"Абай деп соққан жүректер"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Абай деп соққан жүректер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдеби -сазды концерттік тәрбие сағаты. Оқушыларға, жас маманға көмек береді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Абай деп соққан жүректер»

Ашық тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың Абай туралы түсініктерін кеңейту.Абай өлеңдерінің мазмұны мен идеясын ашу.Қара сөздерді,өлеңдерді мәнерлеп оқуға үйрену.Еңбекқорлыққа,имандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:интеративті тақта,кітап көрмесі,А.Құнанбаевтың суреті.


1-жүргізуші:

Құрметті қонақтар,ұстаздар Елбасының «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» мақаласы аясында өткізіліп отырған «Абай деп соққан жүректер» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. «Абайдан артық,Абайдан ұлы,Абайдан киелі ұғым болмауы тиіс» –деп елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай,бүгінгі ұрпақ Абай тағылымынан нәр алып,Абай тәлімінен сусындап қанаттануда.


2-жүргізуші:

Абай дана,

Ғұламасы ғасырдың,

Жырларында жабырқау жоқ,жасын мұң

Өлең болып бізге жетті өнегең

Сәулесі боп өлең деген асылдың.

Жырларыңыз тұнып тұрған ұлылық,

Жабырқасам жаңға құяр жылылық.

Абай деген-жұмбақ әлем биік шың,

Болғамыз жоқ әлі өзіңді ұғынып.


1-жүргізуші:

Қазақта қасиетті Абай ақын,

Оқып-біліп өзіңе болдық жақын.

Жылы тиіп жүрекке өлеңдері,

Әр сөзінен ұғамыз ақыл-нақыл.

Үйретті ол ұрпағын жақсылыққа,

Қара сөзі әркімге басшы-нұсқа.

Өтседе жылдар сөздері ұмыт болған жоқ,

Өсиетін аламыз басшылыққа.


2-жүргізуші:

Бір өлеңін жатқа оқысаң Абайдың,

Көп емес-ау саған артар міндетім.

Ең оңайы өзіңе-өзің жүр жетіп,

Бір өлеңін жатқа оқысаң Абайдың

Сол болады еліңе еккен құрметің,-демекші ендігі кезекті Абай атамыздың өлеңдеріне береміз.

Бір топ оқушылар:Қуан,Лана,Зарина,Айдана,Әйгерім,Жаңабай,Ақниет,Зульфия,Расул,Ақниет,Бекнұр,Балауса.


1-жүргізуші:

«Абай»,»Абай»,«Абай» !деп ағылар үн,

Дүр сілкінтіп,жұмыр жер шаңырағын.

Ақын бабам мәңгілік арамызда,

«Ғылым тап» деп сілкіді санамызды.

Абай сөзі дүбірлеп тұлпардайын,

Оятады кең байтақ даламызды.


2-жүргізуші:

Ана тілі-бүгінгі Абай тілі,

Өзіңменен үйренем бүгінгіні.

Қазағымның өрісі кеңи түсер,

Алдыңнан жол сілтесе Абай үні.

Көрініс: « Құнанбай мен Абай»


1-жүргізуші:

«Атым Адам болған соң,қалай надан болайын» деп адам бойына ізгі қасиеттерді сіңіріп, рухани құнды игіліктерді бағалай білуге,ақыл-ой дағдысына қалыптастыруға үндеген Абайдың қара сөздерінде зор мағына,рухани күш-жігер жатқаны анық.


2-жүргізуші:

Осынау өткінші өмірде адамзат өз бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп,иманды,абыройлы,еңбексүйгіш,адал,әділ,сауатты болуы шарт деп Абайдың ұрпақтарына қалдырған аманаты,поэзиясымен қоса құнды мұрасы-қасиетті қара сөздері.

Ендігі кезекті қара сөздерге берсек:

Зарина,Лана,Әйгерім.


1-жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем әнмен тәтті күй.

Жүрекке түрлі ой салар .

Әнді сүйсең,менше сүй,-деп Абай атамыз айтпақшы, «Желсіз түнде жарық-ай» әнін қабылалыңыздар.




1жүргізуші:

Қазақ тілі өз тілім ана тілім,

Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл қызың,мәңгі сені,

Болашаққа бастаған дана тілім.



2-жүргізуші:

Абай ата қазағымның тірегі

Халқымыздың соғып тұрған жүрегі.

Төгетұғын сәуле менен шуағын,

Маңдайдағы жарқыраған күн еді.


Бір топ оқушылар өз ойларын айтады.


1-жүргізуші:

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы,ерінбе,-деп бір туар ақын С.Торайғұров айтып кеткендей,Абайдың асыл сөздері ұрпақтан –ұрпаққа тарап,жалғасын таба бермек.

Бүгінгі Елбасының «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» мақаласы Абайдың өсиетнамасының жалғасы іспетті.Шындығында Абайдың өсиетнамасымен Елбасының мақаласының арасында бір үндестік пен сабақтастық бар екені анық.


2-жүргізуші:

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге.

Тетігін тап та бар қалан,-деп Абай атамыз айтқандай,бізде әрқайсысымыз осы өмірде өз қалауымызды орындап,еліміздің ертеңі үшін еңбектенуге әзір болайық деп бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.06.2018
782
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі