Материалдар / "Абай жолы" роман-эпопеясы көркемдік-эстетикалық құндылығы

"Абай жолы" роман-эпопеясы көркемдік-эстетикалық құндылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
"Абай жолы" роман-эпопеясы көркемдік-эстетикалық құндылығы
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Күні: 25.01.2024ж

Сынып: 11

Бөлім: « Ғасырлық туынды»

Сабақтың тақырыбы

6. М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы (1-кітап) көркемдік эстетикалық құндылығы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

11.2.3.1 - шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдау;

11.1.4.1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолдану.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: «Абай жолы» роман-эпопеясын көркемдік ерекшелігіне талдайды, көркем шығармалардан алған үзінділерді қолданады;

Көпшілігі: шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін анықтап, талдайды, көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолданады;

Кейбір оқушылар: шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып,

автор стиліне баға береді, көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық

жұмыстарда қолдану.

Бағалау

критерийлері

  • шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдайды;

  • көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолданады.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Білімнің өзектілігі

3 минут

Прямоугольник 3

Теңеу


І.Ұйымдастыру кезеңі

(Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, сабаққа дайындығын пысықтау)

ІІ.Қызығушылықты ояту

«Бұрыштар» тәсілі. Оқушыларға үзінділер беріледі. Олар үзіндінің қандай көркемдегіш тәсіл арқылы жасалып тұрғанын айтып, анықтауы тиіс.

Қонақ үйде, дөңгелек үстел үстінде, қызғылт, күңгірт сәулесі бар тас шам жанып тұр. Оқтын-оқтын іргеден соққан жел лебімен әлсіз шам кейде ұйтқып, шалқи түсіп, кейде лапылдап, жалпылдай жанады. …Түсі суық. Қара сұр жүзіне бозғылданып түгі де шығып алыпты. Жалғыз өзі ұзақ сөйлеп отыр. Зор даусында ыза мен зіл бар. Кейде Абайға қызық көрінетін бір мақалдар, мәтелдер айтылып кетеді. Тегінде ертекші, өлеңші, не басқа әңгімеші адамға талай уақыт тапжылмай тесіле қарап қалу Абайдың кішкентай күнінен бергі әдеті еді. Адам пішіні әрдайым бұған бір тамаша, өзгеше қызық сурет тәрізденетін. Әсіресе, әжімі мол үлкендер пішіні бір қызық хикая тәрізді. Ол кей адамның айғыз-айғыз әжімінен, салбыраған ұртынан, қыртыстанған маңдайынан немесе бояуы оңған көздерінен, әр алуан сақал-мұртынан өзінше неше түрлі жанды, жансыз дүние сипаттарын көргендей болатын. Қына басқан, сызаты көп тас па? Я селдір тоғай ма? Не, көде-көкпек пе? Кейде мал мен аң бейнесі ме? Бәріне де ұқсап кетіп отыратын адам мүсіндері болады.

Овал 1




Овал 2 Овал 3 Прямоугольник 1

Эпитет


Прямоугольник 2

Портрет


Прямоугольник 4

Метафора


Сабақтың тақырыбы, мақсаты және бағалау критерийлері таныстырылады.

Оқушылар назары сабаққа аударылады.


Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады.


Оқушылар берілген үзіндінің қандай көркемдегіш тәсіл арқылы жасалып тұрғанын айтып, анықтауы тиіс.











Сабақтың тақырыбы, мақсаты және бағалау критерийлерін анықтайды.

Қалыптастырушы бағалау









ҚБ «Нысана»


11-сынып

«Қазақ әдебиеті» оқулығы


Жаңа материалды игеру


10 минут






5 минут



























12 минут


ІІІ. Мағынаны тану

Жаңа сабақ: «Абай жолы» роман-эпопеясының (2-кітап) көркемдік ерекшелігі.

1-тапсырма. Оқушыларға «Абай жолы» романынан үзінділер таратылады.

Оқушылар жұппен үзінділерді оқып, көркемдегіш құралдардың сипатын анықтайды.

Дескриптор:

  • Үзінділерді талдайды;

  • Көркемдегіш құралдардың сипатын анықтайды.

ҚБ

2 -тапсырма. «Пирамидалық талқылау» арқылы топтар мәтіннің ішінен көркемдегіш құралдарды тауып, мағынасын анықтайды: психологиялық параллелизм, перифраз, гротеск, эллипсис т.б.

«Сенің бойыңнан үш түрлі мін көрем. Соны тыңда: «Ең әуелі арзан мен қымбаттың парқын айырмайсың. Өзіңдегі барыңды арзан ұстайсың… Жайдақсың. Жайдақ суды ит те, құс та жалайды»

«…Қолында құралы бар жалғыз-жарымға ғана пайдасы тиетін шыңыраудағы су болғанша, құралды, құралсыз, кәрі, жасқа түгел пайдасы тиетін жайдақ су болғанды артық санаймын».

«Қияға қадам басқаны рас. Бір күндерде жалаң құздың басындағы тақыр құм мен тастақты жарып, әлсіз нәзік шешек атып, жас шынар пайда болған. Сондай бір гүл шашқан. Енді бұл күнде сол шыңға шыққан жалғыз шынар балғын тартып, жас қуатқа толыпты. Қазір оған қыс пен аяз да, тіпті тау дауылы да қатер болудан қалған-ды»

Дескриптор:

  • үзінділерді жұппен оқиды;

  • көркемдегіш құралдарды тауып, түсінік береді.

ҚБ

3-тапсырма. «Керемет пікірталас»

Барлық оқушылар бірнеше шағын топтарға бірігеді. Әр топтан бір өкіл шығады. «Абай жолы» романының ерекшелігіне қатысты берілген пікірге өз көзқарасын білдіреді. Сол арқылы автордың стиліне шағын талдау жүргізеді.
«М.Әуезовтің «Абайы» – бұл нағыз роман, басқаша айтқанда, өмірдің тұтас қыртыстарын қопарған, тұрмыстың, адамдар арасындағы құштарлықтың, махаббат пен

өшпенділіктің айқын бояулы картиналарын жасаған, ең бастысы – есте қаларлық жарқын образдар арқылы халық тарихының өмірлік процестерін жинақтаған, құлашы кең кітап».

Леонид Соболев

Дескриптор:

  • ұсынылған пікірге өз көзқарасын білдіреді;

  • автор стиліне шағын талдау жүргізеді.

ҚБ

Оқушыларға «Абай жолы» романынан үзінділер таратылады.

Оқушылар жұппен үзінділерді оқып, көркемдегіш құралдардың сипатын анықтайды.


«Пирамидалық талқылау» арқылы топтар мәтіннің ішінен көркемдегіш құралдарды тауып, мағынасын анықтайды: психологиялық параллелизм, перифраз, гротеск, эллипсис т.б.








Барлық оқушылар бірнеше шағын топтарға бірігеді. Әр топтан бір өкіл шығады. «Абай жолы» романының ерекшелігіне қатысты берілген пікірге өз көзқарасын білдіреді. Сол арқылы автордың стиліне шағын талдау жүргізеді.











ҚБ «Нысана»
















ҚБ «Нысана»











ҚБ «Нысана»



М. Әуезов «Абай жолы» романы

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

Мен нені түсінбедім?

(Оқушылар стикерге өздерінің түсінбеген тұстарын, сұрақтарын жазып, мұғалімге қалдырады.)


Сабақ бойынша рефлексия

Сабаққа рефлексия жасау кезінде берілген сұрақтарға жауап беруге тырысыңыз. Сұрақтың құрылымын жабасаңыз болады.

  1. Оқушылардың барлығы оқу мақсатына жетті ме? Жетпесе, неліктен?

  2. Қолданылған дифференциация сабақтың мақсатына жетуге қалай ықпал етті?

  3. Сабақ кезеңдері уақытқа сай жүзеге асты ма?

  4. Сабақ жоспарында қандай ауытқулар болды? Неліктен?

  5. Сабақты жақсартуда не ықпал етер еді (оқыту мен оқу туралы ойланыңыз)?



.










11 Қаңтар 2025
303
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі