400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Абай жолының" «Қайтқанда», «Шытырманда», «Өрде» тараулары бойынша тест тапсырмалары. 11-

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалда «Қайтқанда», «Шытырманда», «Өрде» тараулары бойынша тест тапсырмалары және мәтінмен жұмыс (оқу сауаттылығына арналған тапсырмалар) берілген
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қайтқанда», «Шытырманда», «Өрде» тараулары бойынша тест тапсырмалары

1. «Қайтқанда» тарауында Абай қайдан қайтадаы

А. Оқудан ауылға

В. Ауылдан оқуға

С. Қонақтан Құнанбай ауылына

2. «Қодар мен Қамқа оқиғасы » қай тарауда берілген?

А. «Шытырманда»,

В. «Қайтқанда»

С. «Өрде»

3. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой: Байтас баланы қуып жетіп: "Енді асықпа, ... ұры жатады" - дейді «»

А. Есенбайдың жырасында

В. Есенбайдың қорығында

С. Есенбай сайында

4. «Қодар сұмның қылығы» дегенді естігенде Абай көз алдына қандай жырды елестетеді?

А. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»

В. «Еділ-Жайық»

С. «Қалқаман-Мамыр»

5. Қодар мен Қамқа туралы өсек таратқан кім?

А. Жампейіс

В. Жанпейіс

С. Жансейіт

6. Қамқа мен Қодар өлімі қай жерде болды?

А. Қызылшоқы

В. Шыңғыстау

С. Қарашоқы

7. Кімнің сөзі: «Әлі жаны шыққан жоқ. Енді анау кәпірден өз жанымызды ақтап, аулақ әкету үшін қырық рудың қырық кісісі кесек атсын»

А. Қодардың жақын туысы Жексен

В. Абайдың әкесі Құнанбай

С. Құнанбайдың ісі Майбасар

8. Жеңгелері Абайды қалай атайды?

А. Қоңыр қозым

В. Телғара

С. Абайжан

9. Абай «осы аралықта Асан қайғы, Бұқар жырау, Марқабай мен Жанақ, Шортанбай, Шөже, Сыбанбай, Алпыс ақындардың жырларына молығады». Қай аралық айтылып тұр?

А. Абайдың оқудан қайтқан кезі

В. Абайдың оқу оқып жүрген кезі

С. Байкөкше мен Барлас ақынның бәр ай қонақ болуы

10. Шығармадағы Барлас ақын кімнің прототипі?

А. Біржан сал

В. Дулат ақын

С. Мұхтардың атасы Әуез

11. «Шытырманда» тарауында «Абай Қарқаралыдан келгелі ауыл араламады» делінеді. Абай Қарқаралыға не үшін барды?

А. Оқуға

В. Құнанбайдың жұмыстарымен

С. Оқуын жалғастыру үшін

12. Құнанбай Абайды жер мәселесі бойынша бірінші кім ауылына жібереді?

А. Сүйіндік

В. Құлыншақ

С. Байдалы

13. «Кәмшаттың тағдыры» қай тарауда беріледі?

А. «Қайтқанда»

В. «Шытырманда»

С. «Өрде»

14. « Құнанбай бұл іске қатты ренжіді». Қай іске ренжіді?

А. Бөжейдің Құнанбай атына арыз жазуы

В. Кәмшаттың өлімін естіртпеуі

С. Бөжейдің жаназасына хабар айтпауы

15. Қарқаралыдан келген соң Абай қандай тілдегі кітаптарды оқыды?

А. араб, парсы тілінде

В. Орыс, қазақ тілінде

С. Араб, орыс тілінде

16. Абайдың алғашқы азаматтық тұлғасы қай тарауда көрінеді?

А. «Шытырманда»,

В. «Қайтқанда»

С. «Өрде»

17. Ділда кім?

А. Абайдың қарындасы

В. Ұлжанның сіңлісі

С. Атастырған жары

18. «Абайдың аса ірі жауапкершілікпен атқарған еңбегі бүкіл Шыңғыс түгіл, ел сыртына да таралып үлгереді». Қандай іс туралы айтылып тұр?

А. Абай Қарқаралыға жүріп, Ділдәні алып келеді.

