Тақырып бойынша 11 материал табылды

Абай қарасөздері ХХI ғасырдағы Қазақстан жастары тәрбиесінде

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай қарасөздері ХХI ғасырдағы Қазақстан жастары тәрбиесіне тигізер пайдасы туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абай қарасөздері ХХI ғасырдағы Қазақстан жастары

тәрбиесінде


Агитаева Келбет Ибрагимқызы,

Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі

8 мектеп-лицей


Абай қарасөздерінің тарих пен болашақтың арасын жалғап тұрған рухани көпір екенін атап өткен Ел Президенті Қ.К.Тоқаев қаңтар 2020-шы жылғы «Абай және ХХ1 ғасырдағы Қазақстан » атты мақаласында –«Бүгінде өзектілігін жоғалтпаған Абай ой-тұжырымдары баршамызға қашанда рухани азық бола алады»-деді.

Адамзат тарихындағы тәрбиелік мәні зор Абай «Қарасөздері» бүгінгі Қазақстан жастарын адамдық ар-ожданға кір келтіретін кемшіліктерден арылып, «оны көрсе оны сақ, мұны көрсе мұны сақ» болмай басқа халықтардың өнері мен білімінің озығын үйрене отырып, бұл- тәуелсіздікке жетудің бірден бір дұрыс жолы екенін атап көрсетті. Абайдың пайымдауынша осылай ғана әлемнің ұлы халықтарының қатарына көтерілуге болады.

Абайдан үзілмей келе жатқан сабақтастық - Жастар тәрбиесі, Білім және Ғылым. Ол-насихатты Ғахлихат.Ұлттық идеясы қоғамның барлық саласын қамтитын Абай қарасөздерінің Екіншісінде;-- Әр халықтың жақсы қасиеттері болады, соны бағалай білу,дәстүрлері мен тәжрибелерін өмірге енгізіп, пайдалану аса қажет,--дейді. Осыған орай, қазіргі қазақ жастары «Болашақ» бағдарламасымен озық шетелдерде білім алып, олардағы озық тәжрибелерді зерделеп,бәсекеге қабілеттілігін арттырып,ел өмірі қызметіне де араласып жатыр.

Абай «Мыңмен жалғыз алысып » әбден шаршаған кезеңінде жастарға;-- Ал сендердің замандарың басқаша болар деп сенемін.Мен ескінің арты боп, сендер жаңаның алды болсаңдар екен, тым құрыса,-деп үмітті арман қалдырған.

Алдымен қазақтың «Өнер алды-бірлік, ырыс алды-тірлік», -деген мақалын Абай «Алтыншы қарасөзінде»;Бірліктің ақылға ғана бірлік екенін, ақылды ағайын ғана емес,тұтас халық өкілдері де ақыл ұстаса бірлік болатынын айтады.

Ал ырыс алды –тірлік,-деп,адамзат баласының көкірегі ашық, көңілі-тірі болуын айтады. Бұлар өлі болса ақыл табуға сөз ұғып,жол таба алмайсың.

Қазақтың жаманшылыққа үйір болуының бір себебі:жұмысының жоқтығы, егер егін салса,саудаға салынса қолы тиер ме еді,-дейді.Мұның мәнісі: Абайдың Оныншы Қарасөзіндегі: «Ерінбей еңбек қылса, түңілмей ізденсе орнын тауып істесе деп жастарды тұрмыс сапасын жақсарту үшін еңбек етудің жаңа тәсілдерін меңгеретін жаңашылдыққа шақырады.

Он бесінші қарасөз; Есті адам қатарында өмір сүргісі келген әрбір адамның (жас-кәрісі бәріне ортақ) әр өткізген күні үшін өзінен – өзі есеп алмағы-өміріңді өкінбейтін қылықпен өткізгенің-деп, әр пенденің мағыналы ғұмыры қоғам пайдасы екенін айқын аңғартады. Бұл бүгінгі ұрпақ-мақсаты болуы керек.

Ал, Отыз үшінші қарасөз – мал жұтаса да, өнер жұтамайды, сондықтан қазіргі қоғам үшін ең қажетті – жастардың өнертапқыштықты жетілдіре отырып, тәуелділік психологиясынан арылуға шақыруы осы күнгі ең басты сабақтастық болып отыр.

Отыз тоғызыншы қарасөз – бұрынғыда да болған, қазіргі заманға оданда зор бірінші қажеттісі – елі сенген, ел қамын жеген Елбасының мәртебесін зор тұтып, жақсылығын асыру, соңынан еру. Елбасын зор тұтсаң азбайсың, басқа жақсыларда азбайды.

Екіншісі – намысқорлық. Ат аталып, ел намысы сөз болған шақтағы өкпе, араздыққа жол бермей «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді», «Жол қуған қазынаға жолығар»-деп, Тәуелсіздік тұғырындағы ұлттық, Отаншылдық намыс беріктігін сақтауды үндейді. Ұлт намысы мен арын арлау, ұлттық салт-дәстүрді, ұлттық тіл мен ділді қорғау- мына алмағайып заманда Қазақтың биік парызы.

Бұл шағын қарапайым шолудағы (эссе) Ұлы ойшыл Абайдың қазақ жастарына берген жөн-жоба, бағыт-бағдары зерделей оқыған жастар үшін Абай қара сөздерінің өн бойындағы арманы. Қазақстандағы XXI ғасыр жастарының алғы арманындағы шам-шырақтай жобасы болмақ!...






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.05.2021
260
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12