"Абай және гуманизм"

Тақырып бойынша 13 материал табылды

"Абай және гуманизм"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Абай және гуманизм" тақырыбы бойынша мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абай және гуманизм

        Абай мұрасы - қазақтың ең қасиетті қазынасы. Абай өзінің халқымен мәңгі бірге жасайды. Ғасырлар бойы қазақ елін жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді. Абай мұрасы біз үшін мәңгілік.

Ұлы ақын, ағартушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, жазба әдебиеті мен қазақ әдеби тілінің негізін салушы, реформатор Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы Шыңғыс тауды жайлаған Тобықты руында дүниеге келген.

Абaй 1.2.Абылай Құнaнбaйұлы сұлтанның ғұлaмa, жодарa aқын, 1.3.Абылай біздің aғaртушымыз, Сұлтанннықазақ ұлтының қайбірі әдебиетінің туралы негізін зерттеулер қалaушы, аудaрмашы, композитор ТАРАУ. ретінде Абылай қазaқ тaрихында 2.1.Абылай өшпес із ханның қaлдырғаны Жоңғар бaршамызға aян. мемлекеті Оның патшалы өлеңдері мен Ресеймен қара жүргізген сөздерінде қaзақ дипломатиялық ұлтының қатынасы болмысы, салт-дәстүрі, тарихы 2.2.XVII салтсалткөрініс кейін тaуып, Абылайхан кейін Абaй ілімі қазақ ретінде барша елге танылды.

Өз халқына аса құрметпен қараған адам ғана қазақ мәдениетінің маңызды тірегіне айналған керемет шығармашылық нәтиже жасай алады. Әрине, Абайдың көзқарастары қазақ халқының мүдделерімен, адамгершілік мұраттары мен даналығымен, қазақ зиялыларының шығармашылық жетістіктерімен, дүниежүзілік ойдың жетістіктерімен ұштастырылды. Әрбір халықтың рухани және адамгершілік қасиеттері бар. Қазақ халқының санасында көрнекті ағартушы Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасы ең бірінші орында. Оның шығармаларында халық шығармашылығының дәстүрлері мен қоғам проблемаларын түсіну барынша көрсетілген. Абай - өткеннің ұлы гуманистерінің бірі. Адамдардың ақыл - ойы мен сезіміне әсер ету, қоғамды ақындық сөз құралымен жаңарту, адамның қадір-қасиетіне терең құрмет - бұл Абай - гуманистке тән.

Абай - қазақ әдебиетінің классигі, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы. Ол қазақ әдебиетін орыс классиктерінің тамаша аудармаларымен байытып, қазақ халқының рухани мәдениетінің өсуіне өз үлесін қосты. Қазақ халқының керемет ұлы Абай Құнанбаевтың бейнесі әлі күнге дейін көптеген көрнекті жазушылар, суретшілер мен ақындардың назарын аударуда. Қазақ әдебиетінің дамуының жарты ғасырға жуық кезеңі оның есімімен байланысты, оның еңбегінде 19 ғасырдың екінші жартысындағы ұлы революциялық оқиғалар қарсаңындағы идеялар мен ойлар жинақталған. Қайсыбір талант иесі, мейлі ол ақын болсын, яки жазушы болсын ата дәстүрінен нәр алып, қалам ұстайды. Егер бөлек арна салып, халықтың тарапынан оң баға алып жатса, ол – оның даралығы. Қазақ әдебиеті үшін Абай ұлы дара талант иесі. Абай өзі көзі тірісінде күллі қазаққа мәшһүр болған Жан. Оның ұлылығы құдіреті оның ақындығында. Сол ақындық қуатын талабы барлардың бойына сіңіруі Абай ұлылығын асқақтата түскені баршаға аян. Қазақтың өлең сүйер жастары үшін Абай - ұстаз, ақындық мектеп қалыптастырған ұстаз. Жалпы әлем әдебиетінде ежелгі дәстүрді білетін ақындар дәстүрді бір қалыпқа салу мақсатында ақындық мектеп ұйымдастырған. Ал Абайдың ақындық мектебіне келер болсақ, негізінен мұндай құбылыс қазақ әдебиеті тарихында Абайға дейін де, Абайдан кейін де болып көрген емес. Әлбетте, бірі – үйретуші, енді бірі үйренуші болған ақындардың мектебі жайы бір басқа. Негізінен өз жанынан өлең шығарған өнерлі жас інілерін ортаға алып, оларға тақырып беріп, өзара сыннан өткізіп, толық мағынасында ақындық мектеп қалыптастыру - Абай тұлғасын тек қазақ әдебиеті ғана емес, әлем әдебиеті тарихында ерекше даралай алатын құбылыс болды.

