Материалдар / Абай қарасөздері негізінде оқу сауаттылығын арттыру

Абай қарасөздері негізінде оқу сауаттылығын арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік құрал жоғары сынып оқушыларына және мұғалімдерге көмекші құрал ретінде ұсынылған.Абайдың оқу,білім туралы жазылған қарасөздері арқылы білім алушылар оқу сауаттылығы деңгейін жоғарылата алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Наурыз 2023
290
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тепышева Б.С.






















Абай қарасөздері негізінде оқу сауаттылығын арттыру

(әдістемелік көмекші құрал)





















Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі


Тепышева Б.С.
















Абай қарасөздері негізінде оқу сауаттылығын арттыру

(әдістемелік көмекші құрал)
























Семей 2023

КБЖ 74.202.5(5ҚАЗ)

Т 35



Құрастырушы: Тепышева Бахытгуль Солтановна






Рецензент – «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ Қазақ филологиясы және журналистика кафедрасының доценті,п.ғ.к. Муканова К.К




Т – 35

Тепышева Бахытгуль Солтановна. «Абай қарасөздері негізінде оқу сауаттылығын арттыру» (әдістемелік көмекші құрал) «11 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ. Семей 2023 ж., - 39 бет.




Ұсынылып отырған әдістемелік көмекші құрал Абай қарасөздерін оқыта отырып, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері негізінде оқылым дағдысын жетілдіріп, оқу сауаттылығын арттыру мақсатында мәтінмен қосымша жұмыс жасауға бағытталған. Көмекші құралда қарасөздер мазмұны бойынша құрастырылған бір дұрыс жауапты тест тапсырмалары және мәтін бойынша тапсырмалар құрастырылған.

Көмекші оқу құралы мектеп мұғалімдері мен жоғары сынып оқушыларына арналған.







КБЖ 74.202.5(5ҚАЗ)


Тепышева Б.С.

2023 ж.




Алғы сөз


Ана тілімізді өркендету, оның мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін асқақтату, қолданылу аясын кеңейту, төл әдебиетімізді дәріптеу- бүгінгі күннің басты талабы. Әсіресе, мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты негізінде жалпы орта білім беретін мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқытуды ұйымдастыру, оқыту негізіндегі мәтінмен жұмыстың ерекшелігі, мәтін арқылы оқу сауаттылығын арттыру қазіргі күннің кезек күттірмес міндеті болып табылады.

Білім алушыларға пәннің оқытылуы – ұлттық тіл білімінің дамып, белгілі бір дәрежеге жетуінің бірден-бір кепілі, ал ана тілімізде оқытылатын әдістемелік көмекші құрал құрастырып шығару, оны әріптестермен бөлісе отырып, баланың білім алуға құлшынысын арттыру, алдыға қарай жетелеу – қазіргі заман талаптарының бір белесі. Осы бір белесті асу, оқу сауаттылығы негізінде жүргізіліп отыр.

Оқy cayaттылығының нeгiзi – мәтiнмeн жұмыcты тoлық қaлыптacтыpy бoлып тaбылaды. Күндeлiктi caбaқты дaғдылap epeкшeлiгiн ecкepiп құpy, oқy cayaттылығын apттыpyдa мaңызды pөл aтқapaды. Coның iшiндe, oқылым дaғдылapының epeкшeлiктepi - oқy cayaттылығын apттыpyдың бipдeн-бip жoлы.

Оқылым дағдысының функциялары:

  • Детальді түрде оқу;

  • Нақты ақпаратты табу үшін оқу;

  • Мазмұнын түсініп, көз жүгірту үшін оқу;

  • Сөз мағынасын контекстен ажырату;

  • Болжай алу;

  • Мәтін құрылымын түсіну;

  • Мәтін түрін ажырата білу.

Осы аталған дағдыларды іске асыру үшін оқылымға арналған тапсырмалар құрылымы болуы тиіс. Оқылым алды тапсырмасы: мәтін тақырыбын ашуға бағытталған жаттығулар, түсініксіз сөздермен жұмыс, болжам сұрақтар.

Оқылым барысындағы тапсырма: oқылым дaғдылapын дaмытyғa apнaлғaн cұpaқтap. Oқылымнaн кeйiнгi тaпcыpмa: мәтiндe көтepiлгeн мәceлeгe, aқпapaттapғa бaйлaныcты тaлқылay cұpaқтapы.











Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі

жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады...

Он тоғызыншы сөз

Кіріспе


Білім алушыларды оқыту және оқу жетістіктерін жоғары деңгейге жеткізуде мәтінмен жұмыстың орны ерекше. Мәтінмен жұмыс істеуде мәтінді оқиды, ойланады, ойларын қорытып, сұрақтарға жауап береді. Әсіресе, мәтін таңдауда баланың ойын, логикасын арттыруда атқаратын қызметі зор. Кез келген тақырыпта немесе кез келген мәтінді таңдау басты міндет емес, таңдалған мәтіннің маңызы үлгерімді жақсартатын, оқуына ықпал тигізе алатындай болуы қажет.

Оқылым әрекеті – басқа сөйлеу әрекеттерімен салыстырмалы түрде білім алушылардың көпшілігі орындай алатын қызметтердің бірі. Қазіргі таңда тіл үйренуге ниет еткен тіл үйренуші алдымен мәтінге жүгінеді. Сондықтан, мәтінмен жұмыс істей білу қабілеттерін меңгерту өз жемісін бермек. Сауатты оқу – бұл мақсатқа қол жеткізу, білім мен әлеуетті дамыту, қоғамға қатысу үшін мәтінді түсіну, пайдалану, көрсету және жұмыс жасау.

Осы орайда таптырмас мәтін ретінде Абай қарасөздері алынды. Абайдың философиялық қарасөздерінің мән-мағынасын ашып, тағылымын меңгертіп, ақынның өзі өмір сүрген кезде қоғамда болған жағдайлар, сол кездегі көңіл күйі туралы жазған ғылыми-философиялық трактаттарымен таныстыру – оқылым (тыңдалым) әрекетін басқа әрекеттермен тығыз байланыстыра отырып меңгерту – басты мақсат. Абай қарасөздерінің баланы адамгершілікке баулу, көзқарасын дамыту, жан-жақты тәрбиелеу мен білім беруде маңыздылығы мен орнының ерекше екені ескеріле отырып, көмекші құрал есебінде таңдалып алынды.

Оқыта отырып білім беруде әдебиетпен тығыз байланысты ірі тұлғалардың шығармаларын оқыту, соның ішінде, Абай қарасөздеріне тереңінен үңілу маңызды. Абай қарасөздерінің кім үшін болса да тәрбиелік мәні зор. Әйтсе де білімге ұмтылушы жастар үшін айрықша құнды.

Мақсаты: Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, білім сапасын, оқу жетістіктерін арттыру, логикалық ойлауын жетілдіру, ынталандыру, ой өрістерін шыңдай отыра тың, адами көзқарастарын қалыптастыру, адамгершілікке баулу. Дүниеқоңыздық, надандық сияқты адамды аздыратын қылықтардан жирену; жақсы мен жаманның арасын айырып, ақиқатын ажырату; оқу, өнер-білім мәселесі төңірегінде келелі ой қозғау.

Міндеті: Оқыта отырып сауаттылықты арттыру, қарасөздерінің тәрбиелік мәніне терең түсінік беру.

Зерттеу объектісі: Абай қарасөздерінің мән-мағынасын тәлім – тәрбиелік тұрғыдан  дамыту.

Өзектілігі: Қазіргі кезде білім алушылардың көркем әдеби шығармаларды оқуы, әсіресе, Абай шығармаларын оқу- өзекті мәселенің бірі. Қарасөздерде философиялық толғаныс көрініс тапқан. Терең ой мен күрделі пікірге құрылған ақын шығармашылығындағы айтпақ ой, терең философияны түсінгенде ғана осы бағытта білім алушымен жүргізілетін жұмыс нәтижелі болмақ. 

Күтілетін нәтиже: Білім алушылардың үнемі оқып, көңілге тоқыған жайттарды дамытып, жаңа ізденіс көзқарастарын байыту, оны өмірде, тәжірибеде пайдалана алу.

Оқылым әрекеті білім алушының бойында тілдік біліктілікті қалыптастыруға септігін тигізеді. Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды басшылыққа алып, мәтінді меңгерту үшін түрлі тілдік жаттығулар орындату – оқылым әрекетіндегі басты тәсілдердің бірі. Оқылым әрекетін басқа әрекеттерден бөліп қарастыруға болмайды. Оқылым – тыңдалым, оқылым – сөйлесім, оқылым – жазылым әрекеттерінің тығыз байланыста болуы ғана оқытушының күткен оң нәтижесін береді.

Оқылым қызметі танымдық, реттеушілік, құндылықты-бағдарлы болып үш түрге бөлінеді. Танымдық қызметте білу үшін оқиды. Адамдар, әлем, фактілер және құбылыстар жайында ақпарат алады. Реттеушілік қызметте өзі істей білу үшін оқиды, яғни, алған ақпаратты өз тәжірибесінде қолдануға тырысады. Құндылықты-бағдарлы оқылым қызметінде жаны рахаттану үшін оқиды. Жеке тұлға ретінде дамиды, мәдени деңгейін көтереді.

Оқылым арқылы мәтінді меңгерту үш кезеңнен тұрады: мәтінге дейінгі кезең, мәтінмен жұмыс және мәтіннен кейінгі кезең. Осы кезеңдер бойынша жүргізілген жұмыс түрлері:


















Мәтінге дейінгі кезең


Мәтінге дейінгі кезеңде тілдік бірліктер мен сөйлеу үлгілерін саралау, оларды мәтін ішінде табу, болжам жасай білу қабілеттерін дамытуға бағытталады:

- мәтін мазмұнына болжам жасау;

- бірінші абзацты оқып, мәтінде қаралатын мәселелер бойынша сұрақтар құрастыру;

- жаңа сөздерді оқу, түсіну, қайталап оқу;

- сөздікпен жұмыс: түсіндірме, синонимдер сөздіктері;

- берілген сөздерден сөз тіркестерін құру; грамматикалық тапсырмалар:

- берілген сөздердің қандай сөз табына, сөйлем мүшесіне жататынын анықтау;

- берілген сөздердің қарама-қарсы мағынасын табу;

- берілген сөздерді басқа сөздермен түсіндіру;

- берілген сөздерді мағыналарына қарай топтастыру;

- сөйлемдердегі дұрыс қойылмаған сөздерді өз орындарына қою (пазл жинау)

Мәтінге дейінгі кезеңде төмендегідей жұмыстар жасатуға болады:


Бірінші сөз

1. Берілген жаңа сөздерді оқып, түсіндірме сөздіктің көмегімен түсінігін жазыңыз: әурешілік, қажу, баянсыз, байлаусыз, қоршылық, дерт, тілемсек, кездеме софылық және т.б. Мысалы, әурешілік – босқа жан қинаушылық, нәтижесіз іс істеушілік.

2. Берілген сөздердің синонимдік қатарын табыңыз: алысу – науқас – жалығу – қайран қалу

3. Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрыңыз: өмір, ел, ғылым, білім, пайда, тыныштық, жұмыс.

4. Берілген сөйлемдердегі сөздерді өз орындарына қойыңыз: - Енді, қайтіп, қалған, өткіземіз, өмірімізді, не қылып? - Қайранмын, соны, өзім де, таба, алмай.

Бесінші сөз

  1. Берілген жаңа сөздерді оқып, түсіндірме сөздіктің көмегімен түсінігін жазыңыз: қайғы, ошақ, тіленшілік, қаралы үй, т.б.

Мысалы, қайғы – адамның азалы жан сезімі мен қапалы көңіл-күйінің белгісі.

  1. Берілген сөздердің антонимдік қатарын табыңыз: қайғы – шаттық – мұң – жас – жарық – қайыры жоқ – қуаныш – қараңғы – мейірімді – қарт, т.б.

3. Берілген сөздерден сөз тіркестерін құрыңыз: көз, мал, жасы, жоқ, табу, қайыры, бала, жас.

4. Берілген сөйлемдердегі сөздерді өз орындарына қойыңыз:

- Мал, ердің жазығы, тапқан, жоқ.

- Ағады, көзден, болып, жас.

Мәтінге дейінгі жұмысты ауызша да жүргізуге болады.



Мәтінмен жұмыс


Мәтінмен жұмыс:

- мәтінді оқу;

- мәтінді түсіну;

- мәтіннен жаңа сөздермен тіркескен сөздерді табу;

- мәтін мазмұны бойынша бос орындарға қажетті сөздерді жазу;

- мәтін мазмұны бойынша берілген ақпараттарды сәйкестендіру;

- мәтіннің бір бөлігін беріп, жалғасын тапқызу;

- мәтіннің соңғы бөлігін беріп, мәтіннің немен басталғанына болжам жасату.


Оқу сауаттылығы бойынша мәтін және олардың мазмұны бойынша құрастырылған бір дұрыс жауапты тест тапсырмалары беріледі. Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