Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәні

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәні

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс жұмыс 9-сынып Абай қарасөздерінің тәлім-тәрбиесі (Ислам дінінің бала тәрбиесіндегі рөлі) Сабақтың мақсаты: 1. Абай шығармаларындағы адамгершілік мәселесін тереңірек ұғындыру, қазіргі жастар тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелерді Абай ілімі мен ислам діні тұрғысынан баға беру; 2. Оқушылардың ой - өрісін, өмірлік көзқарасын, сыни ойлау, сөйлеу дағдыларын жетілдіру; 3. Абай ілімі арқылы адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныптан тыс оқу

Сыныбы: 9

Пәні : Қазақ әдебиеті

Сабақ тақырыбы: Абай қарасөздерінің тәлім-тәрбиесі
(Ислам дінінің бала тәрбиесіндегі рөлі)

Сабақтың мақсаты:
1.
Абай шығармаларындағы адамгершілік мәселесін тереңірек ұғындыру, қазіргі жастар тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелерді Абай ілімі мен ислам діні тұрғысынан баға беру;
2. Оқушылардың ой - өрісін, өмірлік көзқарасын, сыни ойлау, сөйлеу дағдыларын жетілдіру;
3. Абай ілімі арқылы адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі:дамыту; Түрі: ізденіс сабақ
Әдіс - тәсілдері: проблемалық ізденіс, талдау, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: өзін - өзі тану, Абайтану, Тарих
Сабақтың барысы.

Кіріспе: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас,

Рас сөз еш уақытта жалған болмас.

Көп кітап келді алладан, оның төрті

Алланы танытуға сөз айырмас.

Аманту оқымаған кісі бар ма?

Уактубиһи дегенмен ісі бар ма?

Алла өзгермес, адамзат күнде өзгерер,

Жарлық берді ол сіздерге, сөзді ұғарға.

Замана, шаруа, мінез күнде өзгерді,

Оларға кез-кезімен нәби келді.

Қағида шариғаты өзгерсе де,

Тағриф алла еш жерде өзгермеді.

Күллі махлұқ өзгерер, алла өзгермес,

Әһлі кітап бұл сөзді бекер демес.

Адам нәпсі, өзімшіл мінезбенен

Бос сөзбенен қастаспай, түзу келмес.

Махаббатпен жаратқан адамзатты

Сенде сүй ол алланы жаннан тәтті.

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп.

Және хақ жолы осы деп әділетті.» деген дана Абайдың бұл өлеңі оның шығармашылығының шыңы деп айтылады. Біз білім теңізінде саяхаттап жүргендіктен ақынның ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек туралы айтқан өлеңі («Малға достың мұңы жоқ малдан басқа») мен қарасөзін (17-сөз) айтпай кетуімізге болмайды деп ойлаймын.

  • 17- қарасөзінде адамның осы 3 касиетін қалай айтады балалар есімізге түсіріп айтып корейікші.......

  • Енді осы қасиеттерді қалай түсінеміз?

Тарқатып айта кетсем, Абай ілімі ,білім сөздері тур....

Ақынның «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деуінің мәні неде?
Ақынөлеңдерініңөміршеңдігітуралыайт.

  • Сонымен, балалар, осы уақытқа дейін оқыған Абай қарасөздерінің жазылу үлгісінен қандай ерекшелікті байқадық?

Тұжырым жасау.
Сөйлемдері қысқа, мағынасы терең;
Оқушыға ой саларлық, ғибрат беруді көздей құрылған;
Қарасөздерінің көпшілігінде философиялық сұрау беріп, сол сұрауға өзі жауап беруге тырысады;
Кейбір қарасөздері өзімен - өзі кеңесу, ой - пікір білдіру үлгісінде құрылады. Бұл – Батыс, орыс ойшылдарының көп қолданған әдісі. Ғылым, көркемөнер, этика мәселелері туралы өз көзқарастарын білдіруде олар осы әдісті кеңінен пайдаланған.

4. Жаңа сабақ: Сабақ тақырыбын, мақсатын таныстыру

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

  • Балалар, бүгін біздің сабағымыз «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасын іске асыруға байланысты Абайтану пәнінен «Абай қарасөзіндегі бала тәрбиесі» тақырыбында болмақ.

