Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Абай Құнанбаев 175 жылдығына арналған тәрбие сағаты
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Абай Құнанбаев 175 жылдығына орай Қара
сөз
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев
шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқыту
арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге
деген құштарлығын арттыру.
2. Оқушылардың сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін, тіл байлықтарын,
сөздік қорларын дамыту.
3. Мейірімді, адал болуға, адамгершілікке, жаман әдептерден
бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу.
4. Дамытпалы поэзия сабағы.
Тәсілдері: ой қозғау, сұрақ-жауап,слайд.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі. Студенттердің назарын сабаққа аудару.
«Ата толғау» күйі қосылып тұрады.
Біреулерге болғанмен айдала,
Басын иіп тәу етеді бар дана.
Ұлы Абайды дүниеге әкелген,
Құдіретіңнен айналайын, сардала.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
- Балалар, бүгінгі сабақта біз қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз туралы ой бөлісеміз. Әрбір жас ұрпақ кішкентай кезінен бастап Абай атаның әнімен сусындап, жырларынан нәр алып келеді.
Мырзагелді Кемел: «Мен қазақты үшке бөлер едім. Біріншісі - Абайды оқығандар, екіншісі - Абайды оқысам деп жүргендер, үшіншілер - Абайды оқымағандар».
- Балалар, сендер осының қайсысына жатасындар?
- Біз бірінші топқа жатамыз. Ұлылығы әлемге танылған Абай атаның шығармаларымен танысып жатырмыз.
Бүгінгі заман адамы «сегіз қырлы, бір сырлы» болып өсуі керек. Оның бастысы, біздер үшін- әдептілік.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң – арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан,- деп Абай атамыз айтқандай, кішіге
мейірімді, досыңа қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң,
өсе келе ата- анаңның, Отаныңның мақтаны
боласың.
«Ата толғау» күйі қосылып тұрады.
Ой қозғау.
Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы.
Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы.
Нақылымен сана құйған,
Қазағымның Абайы.
Ақылымен дана болған,
Бүкіл әлем Абайы,- деп ақын Жұмағазы Алмабаев жырлағандай, Абай
есімін естігенде есімізге не түседі?
Соны
мына күннің әрбір шапағына жазып
көрсетейік.
Абай – ақын, Абай – дана, ойшыл, заман суреткері. Абай – аудармашы. Абай – сазгер. Абай жас кезінен өте зерек, момын бала болып өсті.
. Жиырмасыншы ғасырдың Гомері атанған жыр алыбы Жамбылдан «Абайдың ақындығы туралы не айтасыз?» дегенде: «Абай ақын ғана емес, ол ғұлама» деп жауап берген екен.
. Мынау тұрған
Абайдың суреті ме?
Өлең сөздің ұқсаған құдретіне.
Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған,
Өр Абайдың төтеген кім бетіне?- деп жырлапты жыр алыбы
Жамбыл.
Абай 1845 жылы 10 тамызда Семей облысы Жидебай жерінде Шыңғыстау етегінде дүниеге келген. Негізгі хатқа түскен аты Ибраһим болса да, әжесі Зере еркелетіп «Абай» деп атап кеткендіктен, біз де солай айтып жүрміз.
Абайдың атасы Өскенбай дала халқының әділ биі болған.
. Абайдың әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ- даңқы алысқа кеткен беделді адамдардың бірі болған. Қарқаралы уезінің аға сұлтаны болып сайланған. Шешесі Ұлжан шешендікпен, тапқырлықпен аты шыққан.
Абай 10-12 жас аралығында мұсылманша оқып, хат таныған. Ал 12 жасындаСемейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі. 14 жасында үш ай орыстың Приходская школасында орысша сабақ оқиды. 15 жасынан бастап, әкесіне көп көмегін тигізеді. Ел- жұрты Абайды би етіп сайлайды.
Абай – ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстаған
адам.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боларсың елден бөлек,- дейді Абай
ата.
14 жасында сықақ өлеңдер шығарған. Ол жастар арасында кең таралған. Жаңа заманның ретімен Абай білімге ден қойып, араб, парсы, түркі тілдерін үйренді. Сол кезде шығыс тілдерін Абайдан артық білетін адам болмаған.
Ендеше, біз абайтанудың бірінші баспалдағында тұрмыз. Біраз өлеңдерін, қара сөздерін оқып талдадық. Өмірімен таныстық.
Абайдың орыс әдебиетіне бет бұруына себепкер оның орыс достары Грось пен Михаэлис болды. Ол екеуі де Абай уылында қонақта болып, Абайды орыс әдебиетімен таныстырған. Абай Пушкин, Лермонтов, Крылов, Толстой, Тургеневтің еңбектерін оқыған. Абай қазақ тіліне «Евгений Онегинді» аударды.
Қазақ тіліне И.А. Крыловтың бір қатар шығармаларын аударды. Қазір біз И. А. Крыловтың «Қарға мен Түлкі» мысалын тыңдап көрейік.
Мұғалімнің түсіндірмесі. Ой-толғаныс.
Абайдың 1890-1898 жылдар арасында жазған шығармалары «қарасөз» деп аталады. Жалпы саны қырық бес бөлек шығарма. Абайдың қарасөздері адамды адам болуға, ізгі ниетті адамгершілік қасиеттерінің мол болуына, жаман дағдыларын аулақ болуға үйретеді. Олай болса, Абай қарасөздерімен танысайық.
Оқушылардың қарасөздерді оқуы.
Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ емес. Одан басқа нәрселерменен оздым ғой демектің бәрі де ақымақтық. ( Он сегізінші қара сөз)
Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма. Әйтпесе, бір ит қазақ болып қалған соң, саған рақат көрсетер ме, өзі рақат көрер ме, яки жұртқа рақат көрсетер ме?(Жиырма бірінші қара сөз)
Шығармашылық жұмыс
1. Абай Құнанбаевтың жыл мезгілдеріне байланысты
қандай өлеңдері бар? («Қыс», «Жазғытұры», «Жаз», «Күз»). Өлеңдерді
мәнерлеп оқу.
2. Оқушылар шығармашылығы (Абай ата жайлы
өлеңдер).
«Ұлы ақын - Абай ата»
Абай атам- данышпан, ұлы ақын,
Қазақ халқын танытқан әлемге айқын.
Елін, жерін, Отанын әнге қосып,
Өлеңімен жырлаған халқын жақын.
Орыс халқы мақтанса Пущкинменен,
Абай атам- ұлы ақын, еңбегі ерен.
Қос ақынның оқысаң өлеңдерін,
Махаббатың артады елге деген.
«Абай ата»
Ата сөзі- қазақтың бойтұмары,
Оқысаң, ашылады ой тұманы.
Қиналсаң, ақыл қосып ақылыңа,
Жырларында жанашыр ой тұрады.
Қазаққа бөлек екен Абай орны,
Талапшыл, қанағатшыл, терең ойлы.
Өнер- білім, ғылымды қадірлеумен
Қазақ елін ақиқат жолға қойды.
Шағын көрініс
Тыныштық. Абай өлең жазып отыр.
Есіктен досы Ербол кірді.
Ербол. Абай досым, тағы өлең жазып отырмысың?!
Шаршадың ғой... Бір сәт демалсаңшы.
Абай. Ербол, тыңдашы (ыңылдап)
Көзімнің қарасы,
Көңілімнің санасы.
Бітпейді іштегі,
Ғашықтың жарасы.
Ербол. Абай неткен әдемі ән! Ғажап, жаңа ән, жаңа өлең! Тамаша! Абай, Сүйіндік ауылында екі күннен кейін алтыбақан болғалы жатыр екен. Соған барсақ қайтеді. Осы әнді жастарға сый етіп тартайық!
Абай (басын изеп): Жарайды.
Жастар жиналып «Айттым сәлем, қаламқас» әнін айтып отыр.
Абай, Ербол шетте отырады.
Қыздар, қыздар, Құнанбай қажының баласы Абай келіп тұр.
Қасындағы Ербол ғой.
Абай, Ербол, келіңдер. Төрлетіңдер. Қош келдіңдер!
Ойын- сауықтарың қызық болсын!
Ән-күйлерің қанатты болсын!
Топ. Бірге болсын! Айтқаның келсін!
Ортамызға Абай келіп қалған екен. Неге өлеңдерін оқып, әнін салмаймыз?!
Топ. Ал кім сөзге ұста, кәне, бастап жіберейік.
«Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы»
Сүйіндік ауылының жастары, тыңдаңыздар! Абай сендерге жаңа әнін сый қылып тартады. Қабыл алыңдар!
Ән шырқалады «Көзімнің қарасы».
Топ. Неткен тамаша ән. Терең, сырлы. Рахмет, Абай.
Абай. Әнімді қабыл алғандарыңызға көп рахмет.
Өзгеге көңілім тоярсың,
Өлеңді қайтып қоярсың?
Оны айтқанда толғанып,
Іштегі дертті жоярсың.
Сайра да зарла, қызыл тіл,
Қара көңілім оянсын.
Жыласын көзден жас ақсын,
Омырауым боялсын.
«Желсіз түнде жарық ай» әні шырқалады.
Аңшы жігіт (ентелеп келіп): Уа, Абай ақынның құрбы- құрдастары, амансыңдар ма!
Топ. Армысың, бейтаныс жіт!
Ассаламаумағалейкум, жас жігіт!
Жолың болсын, жігітім!
Қыздар. Орта толсын!
Аңшы. Аң аулап жүріп, алыстан Абай әнінің сазды әуенін құлағым шалып, ат басын бұрдым. Ақын Абай қарсы болмас, осы ауылдың қыздарының әнін, өлеңін тыңдағалы келдім.
«Құлақтан кіріп бойды алар».
Аңшы жігіт. Бәрекелді, ризамын өлеңіңе Таңшолпан!
«Ғылым таппай мақтанба»
Топ. Ой, бәрекелді!
Абай. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»
Міне, сіздер Абайдың бозбала шағынан бір көрінсті тамашаладыңыздар.
Абай 1904 жылы дүниеден өтті. Абай өмірден озса да артына көп мұра қалдырды. Өлең- жырлары, қарасөздері мәнді де мағыналы болды.
Жазушы Төлен Әбдіков. «Абай халқымыздың мақтанышы ғана емес, біздің ұлттық ұранымыз. М. Әуезов Абайды әлемге таныту арқылы әлемге қазақты танытты»,- деді. М. Әуезовтің «Абай жолы» роман- эпопеясымен қысқаша әңгімелер арқылы танысып келе жатырмыз. Енді осы әңгімелерді еске түсірсек. «Бала Абай».
Ойды түйіндеу
Бүгінгі сабағымызды Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мына өлеңімен аяқтағым келеді.
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап, тоқы көңілге.
Қамшының сабындай
ғана қысқа өмірінде артына өшпес із, өлмес өсиет қалдырып кетуді
ақын сөзімен айтсақ:
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...
Қасиетті қара сөздерден ғибрат алып қана қоймай, өмірлік нұсқау алдық. Қазақ сөзінің киесі қонған бұл қара сөздер кез келгенімізге өмірлік бағыт-бағдар, ақыл қосушы. Сондықтан, балалар, біз Абай атаны жадымызда ұстаймыз.
АБАЙДЫҢ БІРІНШІ (1) ҚАРА
СӨЗІ
Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір
бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық,
тартыстық - әурешілікті көре-көре
келдік. Енді жер
ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің
баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал,
енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай
өзім де қайранмын.
Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі
бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе,
бізді құдай сақтасын!
Мал бағу? Жоқ, баға
алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді
қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым,
тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді
қор қылар жайым жоқ.
Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ.
Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың?
Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның
не пайдасы бар? Мұңдасып шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым
өзі - бір тез қартайтатұғын күйік.
Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық
керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елге,
осы жерде не қылған софылық?
Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың
мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай
харекетке қосайын? Балаларымның өзіне ілгері өмірінің, білімінің
пайдасын тыныштықпенен керерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар, не
қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек қыла
алмадым.
Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ
қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз
тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі
дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым
жоқ.
Әрбір қара сөзінде терең мағына жатыр 45 қара сөзінің бұл қысқаша ға біреуі тек.