Материалдар / АБАЙ МҰРАСЫ – БҮКІЛ АДАМЗАТ БАЛАСЫНЫҢ РУХАНИ АЗЫҒЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

АБАЙ МҰРАСЫ – БҮКІЛ АДАМЗАТ БАЛАСЫНЫҢ РУХАНИ АЗЫҒЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай -дана халқымыздың даналығын, ақыл-парасатын талай ғасыр тебірене толғатып,өмірге халықтың данышпандығын көрсете білген бірегей тұлға.Ол біртуар ақиық ақын ғана емес,әрбір сөзі даналықтың үлгісіндей болған ұлы ақын, ойшыл-философ ғалым,жақсылыққа жол сілтеуші ұлы қайраткер, кемел ойлы жазушы,терең білімді тарихшы,әуез әлеміне жаңалық енгізген сазгер,даланың құқықтық қағидасын қалыптастырған заңгер,адалдықты, шындықты ту етіп көтерген, халық қамын жеген қайраткер,яғни бітімі ерекше тұлға.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысы

Ордабасы ауданы

Темірлан елді мекені

«Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп -гимназия»

11 «А» сынып оқушысы Али- Асқар Жібек

Жетекшісі: Нұрлыбаева Гүлшаhар Байболатқызы



АБАЙ МҰРАСЫ – БҮКІЛ АДАМЗАТ БАЛАСЫНЫҢ

РУХАНИ АЗЫҒЫ



Аңдатпа. Мақалада қазақ халқының дара тұлғасы, дана тумасы Ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың құдіретті талантынан туған таңғажайып шығармалары туралы баяндалады.

Аннотация. В статье рассказывается об удивительных, выдающихся произведениях великого поэта-мыслителя Абая Кунанбаева.

Abstract. The article tells about the amazing works of the great poet-thinker AbayKunanbayev, outstanding personalities of the Kazakh people, a wise native..

Түйінсөздер: ойшыл-философ ғалым, қазақ халқының ұлттық мақтанышы.

Ключевые слова: мыслитель-ученый-философ, национальная гордость казахского народа

Key words: thinker-scientist-philosopher, national pride of the Kazakh people.


Біреулерге болғанымен айдала,

Басын иіп тәу етеді бар дана.

Ұлы Абайды дүниеге әкелген,

Құдіретіңнен айналайын сар дала!

Қазақ халқының дара тұлғасы, дана тумасы Ұлы ақынымыз Абай Құнанбаев биылғы жылы 178 жасқа толып отыр. Қазақ халқын Абайсыз,Абайды қазақсыз көз алдымызға келтірудің өзі қиын.Себебі Ұлы ақынымызқалың жұртты жақсылыққа үйретіп,жамандықтан жиренткен дана халқының кемеңгер ақын-шешені, кең толғар дана көсемі.

Оның құдіретті талантынан туған таңғажайып шығармалары бүгінгі жастардың саяз тартып, сарқылуды білмес,жан азығының мөлдір қайнары,сөнбес шырағы.Абайдыңдана,ақыл сөздері қара домалақ қазақ баласының табиғатына ананың сүтімен бірге дарып, бірі санасын,бірі сезімін өсіретін қасиетті кәусар бұлағы. Қаншама ұрпақ алмасқан небір қилы заман өтсе де, ақынның тұңғиығы терең шығармалары жақсылыққа жол сілтеуші көсем сөзіндей биік қамалдарды алуға шақырады.

Абай -дана халқымыздың даналығын, ақыл-парасатын талай ғасыр тебірене толғатып,өмірге халықтың данышпандығын көрсете білген бірегей тұлға.Ол біртуар ақиық ақын ғана емес,әрбір сөзі даналықтың үлгісіндей болған ұлы ақын, ойшыл-философ ғалым,жақсылыққа жол сілтеуші ұлы қайраткер, кемел ойлы жазушы,терең білімді тарихшы,әуез әлеміне жаңалық енгізген сазгер,даланың құқықтық қағидасын қалыптастырған заңгер,адалдықты, шындықты ту етіп көтерген, халық қамын жеген қайраткер,яғни бітімі ерекше тұлға. «Мыңмен жалғыз алысып,соқтықпалы соқпақсыз жерде өскен» ақынның қанау мен тонаудың тұзағына ілініп, қорлық пен зорлықтан, көзі қараңғылық пен білімсіздіктен запы шеккен қайран жұртын құтқарудың жолын іздеп, еліміздің жарқын болашағын көксеп, көкірегі қарс айырылып күйзеліске ұшырайды, терең толғанады.Ақын тығырықтан құтқарар күштің халықтың өз сана-сезімі, күш-қайраты, болашаққа талпынысы екенін біліп,бірлікке,тыңбай тірлікке ұдайы үндеді.Қорлық пен зорлықтан шығудың бір ғана жолы – отарлыққа ұшырап, бытырап отырған қалың қазақтың сауаттылығын көтеру, өнер-білімін, кәсібін меңгерту деп ұқты. Ол елді адал еңбекке, оқу-білімге үндеген ақыл кеңесі қазіргі кезде де тереңдігін жоғалтпады.

Ұлы ақынымыз Абай қазақтың қазіргі ұлттық әдебиетінің ірге тасын қалаған классик.Ақын қазақ жырын жаңа мазмұнмен байытты. Оның шығармаларынан қашан да өмір шындығын тура көріп,таза ақиқатты ашып отырғанын байқаймыз.

Абай өзінің керемет дарынымен, алдын болжаған ойшылдығымен өлеңдері арқылы өмір сүрген ортасының жоғын жоқтасын, жастардың жастық кезін суреттесін, табиғаттың таңғажайып кейпіне үңілсін, елінің болашағы мен қазіргісіне тоқталсын, қоғам мен адам арасындағы қатынасты ойласын, соның барлығында ақынның көрегендігін, сезім тереңдігін танимыз.

Ол жақсылыққа жол сілтеуші ұлы қайраткер, адалдықты, шындықты ту етіп көтерген нағыз халық қамқоршысы бола білген, оқу-білім арқылы өмірге оң өзгерістер енгізуге ден қойған дауылпаз ақын.

Ақын елінің қамын күңірене толғап, күні-түні жырға қосып күңіренуді азаматтық борышым деп білді. Қалың сахара елі үшін Абайдың көкірегі шерге толып, елін, жерін сүйген азаматтарды оқу-білімге шақырудан тайсалмаған күрескер ақын. Абай – қазақ халқының ұлттық мақтанышы,абыройы және намысы. Өйткені қазақ халқының санасын оятқан және оны қалыптастыруға зор үлес қосқан адам – Абай.

Кең байтақ жерде өсіп өнген дана халқымыздың көрегендігін, бүкіл көшпенділер дүниетанымын, рухани парасатын, болмысын әлемге таныту арқылы қазақ халқының санасының өсіп, дамуына бірден-бір үлес қосқан дара тұлға Абай болған.

Абай қазақ жырында жаңаша серпін енгізген, реформатор, жаңашыл ақын. Ол жеті және он бір буынды өлең жолдарын толыстырып, көркемдігін байытқан, үлкен жаңа түр тапты.

Міржақып Дулатұлы Абайдың қазақ халқы тарихындағы мәртебелі орнын басқа елдер әдебиетімен сабақтастықта алып қарап, дәл тауып, дұрыс бағалап, келешек заманда ұлы ақынның атақ-абыройы, мерей-даңқы өсіп, жаңа буынмен  емірене табысатынын ерекше әулиелікпен көре білген. 

Абай – қазақ халқының рухани әлемі. Кемеңгер дана, ойшыл Абайдың мұрасы – болашақ ұрпаққа жетер асыл қазына. Қанша заман ауысса да, неше ұрпақ жаңғырса да ұлы ақынның еңбегі күннен-күнге жаңа қырынан ашылып, тылсым тереңі зерттелуде. Дана халқымыз Абайдың жыры арқылы төрткүл дүниеге танымал болды.

Көреген Абайдың мақсат-мұраты-адамды адамгершілік,кісілік сипатынан дамыту арқылы қоғамды жетілдіру,қазақ елін дамыған мәдениетті елдер қатарына қосу еді.Оның өлеңдері мен қара сөзіндегі дүниетанымдылық,философиялық,қоғамдық көзқарастары педагогикалық,психологиялық ой пікірлері осының дәлелі.Бала нәзік жүрегінде адамгершілік,адамдық пен имандық ұстанымдарын қозғап,Абай: «Кімде кімнің әділеті жоқ болса,оның ұяты жоқ, ұяты жоқтың иманы жоқ» - дейді. Адам болам деген кісіге қажет бес дұшпан мен бес досты айыра білуді міндет етіп қояды. Абай қазақ халқының көзін ашып, көкірегін оятумен болады, таңғажайып шығармалар жазады. Осыдан біз ақын өмірінің өшпесөнеге екенін білеміз. Абайөз халқының ауыз әдебиетінен көп үйренген ақын. Өзі өмір сүрген заманындағы ойшыл адам ретінде, Абай поэзиясының идеясын биіктетіп, сезімін тереңдете түсті.Ақын - халықтың көш бастаушысы, көрегені, қамқоры, ақылгөйі, мақтанышы. Қазақтың жаңа мәдениетінің негізін салушы, қазақтың поэзиясының заңғар шыңы – Абай даңқы мәңгі өшпейді.

Абай – туындылары адамзаттың тұтасқан бір ғажайып әлемі. Абай мұраларын парасатты оймен және зерделі санамен оқып– үйрену әр қазақтың қасиетті парызы.






Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1. Байтұрсынұлы А. Әдебиеттанытқыш. 5 томдық шығармалар жинағы, т.1-Алматы: Алаш, 2003.

2. А.Құнанбаев ''Шығармалар жинағы'' А.1991ж.

3. Абай энциклопедиясы. А 1996 ж. Б (79-93-195 )

4. Абай дүниетанымы мен философиясы. А. 1996 ж

5. Абай жәнерухани - имандылықтәрбие- Алматы: Білім

Б (6-43 )

6. Абай тағылымы Алматы: Эверо, 1997 Б (43-45)

7. Абай имандылық тәрбиесі туралы. Алматы: Дарын, 1998 Б























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!