Мақсатымыз: «Абай қарасөздеріндегі бала тәрбиесі» мен ислам дінінің бала тәрбиесіндегі рөлін ұштастыра отырып, екеуінің де бала тәрбиесіндегі алған бағыты бір, көзқарасы бір болғандықтан, балалар, өзіміздің тәрбиемізге қатысты білімімізді кеңейту, сәл де болса бойымызға дініміз арқылы ізгілік нұрын себу.

Сол үшін ауылымыздың «Жұмық баба» мешітіне арнайы ауыл имамы Жақып мырзамен бала тәрбиесі жайлы дініміздегі айтылған уағыздарын тыңдап, сұхбат жүргізуге келіп отырмыз

Сұхбаттаспас бұрын, балалар, өзіміз Абай қарасөзінде бала тәрбиесіне қатысты бұрыннан не білетін едік? (өз білімдеріңді ортаға салсаңдар...)

Ендеше, сөз кезегін ауыл имамына берсек; (сұхбат видеороликте)

- Рахмет!

- Сонымен балалар, қорытындыласақ, бүгін нені түсіндік,қандай ой түйдік?

Абайдың әрбір қара сөзі жамандықтан жирендіреді, бұл да дініміздегі айтылған парыз, сүннеттермен пара-пар деп қорытындылаймыз!

Ұлы Абай айтқан ой мен тыңдаған діни уағыздың ортақ ұқсастықтарын сараптасақ:

  • « ...Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған ғибадат орнына бармайды.» дейді.

  • «...Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақтық»

  • Адам психологиясы және бала тәрбиесі жайында ағартушы 7, 10, 20, 25, 31, 41, 43 қара сөздерінде айтқан. Адамның қызығушылығы бір нәрсені, не көріністі білейін, игілігін көрейін деген ерекше ынталануынан шығады. Қызығу, жан мен тәннің құмары және жас бала психологиясы жайында 7 - қара сөзінде айтқан. «Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгендеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды» дейді

  • «Тұрпайы мінез - тағы жат, надандықтың белгісі» деп пайымдаған. Абай мынадай қасиеттерді жаманға жатқызады: қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп адам саумақ, орынсыз күлкі, ұрлықпен мал табу, бос мақтан, оның ішінде қырт мақтан, жұмысы жоқтық. Бұларды ақын өз өлеңдерінде де көп жырлаған еді. Осы әдеттердің неге жаман болатынын көрсеткен.

  • Психологтар егер оқушы өзін - өзі бағалай білсе, іс - әрекеті нәтижелі, жеке басының барлық қасиеттері қалыптасып, ынталы болады дейді, 10 - қара сөзінде «Баланың жақсысы – қызық, жаманы - күйік» деген тұжырым айтады. Ата - ана тәрбиесі бала мінезін, адамдармен қарым - қатынасын қалыптастырады деген қағиданы айтады

  • Абай мынадай тұжырым жасайды:
    1Егер балаңды алдасаң, ол да жүре - жүре алдамшы болады дейді
    2 «Боқта» деп үйреніп, тентектікке үйретесің
    3 Сабаққа бергенде хат таныса болады деп арзан молда жалдайсың
    4 Қу, су бол деп үйретесің деп, тәртіпсіз, қиқар баланың қалыптасуына ата - ана кінәлі деп санайды.

  • Абай қара сөздерінің бір парасы имандылық жайында жетінші қара сөзінде иман құдайға құлшылық, құран сөздері айтылды.

Өмірмен байланыс.
Берілген нақыл сөздерге өмірлік көзқарасың қандай?
1 «Өзің үшін еңбек етсең, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың, адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың».
2 «Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес».
3 «Қайратсыз ашу - тұл, тұрлаусыз ғашық - тұл,
шәкіртсіз ғалым – тұл».
Білімді бекіту.
Ендеше, дана Абай қарасөздері арқылы заманының сипатын, халқының жағдайын, психологиясын, жеке адам бойындағы жақсы, жаман ниеттерді өзінің дүниетанымымен көрсеткен.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.11.2021
777
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі