Материалдар / Абай жолы салыстыру мәтінін құрастыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абай жолы салыстыру мәтінін құрастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Салыстыру мәтінін жаздыруға болады. Құнанбай мен баласы Абайдың қарым қатынасына байланысты пікірлер.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Тамыз 2024
158
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

А мәтіні

Сенің басыңнан үш түрлі мін көремін. Соны тыңда!

Ең әуелі, арзан мен қымбаттың парқын айырмайсың. Өзіңдегі барыңды арзан ұстайсың. Бұлдай білмейсің. Көп күлкіге, болымсыз ермекке асылыңды шашасың. Жайдақсың! Жайдақ суды ит те, құс та жалайды.

Екінші, дос пен қасты сараптамайсың. Досқа досша, қасқа қасша қырың жоқ. Жұрт бастайтын адам ондай болмайды. Басына ел үйрілмейді.

Үшінші, орысшылсың. Солай қарай ден қойып барасың. Дін, мұсылман жат санайтынын ескермейсің! – деді. 

Бұл сөздердің түкпірін Абай оңай таныды. Жас жігіттің өз жүрегіндегі нәрім мен барым деп жүргендеріне шабуыл жасалып отыр. Әкеге ермей, өз өмірін өзгеше беттетем дегендегі көп сырлары осы арада болатын. Баласының басындағы басқалықты Құнанбай да танып, тауып айтты. Бірақ Абай ендігі өз ішін дүниенің кай күшіне болса да көндірмек емес. Намыскер жүректің ызалы толкыны білінді. Жаңа үйде отырған шақта, пайда болған шабыт, қызу қайта келген еді. Бұл тұста әкесін аяп қала алмайды. Сөйлеп кетті:

Осы үш айтқаныңыздың үшеуіне де дау айтам, әке. Өзімдікі дұрыс деп айтам. Ең әуелі, жайдақ суға теңгердіңіз. Қолында құралы бар жалғыз-жарымға ғана пайдасы тиетін шыңыраудағы су болғанша, құралды, құралсыз, кәрі, жасқа түгел пайдасы тиетін жайдақ су болғанды артық санаймын.

Екінші, ел алатын тәсілді айттыңыз. Ел билейтіндердің мінезін айттыңыз. Менің білуімше, ел бір заманда қой сияқты болған. Бір қора қойды жалғыз қойшы «ай» десе өргізіп, «шайт» десе жусататын болған. Бертін келе, ел түйе сияқты болды. Алдына тас лақтырып «шөк» десең, аңырап барып қана бұрылады. Ал, қазіргі ел бұрынғы көрбалалықтан, нашар, момындықтан сейіліп, көзін ашып келеді. Ендігі ел жылқы сияқты болды. Аяз бен боранда, жауын-шашында топ не көрсе, соны көруге шыдаған, жанын аямаған, қар төсеніп, мұз жастанған, етегін төсек, жеңін жастық қылған бақташы ғана баға алады... Жанашыры бар, жақсылық пайдасы бар ғана кісі бағады...

Үшінші, орысты айттыңыз. Халық үшін де, өзім үшін де дүниенің ең асылы – білім-өнер. Сол өнер орыста. Мен барлық тірліктен ала алмаған асылды содан алатын болсам, ондай жер жатым бола ма? Жатырқап, қашықтауым надандық болса болар, бірақ қасиет болмас...– деді. 


«Абай жолы. I том» романынан үзінді










Ә мәтіні


Әке мен баланың арақатынасы мәңгілік мәселе. Мұхтар Омарханұлы Әуезов «Абай жолы» романында қос дара тұлға – Құнанбай мен Абайдың қарым-қатынасын шырқау биікке, шын мәнінде әлемдік деңгейге көтерді.

Әке мен баланың арасындағы диалог әйгілі романды оқығандарға жақсы таныс болуы керек. Мұхтар Әуезов: «Менің романымда айрықша көңіл бөлгенім – әке мен баланың арақатынасы еді» деген екен. Автор өз шығармасында түрлі мәселелерді қозғап қана қоймай, тарих қойнауында жатқан оқиғаларды көрсетіп, даналығы мен даралығы қалған тұлғалардың бет-бейнесі мен тұшымды ойларын ашып баяндады.

Ел жадында сақталғаны – Құнанбайдың жас жігіт Абайға үлкен сенім арта отырып, «ата салтынан адаспа, балам» дегені. Сол сияқты Абайға таққан мына үш түрлі міні мынау: «Ең әуелі – сен жұрттың бәрімен күліп сөйлейсің. Жайдақ су сияқтысың, жайдақ суды ит те, құс та жалайды, кісілерге қадірі болмайды. Екінші, кім көрінгенге жақын боласың, кісі талғамайсың. Желбегей жүрген кісінің қасына ел үйірілмейді. Елді алатын қылық ол емес. Үшінші, орысшылсың, орыстың дұшпандығын ұмытасың» - дегенніне, Абайдың жауабы: «Қолында құралы бар бірен-саранға тиетін шыңыраудағы судан да, қойшы-қолаңшы, жалшы, жақыбайдың күллісі бірдей мейірін қандыратын жайдақ су артық деп білемін… Орысшылсың дегенге: «Заман орыстікі, ол жеңген, біз жеңілген елміз. Ендігі күнде алысатын дұшпанның айласы мен әдісін білу керек. Мен орыстың өзін сүймесем де, өнері мен ебінен үлгі аламын» депті (М.Әуезов. Абайдың туысы мен өмірі).

Осы жайында Т.Жұртпай өз еңбектерінде көрсетеді: «Әке мен баланың қайшылығы әлемдік мәселе. «Абай жолы» да оның шешімін бермейді, гәп - мәселенің көтерілу деңгейінде. Жеке адам мен қоғамды шендестіре, тең дәрежеде образдық тұтастықта бейнелейді. Менімше, бұл пайым да аздық етеді, әке мен баланың қатынасы аясына Мұхаң ескіні жаңа қоғамның алмастыруы сияқты зор тақырыпты сыйғызған. Бұл кемеңгерліктің белгісі, әрине» ("Абай" романының тарихи және көркем уақыты мен басты кейiпкерi Құнанбай туралы).

Автордың айтуында да Құнанбай тұлғасы идеялық жағынан алып қарағанда, сол дәуірде қазақ даласына енді-енді еніп келе жатқан жаңаның жолындағы кедергіні – ескіні көрсету нәтижесінде туған. Ал, Абай бейнесін жаңа өмір, жаңа талпыныс деп алып, әз жасаған істерін оңынан көрсеткен. Шығарма бойында Абай өзінің халқына зор сүйіспеншілікпен қарайды, заңсыздық пен қылмыс арқылы бейбітшілікке қол жеткізуді қалайды, оған көптеген қатал заңдар ұнамайды.

Қазақ халқының әдебиетінде Абай салған жол ерекше. Ұлы Абай өз дәуірінің сөзін айтып, қараңғыда қамыққан, жабырқау көңілдің езілген халқының мұңын шақты. Әділдік үшін әділетсіздікпен күресті, жаңашылдықты орнату үшін ескімен күресті, талай қараңғының бойына сәуле шашты.

https://massaget.kz/mangilik_el/tup_tamyir/asyil_soz/42196/

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!