Жаңғыру – өткеннен қол үзіп, тек жаңа құндылықтарға жол ашу деген сөз емес. Шын мәнінде, бұл – ұлттық мұра­ларымызды бүгінгі оң үрдістермен үйлестіре дамытуды көздейтін құбы­лыс. Бұл ретте, біз Абайды айналып өте алмаймыз. Себебі ұлы ойшыл осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын ұлтты жаңғыруға, жаңаруға, жаңа өмірге бейім болуға шақырған. Мәңгілік Елбасымыздың: «Заманалар ауысып, дүние дидары өзгерсе де, хал­қы­мыздың Абайға көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлы­лығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы Қазақ елін, қазағын биіктерге, асқар асу­ларға шақыра береді», – деген өнегелі сөзі ақын мұрасының мәңгілік өсиет ретінде бағаланатынын айқын аңғартады.

Абайдың шығармаларына зер салсақ, оның үнемі елдің алға жылжуына, өсіп-өркендеуіне шын ниетімен тілеулес болғанын, осы идеяны барынша дәріптегенін байқаймыз. Ал ілгерілеудің негізі білім мен ғылымда екенін анық білеміз. Абай қазақтың дамылсыз оқып-үйренгенін бар жан-тәнімен қалады. «Ғылым таппай мақтанба» деп, білімді игермейінше, биіктердің бағына қоймайтынын айтты. Ол «Біз ғылымды сатып мал іздемек емес­піз», – деп тұжырымдап, керісінше, ел дәулетті болуы үшін ғылымды игеру керектігіне назар аударды. Ұлы Абай­дың «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге» деген өнегелі өсиетін де осы тұрғыдан ұғынуымыз қажет.

Бұл тұжырымдар қазір де аса өзекті. Тіпті бұрынғыдан да зор маңызға ие болып отыр. Себебі ХХІ ғасырдағы ғылымның мақсаты биікке ұмтылу, алысқа құлаш сермеу екенін көріп отырмыз. Ал біздің міндетіміз – осы ілгері көшке ілесіп қана қоймай, алдыңғы қатардан орын алу. «Педагог мәртебесі туралы» заңның қабылдануы – осы бағыттағы игі бас­тамалардың бірі. Бұл – сапалы білім беру ісін жетілдіруге арналған қадам. Жалпы кез келген қоғамда ұстаз­дың орны бөлек. Мұғалімдер білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу ісінде аса маңызды рөл атқарады. Ұстазға құр­мет көрсетіп, қадірлеу – бәріміздің мін­де­тіміз. Сондықтан мемлекет мұғалім мамандығының мәртебесін көтеріп, алаңсыз жұмыс істеуіне жағдай жасауда. Абай айрықша дәріптеген игілікті істің бірі – тіл үйрену. Ақын жиырма бесінші қара сөзінде өзге тілдің адамға не беретініне тоқталып: «Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі оныменен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды», – дейді. Демек, өзімізден озық тұрған жұрт­пен деңгейлес болу үшін де оның тілін меңгерудің маңызы зор.

Ал қазіргідей жаңа тарихи жағ­дайда бәріміз ана тіліміздің дамуы мен дәріптелуіне назар аударып, оның мәртебесін арттыруымыз керек. Сонымен қатар ағылшын тілін үйре­нуге де басымдық беру қажет. Жаста­рымыз неғұрлым көп тілді меңгерсе, соғұрлым мүмкіндігі кеңейеді. Бірақ олардың ана тілін білуіне баса мән берген жөн. Өскелең ұрпақ, Абай айтқандай, ғылымды толық игерсе, өз тілін құрметтесе әрі шын мәнінде полиглот болса, ұлтымызға тек игілік әкелері сөзсіз. Қазір әлем күн сайын емес, сағат сайын өзгеруде. Барлық салада жаңа міндеттер мен тың талаптар қойылуда. Ғылымдағы жаңалықтар адамды алға жетелейді. Ақыл-оймен ғана озатын кезең келді. Заман көшіне ілесіп, ілгері жылжу үшін біз сананың ашықтығын қамтамасыз етуіміз керек. Бұл қадам өркениеттің озық тұстарын ұлттық мүддемен үйлестіре білуді талап етеді. Мұндай кезде өзіміздің таптаурын, жадағай әдеттерімізден бас тартуымыз қажет.Абайдың кейбір қарекеттерге көңілі толмай, «Терең ой, терең ғылым іздемейді, Өтірік пен өсекті жүндей сабап» деп үнемі сыни көзбен қарауының себебі осында.Ақын ел-жұртын түрлі өнерді игеруге үгіттеді. Соның бәрі уақыттың талабы екенін ол анық аңғарып, ұлтына ертерек үн қатты. Тіпті қазір айтып жүрген интеллектуалды ұлт қалыптастыру идеясы Абайдан бастау алды деуге болады. Ұлы ойшыл әр сөзімен ұлттың өресін өсіруді көздеді.Сондықтан Абайды терең тануға баса мән бергеніміз жөн. Абайды тану – адамның өзін-өзі тануы. Адамның өзін-өзі тануы және үнемі дамып отыруы, ғылымға, білімге басымдық беруі – кемелдіктің көрінісі. Интеллектуалды ұлт дегеніміз де – осы. Осыған орай, Абай сөзі ұрпақтың бағыт алатын темірқазығына айналуы қажет.

Абайды мінезі тану – маңғаз, қазақ жүрегі мейірбан халқының жетекші өзін-өзі жұрттың тануы. Адамның өзін тануы жадында және сақталмақ. үнемі дамып отыруы, ғасырдан ғылымға, білімге астам атақ басымдық беруі – даңқы, кемелдіктің аңыз-әңгімелер көрінісі. Интеллектуалды, ұлт дегеніміз де – арқылы осы. ұрпақтан-ұрпаққа Осыған орай, Құнанбаевтың ұлы сөздері ұрпақтың бағыт алатын темірқазығына айналуы қажет деп ойлаймын. Абай қазақтың әрбір баласын ұлт­жанды азамат етіп тәрбиелеуге ша­қыр­ды. Оның қазынасы – парасатты пат­риотизмнің мектебі, халқын қадірлеудің негізі, жастарымыздың көзі ашық болсын десек, ұлы Абайды оқу­дан, ақын өлеңін жаттаудан ешқашан жалықпауымыз керек. Абай Құнанбаев еңбектерін жас ұрпақтың санасына сіңіру және оларды өмірлік азығына айналдыру – ұлтты жаңғыртуға жол ашатын маңызды қадамдар деп білемін!




Пайдаланған әдебиеттер:

1. Абайдың қарасөздер жинағы

2.М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Мұқаметханов, А.Нұрқатов, М.Мырзахметов, Ө.Күмісбаев, т.б. ғалымдар еңбектерінің абайтану ілімін дамытудағы қызметі туралы еңбектері.

3. Абай.Шығармаларының бір томдық толық жинағы. Алматы, 1961 ж., 267 б.

4. А.Абдрахманова. «Абай – дана ақын». Алматы .// Ұлағат, № 6, 2007 ж., 123 б.

5. Р. Сыздық. «Абайдың сөз өрнегі». Алматы, «Санат», 1995 ж.

6. Е.Ахмерова . «Абай және бизнес».-Алматы. // Ұлағат, № 3, 2008 ж. 98 б.

7. Д.Омаров. Абайтану «Білім алу». Алматы., 2002 ж., 155 б.

 
































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
30.12.2024
387
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі