
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Абай Құнанбаев шығармаларындағы құндылықтарды 3D Coral графикада бейнелеудің ерекшеліктері»
Алматы облысы білім басқармасыың Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Жаңашаруа орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
«Абай Құнанбаев шығармаларындағы құндылықтарды 3D Coral графикада бейнелеудің ерекшеліктері»
Құрастырған: Курманжанова назира Улдахановна
Жаңашаруа ауылы - 2024
«Абай Құнанбаев шығармаларындағы құндылықтарды 3D Coral графикада бейнелеудің ерекшеліктері» әдістемелік құрал. Автор-құрастырушы: Куриманжанова Н.У. «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жаңашаруа орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі , Жаңашаруа, 2024– 19 бет
Әдістемелік құралдың мазмұнының негізгі жалпы білім берудің мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сәйкес жасалған. Бұл әдістемелік құрал оқушылардың терең білімді игеруіне, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және Абай Құнанбаевтың әдеби мұрасына деген құрметін арттыруға зор мүмкіндік береді.
Әдістемелік құрал «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жаңашаруа орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 30 қазан №2 хаттамалық шешіміне сәйкес ұсынылған.
«Абай Құнанбаев шығармаларындағы құндылықтарды 3D Coral графикада бейнелеудің ерекшеліктері» тақырыбындағы ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
Мазмұны
І Кіріспе:_________________________________________________4 бет
ІІ Негізгі бөлім
2.1.Абай феномені мұрасының қазіргі қоғамдағы келбеті__________5 бет
2.2 Абайдың жас ұрпаққа қалдырған пәлсапалық құндылығы______ 10бет
2.2. Ақыл-ой тәрбиесіндегі Абайдың көзкарасы, қарасөздерінің тәрбиелік мәнін 3D Coral графикада бейнелеу____________________________ 12бет
ІІІ Қорытынды ____________________________________________18 бет
ІҮ Пайдаланған әдебиеттер__________________________________ 19 бет
Кіріспе
Абай әлемдік тұлға. Сол биіктен табылған Абай есімі адамзат ойының аса көрнекті алыптарының қатарында бүкіл әлемге әйгілі болды. Ол қазақ халқының мұң-мұқтажын, мәдинетін, қоғамдық-философиялық ойларын, көркемдік ізденістерін жана сапаға көтерді.
Ол қазақ халқының тарихи көшін ілгері бастаушы, ой-өріс пікірлерінің шеңберін кеңейтуші ретінде ұлттық болмысымызға дара біткен жарық жұлдыз.
Абай шығармаларына зер салсақ, оның үнемі елдің алға жылжуына, өсіп- өнуіне шын ниетімен тілеулес болғанын, оның шығармаларындағы айтылған идеяларды қазіргі таңда барынша дәріптеу керек екендігін айтуга болады.
Абай шығармалары қоғамның ілгерлеуімен негізгі білім мен ғылымда екендігін дәлелдеп нақты айтады.
Абай шығармаларын құндылықтарынның мән-мағынасын ашу өзекті. Тіпті бұрынғыданда зор маңызға ие болып отыр. Себебі 21 ғасырдағы ғылымның мақсаты биікке ұмтылу, алысқа құлаш ұшу сермеу, екендігін көрсетіп отыр.
Ал біздің міндетіміз Абай шығармаларындағы құндылықтарын мән-мағынасын ашу, ұсыну және оны оқу өмірге жарату, ой түйу.
Қазір барлық білім саласында Абайды оқыту, дәріптеу шаралары жүру үстінде.
Бірақта әлі де болса кітапты ақтарып, Абайдың шығармаларын зерттеп окып, майын ішіп жатқан оқушы кемде-кем. Осы Абай мұрасын тек оқып қана қоймау керек. Себебі оны зерттеп, түсініп, өзіміз соны талдау тәжірбиесін құру мақсаты тұр алдымызда.
Осы мақсат міндетті іске асыру барысында, Абайдың шығармаларын оқытуда мен 3 д корал графикаға Абай шығармашылығында дана сөздерге талдау жасап, соларға графикалық кейіпкерді сомдау үлгісін жасап, әрбір даналық сөздеріне талдау жасай отырып, қасымдағы оқушыларға тәжірбиелік шығармашылық тапсырмаларын ұсындым.
Ғылыми жобаның өзектілігі: Абай атамыздың 175 жыл толуына орай, Абай әлемінің жаңғыруы қазіргі қоғам үшін құндылығын қайта ақтару міндеті Абай шыгармаларының мағынасын ашу, және шығармаларының құндылықтарын түсіну мен ұсыну жобаның өзектілігі болып табылады.
Әдістемелік құралдың мақсаты: Абай шығармаларының философиялық мәнін окуда 3 D Coral графикада мағынасын ашып құру.
Міндеттері:
* Квенистік тұрғыдан Абай шығармаларындағы терең мән мағынаны зерттеу;
* Абай мұрасының феномендік құндылығын дәлелдеу;
ІІ Негізгі бөлім
1.1.Абай феномені мұрасының қазіргі қоғамдағы келбеті
"Абай дария, мен одан шөмішпен қалқып алдым". Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтің осылай айтуы тегін емес. Абайдың осындай баға жетпес мұрасының оқу-тәрбие жұмысындағы маңызы өте зор. Өреміз жетіп, ұлтымыздың жас ұрпағын уақыт талабына сай ақылмен, білімпаздықпен, жаңаша таныммен, оқыту-тәрбиелеу ісіне Абай тағылымын пайдалансақ, ақ жол адастырмас.
Біз осы күнге дейін Абайды ақын, ұлы ойшыл ретінде таныдық. Абайтану негізін калаған М.Әуезов бастап галымдарымыз Абайдың ғылыми мұраларын талдап, екшеп, таразылап ой-тұжырымдарын жасады. Бұл-біз үшін үлкен қазына, байлық. Ғалымдар гылыми тұрғыдан таразыласа, біз соны ұрпақ бойына сіңіру жолын іздестіреміз.
Абай оқыту теориясының ішкі сырларын терең де, жан-жақты білген. Ұсынған дидактикалық пікірлерінің бүгінгі педагогикамен үндесе қабысып жатқандығын мактанышпен айта аламыз. Өйткені білім алудың, адам болудың жолын жалпылама айтумен ғана шектелмеген. Қайта, калай оқу, толық адам болу, оқығанды қалай меңгеру, ал меңгергенді қалай жүзеге асыру керек екендігі жөнінде ұсынған ойлары педагогикалық тұрғыдан өте байыпты. Абай білімді меңгеру мен толық адам болудың әдістемелік амалдарын даналықпен дәл нұсқап, оның педагогикалық, психологиялық негіздерін терең аша білген. "Мен - дейді Абай егер закон қуаты колымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайдыдеген кісінің тілін кесер едім". Демек, адам мінезін өзгертуге болатындығына көзі жетіп, замандастарына зығырданы қайнап, Абайдың зілдене айтқан бұл сөзіндегі терең мағына мінез өзгертсе, адамның жан дүниесі де өзгеретіндігінде. Бұл жағынан келгенде бүгінгі психолог-педагог ғалымдармен Абайдың ой-түсінігі іштей тұстасып жатқандығы қайран қалдырады. Ақыл-ой білімін игерудегі сатылық теориясын қолдайтын, әлемдік беделге ие болган поляктың көрнекті педагог ғалымы Винценты Оконь былай деп жазады: "изменяя поведение человека, можно изменить его психику". Міне Абай атамыз адам болу үшін, терең білім алу үшін барлық адам бойындағы жаман мінезді де басқа да кеселді қылықтарды де өзгертуге болатынын айтады. Абайдың өзі айтқандай, бала оқуға өз еркімен емес, оқудың пайдасын түсінген кезде гана білімге деген құштарлығын, қызығушылығын арттырады. Олай болса, баланың бойындағы барлық қасиеттерді ояту, адами құндылықтарды меңгерту өз қолымызда екенін ескертеді. Абай өз қарасөздерінде білім алудың тиімді жолдары мен толық адам болудың қағидаларын өмірмен байланыстыра отырып, өз басынан өткен небір қиындықтармен ұштастыра келе бүгінгі ұрпаққа өсиет ретінде қалдырады.
Абай бірінші қарасөзінде "Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен кара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, акыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысы жок",- демей ме. Ғылым жолына түсіп, ақындықты мұрат еткен Абайды сонда толғандырған не екен десек "Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман", "Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек" болыпты. Ұйқысын сергітіп, арманын ұлғайтқан қалың елі қазағымның тағдыры екен. Халқын шексіз сүйе отырып заманының "шайтан өрнек тауып бұзылғанын", "терін сатпай, телміріп көзін саткан" замандастарының бишаралығына күйіне отырып, замандастарына жақсы мен жаманның, алыс пен жақынның нарқын ажыратып беріп, заманды, оның адамын түзетудің жолын көрсетеді. Ол адал еңбек етіп, ғылым тану, адам болып сөзді ұғу, ел бірлігі, достық, махаббат, өнерді сүю, "толық адам болу", адамзатты сүю, жаратылысты, жаратушыны тануға ұмтылу жолдары.
Абай қарасөздері-философиялық көзқарастары жайлы нақты деректер береді және ақынның шығармашылық зертханасын ашады.
Абайдың 1890-1898 жылдары жазған бір алуан шығармалары қарасөздері. Жалпы саны-45. Қарасөздері алғаш рет Семей қаласында 1948 жылы "Абай" журналында жарык көрді. Абай карасөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.
Қарасөздерінің негізгі тақырыптары:
1) керегін тапса, ел алсын; 2) өз мініңді көре біл; 3) қанағатсыздық; 4) өмірдің
мағынасын түсіне бермейді; 5) мал туралы мақалдарды сынайды; 6) малға бірлік емес, іске бірлік керек; 7) жан азығы мен тән азығы; 8) байлық кө тұндырады; 9) табылады; 11) біріңді қазақ, біріңді дос көрмесең, істің бәрі бос; 12) иман, ұят; 13) иман-дәстүрлі сенім; 14) жүрек-қайраттылық; 15) өз ісіңе есеп бер; 16) жеңіл ойлау; 17) қайрат, акыл, жүрек; 18) адам баласы ақыл, ғылым, ар, мінезімен артык; 19) адам естіп, көріп, ұстап, танып, біліп есті болады; 20) дүние дұрыс жолды ұқтыру мүмкін емес; 10) жақсылық жасасаң, құран оқыр адам бірқалыпты тұрмайды; 21) мақтаншақ (десін дейді, демесін демейді); 22) жаман мінез; 23) салғырттық; 24) көре алмаушылык; 25) оқу, білімнің пайдасы; бәрі де өзіне байланысты (бай, кедей болуы); 29) макалдарды сынайды (атың шықпаса, жер өрте); 30) мақтаншақтық (ұялмас бетке талмас жақ береді); 31) естігенді ұмытпастыққа төрт нәрсе бар; 32) мінез салты; 33) мал керек болса, қолөнер үйренбек керек; 34) екі дүниенің рахаты, адалдық туралы; 35) имандылық; 36) имандылық; 37) афоризм; 38) әрбір ғалым хакім емес, әрбір екен? 41) қазақты билеу үшін қолында билігі бар кісі немесе бай кісі керек; 42) 26) надандық; 27) Сократ пен Аристотель (жаратушы құдіретін түсіндіреді); 28) хакім ғалым; 39) екі касиетімізді жоғалта бастадык, бірі сөз тыңдау, екіншісі-намыскойлық; 40) қазақтың шын сөзге ермей, өтірікке сүттей ұйыйтыны несі жалкаулык; 43) жүректің айнасы бұзылса, күңгірт көрсетеді; 44) талапсыздық; 45) махаббат сезімі адамшылдықтың алды;
Карасөздердің 6-7 түрі көлемі қысқа, аз болып келеді. Олар: 16,18,19,20,24,31,45. Барлығы жетеу. Ерекшелігімен көзге түсетін қарасөз отыз жетінші.
Афоризмдер. Акыл, кайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек.
Жаман дос көлеңке, басыңды күн шалса қашып құталы алмайсың, басыңды бұлт шалса іздеп таба алмайсың.
Сократтан алынған үзінді (27-сөзде) ерекшеленеді. 38-сөз "гаклият-тасдихат". 46-сөз тарихи очерк. Мұнда қазақ халқының пайда болуы туралы айтылады.
