушы: Алдымен түрлі-түсті сигнал қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды.


  1. оқушы: Өкінішке орай бізде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады да, содан жарты ғасыр бойы ұмыт болады.




  1. оқушы: Тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласында, сосын Нью-Йорк, т.б.қалаларында пайда бола бастайды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана: қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолданыла бастады.

  2. оқушы: Кеңес одағы бойынша алғаш рет бағдаршам 1924 жылы Мәскеу қаласының Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысында орын алды.


ІІ топ. «Жол белгілері».


1 – оқушы: Үйрен таппай тыным бір,

Белгілердің тілін біл.

Егер оны білмесең,

Тартар жолың бұлыңғыр.


2 – оқушы: Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,

Хабарлайтын бар қауіпті оң сапарға жолдаған.

Маған қарап жүрер болса жүргізуші, жаяу да,

Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған.


3 – оқушы: Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын,

Қайда болса алда тұрып жібермеймін бір адым.

Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,

Осы жолы үндемеймін бар ма тағы сұрағың.


4 – оқушы: Белгімін көсетер жылдамдық бағытын,

Ой, шыңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті,

Барлығын анықтап, көрсетіп жіберем,

Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.


5 – оқушы: Баратын сапардың қашығын, тұрағын,

Үн-түнсіз жол сілтеп көрсетіп тұрамын.

Күндіз де, түнде де от болып жанады,

Көкпеңбек боялған төртбұрыш шырағым.


ІІІ топ. «Жүргізуші».


1 – оқушы: Жол ережесін білу өмірімізді қауіптен, жазымнан сақтайды.


2 – оқушы: Оның сырын біліп, жол ережесін орындау баршамызға қажет.


3 – оқушы: Есігінен артқы,

Көлікке сен мінген.

Дәл осы бір сәттен,

Құлағыңды тіккен.


4 - оқушы: Кезекте сен әлгі,

Артқы есіктен кірген.

Енді есіктен алға,

Түсеріңді білген.


ІҮ топ. «Қиылыстар».


1 – оқушы: Жолдар қиылысында,

Қалтарысып қысылма.

Көлденеңнен жол болса,

Кібіртіктеп тоспа оны.


2 – оқушы: Бос болмаса алайда,

Сақтық жаса абайла.

Қалмас үшін соқтығып,

Ол өткенше тос тұрып.


3 – оқушы: Ирек-ирек көшелер,

Көше деген мың ирек.

Қиындыққа әйтсе де,

Үйренесің біртіндеп.


(«Бағдаршам» ойынына барлық оқушы топпен қатысады).


2 – жүргізуші: Ойын жүргізуші алдын ала дайындаған үш түсті көрсетіп, оқушылардың қаншалықты жинақы екенін байқайды.


Ойын шарты:

  1. Бағдаршамның жасыл көзін көрсеткенде балалар жүрген сияқты бір орында аяқтарын қозғалысқа келтіреді.

  2. Сары көзін көрсеткенде ду қол шапалақтайды.

  3. Қызыл көзін көрсеткенде бір орында қозғалмай тұрып қалады.


1 – жүргізуші: Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға.

2 – жүргізуші: Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға.


1 – жүргізуші: Жасыл көзін ашқанда,

Өте бергін, жасқанба!


Мұғалім: Қымбатты қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Міне, жолда жүру ережесін әрқашан есте сақтап, бұлжытпай орындап, сақ жүріңдер демекпін.


Ән: «Анадай асыл мектебім».


2 – жүргізуші: Арманға алда күткен асығармыз,

Біз қалай толқын атпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтықта тұра алатын жас қыранбыз!


1 – жүргізуші: Басталар әр қадамың аттауменен,

Өмірге қол созады әрбір көше

Жол жүру ережесін сақтауменен.


2 – жүргізуші: Жолда жүру әліппесін,

Білген жөн бес саусақтай.

Сонда ғана жүре аласың,

Сен өзіңді сау сақтап.


1 – жүргізуші: Жыламасын аналар,

Жас ұландар өсе бер.

Сақ болыңдар, балалар!

Сақ жүріңдер көшеде!


2 – жүргізуші: Қымбатты қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Осымен «Абай бол, жас дос» атты тәрбие сағатымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!