Материалдар / "Абай жолы"роман- эпопеясы

"Абай жолы"роман- эпопеясы

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары оқу мақсатына негізделіп жасалған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қаңтар 2025
75
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Бөлім: «Адамгершілік-асыл қасиет»

Мектеп: Пәні: қазақ әдебиеті

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып: 5

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының кейіпкерлер әлемі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

11.1.3.1 - көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету;

11.2.1.1 - әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындау.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының кейіпкерлеріне талдау жасау, әдеби шығарманың мазмұнын білу;

Көпшілігі: Романдағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау, жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін анықтау;

Кейбір оқушылар: көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету, әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындау.

Бағалау критерийі

  • көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтайды, даралайды;

  • кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын айқындайды;

  • әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жинақтау, бағалау.

Құндылықтарға баулу

Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы (6-құндылық)

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып, бағалайды.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: кейіпкер,образ.

Талқылауға арналған сұрақтар:



Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, әдебиет теориясы

Алдыңғы білім

«Менің атым – Қожа» хикаяты

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



3 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру: Тренинг. «Жүректен- жүрекке» әдісімен оқушылар бір-біріне жүрекше шарлармен тілек айту арқылы сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту. Мәтінді оқып, айтылған ойға байланысты өз пікіріңді білдір.

«Абай – қазақ әдебиетінің классигі»… Абай «тіл ұстартып, өнер шашпақ» болады. Басы артық бір сөз де өлең ішінде тұрмауын, өлеңге «теп-тегіс жұмыр келсін айналасы» деген шарттарды қояды. Осындай қатаң шарт, ауыр сынның арқасында Абай сөздері Ілияс (Жансүгіров) айтқандай «қиюынан

қыл өтпейтін» нығыз болып, мағынаға малынып келеді. Сондықтан оны ағызып оқып, сыдыртып өте шықсаң, ішкі мәніне жетпей қаламын деп кідіріп, салмақтап, ақынның кестелеген айшықтары, қошқар мүйіздерімен оралып өтуге тура келеді. Абай айтар сөзінің бәрін айтып, орнын тақырлап кетпейді, оқушыға да шығарғыштық сыбаға қалдырып кетеді.

Құдайберген Жұбанов.

1934 ж.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.


Оқушылар назарын сабаққа аудару. Оқушылар жағымды ахуал қалыптастырады.








Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.

Қалыптастырушы бағалау




ҚБ


11-сынып

Қазақ әдебиеті оқулығы



Сабақтың ортасы






















10 минут











10 минут


Мағынаны тану. 1-тапсырма. «5 қадам» әдісі.

Оқушылар тақтаға жазылған басты кейіпкерлердің атына байланысты 5 іс-әрекет, 5 қасиет атап шығу қажет.

Абай

Құнанбай

Зере

Ұлжан

Дескриптор:

  • -кейіпкерлердің 5 іс-әрекетін анықтайды;

  • -5 қасиет атап шығады;

  • -нақты дәлелдер келтіреді.

ҚБ. Бағалау. «Жұлдызша»


Тапсырма. 2-тапсырма. «1 тезис,3 дәлел» әдісі. Кейіпкерлердің бойындағы қасиеттері мен әрекеттеріне талдау жасаңдар.Неліктен?

1 тезис

1-дәлел

2-дәлел

3-дәлел

















Дескриптор:

  • суреттеулерді табады;

  • шығармадан кейіпкердің 1 әрекетіне 3 түрлі талдау жасап, кестеге орналастырады;

  • Дәлелді пікір жазады.

ҚБ

Тапсырма. 3-тапсырма.Жеке жұмыс «Сиқырлы қаламсап» әдісі. Шығарма кейіпкерлерінің бірін таңдап,кесте арқылы кейіпкердің шығармадағы әрекеттерін жазып,ол әрекеттердің қазіргі өмірде көрініс табуын өз сөздеріңмен баяндаңдар.

Шығармада...

Қазір...





Дескриптор:

  • таңдалған әрекеттердің қазіргі өмірдегі көрінісіне дәлел келтіреді.

ҚБ

Бекіту. «Интервью» әдісімен шығарма мазмұны бойынша оқушыларға сұрақтар қойылып, сұхбат алынады.

І. Атаның ұлы емес, адамның ұлымын (Абай бейнесі)

  • Абай неге халық жағына шықты?

Жауап:

Абай оқудан келгеннен кейін Құнанбайдың қасында жүріп, ел есіне араласа бастайды. Ел ішінде болып жатқан зомбылықты, қараңғылықты, теңсіздікті өз көзімен көреді. Әрі сол қарапайым халық ішінен өзіне дос таба біледі. Жуан бел надан, содыр ру басшыларынан бөліне кеткен бетінде, біреуден халықты, халықтың мұңын таба білді. Сол халықтың жоғын берер жаңалығын іздеді. Оған: «Әкесінің баласы-адамның дұшпаны, адамның баласы-бауырың» деген ойы дәлел. «Алда өмір, тартыс.Сол тартыста бұл жалғыз. Қуаты –ақылдық, үміті-халық. Өмірдің беліне шығыпты. Сол өткен жолында жоғалтқаны көп пе, тапқаны көп пе? Рас, жоғалтқанының көбіне өкінбейді.

Жақында әке-Құнанбай кетті жат болып. Туысқаннан-Тәкежан... Тәкежандар кетті жауығып. Келер, кете берсін.Бірақ халық қалса, халыққа жалынды

ІІ. ... Қарашығым қоңыр қозым... (Абайдың сүйікті аналары – Зере, Ұлжан)

Романға үңілсек, біздің көз алдымыздан біріне-бірі ұқсамайтын, бірін-бірі қайталамайтын әрқайсысы өз қалпымен, кескін-келбетімен, ерекше ішкі сырымен соны, тың туынды болып көрінетін, көптеген әйелдер бейнесі бар.

  • «Ел анасы » атанған Зере баласы Құнанбай алдында неге әлсіз?

Жауап:

1.Зере Құнанбай алдында ешқандай да әлсіздік көрсетпейді. Қайта оны ықтырып отырады. Мысалмен дәлелдесек:

-Қорқытпа келіндерімді!... О, несі?-деп қатты зекіп қап. Ілгері жылжып кеп екі қолымен жер тіреп отырып, баласының жүзіне суық қарайды. Құнанбай шешесінің ажарын сезді де, жуаси түсті. Заман басқа, әйел сөйлеп, әйел ел басқаратын, билік айтатын заман емес еді. Әдет-ғұрып, ескі салттың заманы болатын. Ол сол феодалдық замандағы әйелдер теңсіздігі тудырған әлсіздік, замана әлсіздігі. Туған анасы туған баласына үкім айта алмайды. Себебі: әйел қоғамдық іске араласпауы керек. Өйткені ол қандай ақылды болса да «төмен етекті», отбасының ғана адамы.

ІІІ. Ұлжан бақытты әйел ме? (оқушылар жауабы тыңдалады).











Кейіпкерлердің бойындағы қасиеттері мен әрекеттеріне талдау жасайды.


























Шығарма кейіпкерлерінің бірін таңдап,кесте арқылы кейіпкердің шығармадағы әрекеттерін жазып,ол әрекеттердің қазіргі өмірде көрініс табуын өз сөздеріңмен баяндаңдар.







Интервью» әдісімен шығарма мазмұны бойынша оқушыларға сұрақтар қойылып, сұхбат алынады.








«Жұлдызша»





























Смайликтер















«Жұлдызша»

































ҚБ «Одағайлар» әдісі

Оооооо! – тамаша жауап;

Оййййй! – төмен жауап

11-сынып

Қазақ әдебиеті оқулығы


Оқулықпен жұмыс



А3 парағы,оқулық, маркер



стикер

Сабақтың соңы


2 минут

Кері байланыс

Бүгінгі тақырып бойынша қандай ой түйдім?


Үй жұмысы

Эссені аяқтау


Сабақта саралау тапсырмалары болды ма? Қалайша қолдау көрсете аламын? Қабілетті оқушыларды оқытуда алдыма қандай міндеттер қоямын?

Оқушылардың материалды қаншалықты игергенін қалай бағалаймын?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын сақтау






Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ/ оқыту мақсаттары шыншыл ма?

Барлық оқушылар ОМ жетті ме?

Егер жоқ болса, неге?

Сабақтағы саралау дұрыс өтті ме?

Сабақтағы кезеңдер сақталды ма? Жоспардан тыс не жасалды? Неге?








Жалпы бағалау

Қандай екі аспект жақсы өтті? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз)

1:


2:


Сабақты жақсартуға не себеп болатын еді? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз)

1:


2:


Сабақ барысында сыныптың жетістігі туралы не ойладым/ жеке оқушылардың қиындығы, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?






















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!