Сонымен, ерекше көзге түсетін қарасөздер саны-11. 1-сөзде акын мақсатын айтады. 2-сөзде халықтарды салыстырады. 3-сөзде билеуші тапты сынайды. 4- сөзде күлкі әшкереленіп, "ызалы күлкі өзі де қайғы" деп қорытынды жасайды.
5-сөзде және 29-сөзде 6,8,9,10,14,23,26,29,33,39,40,41,43 әшкереленіп, білім насихатталады. қазақтың мақал-мәтелдері сыналады. сөздерде ел мінезі сыналып, надандық
Абайдың "Жиырма сегізінші сөзінде" халықты имандылыққа, ақылды, тоқтатуға,біреуге қиянат жасамауға шақырады. Күндестіктен аулақ бол, еңбек ет, ғылым үйрен, бәрі де өзіңе байланысты деп түсіндіреді. "Жоқ, сен жақсылық, жамандықты жаратқан құдай, бірақ қалдырған құдай емес; ауруды жаратқан құдай, ауыртқан құдай емес, байлықты, кедейлікті жаратқан құдай, бай қылған, кедей кылған құдай емес деп нанып ұқсаң болар, әйтпесе, жок,"-деген үзіндіден түсінеміз.
Абайдың қарасөздері тақырып жағынан ақынның өлеңдерімен астасып жатады.
Алайда әңгіме сұхбат жанрының өзінің ерекшелігін толық пайдаланыпғ Абай адал еңбек ету, егін салу, саудамен айналысу, өнер үйрену, білім-ғылымды игеру, қоғамдағы әр түрлі топтардың қылып жүрген харекеті, мінез-құлқы, адамгершілік, имандылық секілді бірталай мәселелерді қара сөздерінде кеңінен толғайды, үлкен көрегендікпен көптеген құнды пікірлер түйеді.
Абайдың "Он жетінші қарасөзі" болашақ ұрпақ жүрегіне адамгершілік касиеттерді сіңіруді ойлайды.
Ақыл: -Дүние мен ахиреттегі пайда мен залалды ілетұғын мен, Менсіз... залалдан қаша алмайды, ғылымды үйрене алмайды.
Қайрат: Ерінбей, жалыкпай үйрену-менің ісім. Адасқан жолға бара жаткан бойда қайта жиғызып алатұғын мен.
Жүрек: Адам денесінің патшасымын, менсіз тіршілік жоқ. Ұят, рақым мен мейірім, әділет, нысап менен тарайды.
Ғылым: Ей, кайрат! Қаттылығың да мол, пайдаң да мол, залалың да мол.
Кейде жаксылыкты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман. Адалдық пен ізгілік тек жүректің гана ұстанатын жолы. Адам үшін ең кажеттісі жүрек қалауы. Осы үшеуің басыңды қос. Осы үшеуі тең табылған кісі қасиетті адам. Абайдың бұл таластыруынан қасиетті адам мынадай болады: еңбексүйгіш, парасатты, жүрегі нұрлы, мейірімді, терең білімді, еліне адал кызмет етуші, ақылды, қайратты да қажырлы. Абай болашақ ұрпақтың бойынан осындай жақсы қасиеттерді көргісі келеді. Сол ұрпақ қана болашағының кірпіші болатынына сенеді.
"Он тоғызыншы", "Жетінші", "Отыз бірінші" сөздерінде Абай өзінің ілім-білім, оны игеру жөніндегі ой-пікірлерін ортаға салады. Өзінің "Жетінші" сөзінде жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі-ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар тәннің құмары... Біреуі-білсем екен демелік. Не корсем соган
талпынып құлағы естіген, көзі көргеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі-жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.
Адамның қайткенде білімді болатындығының жолын көрсетуге ақын "Он тоғызыншы сөзін" арнаған.
Ілім білімге ұмтылуға бөгет жасайтын надандық, мақтаншақтық мінездерді шешуге "Алтыншы", "Сегізінші", "Он бірінші" сөздері арналады.
Абайдың кейбір қарасөздері қазақтың мақал-мәтелдерін талдауға, олардың мәнін ашуға арналады. "Бесінші", "Жиырма тоғызыншы" сөздерінде ақын қазақтың мақал-мәтелдерінің ішіндегі оң-теріс дегендерінің, жақсылыққа емес, жамандыққа тәрбиелейтіндердің астарлы сырын сынға алады.
"Отыз төртінші сөзінде" қазақ мұсылмандыкка бой бермейді, өтірік сөйлейді. Сондай-ақ адам баласы бір-біріне қонақ, бірінсіз бірінің күні жоқ, сондықтан бір- біріне зияндық ойламасын дейді.
"Біріне-бірің қонақ екенсің, өзің дүниеге қонақ екенсің, біреудің білгендігіне білместігін таластырып, біреудің бағына, малына күндестік қылып көз алартыспақ па?
Тілеуді құдайдан тілемей, пендеден тілеп, өз бетімен еңбегіңді жандыр демей, пәленшенікін әпер демек ол құдайға айтарлық сөз бе? Құдай біреу үшін біреуге жәбір қылуына не лайығы бар? "
"Отыз сегізінші сөзінде" ақын адам баласына оның мінездері туралы өз пікірін, ақылын айтады. Оны төмендегі үзіндіден толық аңғарамыз.
" Күллі адам баласын кор қылатын үш нәрсе бар. Содан қашпақ керек. Әуелі- надандық, екінші еріншектік, үшінші залымдық деп білсін.
Білімсіздік хайуандық болады.
Еріншектік күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, кедейлік, ұятсыздық-бәрі осыдан шығады.
Залымдық адам баласының дұшпаны. Бұлардың емі халқына махаббат, халық галамға шапхат, қайратты, тұрлаулы, гадалат ісінің алды-артының айқарлық білімі, ғылымы болсын". Бұл Абайдың ғылымды жүйелеуінен толық түсінік береді.
Естіп, көргенді есте сақтауға үйрету үшін Абай 19-сөзінде: адам ата-анадан туганда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы- жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болган адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерін ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, соны адам десе болады.
Мұндай сөзді есіткенде жайқақтап, салғырттанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерін қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына келсе, естіп- есітпей не керек? деп психолог Абай ұғыну жағдайын жеке адамның кінәсі деп көрсетіп, бо сөз бен қысыр әңгіме, өтірікті бріле тындайтын ойсыз надандықта дейді. Әрине, Абайды түсіну оңай емес. Бала түгілі көкірек көзі болмаса ересек адамның да түсінуі қиын. Ұстаздың басты мақсаты да шәкірттерінің көкірек көзін ояту.
Жаңа дүниені ұғу үшін жол көрсету, қалыптастыру үшін естіп, көргенді есте сактауға үйрету үшін тек Абайды гана үйреніп қоймай, бүкіл білім атаулыны игеру үшін қалай ұгып, калай есте сақтап, қалай үйренудің нақты жолын көрсететін 31-сөзін окып көрейік.
"Естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар: әуелі көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші-сол нәрсені естігенде не көргенде ғибратләну керек;
көңілденіп, тұщынып, ынтамен ұғу керек; үшінші сол нәрсені ішінен бірнеше уакыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші ой кеселді нәрселерден қашық болу керек.
Ой кеселдері: уайымсыз, салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу. Бұл төрт нәрсе калі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер". Осы сөз арқылы, Абай арқылы алдымыздағы шәкірттерімізге, бүгінгі ұрпаққа жетесіне жеткізе отырып, мектептің негізгі қағидаларының бірі ретінде түсіндіріп, бір кездегі Лениннің "Оқы, оқы және оқы" деген өсиеті секілді, білім кемесінің көк байрағы ұраны етіп неге алмаска деген ой келеді.
Яғни, әрбір жаңа дүниені естігенде, я көргенде қайта ұмытып қалмас үшін, көкірегіңді байлап, сол нәрсені өзіңе үлгі ет, соған талаптан, ынтамен ұғып талаптан, еңбектеніп бірнеше рет ішіңнен кайталап, көңіліңе бекіт. Ол үшін бос уақытыңды ойын-күлкімен өткізбе, ойын-күлкі үшін мал шашылады. Жаман нәрсеге құмарланба, уайымсыз, қайғйсыздықеріншектің ісі деп талдап айту кажет. Жеріне жеткізіле айтылып, жүрек түкпірінен шыккан сөздің далаға кетпесі анык. Сонымен қатар Абай атасын білім көшінің нысанасы етіп ұстаған шәкірт, өлеңді рахаттана жаттаумен қатар, болашағына бастау алары хақ.
Дәл бүгінгі кыюы кетіңкіреп тұрған заманды Абай көріп тұр ма, калай? Мынау, секілдеп, сауда-саттықпен азып-тозып бара жаткан кей ұрпағына үн қатып, ой тастап тұр емес пе? "Ей, алеумет! Ата-бабамнан калган мұра деп шырылдайтының дұрыс-ақ, енді сол жеріңнің жемісін же! Байлығына ие бол, нелік еңбекпен келеді, еңбексіз күр айғаймен ие бола алмайсың! деп түрған жоқ па?"
Жастыкта бір күлгенін бір каралық,
Күлкі баккан бір көрер бейшаралық,
Әуелі өнер ізделік, колдан келсе,
Ең болмаса еңбекпен мал табалык.
Басында эке айтпаса акыл жарлық,
Ағайын табылмаса ой саларлык.
Қалжыңбассып откізген кайран дәурен,
Түбінде тартқызбай ма ол бір зарлық?
25-сөзінен "... Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі сонымен бірдейлік дағуасына (тендей) кіреді, аса арыздана жалынбайды. Дінге де жақсы білгендік" деп, бүгінгі заманның бірден-бір қажеттігі болып тұрған тіл үйрену мәселесіне жол нұскаса, 45-карасөзінде "Құдай табарака уатағаланың барлығының үлкен дәлелі неше мың жылдан бері әркім әр түрлі сөйлесе де бәрі де бір үлкен құдай бар деп келгендігі, неше мың түрлі діннің бәрі де гаделет, махаббат құдайға лайықты дегендігі" деп, діни ұғымға сын көзбен қарай, жаратушыны мойындай отырып "Алланың өзі де рас, сөзі де рас" дейді.
2.1 Абайдың жас ұрпаққа қалдырған пәлсапалық құндылығы
Абай карасөздері бүгінгі тәрбиенің негізгі көзі болып отыр. Бүгінгі жастардың бойындағы патриоттық сезімдерді Абайдың нақыл сөздері арқылы оятып, оларға тәрбие берсе артық болмаған болар еді. Рахат тұрмыс үшін өз елін шетелге айырбастап кете баратын перзент ананың әлдиі мен Абайдың нақыл сөздерімен сусындап оссе катігездіктен аулақ болар еді. Акын бойындағы туған жерге елжіреу, осы сүю сезімдері ояна калса, не болар еді?.. Неге екенін өзі де білмей, туған жерге ат басын кілт бұрар ма еді? Бүгінде ардан безген, тоғыз ай, тоғыз күн кұрсағында көтеріп, тар құрсағын кеңейтіп жарық дүниеге әкелген ата- анасын карттар үйіне тапсырып жаткан ұрпақты көріп, жаның сыздайды, жүрегің ауырады. Отбасын құрып, оның үлкен жауапкершілігінен қашып, қиындыкка төзе алмай жүрген отағасыларды немен ақтап аламыз? Туған анасын, әкесін, бауырын, тіпті баласын, отбасын кырып өлтіріп жатқан біздің ұрпақ емес пе?
Теледидар мен газет-журналдардан, тіпті күнделікті өмірде өзіміз куә болып жүрген, туған баласын қоқыс жәщігіне тастап, ұрпағынан безген көкек аналарды көргенде, ұлтымыздың болашағы жолында күрескен, бүкіл ел мен руды баскарған, отбасының ұйытқысы бола білген дана аналарымыздың тектілігі кайда кеткен деп шошимыз. Бұл ұрпақ, ұлтының рухани байлығынан мақұрым калган, бесікте жатып бесік жырын тыңдамаған, Абайдай ақындардың ұлағатты сөздерін жаттамаған ұрпақ ісі деп ойлаймын. Құрсақта біткен ұрпаққа ата- бабамыздың асыл мұрасын, Абайдай ақындардың асыл сөзін айтып, бесік жырындай жырласа, өмірдегі осындай адам шошырлық жағдайлар болмас еді. Білімге қадам баскан ұрпаққа халқымыздың бай ауыз әдебиетін, Абай бастаған акындардың оттай жалынды сөздерін жаттатып, санасына сіңірсе, Отанын, анасын, әкесін, туған елін атамекенін, аяулы жарын сүйетін болашағымыз қалыптасары анық. Бүгінгідей ұрпағын тентіретіп тастап кететін жүрегі мен жаны жарымжан ұл болмас еді деп ойлаймын. «Тәрбие басы- тал бесік» дейді
ата-бабамыз. Осындай кемшіліктерді өзгеден іздегенше, неге отбасындағы тәрбие мен мектеп, қоғам тәрбиесіне көңіл бөлмейміз?
Жүсіпбек Аймауытов: «Кіршіксіз таза махаббат кімде болу керек?- деп жазады ол. Баласын сүйген анада болу керек. Сүйген ашық жарда болу
керек. Жүректі елжіретіп ерітетін, өлгенді тірілтпесе де, өшкенді жандыратын өмірдің қызығы, ләззаты-осылар. Бұларсыз өмірде мағына жоқ». Міне, жоғарыда айтқан қоғамның келеңсіз жағдайларында айтылған өмірдің ащы шындығында сүйіспеншіліктің жоқтығы осыған әкеліп отыр. Бүгінгі тәрбиеде Абайдың қарасөздерін ұрпағымызға үйретіп, көңіл бөлсе, ұрпағымыз азбас еді деп ойлаймын. Сондықтан Абайдың қарасөздері бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне аса қажет құндылық екенін біреу түсінсе, біреудің оған әрі өресі жеткен жоқ. Шетел ғалымдарының бала тәрбиелеудегі әдістері мынадай деп шатасканша, тәрбиенің көзін неге Абай қарасөздерінен алып, зерттеп, тәрбие құралдарын жазбаска. Осы мәселе жанымызды жегідей жеп, Абайдың қарасөздерін өзімізше зерттеп, келешекке аз да болса татымды сөз айтсақ деп ойладым.
Өз заманының барлық рухани болмысын сезеніп, халқының болашағы үшін жаны ауырған ақынның шәкірттерінің бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы "Жастарға" өлеңінде қазақ қоғамы үшін Абай атқарған еңбекті бағалай келіп:
Мынау Абай бір галым жол шығарлық,
Замандасы болмады сөз ұғарлық.
Амалы жоқ, айналды енді бізге,
Күн туды етегіне жабысарлық деп толғайды.
Сақ болалық, бір шокып, бір қаралық!
Карауылдар мезгіл ғой, тұр, қаралық!
Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан Жалыналық Абайға, жүр, баралық.
Білімді сол кісіден ізденейік!
"Әдейі іздеп біз келдік сізге" делік.
"Өмір зая болмастық өнер үйрет Ақылыңды аяма бізге" делік.
Отыздан асқан Абайдың кемеңгер даналығын, ақылгөйлік парасатын Шәкәрім осылай бағалайды, ақынның қазақ халқы үшін қандай тұлға екенін дәл болжайды. Осынау парасатты азамат тұлғасынан үлгі алудың, оның айтқан ақыл- кеңесін тыңдап, ғылым мен өнер үйренудің, мәдениетті елдер үлгісіне көз тігудің қажеттігін алға тартады. Нені үйренсең де алдыңда үлгі тұтар нысанаң болсын, содан үйрен, соған қарап өркен жай, ондай нысана біз үшін, бізден кейінгі үшін Абай болмақ деген пікір айтады.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің белді өкілі, лирикалық жыр шеберлерінің бірі Мағжан Жұмабаев. Ақын Абай сынды ұлы алантқа табынып өткен, содан үйренген, оның ұлылығына, ақындық құдіретіне бас иген. 1912 жылы Қазанда шыққан "Шолпан" жинағына енген "Алтын хакім Абайға" деген 24 жолдан тұратын өлеңге Мағжан Абайдың хакімдігін, көсемдігін, шешендігін, ақындығын, даналығын сыйғызған.
Шын хакім, сөзің асыл баға жетпес Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.
Қарадан хакім болған сендей жанның
Әлемнің құлағынан әні кетпес!
Мағжан Абайдың ойшылдығын, даналығын ақындығынан бөліп алмай, қосып айтады. "Абай аты" мен "Абай сөзі" алты алашқа ғана емес, әлемге әйгілі болатынын сол кездің өзінде-ақ сезінген. Абай поэзиясының мәңгілік екенін көрегендікпен жырға қосты.
Жастарға айтар үш тілек-білімді бол, еңбек ет, отбасын құр. Бойына тәрбие мен білімді бірдей сіңір, өйткені Әл Фараби бабаң: "Тәрбиесіз білім алған адам- халықтың қас жауы!" деген екен. Бұдан мыңдаған жыл бұрын данышпан бабамыздың бұл сөзі жас жеткіншектің туған еліне қаншалықты қадірлі екенін бағалауына мүмкіндік береді.
Азамат атануға тырыс, азамат атан да еліңе пайдаңды тигіз, өйткені Абай атаң:"Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан!"-деп, елге пайдалы еңбек етуді міндеттеп кеткен.
Жастар міндеті: жастар өзінің ұлттық болмысын саналы түрде өздері қалыптастыруы қажет. "Жастардың ұлттық болмысы қандай қасиеттерімен қалыптасады" деген сұраққа жауап ретінде:
1.Ең алдымен өз ұлтын қалтқысыз сүю, ұлт тілін білу қасиетімен;
2. Ұлт әдет-ғұрпын жүрегімен қабылдап, пайдалана білуімен;
3. Ұлт санасы туралы түсінігі болуымен;
4 Ошағын сүю, Отанын сүю қасиеттерінің жоғары дәрежеде болуымен;
5. Діни түсінігін, дін жолындағы еңбектерін қазақ халқының арман- максаттарымен сәйкестендіре білуімен;
6. Бар адам асыл арманы-тәрбиелі, білікті ұрпақ өсіру екенін, оның жаратылыс заңы, қоғам талабы екенін мойындау, соны сапалы орындауға ұмтылуымен қалыптасады дер едік.
2.2. Ақыл-ой тәрбиесіндегі Абайдың көзкарасы, қарасөздерінің тәрбиелік мәнін 3D Coral графикада бейнелеу
Білім беру саласында қазір ақпараттандыру, цифрландыру және соны оқу мен оқытуда қолдану шаралары атқарылып жатыр.
Біз Абай шығармашылығын оқытуда түрлі технологияларды пайдалануымызға болады. Қазіргі түрлі бағдарламалар жеткілікті.
Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы деп білем. Мен үшін Абайдың сөзі-қазақтың бұйтұмары, Абай шығармаларын халық қазынасының кайнар бұлағынан сусындап өскен, халқымыздың дана перзенті екендігіне жүрегім қуанады. Абайдың ғылыми дүниетанымдық философиялық сөнбес шамшырағын мен осы ғылыми жобамда былай суреттегім келеді.
Абайдың шыгармаларыныңпәлсапалық құндылықтарын, ойларын мысалга мынадай суреттер арқылы қазіргі билбордтарға ұсынып қазақ халына ойсалар суреттермен, Абайдың феномен сөздерімен ұсынар едім.
Абайдың өлең жолдарындағы афоризмдер «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» созіне саралау мақсатында антордың құрастырумен салынган 3D корал графика.
Абай пәлсапасының құндылығыда өсиетіде ежелден-ақ әкенің баласы болмай, адамның баласы болуды армандағаны белгілі. Бұл жолғы шығармашылық жобамның пәлсапалық құндылығы ретінде Абайдың халқына жаны шындап ашитын қайраткер орға жығатын емес, өрге бастайтын жол сілтеді деп айткым келеді. Әр қазақ Абайды оқысы нағыз феномен сол болар едім деп айта аламын.
Қара бастың емес, бар Алаштың қамын ойлап, "калың елім, қазағым, қайран жұртым",- деп тебіренген Абай Құнанбайұлының өрелі ой, келелі кеңес беретін сөздері жүрегіміздің хақ төрінен орын алатыны анық. Қазақтың қалам тербеген әр ақыны ең алдымен Абайды окиды. Өйткені оның жалынды жырлары тәлім- тәрбиеге, тағылымға толы. Абай атамыз айтқан афоризмдерді талдау арқылы үлкен ой түйдім.
Мысалы мына бірнеше афоризімдерге талдау жасап көрдік-Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады
Абайдың өлең жолдарындагы афоризмдер «Естілердің айткан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады» сезіне саралау мақсатында автордың кұрастырумен салынған
3D Coral графика Бұл афоризімнің мән-мағынасына талдау жасап, түсініп қарайтын болсак. Тұнып тұрған байлык.
Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтканша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы-депті бір хәкім. Көрдіңізбе тұнып тұрған феномен.
Абайдың олен жолдарындагы афоризмдер «Баланың мал табары болады, мал шашары болады» сөзіне саралау мақсатында автордың құрастырумен салынган 3D Coral графика Біреулер кұдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады? Өлсем орнымды бассын дейді, артымнан құран оқысын дейді, қартайған күнімде асырасын дейді. Осыдан басқасы бар ма? Балам орнымды бассын демек не сөз? Өзіңнен қалған дүние иесіз қалар дейсің бе? Қалған дүниенің қамын сен жемек пе едің? Өліп бара жатқанда өзгеден қызғанып айтқаның ба? Өзгеге кимайтұғын сенің не қылған артықша орның бар еді? Баланың жақсысы қызық, жаманы күйік, не түрлі боларын біліп сұрадың? Дүниеде өзіңнің көрген қорлығың аз болды ма? Өзіңнің қылған иттігің аз болды ма? Енді бір бала туғызып, оны да ит қылуға, оған да қорлық көрсетуге мұнша неге құмар болдың?
Артымнан балам құран оқысын десең, тірлікте өзіңнің жақсылық қылған кісің көп болса, кім құран оқымайды? Егер жаманшылықты көп қылған болсаң, балаңның оқыған құраны сені неге жеткізеді? Тірлікте өзіңе-өзің қылмаған істі, өлген соң саған балаң кәсіп қылып бере ала ма? Ахирет үшін бала тілегенің балам жасында өлсін дегенің. Егерде ержетсін десең, өзі ержетіп, ата-анасын тұзақтан құтқарарлық бала қазақтан туа ма екен? Ондай баланы сендей әке, сенің еліңдей ел асырап өсірмек пе екен?
Қартайғанда асырасын десең, о да бір бос сөз. Әуелі өзің қаруың қайтарлық қартаюға жетемісің, жоқ па? Екінші балаң мейірімді болып, асырарлық болып туа ма, жоқ па? Үшінші малың болса, кім асырамайды? Малың жоқ болса, қай асырау толымды болады? Баланың мал табарлық болары, мал шашарлық болары ол да екі талай. Хош, құдай тағала бала берді, оны өзің жақсы асырай білесің бе? Білмейсің. Әуелі өз күнәнді өзің көтергеніңмен тұрмай, балаңның күнәсіне тағы да ортақ боласың. Әуелі балаңды өзің алдайсың: «Әне, оны берем, міне, мұны берем» деп. Басында баланды алдағаныңа бір мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресің? «Бокта!» деп, біреуді боқтатып, «кәпір қияңқы, осыған тимеңдерші!» деп, оны мазаттандырып, әбден тентектікке үйретіп қойып, сабаққа бергенде, молданың ең арзанын іздеп, хат таныса болады деп, ку, сұм бол деп, «пәленшенің баласы сені сыртыңнан сатып кетеді» деп, тірі жанға сендірмей жат мінез қылып, осы ма берген тәлімің? Осы баладан қайыр күтесің бе? Және мал тілейсіңдер, неге керек қылайын деп тілейсіңдер? Әуелі, құдайдан тілеймісің? Тілейсің. Құдай берді, бергенін алмайсың. Құдай тағала саған еңбек қылып мал табарлық қуат берді. Ол қуатты адал кәсіп қыларлық орынга жұмсаймысың? Жұмсамайсың. Ол қуатты орнын тауып сарып кыларды білерлік ғылым берді, оны оқымайсың. Ол гылымды оқыса, ұғарлық ақыл берді, кайда жібергеніңді кім біледі?.. Ерінбей еңбек қылса, түңілмей іздесе, орнын тауып істесе, кім бай болмайды? Оның саған керегі жоқ. Сенікі біреуден қорқытып алсаң, біреуден жалынып алсаң, біреуден алдап алсаң болғаны, іздегенің сол.
