Материалдар / Абай мұрасы ұрпаққа ұлағат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абай мұрасы ұрпаққа ұлағат

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2020
576
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімі Свободный ОМ» КММ





Тақырыбы:

Абай мұрасы ұрпаққа ұлағат




Жоба авторы: Байдильдина Нургуль Батыровна










2020-2021 оқу жылы


Мазмұны


Абстракт

КІРІСПЕ

Абай мұрасы ұрпаққа ұлағат

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Абай шығармаларына шолу

Абайдың қара сөздеріндегі адамгершілік мәселесі

ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ

Абайдай болғым келеді

ҚОРЫТЫНДЫ

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі






















Аннотация


Абай жолы-хақ жолы. Ол ешқашан таусылмайды. Заман өзгерген сайын, халықтың сана-сезіміне еркіндік самалы есіп, ақыл-есі желпінген сайын, ұлы ақынның өлмес мұрасы да жаңа бір қырларынан ашылып, жарқырай түспек. Демек, өз жолында жаңа бір олжалар тауып, тың жемістер теруге ұмтылу Абайға қарай сапар шеккен әрбір тұлғаның абыройлы борышы болса керек.

Осы айтылғандарды ескере келіп, бұл ғылыми жобаны ақын мұрасын қоғам мен табиғат құбылыстарын, адам жанының иірімдерін реалистік көзбен суреттеуі тұрғысынан тұтас алып қарастыру мақсатына арнадық. Ол үшін Абай өлеңдерін белгілі бір тақырып шеңберіне топтастырып, ішкі мазмұн бірлігіне қарай жүйелестіре талдауды жөн көрдік.

Зерттеу барысында: білімге, ғылымға насихаттау тазалықты сақтай отырып, қараңғылықтың зардабынан арылуға үндейді.

Материалдар ашып-жарып жинақы, қызықты ақпараттарды қолданды.

Мағына және игерушіліктің мақсаттарының, ғылыми мағынасы бар .


Абстракт


Осы зерттеу жоба Абай Құнанбайұлының шығармалары, оның ішінде қара сөздеріндегі адамгершілік пен ар ұят мәселесін қазіргі жас ұрпақ бойында қалай қалыптасқанын, оны қалай түсінетіндіктерін, қандай жерлерде қолдану керек екендігін табуға байланысты.
























Мақсаты:


Абай Құнанбайұлының айтып өткен ақыл өсиеттерін айта отырып, хакім шығармаларын кеңінен насихаттау.


Міндеттері:


1. Зерттеу тақырыбына байланысты ғылыми әдебиеттерді оқып, талдап, саралау.

2. Ұлы ойшылдың қара сөзіндегі адамгершілік туралы мәселені ашып көрсету.

3. Ойшылдың ойын жас ұрпаққа насихаттау.


Гипотеза: Егер аға буын және отбасы жас буынның тәрбиесіне жауапкершілікпен қараса, қазіргі жастардың адамгершілік рухы жоғары болады.


Зерттеу әдістері: сауалнама жүргізу, жағдаяттарды шешу және қорытынды шығару.


Зерттеу мәселесі: Абай өз заманында жазып қалдырған баға жетпес мұрасы бүгінгі және келес таңымыздағы жастарға ақыл - өсиет, тәлім – тәрбие ретінде сабақ болады.

Менің ойымша осы таңдап алынған тақырыбымның өзектілігі хакім шығармаларындағы шындық пен әділдік және тәрбиесі бар жас ұрпақ адамгершілік рухы жоғары болады.

























Кіріспе


Абай-өз заманының жыршысы. Оның шығармалары-сол заманның шежіресі. Оларда сол кездегі қазақ қауымының тұрмыс-тіршілігі барлық ерекшеліктерімен, тек өзіне тән белгі-бедерімен, өзіндік бояу-өрнектерімен мейлінше айқын да толық бейнелеген.

Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Маңызын жоймау былай тұрсын, заман өзгеріп, қоғамдық санада күрт сапырылыстар пайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді.

Ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасырдан, ал өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына бір ғасырдан астам уақыт өтті. Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас темірқазық, адастырмас құбылнама болып қызмет етіп келеді.

Бұл күнде Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дариды десе, артық айтылғандық емес. Ана сүті тән қорегі ретінде жас сәбидің буыны бекіп, бұғанасы қатаюына қызмет етсе, Ақын сөзі оның санасына адамдық пен азаматтықтың ұрығын сеуіп қызмет етеді. “Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол, халқыңа қызмет ет, еліңнің көсегесін көгерт” деген имандылық ережесін әр кезеңнің жас ұрпағы бұдан былай санасына Абай қазынасының нәрлі бұлағынан сіңіретін болады. Азаматтықтың үлкен жолындағы өзінің алдынан көлденең тартылған әрбір сұраққа ол тиісті жауапты ең алдымен Абай мұрасынан іздеп, Абай даналығынан табатын болады.

Ел жұрттың болашағын ойлап, халықты ауыр тұрмыстан, азаптан құтылудың жолын меңзеп, оқу – білімге шақырған. Адамның сол кездегі жаман қасиеттірінің бәрін санап, атап көрсетіп, содан арылуға, жақсылықты өн бойына жинауға, яғни тәрбиеге көп көңіл бөлген. Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашу сияқты, рулық тартыс, бітпейтін дау - жанжал елдің сиқын бұзөатынын, еш мақсатсыз бос жүрген халықты көріп, қатты қынжылған. Ел ішіне іріткі салатын, өтірікпен мал жиып, байыған би – болыстарды өлеңмен шенеген.

Қазақ даласында қазіргі психология ғылымы тұрғысынан, бірінші болып Абай «адам» деген ұғымға анықтама берген. Адам – ұғымы – педагогика мен психология ғылымында негізгі пәндік ұғым. Абай түсінігіндегі «адам – ақылдылық пен еңбек сүйіспеншіліктің әділдік пен білімділіктің, махаббат пен адалдықтың, адамгершіліктің жиынтығы».

Тек осы қасиеттерді бойына сіңірген кісі ғана – нағыз Адам деп ойлаймын. Орыстың ұлы педагог ғалымы К. Д. Ушинский де өзінің басты еңбегін адамға арнаған. «Адам тәрбие пәні қақында» осы тұрғыдан Абайадың ойлары, пікірлері орыс ғалымдарымен үндес келеді.

Абайдың адамгершілік идеалы, мұраты, принципі – қысқаша ғана «Адам бол!» деген формула, тұжырым. Адам болу – кісіліктің кісісі, шын мәнінде азамат болу, қара бастың қамы, тіпті, бүкіл адамзаттың қамын ойлайтын, «өзін - өзі зор тұтып», «надандарды менсінбейтін», дүниеге әлем тұрғысынан қарайтын Азамат адам болу. Абай қазақ жастарын желөкпе, әр нәрсеге көрсеқызар болмай, өнерді үйренуге, табиғатты тануға, ғылыми көзқарасқа негізделген тиянақты білім алуға үндеді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ


Абай шығармаларына шолу


Ақын ХХI ғасырдың бел ортасында өмірге келгенде, оның туған халқы Ресей патшалығына біржола кіріптар болып, бодандық бұғауына шегенделген болатын. Өз жерінде отырып бұратана атанған ел бұрынғы өзінің кең байтақ жерінде шыға жайлап, кіре қонып еркін жүрген өмір салтынан бір айырылса, ел билеудің жаңа, жат тәртібі ала келген келеңсіздік зардабынан халықтың ниет-пиғылы, мінез-құлқы өзгеріп, жұрт арасында бүліншілік белең алды. Сөйтіп жүргенде, халық жалпы өркениет көшінен кейін қалып, тарихи тығырыққа қамалды. Ақын осыны көріп қамықты; жасына жетпей қайғы ойлап қартайды.

Екіншіден, Абай жөнінде нақтылап айтқанда, ол өз замандастарының бойындағы жаман мінездерді батыл сынай отырып, оларды жақсы адамгершілікке шақырды. Өзінің ұстаздық борышына бағып, халқын оқуға, мәдениетке, ғылым-білімге үндеді. Ел жұртына шынайы парасаттылықтың жолын нұсқады.

Абайдың заман бейнесін, елдің тіршілік болмысын, халықтың мінез-құлқын аз сөзбен бір жерге шоғырландырып, мейлінше ширыға жазған шымыр шығармасы- “Қалың елім, қазағым, қайран жұртым”[12]. Бұл-өзге көп өлеңдеріндегі айтылған ойларының түп қазығындай бағдарламалық мәні бар, іргелі туынды. Өзінің көп жылдық өмір тәжірибесін таразыға тартып, салмақтап келіп, көзімен көрген жарамсыз жайлардан, ел өмірінде, адамдар қарым-қатынасында әбден орын теуіп қалған теріс мінездерден безініп, жерінген ел ағасы ақынның күйініп айтқан жан күйзелісі бар бұл өлеңде. Ұзақ толғаныстардан кейін амалы құрып торыққан адамның, ақыл-санасында қорытылып, жан-жүрегінен жарып шыққан шерлі мұңы естіледі бұл өлеңнен.

Шұбыртпалы шалыс ұйқаспен қараөлең үлгісінде жазылған, айналасы отыз жолдық қана өлеңде ұйқас үшін артық айтылған бір сөз жоқ. Бәрі бір ойдың өзегіне өріліп, ақынның еліне қаратып айтқан арнау сәлемін түгел жеткізіп тұр. Әсіресе, алғашқы төрт жолдық шумақта ел назарын, тыңдаушы құлағын селт еткізіп, бірден өзіне қарататын жар уәжіндей, жарлық сөзіндей леп бар. Бұл шумақ ақынның кейінгі саралап айтар ойының түйінді тезистеріндей естіледі.

Ақын бұл кезде өз сөзін осылай айтуға, өз пікірін халық санасының ең биік мінберіне шығып жариялауға әбден хақылы еді. Сондықтан ол ойын ауыл-аймаққа, ағайын-туысқа, аталас жұрағатқа арнамайды, қалың еліне арнап айтады. Сондағы елім деп отырғаны- өз тайпасы, өз руы, өз жүзі емес, қарға тамырлы қалың қазағы. Соның бәрін бауыр тартып, ұлтым деп, елім деп еміренеді. Сол халқының қазіргі халін ойлап қамығып, қасірет шеккен шерлі күйін білдіре үн қатады.

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым”,-кезінде тек Абай ғана айта алған, тек Абай ғана айтуға тиісті болған осынау бір ғана тармақта жаңағыдай кең мағына, терең мән жатыр.

Абай халқының өткен тарихын да, қазіргі тағдырын да өзгеден гөрі жітірек оймен, қырағылау көзбен көре білетін шыншыл да сыншыл ақын болғандықтан, ел өмірін суреттеуде сыңаржақ болып қала алмас еді. Ол көп өлеңдерінде ескі ауылдың өзіне ғана тән болып келген нағыз “қазақы” ерсіліктері мен адамды өрге бастырмайтын келеңсіз, күйкі мінездерін де қатты мінеп айтады. Ақынның, әсіресе, шүйлігіп шенейтіні-өзі “уайымсыз салғырттық” деп атайтын бойкүйез қарекетсіздік, ауыл арасында сөз сауып, жұртты ығыр қылып жүретін көк мылжың езбелік, бір тойғанын олжа көріп, ас аңдып, ауыл-ауылды кезіп жүретін сұғанақтық сияқты мінездер. Соларды суреттегенде, ақын әрқайсысын өзіне тән ерекшеліктерімен жан-жақты қамти келіп, жиынтықты әлеуметтік кейіп дәрежесіне дейін жеткізе тәптіштейді.

Адасқанның алды-жөн, арты-соқпақ” атты көпке танымал өлеңінде ақын осындай, бойында түк қасиеті жоқ болса да, “малға бөккен қас маңғаз кісімсініп”, аяғын алшаң басқан сырбаздың сиқын көз алдыңа ап-айқын алып келеді.

Оның үстіне киген киімі, жүріс-тұрысы, басындағы салтақ-салтақ ақ тымағы, жаздыкүні бір бүктелмейтін ақ бөркі, қолынан тастамайтын ақ сабауы, қулығына айғақ болғандай бұтындағы ақ шалбары, кім көрінгенге сүйкеніп, жоқ нәрсені қалжың еткенсіп, ыржаңдап күлгені-міне осының барлығы түп-түгел әлгіндей әлеуметтік кейіпке айналған адам бейнесінің өзіне тән белгілері.

Осындай сидаң жігіт елде мол-ақ,

Бәрі де шаруаға келеді олақ.

Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп,

Бар өнері-қу борбай, сымпыс шолақ.

Тұрған бойы осы. Еңбек ету, мал табу, жұртқа жағу дегеннің бірі жоқ ойында. Бар бітіретіні-жалғыз атын тепеңдетіп, ел қыдыру, кім көрінгенге ыржаң қағып күн өткізу. Осы сияқты өлекселердің жағымсыз қылықтарын тізбектеп келгендегі ақын ойының түйіні-елдің шырқын бұзып, тұнығын лайлап, ілгері басқан аяғын кейін кетіріп жүрген осындай бір содырлы сойқандар бар. Ауыл арасында тыныштық болса, олардың іштері пысып, өле жаздайды. Ұрынарға қара іздеп аласұрады. Ақын сондайлардан сақтандырады:

Бұл сөзімде жалған жоқ,

Айтылмай сөзім қалған жоқ.

Абайлаңыз, байқаңыз-

Елдің жайы солай-ды.

Ақынның ел ішінде береке қалмай, тіршіліктің кенеуі кетіп бара жатқанын көріп, көңілі жүдеген бір шағында торығу мен түңілуден туған шығармасы:

Бай сейілді,

Бір пейілді

Елде жақсы қалмады,-деп басталатын, жаңағы үзінді келтірілген өлеңі.Мұнда ол ел тағдырының тамыршысы болады деген болыс-билердің өз қандастарын жат жұрттық отаршылармен қосыла талап жүрген озбырлығын және ел ішінің азып-тозып, іріп-шіріп бара жатқанын ұзақ жылдар көре жүріп, әбден күдер үзген күйінішті жайларды ой сарабынан тағы бір өткізгендей болады. Қазіргі айтар сөзі басқа болғанымен, көз алдындағы көрініс баяғыша. Қайта, одан сайын асқына түскен.

Абайдың ақындық мұрасындағы өмір шындығын қарастырғанда, ақынның осы шындықты жеткізу тәжірибесінде өзіне дейінгі ұлттық поэзияда байқалмаған мүлде тың үрдісті бастап бергенін байқаймыз. Сонымен қатар мансапқор, күншіл, шағымқой арам адамдардың қалың ортасында отырып, бәрін де көзге шұқып отырғандай қып, бір үлкен терең сөз тастайды. “Биік мансап-биік жартас.Оның басына екпіндеп қыран да шығады, ерінбей еңбектеп жылан да шығады”,-ұлық, болыс болып жүрген надан жуандарды, ел жуандарын тағы әшкерелейді. Ақын адамгершілік, мораль мәселесін сөз еткенде жақсылыққа: адамшылық, адалдық, әділеттілік, берекелік, достық, білімділік, еңбеккерлік, терең ойлылық, ерлік, жомарттық, қайраттылық,, кісілік, қанағатшылдық, рахымдылық, махаббат, арлылық, намысқойлық, сабыр-лық, сертке беріктік, табандылық, татулық, тәуекелшілдік, шүкіршілік т.б. қасиеттерді, жамандыққа: арамдық, азғындық, айла-керлік, парақорлық, арызқойлық, тәкап-парлық, сараңдық, алдампаздық, сайқал-дық, даңққұмарлық, әділетсіздік, әдепсіздік, пәлеқорлық, паңдық, әсемпаздық, бақастық, борышқорлық, өсекшілдік, надандық, менмендік, әсемпаздық, еріншектік, әулекілік, есерлік, жалақорлық, мақтаншақтық, жарамсақтық, залымдық, жылпостық, қияңқылық т.б. жиіркенішті мінез-құлықтарды жатқызады. Абайдың негізгі этика, адамгершілік, түсініктері әділдік пен әділетсіздіктің ұғымдық мәнін, арақатынастарын түсінуге арналған.

Ақын білімді деген ұғымға өзінше ерекше мән береді. Абайдың түсінігіндегі білімді адам – адамдардың арасындағы қарым-қатынастарды (әкелі-балалы, алыс-жақын, туыс-тума, үлкен-кіші, ерлі-байлы, жолдастық, достық) дұрыс түсіне білетін адам. Мектептен алған білімін адамгершілікпен ұштастыра білмейтіндерді Абай адамсымақтардың ең үлкен наданы, арамы екенін айта келіп:

«Осы жасқа келгенше

Өршеленіп өлгенше,

Таба алмадық еш адам

Біздің сөзге ергенді,

Өмірдің өрін тауысып,

Білімсізбен алысып,

Шықтық міне белге енді…» —

деп тоғыршылықтан адамдыққа, білімсіздіктен білімділікке қарай күрес жолында өткен өмірін баяндайды. Абайдың бұл ойлары «жақсылық ақиқатпен бірге болады, жамандық білімсіздіктің салдары», сондықтан да «өзіңді-өзің таны, өзіңді-өзің біл» деген этикалық принциптермен ұштасып жатыр.

