Абай мұрасы тақырыбындағы эссе. Абай атамыздың асыл мұрасы туралы мәлімет береді

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Абай мұрасы тақырыбындағы эссе. Абай атамыздың асыл мұрасы туралы мәлімет береді

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бастауыш сынып және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне, ұйымдастырушы-тәлісгерлерге қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

«АБАЙ МҰРАСЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ҚАСИЕТТІ ҚАЗЫНАСЫ»

/эссе/

Абай әлемі, Абай мұрасы қазаққа, қала берді, күллі адам баласы үшін қасиетті қазына! Қазған сайын қымбат асылы менен лағылы, алтыны мен күмісі, гауһары мен жақұты жарқырып шыға береді, шыға береді. Тек айтпақ ойы мен әр сөзінің астарын анық ұға алатындай ынталы жүрек пен таза ақыл керек! Абай қазынасының бергі бетіне үңіліп, тереңіне бойлай алмасақ, қазынаны қайтіп таппақпыз?!

Ұлы Абай мұрасы сан алуан тақырыпты қамтыған ауқымы кең бір әлем. Мен өз басым сол шексіз рухани әлемді «аралап жүріп» талай құнды қазына таптым. Дана Абайдың өлең-сөздері менің өмір философиясы, адамдар арасындағы қарым-қатынас, мінез машықтары, ұстанымдар сынды санама түйген ойларымның дұрыс қалыптасуына тікелей әсер етті. Менен біреу: «Өмірде жол сілтеушің, үлгі аларың кім?» - деп сұраса, мен ойланбастан «Абай» - дер едім. Себебі Абайдың рухани мұрасының өзегі тереңде. Ол үш бірдей тұнық рухани тұмадан сусындаған сәйгүлік. Оның біріншісі, қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа жеткен ауыз әдебиеті мұрасы, ақыл-нақыл сөздері мен жыр-дастан, әдет-ғұрып, салт-санасы. Ал, екіншісі, шығыстың шайырлары мен данышпандарынан, үшіншісі, еуропа мен орыс ойшылдарынан оқыған, тоқығаны. Осынау үш бірдей «өзеннен» телі емген тұлпар осал бола ма?! Жер-жаһанды шығыс пен батыс десек, Абай сол екеуінен де нәр алды.

... Сен де — бір кірпіш, дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан! ...

қарап тұрсаңыз, осынау екі-ақ жол өлең үзіндісі адамның өмір сүру мақсатын айқындап береді. Мына жарық дүниеге келген әрбір адамның өмірге келу мақсаты, орны, атқаратын қызметі, миссиясы бар. Әр адам өзінің қолынан келетін, икемді ісімен айналысып, айналасына, адамдарға, тым құрығанда, өзіне пайда келтірсін дегені. Өмірді бостан-босқа өткізбе, талаптан, талпын, өз орныңды тап дегені ғой. Адам баласының өмірлік миссиясын екі ауыз сөзбен жеткізе салған Абайдан асып туған ақын жоқ-ау, сірә?!

«Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға» -

Қандай бір іске кез келсең де асықпа, анықта дейді ұлы ойшыл. «Тоғыз рет өлшеп, бір рет кес» демекші, әр қырынан, әр тараптан бағамда, байқа. Ертең өз қателігің үшін опық жеп, өкініп қалма дегені емес пе?! Қарап тұрсақ, соңы сәтсіз аяқталған істің бәрінің басты себебі асығу мен терең ойланбаудан болған.

Абай ақын бір сөзінде «...Ішім өлген, сыртым сау...» дейді. Бұл да адамның жан дүниесінде жиі орын алатын «құбылыс». Менің де ішім сан рет «өлген». Кей адамның сыртынан қарасаңыз, құдды мына дүниеде одан асқан бақытты жан жоқ шығар деп қаласыз. Ал онымен сырлассаң, бір басына жетерлік қайғысы барын білесің.

Адамдар арасында «достық» атты қасиетті ұғым бар. Оны әркім өзінше пайымдайды. Адал дос бар, амал дос бар. Абай бір өлеңінде:

«...Бүгінгі дос - ертең жау,
Мен не қылдым, япырмау?!...» - десе, енді бірінде:

«... Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да,
Алдамаған кім қалды тірі жанда?
Алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім,
Жалғыз-жарым болмаса анда-санда...», - деп ой түйіндейді. Тағы бір сөзінде: «Жаман дос - көлеңке: басыңды күн шалса - қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт алса - іздеп таба алмайсың» - дейді.  Шын мәнінде де адал дос боларлық, керек десе, жанқиярлық дос бар ма бүгінде?! Бар болса бар шығар, бірақ тым аз-ау! Біреулер заман бұзылды десе, бәзбіреулер адам бұзылды деді. Пенденің көбісі қара бастың қамын күйіттеп, күйбең тірліктің қамын ойлап жүргенде «достық» атты қасиетті ұғым бір шетте қалып қойған сияқты.

Данышпан Абай өзінің он сегізінші қарасөзінде адам баласының бір-бірінен артық-кемдігі жайында сөз қозғай келе, былай деп ой қорытады:

«... Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақтық.» Осынау құнды сөздерден қалайша бүкіл ғұмырыңа жетерлік азық алмайсың?! Астындағы қымбат көлігін, дүние байлығын «артықшылыққа» санап жүрген «ақымақтарға» Абай атамның осы бір қарасөзін оқытса ғой деп ойлайсың. Ақылым асып, білімім тасып тұрса, ар-ұятымды сақтасам, мінезім жібектей жұмсақ болса, сонда ғана өзгелерден артылады екем. Онан өзге нәрселермен оздым деуімнің бәрі де ақымақтық екен-ау!

«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» - дейді Абай. Адамдарды алалап, жік-жікке, топ-топқа бөлме, шамаң келсе бәрімен де тіл табыс, аралас, сырлас дегені емес пе. Жан-жағыңа қайырым, мейірім шуағын шаш, сонда айналаңдағылар да сені жақсы көретін болады. Мейір-шапағатқа зәру боп жүрген қаншама пенде бар жер бетінде! Қабақ шытып, қашан көрсе де түнеріп, әлдекімдерге ренжулі қалыпта жүретіндердің жанына жан баласы жуымас! Ал сенің аңқылдақ, ақкөңілдігіңді әлдебіреу арамзалықпен пайдаланып кетсе, оған да өкпелеме. Жақсылық қылсаң, жақсылыққа кенелесің, жаманшылық қылсаң, ол да алдыңнан шығады.

Абай атамыздың әр сөзі мен үшін асыл қазына! Оқимын да ойыма тоқимын. Сол қымбат қазына – сөздерден өмір өзенінде алдымнан кездескен әрбір қиыншылық пен тығырықтан шығудың тура жолын табам. Ақтарған сайын алтындай жарқырып шыға беретін Абай мұрасын қалайша қазынаға баламаймыз! Бұл мұраны әлі талай ұрпақ қопарып, өздеріне қажетін тауып алады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2020
637
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі