Материалдар / Абай Құанбаев "Құлақтан кіріп, бойды алар" өлеңінің көркемдік ерекшелігі

Абай Құанбаев "Құлақтан кіріп, бойды алар" өлеңінің көркемдік ерекшелігі

Материал туралы қысқаша түсінік
"Құлақтан кіріп, бойды алар" өлеңінің көркемдік ерекшелігі туралы түсінік, талдау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
548
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

«Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңінің көркемдік ерекшелігі

Жалпы мақсат:

Абай өлеңдерінің мазмұны мен идеясын меңгерту арқылы оқушылардың сөздік қорын молайту, өлеңнің тіл ерекшелігіне оқушылардың назарын аудару, көркемдігін түсіндіру. Әдеби теориялық түсініктер беру.

Сілтеме:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

  2. Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

  3. 6-сыныпқа арналған оқулығы

  4. Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Абайдың ұлылығын терең сездіру, адамгершілік қасиеттерге баулу, Абай мұрасына қызығушылықты арттыру, оқып - білуге, тани түсуге ұмтылдыру.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Электронды слайдтар, кітаптар, интерактивті тақта, Абайдың портреті, ақын туралы жазылған кітаптар, ақын өлеңдерінің жинақтары

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.


Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Балалар, біз өткен сабағымызда ұлы ақын Абайдың өмірбаянына тоқталдық. ( Оқушылармен өтілген тақырып бойынша, жаңа сабаққа кіріспе ретінде блиц - турнир өткізіледі)
Сұрақтар:
1. Абай Құнанбаев -..................(ақын, ойшыл)
2. Қай жерде дүниеге келген.................(Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыстаудың бауырында)
3. Ол қай жылы туылған..................( 1845 жылы)
4. Алғаш хат таныған....................... (ауыл молдасынан)
5. Абай оқыған медресе....................(Семейдегі Ахмет Риза)
6. Абайдың шын аты...................(Ибраһим)
7. Абайдың арғы атасы.....................(Өскенбай)
8. Өз әкесі...............................(Құнанбай)
9. Абайдың шешесі...............,(Ұлжан) әжесі....................(Зере)
10. Абайдың әкесі Абайды.........................(ел билеуге үйретеді))
11. Абай мен әкесі арасындағы келіспеушілік................(ел билеушілердің халыққа жасаған қиянатын көргенде басталады)
12. Абай оқыған шығыс ақындары....................... Низами, Сағди, Хафиз, Фзули)
13. Абай дос болған орыс демократ ғалымдары.........................(Михаэлис, Долгополов)
14. Абай шығармаларын оқыған философтар.........................(Платон, Сократ, Аристотель)
15. Абай шығармаларын оқыған орыс жазушылары мен ақындары..........(Пушкин, Лермонтов, Крылов, Толстой, Салтыков - Щедрин, Добролюбов, Чернышевский)
16. Абайдың ақын екенін танытқан алғашқы көркем өлеңі..................(Қансонарда)
17. Ол қай жылы жазылған..................(1882жылы)
18. Абай оқыған орысша журнал.................(«Русский Вестник»)
19. Абай рухани байлық алған үш саласы.....................(шығыс әдебиеті, орыс жазушылары, халық ауыз әдебиеті)
20. Қай жылы дүниеден озды?............... (1904 жылы)

ІІІ. Жаңа тақырып

Power Point таныстырылымы, электрондық оқулық арқылы сабақты түсіндіру,сұрақтар қою,тыңдау. Кейс стади әдісімен аяқталмаған мәтін ұсыну.

«Құлақтан кіріп, бойды алар...» – Абайдың өлең, ән-күй туралы жазылған идеялық жағынан өте күшті, көркемдік қасиеті де соған әбден сай келген тамаша шығармасының бірі. Тақырыбы, идеясы жағынан ол ақынның «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы...», «Біреудің кісісі өлсе, қарапы ол...», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...», «Адамның кейбір көздері...» сияқты шығармаларымен тығыз байланысты. Бұл өлең Абайдың көркем шығарманы, ән-күйді жоғары бағалағандығының анық айғағы. Өлең7, 8, 9 буынды шалыс ұйқаспен (а, -б, -а, -б) жазылған. Алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны ИбраҺим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланған. Өлең басылымдарында ешқандай текстологиялық өзгерістер кездеспейді. Тек 1957 жылғы жинақта жазылу мерзімі 1896 ж. деп көрсетілген. Абайдың бұл өлеңіне компoзиторлар С. Мұхамеджанов, А. Гурьев ән-романстар жазған.

Сабақты мұқият тыңдап, есте сақтау. Топпен ынтымақтастықта қарым- катынас жасау. Сұрақтарға жауап беру, өз ойларын айту, талқылау.

IV.Шығарма

шылық жұмыс

Венн диаграммасы толтыру.
1. Абай кім?
2. Абай Құнанбаев қай жерде дүниеге келген?
3. Абайдың қандай әндерін білесіңдер?
4. Абайдың әжесінің аты ата.
5. Абайдың өлеңдерін білесің?
6. Абай Құнанбаевтың атасы.
7. Абай Құнанбаевтың қандай өлеңдерін білесің?

Топтастыру

Shape9 Shape8 Shape7 Shape6 Shape5 Shape4 Shape3 Shape2 Shape1


Абай









VI. Үйге тапсырмасын беру

Өлеңді мәнерлеп оқу,мазмұнына байланысты суреттер салу.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