Түсіндіру әдісі: «Дереккөз»
Дәптермен, оқулықпен жұмыс.
Өлең алдымен қазақтың кескінін
көз алдыңа алып кеп, кейін оның ішкі әлемі-мінезін аша бастайды.
Қазақ халқына айтылған терең ой жатыр. Халықтың надандығы мен
әкімсымақтарын сынайды. «Қазағым», «елім», «жұртым» дей отырып,
Абай халық басындағы мұңға қинала сөйлейді. Іске жоқ, жыртың-
жыртың мағынасыз күлкі, қу сөзді,
мылжың, бөспе, күндіз күлкі,
түнде ұйқы бұзу себебі
-өз малына өзі ие емес сорлы.
Қосымша мәлімет: Бұл өлең 1886
жылы жазылған. 30 жолдан тұрады.
Өлең мәтіні 1909, 1957 жылғы
жинақ және Мүрсейт қолжазбалары (1905, 1910) бойынша
алынды.
Теориясы «Түсіну». Абай
тілінің сөздігін жасау.
Тыртың-қолдан келмейтін
тыраштанған іс-әрекет
Қиқым- Бір нәрсенің майда,
ұсақ қалдығы
Ырық-өз қалауы,
еркі
Сиық-түр-тұрпат, көрік,
түр-сұрық
Қырт, қыртың-көп сөйлеу,
мылжың
Шырық- берекені алу,
мазалау

Практикасы
«Қолдану».
«Қалың елім, қазағым, қайран
жұртым» өлеңіндегі көркем эпитетті
табу
Қан ұрт, май ұрт, аузымен орақ
ору, бабасына би болған өңкей қиқым, тиянақсыз қылтың,
жыртың-жыртың күлкі.
Эпитет-зат-құбылыстың айрықша
сипатын, сапасын анықтайтын суретті
сөз.
Эпитет өмір суреттерін дәл
өрнектеуге қызмет етеді.
(З. Қабдолов, Сөз өнері
Алматы, «Мектеп»,1976,224б.)
Теориясы
«Талдау».
Оқушыларға өлең құрылысындағы
Абай өрнегін тапқызу
1. Әр тармақтағы буын саны -
11-12
2. Әр тармақтағы бунақ саны -
3
3. Шумақтағы тармақ саны -
өлең тармаққа бөлінбеген, жыр
үлгісінде
жазылған
4. Өлеңдегі тармақ саны -
30
5. Ұйқасы- аралас ұйқас
ААВА
6. Анықтамасы - Тармақтары
11-12 буыннан, 3бунақтан, 30 тармақтан тұратын аралас ұйқаспен
жазылған өлең.

|