Абайдың адамгершілік туралы, Адам деген атқа лайық сілтеген бағыттары, көрсеткен жолдары ақынды бізге жақындата түседі. Абай өткеннің ғана Абайы емес, біздің қасымызда жүрген, қазақ халқының басына қиыншылық түскенде дем беруші, рух беруші данамыз, рухани көсеміміз. Абай заттың адамы емес, рухтың адамы. Абайдың адамгершілік туралы этикалық ойлары, пікірлері өз халқының ұрпақтарына әрқашан қуат бере бермек.Поэзияда, музыкада, қоғамдық азаттық ой-пікір саласында өлмес-өшпес шығармалар берген Абай қазақ халқының өткен замандағы өмірін зерттеуші біздің ұрпаққа таңғажайып тұлға болып көрінеді.












Абайдың қара сөздеріндегі адамгершілік мәселесі


Есімі «қазақ» сөзімен пара-пар тұрған кемеңгер, ұлы ойшыл ,һәкім Абай мұрасы - құнды дүние ,соның ішіндегі қара сөздерінің орны бір төбе.Абайдың ғақлиялары (қара сөздері) - терең пәлсапалық, этикалық, эстетикалық, философиялық және психологиялық ойларға толы, тіршілік түйткілдерін дәл болжай білген құнды мұра. Онда айтылған даналық ойларды жыл сайын оқысақ та, қайта-қайта оқысақ та зерікпейміз. Әр оқыған сайын көңілдегі көп сұраққа жауап алып, жаңа ой түйіндеп, басқаша тұжырым жасаймыз. Оның қара сөздерінің басты тақырыбы – адам, жеке тұлға, ал басты мақсаты - адам тәрбиесі. Адам болғанда да, адамдар үшін еңбек ететін, жан- жақты жетілген адам. Абайша айтқанда, «толық адам». Ол «нағыз адам», «толық адам» қандай болу керек деген сұраққа жауап іздейді, әрі өзінің қара сөздерінде соған жауап береді. Ол адамды жан-жақты қарастырып, мінезін, өзін-өзі тануын, адамды жат қылықтардан аулақ болуға шақырып, керісінше, психология пәнінің зерттеу нысаны болып табылатын жоғары сезімдерге: махаббат пен парыз, борыш сезімдеріне тәрбиелейді. Ақын: «үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» [17-ші сөзі] деп, толық адамның қасиеттерін санамалап береді. Абайдың «Алтыншы», «Сегізінші», «Он бірінші» сөздері жоғарғы ілім - білімге ұмтылуға бөгет жасайтын надандық, мақтаншақтық мінездерді шенеуге арналады. «Бірлік, тірлік» деген сөз ұғымдарының мәнін аша келіп, «Алтыншы сөзінде» Абай: «Бірлік - ақылға бірлік, малға бірлік емес», - десе, сол әңгімесінің екінші жерінде: «Ырыс - алды тірлік» дейді. Жанын қорғалап жаудан қашып, қорқақ атанып, еңбек қылудан, қызмет қылудан қашып, еріншек атанып, ез атанып, дүниеде әлгі айтылған ырысқа дұшпан болады...

«Кеселді жалқау, қылжақ бас,

Әзір тамақ, әзір ас,

Сыртың пысық, ішің нас,

Артын  ойлап  ұялмас, - болып  жүріп, тірімін деме, онан да Алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің  өзі артық», - дейді. Ұлы ақын осы пікірін өзінің «Үшінші», «Он бірінші» сөздерінде  де  толықтырып, ұштай түседі. Мал үшін ар - намысын сату, бірінің үстінен бірі арыз беріп жала жабу, ауызбіршіліктің болмауы тәрізді мінездердің бәрі де надандықтан, мәдениетсіздіктен, жалқаулықтан, еңбексіздіктен келіп туатынын дәлелдей келе, ақын өзінің оқырмандарын бұл мінездерден қашық болуға тәрбиелейді. Бұл әңгімелердің идеялық мазмұны да, келешек ұрпақ үшін құндылығы да осында.

Өзінің өлеңдеріндегі тәрізді қара сөздерінде де ұрлық, парақорлық, пәлеқорлық, мансапқорлық, тағы басқалар елдің ел болуына зор бөгет екендігін айта келіп, «Қырық бірінші сөзінде» ұлы ақын екі нәрсені ұсынады: біріншісі – «Бек зор үкімет», екіншісі – қаржы. Үкіметтің күшімен қазақтың ұл, қыздарын еріксіз түрде мектепке беріп, оларды ғылымның әр саласынан мамандандырып, ой – санасын жаңаша тәрбиелеп, бұрынғылардан мүлде өзг

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!