Абай және орыс тілі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Абай және орыс тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай орыс тілінде еркін оқыған, еркін сөйлеген. Сондықтан да оның шығармаларында жеке атауларымен қатар «Впечатлительность сердца», «Подвижной элемент», «Сила притягательная однородная» т.б. мағынасын көп адам түсіне бермейтін тіркестер кездеседі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Калбаева Дариға Курбанбайқызы- орыс тілі пәні мұғалімі



Абай және орыс тілі

Ақын орыс тілін өз бетінше оқып үйреніп, орыс әдебиетінің А. С. ПушкинМ. Ю. ЛермонтовЛ. Н. Толстой, В. Г. Белинский, Н. А. Добролюбов, М. Е. Салтыков-Щедрин, И. А. Крылов т.б. ойшыл - ақындардың шығармаларымен танысып, аударма жасаған. Орыс тілі арқылы әлемге есімдері мәлім ұлы ойшыл-философтар СократПлатонАристотель, Спенсер, Дрэпер, Милль еңбектеріне қол жеткізген. И. В. ГетеДжордж Байрон, А. Мицкевич сияқты ақындар жырларынан сусындаған. Орыс тілінің осындай ұлы өрісін тани білгендіктен де «Интернатта оқып жүр...» атты өлеңінде: «Орыс тілі, жазуын - Білсем деген таласы...» деп жастардың орысша тіл ұстартуға деген жақсы ықыласын көңіліне медеу тұтады. Ал ғақлияларының Жиырма бесінші сөзінде: «Орысша оқу керек, хикметте, мал да, өнер де, ғылым да - бәрі орыста зор», «сен оның тілін білсең, көкірек-көзің ашылатын болады» дейді. Ақын түсінігінде ұлттың тілін үйрену оның ғылымын, өнерін меңгерумен қатар, тең тұрып, айтыса білу, иық тірестіру үшін де қажет. «Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі оныменен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды» дегеніне қарағанда Абай үшін тіл білу - адамгершілік өлшемі. Сондықтан да ол орыс тілін үйреніп алып, арын, адамгершілігін, ұлт мүддесін сатып, Ұлық алдында өтірік күліп, арыз-шағым жазуды кәсіп етіп, оны пайда көзіне айналдырып жургендерді өткір мысқылмен өлтіре сынайды.

Абай шығармаларындағы орыс сөздері

Абай орыс тілінде еркін оқыған, еркін сөйлеген. Сондықтан да оның шығармаларында жеке атауларымен қатар «Впечатлительность сердца», «Подвижной элемент», «Сила притягательная однородная» т.б. мағынасын көп адам түсіне бермейтін тіркестер кездеседі. Ақын шығармаларында небәрі 64 орыс сөзі кездеседі. Бұлардың сыртында орыс тіліне кірме доктор, картеч, электр сияқты латын, грек, поляк тілдерінен енген 7 сөз бар болатын. Ол өлеңдеріне барлық басқа тілдер сияқты орыс сөздерін айтайын деген ойын анықтай, өрнектей түсетін жағдайда ғана пайдаланады. Мысалы: «Көгалды қуып гөлайттап, Қызықпен жүріп жазды алған...», «Я өз бетіңмен тәуекел, Занимайся прямотой...», «Самородный сары алтын, Саудасыз берсең алмайды...», «Единица-жақсысы, Ерген екі бейне нөл...», «Кәтелечке көбейді, сөгіс естіп, тозды ажар...», «Сьез бар десе жүрегім, Орнықпайды суылдап...», «Мақтанамын кісімсіп, оязға сөзім сенімді...» деген жолдардағы орыс тіліндегі сөздерді қазақ тілге аударса, ақын ойы әлдеқайда әлсіз, әрсіз болып шығатын еді. Жалпы Абай шығармаларында кездесетін орыс сөздерін шамамен мынандай топтарға бөлуге болады:

  1. Әкімшілік - билеу атаулары (ояз, старшын, назначение т.б.);

  2. Заң атаулары (адвокат, виноват, закон-прошение, дознание, приговор, уголовный т.б.);

  3. әскери атаулар (штык, мотор, военный, солдат т.б.);

  4. экономикалық атаулар (бакалшік, зауыт, лапке, посредник, расход, счет т.б.);

  5. тұрмыстық атаулар(бөтелке, икра, рюмке, поднос, пияншік, жеребе т.б.);

  6. ағартушылық атаулар (интернат, образование т.б.);

  7. арифметикалық атаулар (единица, нөл, мәліш);

  8. визит, здравомыслящий, подвижной элемент, самородный сияқты жеке сөздер мен сөз тіркестері.[12]







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.12.2021
446
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі