Материалдар / Абай Құнанбаев Эссе
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абай Құнанбаев Эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай Құнанбаев туралы эссе де оқушы Абайдың қара сөздері, өлеңдері, шығармалары туралы мәліметтер алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Маусым 2019
8338
18 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев туралы эссе



Бүгінгі күні Абай шығармашылығы несімен өзекті, өміршең, қажетті деген сұрақтар барша қауымды толғандыратыны анық. Дана Абай туылғанына 170 жыл толғалы отырған тұсында да, қанша уақыт өтіп, адамзат баласы жаңа формацияға, жаңа даму сатысына көтерілсе де, тұтас бір халықтың адастырмас темірқазығы, рухани суаты, сарқылмас қазынасы болып отыр. Шындығында, ұлылардың мұрасы заман мен уақыт төрелігіне бағынбайды. Өз шығармалығын адамзат болмысына қатысты мәңгілік тақырыптарға арқау ете білген ғұламалар уақыт өткен сайын түрленіп, толығып, құндылығы арта түсетіні тағы бар.

Қазақ мәдениеті мен ақыл-ойының заңғар биігі Абай Құнанбайұлынан кейін де талай дүлділ жарап шығып, өздерінің өлмес туындыларын тарту етсе де, хакім  Абайдың жұлдызы биік тұратындығы неліктен?  Ол ең алдымен Абай шыығармашылығың әмбебаптылығы, энциклопедиялығымен түсіндірілсе керек. Лирика, поэзия, сатира, поэма, аударма жанрларының негізін салып қана қоймай, осы жанрларды әлемдік биікке шығара білуі, музыкалық мұрасы, әлеуметтік-публицистикалық, философиялық, діни, ғылыми, тарихи еңбектерінің мазмұн тереңдігі, ағартушылық, педагогикалық ойлары оның ұлт ұстазы, тіпті адамзат ғұламасы атануына арқау болды.

Бүгінгі қазақ қоғамы – дана Абай айтқан дерттерден толық арылып кетті ме? Абайды шерлі еткен қоғам мерездері біздің қоғамымызда толық жойылды ма?Абай заманындағы күрделі саяси-әлеуметтік ахуал, жаңа Қазақстанның басынан толықтай тәркі етілді ме?

Әрине, Абай заманынан бері, қазақ елі өте үлкен ғаламдық өзгерістерді басынан өткерді. Патшалық Ресей билігінен кейін, Кеңестер Одағы тұсы халқымыз үшін тәлкекті, нәубетті болса да, ауыртпалықтарды қайыспай көтере білген ел дамудың даңғыл жолына бет алған кезеңдер болды. Қазақ жері формацияларды алмастырды, индустриализацияны, ғылыми-техникалық прогрессті,  ғылым мен білімді игерді,   кешегі заманнан елдің тұрмыс-тіршілігі мен санасы елеулі өзгерді. Тәуелсіздігін алған қазақ елі жаһандық ықпалдасу көшінен кейін қалмай, шекарасы айқын, әлемнің барлық елдерімен терезесі тең қарым-қатынас орнатқан, өз алдына серпінді мақсаттар қойған, даму сатысынына жаңа белесіне қадам басқан мызғымас ел. Алайда, Абай шығармашылығына өзек болған мәселелер олар – мәңгілік тақырыптар. Жан мен тәнмен жаратылған адам баласының рухани өмірінде мәңгілік болатын діңгекті мәселелер. Материалдық, техникалық тұрғыдан адамзат қоғамы қаншалықты дамып, өмір сүру тым қолайлы әрі жеңіл, ыңғайлы болғанымен, адамның жан мен тәннің қосындысы екендігі, оның санасы, ақыл-ойы,  ішкі жан дүниесі, руханияты мен ділі қатпарлы болатындығы белгілі.   Абай заманынан бері, адамзат ақыл ойы, әсіресе, әлемнің дамыған, бәсекеге қабілетті елдерінде жаңа деңгейге көтерілді. Ол елдерде дамыған азаматтық қоғам мен құқықтық сана, құқықтық мәдениет адам баласының бақытты өмір сүруіне мол мүмкіндіктер беруде. Қазақ қоғамы – адами қасиеттер, менталдық, руханияттық тұрғыда қаншалықты ілгері дами алды? Абай шығармашылығына арқау болған – жалған құндылықтар, жалған намыс, надандық ұяты, қызыл сөз, өсек, өтірік, мақтаншақтық, аярлық, күншілдік, надандық қасиеттерден толық арыла алдық па? Абай сынды ұлы қаламгерлердің ойларының құдіреті әрбір жеке адамның жеке қасиеттерін қозғаумен қатар, тұтас бір ұлттың, мемлекеттің адамгершілік келбетін таразылайды, тіпті ол шеңберден де шығып, тұтас адамзат баласының адамдық қасиеттерінің сапасын анықтайды. Ақынның этикалық мөлшерлерінің адамзат баласына ортақ мәңгілік құндылықтарға негізделгендігі себебінен  оның көтерген мәселелері қазақ баласы үшін ғана емес, барлық адамзат баласы үшін өте өзекті болып қала бермек.

Абай өз шығармаларында рухани жұтаңдықты, білімсіздікті, көкірек көзінің мөрлілігін, надандықты, имансыздықты, тоғышарлықты, енжарлықты,  жалқаулықты, сөзуарлықты, екіжүзділікті, күншілдікті, мақтанқұмарлықты, мақтансүйгіштікті, дүниеқоңыздықты, мансапқорлықты, көрсеқызарлықты, менмендікті, мақтаншақтықты, еңбексіздікті, әділетсіздікті, сатқындықты және т.б. қай замандарда болмасын адам бойында болатын моральдық-этикалық қасиеттерді  сөз ете отырып, адам баласының бойындағы қасиеттерін жақсартуға, жетілдіруге, толықтыруға, жаман қасиеттері болса солармен күресуге, оларды ауыздықтауға талаптануы керектігін түсіндіріп, ғасырлар бойына адамзат баласының ақыл-ойында ұшталып келе жатқан, діни-пәлсафалық, моральдық-этикалық, интеллектуалдық, адамгершілік тұжырымдамасы – толық адам ілімін адамзат қоғамына мұра етіп қалдырды. Абай аңсаған Толық адам – идеалды адам ба? Өмірде толық адам болып өмір сүру мүмкін бе? Абайдың толық адамы тек діни-моральдық бағдарлы ғана адам ба?

Абай шығармаларының құндылығын тек қана діни құндылықтарға алып келіп тіреп қоюға болмайды. Абай дін тақырыбында өте терең білімді ғұлама болғанымен, әсіре діншіл, не діндәр емес. Ол туралы Абай өз қара сөздері мен өлеңдерінде анық айтып кеткен. Ал отарлау езгісіне түсіп, рухани-этикалық тұрғыдан ұсақталып бара жатқан халқына, тура жол мен тура дінді нұсқау барысында ғибратты діннің ілімін түсіндіріп, тәрбиелік, танымдық мақсатта көптеген ойларын қалдырған. Ол тұста дүмше молдалық пен дүмше діншілдіктің кең қанат жайған тұсы болғандықтан, асыл діннің маңызын түсінген ақын, халықты клерекализмнен, соқыр діннен, соқыр діни санадан сақтандырып, діни қажеттілікте де мол оқу мен ізденіс керектігін халықтың санасына сіңдірген. Жалпы адам өмірінің, адамзат тіршілігінің мәнін дінсіз таразылау қандай мәнсіз болса, адамзат өмірінің құндылығын тек дінмен ғана түсіндіру, дінмен ғана шектеу сондай мәнсіз. Дана Абай ұлыларға ғана тән тереңдікпен, діни таным мен қоғамдық сананы, ғылымды, жалпыадамзаттық мәңгілік құндылықтарды сабақтастырып, адамзаттық ілімді, «Адам бол» қағидатын ұстанып, сол ілімді барша адамзатқа үндейді.

Абай шығармалары қазіргі таңда адамзат қоғамының дертіне айналған ұлтшылдық, ксенофобия, нәсілшілдік, фашизм, діни антагонизм, клерекализм мәселелеріне түбегейлі қарама-қайшы. Басқаша айтқанда, бүгінгі күні жаһандық мәселелерге айналған ұлтшылдық, ксенофобия, нәсілшілдік, діни антагонизм, радикализм мен фанатизм,  клерекализмнің емі, айықтырар жолы Абай шығармаларында жатыр.

Абай шығармашылығына арқау болған құндылықтар қай қоғамда үстемдік етіп, салтанат құрса, сол елдер барлық көрсеткіштер бойынша жақсы өмір сүруде. Абай ілімі құндылықтары аяқ асты болып, екіжүзділік, аярлық салтанат құрған қоғамдар шырғалаңға қадам басып, іріп-шіру сатысында тұр. 

Ақынның жиырма бірінші қара сөзінде айтылатын – мақтан деген қасиет бар. Қазақ халқының бойындағы мақтан сезімі туралы Абайдың айтқандары бүгінгі күні жаңа сатыға көтеріліп, мемлекетіміздің стратегиялық бет-пердесіне айналды. Жауырды жаба тоқу, кілең жылт еткен жақсыны ғана термелеу, «айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады» дегендей түймедейді түйедей етіп жарияға жар салу, қоғам үшін істелуі керек қажетті дүниелерді  қоғам игілігі, азаматтардың бақытты өмір сүруі үшін емес, ұпай жинау, мансап,  көрініп қалу, жағыну, елді алдау үшін істейтін даңғаза деңгейіне жеткізу белең алып кеткені жасырын емес.  Елбасының көтеріп отырған дамыған 30 елдің қатарына ену, бәсекеге қабілетті мемлекеттермен теңесу сынды бастамалары нақты іс пен көрсеткіш, нәтиже емес құр сөзбұйдаға салыну, көзбояушылық болып бара жатыр. Лепірме сөз, лепірме ұрандар, ішкі мазмұн мен сапаға үңілмей дақпыртқа үйірсектеу, жалғандыққа алып келіп, мақтанудың ұлттық дертке айналғандығы көрініп тұр. Әрине, Тәуелсіз еліміздің жеткен жетістіктері аз емес, оны ешкім жоққа шығармайды, жоққа шығаруға тырысу ол нағыз қиянатшылық, дегенмен әсіре мақтанға жол бермеуге тырысу қажет. Қазақстан мемлекетінің экономикалық көрсеткіштері, оның ішінде ішкі жалпы өнім пайызы еселеп арттып, отандық өнімдер молынан өндіріліп, елімізде ғана емес экспортқа шығарылғанда, ел ішінде кең қанат жайған өзін өзі өлтіру, қылмыс, түсік жасау, тастанды бала, қарттар үйі, жұмыссыздық, баспанасыздық мәселелері шешіліп, сыбайлас жемқорлық ауыздықталғанда (әлем бойынша жемқорлықты қабылдау факторы бойынша Қазақстан 126-орында), сөз бостандығы көрсеткішінен әлемдегі 166-орыннан алғашқы отыздыққа кіргенде елдің өркендеуі туралы сөз етуге болады. Мақтаннан мақтанқұмарлық, мақтансүйгіштік пайда болып, ол асқынған кезде мақтаншақтық қасиетке ұласады.

Дана Абайдың ұлылығы сол – жеке адамға қатысты өте нәзік, шетін қасиеттерді талдай отырып, ұлттық мінезден де осы қасиеттердің көрініс алатындығын аңғартады. Қырық төртінші қара сөзінде «адам баласы я талапты, я талапсыз болсын, әйтеуір «бәрекелдіні» керек қылмайтұғыны болмайды. Әрнешік, орынсыз ба, орынды ма, «бәрекелді» деушіні көңіл іздеп тұрады» деп адам баласының әлсіз тұсының тамырын дөп басады. Осындай «бәрекелді» тілегіштік біздің елде мемлекеттік сипат алды. Мемлекеттік телеарналар мен баспасөзде тек «бәрекелді» тілегіштік сарын, «бәрекелді» тілегіштік саясат. Қазақ қоғамында мәселе, не шешілмеген түйін жоқ па деген ой тудыруы да мүмкін. Әлемнің дамыған 30 елінің ұстанымдары қалай? Адамдық сапа-қасиеттерді мейлінше сараптан өткізген бұл дамыған елдерде мақтан мен «бәрекелді» тілегіштік саясат әбден екшеуден, талқыдан, тараздан өткен сыңайлы. Ол елдер жүргізіліп отырған саясаттың жемістілігін – БАҚ-та айтылып, жазылған бойынша не Үкіметтің есебінен емес, азаматтардың тұрмыс-тіршілігінің көрсеткішінен есептейді.

Қазіргі жаһанданған қоғамда құндылықтар, өркениеттер, саналар қақтығысы орын алуда. Бір конфессияның екінші бір конфессиямен шиеленісі тым күшейіп отыр. Еуропа құндылықтары үшін қатардағы іс, өзге елдер үшін кешірілмес күнә, барып тұрған азғындық. Ондай әрекеттері үшін ортағасырлық жазалау әдістері дайын тұр. Діни құндылықтарды адами құндылықтан жоғары қою, асыл дінді дұрыс түсінбеу, түсіндірмеу түрлі қасіреттерге алып келуде. Кертартпа, соқыр, жалған, таптаурын сенім, намыс адамзат қоғамын жалпыадамзаттық құндылықтардан алыстатуда.

Абай отыз алтыншы сөзінде «надандықтың ұяты» деген қасиетті айтады. Ұялмайтын нәрсеге ұялатын, ұялатын нәрседен ұялмайтын тоғышар санадан, ергежейлі рухтан, таяз парасаттан, соқыр надандықтан, парықсыздықтан, ардың ластығынан туыындайтын  әрекет.  Абайдың «Надандықтың ұяты» ұғымы – ақын өмір сүргеннен бері  екі ғасырға жуық уақыт өтсе де, адамзат сана, таным, парасат тұрғысынан жаңғыра алмай отырғандығын көрсетеді. Сол сияқты қазақ қоғамына да менталдық, рухани, парасат тұрғысынан жаңаратын, ескіліктің шеңберінен шығып, жаңаға ұмтылатын, құндылықтар дүниесінде ревизия жасап, дақпырт пен даңғазаға, кертартпалық пен соқыр нанымға, таптаурынға, екіжүзділік пен аярлыққа,  жалған намыс пен мақтанға толы рухани, адамгершілік келбетімізді жақсартуға, адам құқықтары мен бақытын дәріптейтін жалпыадамзаттық құндылыққа ұмтылатын кезең келді.

Адам құны мен құқығы кеміген, арзаңдаған, аяқ асты болған қоғамда – адам ешқашан бақытты болмайды. Адам құны мен құқығы жоғары қоғамда ғана адам өзің толық бақытты сезінеді.

Отыз төртінші сөзінде : «Адам баласына адам баласының бәрі - дос» деген хакім Абай өлеңдерінде «Адамзаттың бәрің сүй – бауырым деп» жырлап, ұлтқа, дінге, нәсілге, әлеуметтік жікке, жынысқа бөлмей баршаға махаббат сезімде болуды үндеуі, қазіргі адамзат қоғамының басты ұранына айналуы тиіс. Мынау бізге жат, мынау бізге теріс, мынау мүлде болмайды, мынау өзге діннен, мынау өзге ұлттан деп адам мен қоғам түрлі шектеу, тыйым, наразылық, жиіркеніш, жеккөрушілікті өршіткенде ешқашан келісім мен татулық болмайды. Адамзат қоғамы Абай сынды ұлылардың парасаты арқасында ұлық, биік. Әлем ұлыларының асыл ойлары адам баласын бақытты өмір сүруге шақырып отырады. Адамзат баласының бақыты ол – шектеу мен тыйымдардан ада,  жаны мен тәнінің үйлесімі, жан қалауын жүзеге асыра білу мүмкіндігі, адам құқықтарының салтанат құруы.

Жаһандану үдерістері, қала қалама, космополитизм - ұлтсыздандыру дәнін себеді. Оған тележәшік пен интернет арқылы ағылған теріс пиғылды ақпарат майданын қосыңыз. Содан ба, санадан азғындап, нигилизм (барды жоққа шығару) дертіне шалдыққан және сәләфтік діни идеологияға шырмалған ұрпағымыз баршылық. Тере берсек, қатерлі құбылыстар шыға бермек. Күллісіне қарсы қояр Тәңірі бізге берген қалқан да һәм буырқанған рух теңізінде бағыт сілтейтін темірқазық та - ұлы Абайдың мұрасы! Онда айтылмаған сөз, ашылмаған руханият сыры, сірә да, қалған жоқ. Төменде Тәңіріге, дінге, иман мен тағатқа қатысты кемеңгердің асыл ой-танымдарын азды-көпті сарапқа салып, көпке жеткізсек деген ниеттеміз. Бойына Алла тағаланың нәрі, қуаты құйылғанын түйсінген, сәйкесінше Тәңіріге махаббат қылған ерен ғұлама ай асты әлемде санаулы делінеді, міне, қазақтың Абайы – сол қатардан. Ұстазы әспеттелген өлең шумағында Көкбай ақынның «әулие хакім» теңеуін қолдануы тегіннен тегін емес, алыс-жақын қазаққа Абай көзі тірісінде-ақ көреген әулие ретінде танылған. Кез келген өзге теңеу Абайға олқы соғады, әсте. Себебі, ол мінсіз сөздің иесі. 38-сөзінде: «Құдай тағаланың затына пендесінің ақылы жетпесе, дәл сондай ғашықпын демек те орынсыз. ...Алла тағаланың пендесін махаббат уә мархаматпенен жаратқанын біліп, махаббатына махаббатпен елжіремекті Құдайға ғашық болды дейміз. Олай болғанда хикмет құдаға, пенде өз ақылы жетерлік шамасында білсем деген әрбір істің себебін іздеушілерге хакім деп ат қойған» десе, бұл ойшыл өзі сезінген, көзі жеткен ақиқат екені сөзсіз. Әулие хакім Абайдың Құдайға ғашық болуының куәсі әрі діни-теологиялық көзқарастары тоғысқан басты мұра - 38-қарасөз болып табылады. Біреу біледі, біреу білмейді, қазіргі «38-қарасөз» деп жүргеніміз шындығы 1899-1902 жж. дүниеге келген теологиялық трактат, оған Абайдың өзі қойған төл аты - «Ғақлиат-тасдиқат» (Мүрсейіт көшірмесінде қысқа түрде «Тасдиқ» делінген) еді. Аталмыш даналық шығарма қазіргі «38-қара сөз» деген бүркеншік атауды 1933 жылы алды. Қайтіп? Оған себепкер қылышынан қан тамған қызыл идеология. Дін исі аңқыған трактатты тасқа басу жалаң аяқ шоқ басумен бір еді. Әйтсе де, ғұлама Мұхтар Омарханұлы Әуезов «Тасдиқты» өзге ғақлиялар арасына тықпалап жариялап-ақ жіберді. Дана Абай ақыл-ойын сарқа жұмсаған ғажайып туынды осылайша бүгінгі күнге аман жетті. Бірақ сол үшін күллі қарасөздердің рет саны өзгертілді. Енді қарасөздердің Абайдың өзі қойған рет санын қалпына келтіру күн тәртібінде тұр. Сол сияқты 38-қарасөзге ғылыми түсініктер беру, төл атымен атау және оның жазылған кезеңін түзету тәрізді шаралар тездетіп қолға алу керектігі сөзсіз. Неге десеңіз, Абайдың бұл шығармасы қазақ ақыл-ойының шыңы, күллі әлемге үлгі әрі жалпыадамзаттың игілігіне жарамды брендіміз. Онда әлемдік руханият түйткілдерінің түгел дерлік шешуі бар. Айырықша құнды шығарма - 38-қарасөзде (ескіше кітап «Тасдиқ») орын алған даналық танымдарға келейік. Олар Алла тағала болмысын танып-білуден (тағрифлеу) бастау алады. Жаратушы Құдірет Өзінің бір, бар екенін адам баласына заты және хикметі арқылы білдіреді. Бірақ Тәңірінің заты болжаусыз, адамның ақылына сыймайтын стихия. Яғни танымдық алаң шақ, тым шектеулі. Тәңірінің заты көмескі болған соң, әрине, Оны хикметі (ісі, жолы, заңы) арқылы танып-білу негізгі тәсіл. Ұлы Абайдың 38-сөз көлемінің үштен бірін Жаратушы хикметін танып-білуге арнауы содан. Абай Тәңірінің күллі әлемді екі хикметі арқылы меңгеретінін анықтап береді. Олар - махаббат пен әділет. Осыған Ғылым-Құдірет сипатын қосады. Себебі Құдай материалдық әлемді мінсіз етіп ғылым-құдірет сипатымен жаратқан ғой. «Біз Жаратушы (Өзін) емес, жаратқан көлеңкесіне қарай білетұғын пендеміз». Бұл арада «жаратқан көлеңкесі» - заттық әлем. Оны ғылымсыз танып-білу мүмкін бе? Әрине, жоқ. Сонымен, құдайшылық, мейлі, адамгершілік мұраттар тұрғысынан алсақ та, өзгермейтін үш негіз бар, олар - ғылым, махаббат, әділет. Осынау Тәңірінің үш хикметін анықтап беру - ұлы Абайдың әлемдік руханиятқа қосқан зор үлесі. Жаңағы жаһандық ой-парасат шыңында шамдай жарқыраған жаңалық идея. Әрі қарайғы әділетті адам, Құдай жолы, үш сүю сияқты ілімдерін негіздегенде Абай жаңағы үш хикметке үнемі қол артады. Әділінде, үшкілді Абай ашқан үйлесім формуласы деуге керек. Өйткені, бұл үштік өзара байланыстағы, бірін бірі өсіретін, толықтыратын категориялар. Ислам пәлсапасына сәйкес Тәңіріні танудың шарты - көңілде махаббат тұруы. Шын иман - Жаратушыға махаббат. Сол үшін сопылықты «махаббат діні» дейді. Тақуа әулиелер Тәңіріге ессіз-түссіз ғашық болды. «Ғашықтары сол хәлге жетті, дүниені, дүниедегі тиерлік пайдасын ұмытты. Бәлки хисапқа алмадилар», - дейді Абай. Гәп сонда, өзі де Жаратушы Иені «жаннан тәтті» сүйді. «Күні-түні ойымда бір-ақ Тәңірі, Өзіне құмар қылған Оның әмірі», - деп сыр ашады әулие ақын. Дей тұрса да Абай дүниені, дүниедегі тиерлік пайдасын ұмытқан емес. Берісі - «қалың елі, қазағы», әрісі – күллі адамзат қамы деп түн ұйқысын төрт бөлді. Абай ілімінде Алланы, адамзатты және әділетті сүюдің бір біріне шеттігі жоқ, үшеуі қосылып, иманның үш тірегі - иманигүл болып табылады. Тоқ етері, «үш сүю» Абайдың теология өрісінде ашқан тағы бір мәнді жаңалығы (Абай танымы мен суфизм ілімі арасының айырмасы деген мәселенің шешуі де осы арада).

Күллі руханияттың үш тірегі - ғылым, махаббат, әділет деген жаңалық идеяны тарқатуды сәл кейінге қалдыра тұрып, әзірге «Құдайдың пендесіне салған жолы қайсы?» деген даналық танымды қаузайық. Өйткені, бұл 38-ші қарасөзде Тәңіріні танумен жалғас келетін іргелі мәселе. Алланың болмысын жеріне жете зерттеп, тексеріп болған соң, адамның болмысына ауысқан ғой Абай. Шәкәрім: «...Ел деген бір жақта жатқан нәрсе емес, о да біз сықылды бір-бір адамнан құралған жандар. Әуелі бір адам өзінің түзелмегін білуі шарт» («Сарыарқа» газеті, 1917 ж. 22 тамыз), - деп жазды. Жалпы елдің, қоғамның түзелмегі әр адамның ниеті мен мінезіне тәуелді. Қалың елі қазағы азғындаған хәлді жан-жүрегімен сезінген Абай «Қайтсем екен!?» деп аһ ұрды. Пәле дүние, заманда емес, пенденің өз мінезінде деген байламға келеді.

Сонымен, Алланың пенделеріне салған жол қайсы? Бұл туралы қиын сырлы ізденістерді тәптештеуге мақала көлемі көтермейді. Күн-түн демей ізденіп ашқан теологиялық жаңалықтарын негізге ала отырып, трактат соңында данышпан былай деп қорытынды түйін түйеді: «Құдай тағаланың жолы деген жол ниһаятсыз (шектеусіз) болды. Бірақ сол жолға жүруді өзіне шарт қылып кім қадам басты, ол таза мұсылман, толық адам делінеді. Дүниеде түпкі мақсатың өз пайдаң болса, өзің ниһаятлысың, ол жол Құдайдың жолы емес» (38-сөзі). «Құдай (Хақ) жолы қайсы?» деген сұрақтың айқын жауабы осы. Хақ жолы – әділет дегеннің мәнісі - көпке пайдасы тиетін жақсылықтар (ғамалус-салих) жасауға саяды (Айтылмыш хақиқатты санаға шөктіру дүние, байлықты пір тұтқан қоғам үшін өзекті, әсіресе, бүгінгі зәулім үй соғып, қымбат көлік мініп дегендей тек өз қамын күйттеумен шапқылаған мықтыбайларға «Ойлан, шырақ!» дегің-ақ келеді). Абайдың Құранға жетіктігі, оның тәулиіне, түпкі мағынасына жету қабілеті таң қалдырады. «Әділет-шафғат кімде бар, Сол жарасар туғанға» деуі тек соның бірі ғана. Тәңіріге махаббаты шексіз Абайдың неліктен суфизмнен ірге ажыратқанын «хақ жолы - әділет», «ғұмыр өзі - хақиқат» деген қағидалары жөніменен түсінуге болады. Абайдың аңсағаны - қоғам дамуына ықпал етуші азамат. Ал, көпке, қоғамға пайдасыз құр масылдықты «харекетсіз - сопы монтаны» деп аулақ серпеді. Сөз басында прогресс жолынан қиыр шеттегі Шыңғыстау бөктерін мекендеген сахара данасының әлемдік теология іліміне қосқан үлесі орасан дегенбіз. Күмән-күдікті сейілту үшін Абайдың формуласы делінген үш категорияны (ғылым, махаббат, әділет) тереңірек қаузайық. Ғылым туралы Абай көп айтқан. «Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды» (10-сөз). «Ғылым – Алланың бір сипаты, ол хақиқат, оған ғашықтық өзі де хақлық һәм адамдық дүр» (38-сөз). «Ғылымның бір аты – ақыл» (сонда). Абайдың білуінше, ғылым (ақыл-ес) - Тәңіріні, өзін-өзі және дүниені танымақтық үшін Жаратушы дарытқан құрал. Олай болса, пенделеріне ол құралды қолданбау қисынға жата ма? Дін осы екен деп, ой-сананың бәрін тұмылдырықтап-тұмшалап тастау жөн бе? Ғылымсыз дін - өлі догмат, миды шірітетін схолостика. Білім алуға, ғылым мен техника өркендеуіне тұсау салғаны үшін схолостиканы Абай «бүкіл шығыстың сол заманға шейін кенже қалуына себеп болған кесел-кедергінің бірі деп танып, онымен бірде-бір адым баспайды. Аулақ серпеді» (М.Әуезов). Құран Кәрімде намаз, зікір туралы 77 аят болса, ал ғылым-білімге қатысты аят саны 770 жетуі көп жайды аңғартады. «Қытайға барсаң да, ғылым ізде», «Маған ғалымның сиясы – шахидтің қанынан артық» (хадис шариф). Ал, ойшыл ғұламалардың: «Ғылымды азық қыл!» деп қақсап айтқаны мәлім. Бақсақ, Абайдың «Сен де сүй Ол Алланы жаннан тәтті» деуінде ғылымды сүй деген де астар бар. Өйткені, ғылым, білімі таяз пенденің Аллаға шын ғашықтығы неғайбіл, тіпті мүмкін емес. Керісінше көкірек көзі ашық әрбір тақуа адам парасат иесі, рухани азықтың кеніші. Сонымен, ғылым - әлемді жаратушы ұлық сипат һәм қоғамды дамытушы құдірет деген Абай танымы еш күмән туғызбайды. Енді ғылыммен қолтықтасқан феномендер - махаббат, әділетке келейік. Абай: «..Неше мың түрлі діннің бәрі де ғаделет, махаббат Құдайға лайық деген» (45-сөз) дейді. Құдайдың әмір, заңдары көп. Солардың ең ұлығы - мейірім, әділет екенін Абай: «Бұлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ. Ол – жаратқан Тәңірінің ісі», - деуімен бекіткен. Махаббат пен әділет сезімдер бірінсіз бірі тұл, жартыкеш. Сол үшін Абай екі ұғымды қосақтап, «әділет-шапағат» деген бүгінгі қоғамдық санамыз үшін аса қажетті терминді айналымға енгізеді. Өйткені, шынайы (яғни иләһи, құдайылық) әділет пен әр пенде өзінше бағамдайтын әділет бір емес, алдыңғысы - мейірімнің, махаббаттың егізі. Мейірім жоқ жерде шын әділет те жоқ. «Әділет-шафғат» бүгінгі біздерге осы мағынаны ашып жеткізуші термин. Сенсеңіз, әділеттілік ұғымын тап Абайдай мейлінше мол зерттеп, ілім деңгейіне көтерген ғұлама бұрын-соңды болған емес. Ендігі айтылмай қалып бара жатқан Абайдың кемелденген адам (инсани камил) жайлы ілімі. 1898 жылдарға шекті поэзиясында «Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деуімен ұлы ақын ортағасырлық исламдық ілімнің «кәміл адам» (екінші түрде «толық адам») идеалын дәріптеп, паш еткені аян. Ал 1898 жылдан былайғы шығармашылығына көз тігіп, шұқшия тексергенде көзіміздің жеткені - Абай аталмыш идеалды едәуір жаңғыртып, айта қаларлық реформа жасаған. 38-сөзінде: «Бәлки ғадаләт барша ізгіліктің анасы дүр» деп ой бөлісе келе, кәміл адам орнына барша адамзатқа ортақ жаңаша бейне - «әділетті адам» идеалын ұсынады Абай. Алла тағала – Өзі әділет-шафғат иесі, олай болса, пендесінде әділет сезімді бар қылып жаратуы заңды. Осы ақиқатты қауымға жеткізу үшін «Құдай әділ адамдарды сүйеді», «Құдай иман келтірген және жақсылық жасағандарды сүйеді» деген аяттарға мұсылман жамағаты назарын аударып, тұп-тура осы аяттарға «Құран іші толы» дейді Абай. Дәлелге пайғамбарымыз (с.ғ.с.)-нің: «Кімде кімнің әділеті жоқ болса, оның иманы жоқ» деген хадис шарифін де келтіреді. Онан соң: «Ғадаләтті адамның көңіліне келеді» деп басталатын ұзын сөйлемінде бұл идеалдың ерекшелігін ұқтырады. Осымен, Абай ортағасырлық ілімдегі беті бүркеулі «ыстық қайрат» ұғымының (оны құр харекетшілдік деп түсіну әсте жеткіліксіз) шешуін берген дейміз. Ол шешім - «ыстық қайрат» деген адамның «әділ (немесе шыншыл) болу» қасиеті (Абайда әділет пен шындық кіндіктес, ажырағысыз терминдер). Сонымен, әулие Абайдың өзі түзген адамның үш қасиеті: әділет (ыстық қайрат), ғылым (нұрлы ақыл), мейірім (жылы жүрек). Кәне, бұл жаңалық па – жаңалық. Белгілі себептерден әулие хакім Абай сомдаған «әділетті адам» идеалы қағаберісте, керексіз болып келгенінің куәсіміз. Енді оны осы заманғы қоғам игілігіне жаратудың және әлемдік ой-сана кеңістігіне әйгілеп шығарудың уақыты жетіп отыр. Өздеріңіз де байқап отырсыздар, біз Абайдың даналық ілімдерін талдау барысында ана-мына жаңалық дегенді көп айттық. Себебі, 38-сөздің мазмұны ойшыл әлдебір қайнардан оқып тоқып, қайталанған дүниелер емес. Бұлай ойласаңыз, қатты қателесіз, қымбатты оқырман. Идеялардың күллісі әулие хакімнің төл теологиялық ізденістерінің нәтижесі, соның татымды жемістері. Әйгілі ғалым Ньютон ашқан механиканың үш заңы материалдық әлемді тануға қандай болса, рух әлемі үшін Абай формуласы тап сондай маңызды (он сегіз мың ғалам, оның ішінде адамзат қауымдастығының үйлесімі ғылым, мейірім, әділет үшкіліне тәуелді деген). Ұлы теолог Абай руханият кеңістігінде орындап шыққан миссия салмағын осыдан-ақ бағамдай беріңіз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!