Бұл құдайдан тілеген емес. Бұл абыройын, арын сатып, адам жаулағандык, тіленшілік. Хош, сүйтіп жүріп-ақ мал таптың, байыдың. Сол малды сарып қылып, ғылым табу керек. Өзің таба алмасаң, балаң тапсын. Ғылымсыз ахирет те жок, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды. Ешбір қазақ көрмедім, малды иттікпен тапса да, адамшылықпен жұмсаған. Бәрі де иттікпен табады, иттікпен айрылады. Бейнет, күйігі, ызасы сол үшеуінен баска ешнәрсе бойында қалмайды. Барында баймын деп мақтанады. Жоғында «маған да баяғыда мал бітіп еді» деп мақтанады. Кедей болған соң, тағы қайыршылыққа түседі.
Иман деген алла табарака уа тағаланың шәриксиз, ғайыпсыз бірлігіне, барлығына уа әр түрлі бізге пайғамбарымыз саллалаһу ғалайһи уәссәлләм арқылы жіберген жарлығына, білдіргеніне мойын ұсынып, инанмақ. Енді бұл иман дерлік инануға екі түрлі нәрсе керек. Әуелі не нәрсеге иман келтірсе, соның хақтығына ақылы бірлән дәлел жүргізерлік болып, ақылы дәлел испат қыларға жараса, мұны якини иман десе керек. Екіншісі кітаптан оқу бірлән яки молдалардан есту бірлән иман келтіріп, сол иман келтірген нәрсесіне соншалық берік боларға керек. Біреу өлтіремін деп қорқытса да, мың кісі мың түрлі іс көрсетсе де, соған айнып, көңілі қозғалмастай берік болу керек. Бұл иманды иман таклиди дейміз.
Енді мұндай иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас буын керек екен. Якини иманы бар деуге ғылымы жоқ, таклиди иманы бар деуге беріктігі жок, я алдағанға, я азғырғанға, я бір пайдаланғанға қарап, ақты қара деп, я қараны ақ деп, өтірікті шын деп ант ететұғын кісіні не дейміз? Құдай тағала өзі сақтасын. Әрнешік білмек керек, жоғарғы жазылмыш екі түрліден басқа иман жоқ. Иманға қарсы келерлік орында ешбір пенде кұдай тағала кеңшілігімен кешеді дағы демесін, оның үшін құдай тағаланың ғафуына яки пайғамбарымыздың шафағатына да сыймайды, мүмкін де емес. «Қылыш үстінде серт жок» деген, «құдай тағаланың кешпес күнәсі жоқ» деген жалған мақалды куат көрген мұндай пенденің жүзі құрысын.
Тірі адамның жүректен аяулы жері жоқ. Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса нгі еді демек - бұлар жүрек ісі. Асықтық та жүрек Абайдың өлең жолдарындағы афоризмдер «Тірі адамның жүректен аяулы жері жоқ. Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек - бұлар жүрек ісі.
Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап біле алмайды. Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, езіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар - жүрек ісі. Асықтық та - жүректің ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Амалдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады. Қазақтың «жүректісі» мақтауға сыймайды. Айтқанға көнгіш, уағдада тұрғыш, бойын жаманшылықтан тез жиып алғыш, көштің соңынан итше ере бермей, адасқан көптен атының басын бұрып алуға жараған, әділетті ақыл мойындаған нәрсеге, қиын да болса, мойындау, әділетті ақыл мойындамаған нәрсеге, оңай да болса, мойындамау - ерлік, батырлық осы болмаса, казақтың айтқан батыры - әншейін жүректі емес, қасқыр жүректі деген сөз.
Қазақ та адам баласы ғой, көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдың сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылықтың жоқтығынан азады. Білімді білсе де, арсыз, қайратсыздығынан ескермей, ұстамай кетеді. Жаманшылыққа бір елігіп кеткен соң, бойын жиып алып кетерлік қайрат қазақта кем болады. Осы жұрттың көбінің айтып жүрген мықты жігіт, ер жігіт, пысық жігіт деп ат қойып жүрген кісілерінің бәрі - пәлеге, жаманшылыққа еліртпек үшін, бірін-бірі «айда, батырлап!» қыздырып алады да, артын ойлатпай, азгыратұғын сөздері. Әйтпесе құдайга терістіктен, не ар мен ұятқа терістіктен сілкініп, бойын жиып ала алмаған кісі, үнемі жаманшылыққа, мақтанға салынып, өз бойын өзі бір тексермей кеткен кісі, тәуір жігіт түгіл, әуелі адам ба өзі?
Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенмен табылмас.
Әуелі білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемекке керек. Оның үшін білім - ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет білсең және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил болады. Сол рахат білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттенген құмар, махаббат пайда болады. Сонда әрбір естігеніңді, көргеніңді көңілің жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырып алады.
Егер дін көңілің өзге нәрседе болса, білім-ғылымды бір-ақ соған себеп қана қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңіліңнің мейірімі асырап алған шешеңнің мейірімі секілді болады. Адамның көңілі шын мейірленсе, білім- ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байкайды.
Екінші ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек.
Бахасқа бола үйренбе, азырак бахас көңіліңді пысықтандырмақ үшін залал да емес, көбірек бахас адамды түземек түгіл, бұзады. Оның себебі әрбір бахасшыл адам хақты шығармақ үшін гана бахас қылмайды, жеңбек үшін бахас кылады.
Ондай бахас хусідшілікті зорайтады, адамшылықты зорайтпайды, бәлкім, азайтады. Және максаты ғылымдағы мақсат болмайды, адам баласын шатастырып, жалған сөзге жеңдірмекші болады. Мұндай қиял өзі де бұзықтарда болады. Жүз тура жолдағыларды шатастырушы кісі бір қисық жолдағы кісіні түзеткен кісіден садаға кетсін! Бахас өзі де ғылымның бір жолы, бірақ оған хирслану жарамайды. Егер хирсланса, өз сөзімшіл ғурурлық, мақтаншақтык, хусідшілік бойын жеңсе, ондай адам бойына қорлық келтіретұғын өтіріктен де, өсектен де, ұрсып-төбелесуден де кашық болмайды.
Үшінші - әрбір хақиқатқа тырысып ижтиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең айрылма! Егерде ондай білгендігің өзіңді жеңе алмаса, кімге пұл болады? Өзің кұрметтемеген нәрсеге бөтеннен қайтіп құрмет күтесің?
Төртінші білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі мұлахаза қылу, екіншісі берік мұхафаза қылу. Бұл екі қуатты зорайту жаһатінде болу керек. Бұлар зораймай, ғылым зораймайды.
Бесінші осы сөздің он тоғызыншы бабында жазылған ақыл кеселі деген төрт нәрсе бар. Содан қашық болу керек. Соның ішінде уайымсыз салғырттық деген бір нәрсе бар, зинһар, жаным, соған бек сақ бол, әсіресе, әуелі құданың, екінші - халықтың, үшінші дәулеттің, төртінші ғибраттың, бесінші ақылдың, ардың -бәрінің дұшпаны. Ол бар жерде бұлар болмайды.
Алтыншы ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын! Көрсеқызарлыкпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып кала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. Онан соң оқып үйреніп те пайда жоқ. Қоярға орны жоқ болған соң, оларды қайда сақтайсың? Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегенінде тұрарлық мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты" бар болсын! Бұл беріктік бір ақыл, ар үшін болсын!
Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес. Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады. Хикмет сөздер өзімшіл наданга айтқанда, көңіл уанғаны да болады, өшкені де болады. Кісіге біліміне карай болыстық қыл; татымсызға қылған болыстық озі адамды бұзады. Өзің үшін еңбек кылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамдықтың карызы үшін еңбек кылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың. Сократка у ішкізген, Иоанна Аркті отқа өртеген, Ғайсаны дарға аскан, пайгамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол көп, ендеше көпте ақыл жок. Ебін тап та, жонге сал. Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі кінәлі. Мен егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім. Дүниеде жалғыз қалған адам - адамның өлгені. Қапашылықтың бәрі соның басында. Дүниеде бар жаман да көпте, бірақ қызық та, ермек те көпте. Бастапқыға кім шыдайды? Соңгыга кім азбайды? Жамандықты кім көрмейді? Үмітін үзбек қайратсыздық, Дүниеде ешнәрседе баян жоқ екені рас, жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің? Қары қалың, қатты қыстың артынан көгі мол жақсы жаз келмеуші ме еді? Ашулы адамның сөзі аз болса, ыза, қуаты артында болғаны. Қуанбақтық пен бақ мастықтың үлкені, мыннан бір кісі-ақ к...н ашпайтұғын акылы бойында калады. Бағың өскенше тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тілейсің, бағың өскен соң - өзің гана тілейсің.
Абай шығармаларын осындай қызықты бағдарламалармен оқушыларға оқытатын болсақ, әр оқушы Абайды жатқа білер еді дегім келеді.
Қорытынды
Абай шығармаларын терен окуда жаңашылдық керек деп ойлаймын.Ақпараттық технологияларыды, жаңа заманның оқыту құралдарын пайдалана отырып Абайды оқыту қажет деп есептеймін.
Егер Абай болмаса, осы ғасырдың басында-ақ азаматтық кемелдікке, суреткерлік салиқалылыққа, стильдік әр алуандыкка, заманмен бірге аттап, замандаспен мұндас бола алмайтындай әлеуметтік пайымға ие болар едік. Абай нағыз қазақтың маңдайына біткен пәлсапалық құндылық мұрасымен феномен болып қала береді. Абай шығармалары жаңа Қазақстанның өзегін жаңа қоғам құрайтынын анық дәлелдеп кеткен. Бұл ретте, ең алдымен, ұлтымыздың қадір-қасиетін арттырып, халқымыздың бәсекеге қабілеттілігіне жігеру берудеде Абай афоризмдерін қолдану мәнді деп ойлаймын.
Абай шығармалары толық адам тұжырымдамасын қайта зерделеуді қажет етеді. Абайдың шығармалары біз үшін іскерліктің ұйытқысы, еңбекқорлықтың мотиваторы деуге болады. Ұлы ойшыл шығармаларындағы афоризмдерде кәсіптен нәсіп тапқандарды, шаруақорлыкка үйрену дағдыларын үлгі етеді. Ол тұрмыс сапасын жақсарту үшін еңбек етудің жаңа тәсілдерін меңгеруге шақырады. Сонымен қатар ақын бастамашылдықты, кәсіптегі адалдықты жоғары қояды.
Абай шығармаларын оқу мен миға тоқу кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Абай афоризмдерін түсіну үшін терең білім мен ашық жүрек керек деп ойлаймын.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.Мұхтар Әуезов энциклопедиясы - Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл
2. Абай. Шығармаларының бір томдық толық жинағы. Алматы, 1961 ж., 267б.
3. А.Абдрахманова. «Абай дана ақын». Алматы // Ұлагат, № 6, 2007 ж., 123 б.
4. Р. Сыздық. «Абайдың сөз өрнегі». Алматы, «Санат», 1995 ж.
5. Әлем әдебиеті. Абай Құнанбаев шығармалары Алматы, «Жалын» 1995ж.
6. Әуезов М. Абай мұрасы жайында, Қазақ ССР ҒА-ның хабаршысы. 1957, №3, 21 6.
7. Сыздықова Р. Абай шығармалары мен 19 г-дағы жазу нұсқаларының тілін зерттеудің маңызы. «Қазақ тілі мен әдебиеті» (журн.), 1959, № 2.
8. Төкебаева Ж.Ә. «Абай шығармалары тілінің статолингвистикалық аспектілері» - Қ.Р., Алматы, 2001, филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған диссертацияның авторефераты.
9. Абай. Таңдамалы өлеңдері. Ташкент. 1922 IIІ-Ү және 276,2876.