В. Бөжейдін асын беруге ат салысады

С. Тоғжан мен Абайдың кездесуі

19. Абайдың ғашығы Тоғжан кімнің қызы

А. Сүйіндіктің

В. Құлыншақтың

С. Байдалының

20. «Қайтқанда», «Шытырманда», «Өрде» тарауларында кездесетін кейіпкерлерді көрсетіңіз

А. Абай, Базаралы, Әйгерім

В. Абай, Ербол, Жиренше

С. Абай, Құнанбай, Мағауия







Оқу сауаттылығы

Алдыңғылар Қодарды түсіріп жатыр екен. Бұ да кеп Қамқаны сүйемелдей ұстап тұрып, өзі бұрын түсіп, артынан келіншекті түсірді. Қамқа түскен жоқ. Былқ етіп құлап жығылды да, талған бойында жерде сұлқ жатып қалды. Қодардың алдында жүз қаралы жиын тұр. Ортасында: Құнанбай, Бөжей. Байсал, Қаратай, Сүйіндік, Майбасар - бәрі бар. Алдағы осылар да, артынан ентелеп тұрған ақсақал, қарасақал. Әр рудың, көп рудың адамдары. Ылғи атқамінері ғана. Ішінде жұпыны киімді біреу жоқ

Қодар сәлем бермеді, өзі таңулы. Ішінде удай қайнаған ыза мен ашу бар. Жиын ортасында, жалғыз көзі бұған оқтай қадалып тұрған Құнанбай ды танып, соған қарап түйіліп, қатты ақырып:

 – Уәй, Құнанбай, мені құдайдың жылатқаны аз ба еді? Бұ не қырсығың?.. -дей бергенде Майбасар бастаған әулекі жуандар

 – Тарт тіліңді!

 – Қысқарт

 – Жап аузыңды! -деп арс-арс етті. Құнанбайға жаңағы Қодарша зекіп сөйлеген қарсылық сөздерді олар естіген емес.

Қодар аз үндемей тұрып, аналар басыла бергенде:

 – Ел-жұртқа масқара етіп, қор етіп, анау соқыр көзіңнің құнын менен алайын деп пе едің! - дегенде Құнанбай:

 – Шығартпа үнін! Жоғалт көзін! - деді. Майбасар да ілесе:

 – Өй, қуарған көктөбет! - деп, қамшы үйіріп кеп қап еді

Қодар саспастан тұрып, қарсы ақырды.

 – Иә, мен көк ит болсам, сендер көп итсің! Жабыларсың, таларсың да жерсің! - дегенде, Қамысбай мен бағанағы төрт жігіт Қодарды сүйрей жөнелді.

Сүйретіле бара жатып, Қодар зор дауыспен барынша шырқап:

 – Ақ, қарамды тексермедің бе, өңшең қан жұтқан, қара бет?! - деп, қанталаған көзімен Құнанбайға бұрылып, атып жібергендей қарады.

Бірақ, осы кезде мойнына шылбыр түсіп қалып еді. Төрт жігіт жетектеп жылдам тартып, анадай жатқан қара атанның оң жағына апарды. Басына қап сияқты бірдеңені жаба салды. Бес-алты кісі тапжылтпай, түйенің қабырғасына басып, жығып ұстап тұрды. Қодар тағы лағнат айтып айғайлай беріп еді, сыртынан бір қатты күш тарпып, серпіп жібергендей болды. Тұрып бара жатқан түйенің қабырғасы қаққан екен. Осыдан әрі мойнынан «лық» етіп, темірдей қысып, жанын суырып әкетіп бара жатқан таудай ауыр күш басты. Жалған жапырылып, үстіне кеп құлады... Көзінің оты жарқ етті де, сөніп бара жатты.

21.Қамқа неге атынан түспеді?

А. Аттан түспей өліп кетті

В. Талып қалды

С. Аттан түсуге шамасы келмеді

22. Құнанбай айналасындағы адамдар неге Қодардың аузын жапты?

А. Қодардың Құнанбайға зекіп сөйлегені ұнамады

В. Қодардың Қамқаға араша түсуі ұнамады

С. Шындықты айтқанын қаламады

23. Қодар мен Қамқаны өлтіруге келгендердің ішінде кімдер бар?

А. Кедейлер мен бай-билер

В. Тек кедейлер

С. Бай-билер

24. «Уәй, Құнанбай, мені құдайдың жылатқаны аз ба еді?» деген Қодар сөзінің мәні

А. Қамқадан айырылды

В. Жалғыз ұлынан айырды

С. Жерінен айрылды

25. Берілген үзіндіде қандай көркемдегіш құрал бар: «Осыдан әрі мойнынан «лық» етіп, темірдей қысып, жанын суырып әкетіп бара жатқан таудай ауыр күш басты».

А. Литота, теңеу

В. Теңеу, эпитет

С. Метафора, литота

26. Қодардың Құнанбай мен оның қасындағыларға деген өшпенділігін көрсететін сөз оралымдарын астын сызып көрсетіңіз.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
20 ұстаз жүктеп алған
04.03.2024
1536
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12