70% арзан
30% арзан

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Абай Құнанбаевтің "Қыс" өлеңі
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев.«Қыс» өлеңі.
Мақсаты: Абай Құнанбаевтің өмірі, оның шығармалары туралы білімін кеңейту. «Қыс» туралы өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу.
Міндеттері :
1.Түсініп оқи отырып , өлеңдегі түйінді ойды ашуға жағдай жасау
2. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
3. Оқушылар шағын топ құрамында өзара қатынасқа түседі, сенім және сыйластық дағдыларын қалыптастыруға ат салысады.
Көрнекіліктер: Абай суреті , презентация , қыс мезгілі слайд
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақ әдістері : сын тұрғысынан ойлау страдегиялары жеке, жұптық, топтық жұмыс.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
оқушылармен амандасу
кезекші кім екенің анықтау
Психологиялық ахуал. Шеңбер құрып бір – біріне жылы сөз айтқызу .
Сабағымызды бастамас бұрын екі топқа бөлініп алайық .
2. Ұлпалар арқылы жазылған сөздерге сәйкес екі топқа бөлініп отырайық. (Қаңтар, Ақпан )
Қазір жылдың қай мезігілі?(қыс)
Қыс айларын атаңдаршы.(желтоқсан, қаңтар, ақпан)
Қыста адамдар қандай киім киеді?(жылы киім)
Қыста ауа райы қандай болады? (суық, аязды, боранды)
Өте жақсы , сабағымызды бастайық.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр- мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы- ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды...
қалай ойлайсыңдар, бұл өлең не туралы? (Қыс туралы)
Ендеше , бүгінгі өтетін тақырыбымыз А.Құнанбаевтің «Қыс» өлеңі
3. Бүгінгі тақырыбымыз Абай Құнанбайұлының «Қыс» өлеңі болғандықтан, алдымен автор өміріне шолу жасайық.
-Абай Құнанбайұлы туралы не білеміз? Абай Құнанбаев туралы қысқаша мәлімет беру.
Өлеңмен жұмыс. Өлеңнің
мазмұнын ашу. Өлеңнің шығу тарихынан.
— Қыс өлеңін Абай атамыз 1884 жылы Семей өңірінде қыс қатты болып
ел жұтаған, мал қырылған екен. Қыста жауған қар сәуір айында бір —
ақ еріген. Бұл өлең сол кезеңде жазылған. Сондықтан ақын қысты «Ақ
киімді, денелі, ақ сақалды” зор тұлғалы адам ретінде
сипаттаған.
Өлеңді мен оқимын, сендер тыңдаңдар. (өлеңді оқып шығамын)
Ақ киімді, денелі, ақ
сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті — басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы — үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң — қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ — сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті — қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.
Қар тепкенге қажымас қайран жылқы
Титығы құрыуына аз-ақ ақлды.
Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,
Малшыларым, қор қылма итке малды.
Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін,
Құр жібер мына ант ұрған
кәрі шалды.
Слайд арқылы А.Құнанбаевтің «Қыс» өлеңнің көрсету.
Абай Құнанбаев қыс өленің неге теңеген және қалай суреттеген.
Қысты адамға, кәрі шалға теңейді. Ол қатал, соқыр – мылқау адам сияқты. Ақ киімді , үстін ақ қырау басқан. Ол ештеңе көрмейді, аямайды, бәрін тондырады.
Ол жауып тұрған қар қатқан мұз. ақ қырау сияқты суық қатал , ашулы адамды айтады. Ақ киімді , ақ сақалды аяз атаға теңеген. Ойнаған балалардың беті, қолы тоңып , малшылар жылы киінседе аязға шыдай алмай теріс қарады деп суреттеген.
Келесі тапсырма
1 топ :
Қазақ тілінде неше септік бар?
Тапсырма №1. Қыс, мұз, сөздерін септеңдер .
2 топ:
Тапсырма №2. Оң жақтағы сөздердің тиістісін қойып. Сөйлем құрастырыңдар:
ҚЫС ШАҢҒЫ ТЕБЕДІ ҚАР ҚАТАДЫ КҮН КЕЛДІ МҰЗ СУЫҚ БАЛАЛАР ЖАУАДЫ. Осы сөздерге синтаксистік талдау жасау.
Келесі тапсырма:
Қыс мезгілімен байланысты жеті сөзді тапқызу(ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру)
Қ П Ғ Қ Р І Ж
А С У Ы Қ Ь Ү
Ң Г Ш Л А Я З
Т У Б О Р А Н
А К Ү Ғ І Ж Ө
Р Ә Қ Ы С Т А
(қаңтар, суық, боран, қыс, аяз, қыста,қар)
Қыс мезгілі. Видео көрсетіледі. Видео бойынша оқушыларға сұрақ қоямын.
Олар: қыс . Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қыста күн қысқарады, түн ұзарады. Қыста күн аязды, суық, жиі-жиі қар жауады. Үйлер, ағаштар бүкіл жер қармен жамылады. Өзен мен көлдер мұз болып қатаяды. Балалар коньки, шаңғы теуіп, шанамен сырғанайды.
5.Дәптермен жұмыс.
Ақ киімді, денелі, ақ
сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті — басы ақ қырау, түсі суық
Басқан жері сықырлап, келіп қалды
Дем алысы — үскірік, аяз бен
қар,
Кәрі құдаң — қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Қыс дегенде көз алдымызға не
елестейді?
боран, қар, аяз, суық,
мұз.
1 топ – Қыс туралы сурет салу (қорғау)
2 топ – Қыс туралы сурет салу (қорғау)
7. Сематикалық картамен жұмыс
|
Ақын |
Зере |
Қыс |
Қар |
Абай Құнанбаев кім? |
|
|
|
|
Абайдың қай өлеңнің өттік |
|
|
|
|
Абайдың әжесі кім? |
|
|
|
|
Қыста бар да, жазда жоқ |
|
|
|
|
Рефлексия
8. Үйге тапсырма
«Қыс »өлеңнің жаттау
9. Бағалау.
Сабақты бекіту. Тест тапсырмасы
-
Абай қай жылы туған?
А. 1845 жылы
В. 1904жылы
С. 1945жылы
Д. 1888жылы
-
Абай қай жерде дүниеге келді?
А. Қызылорда қаласында
В. Семей облысы. Шыңғыстау тауының бөктері.
С. Торғай облысында
Д. Батыс Қазақстан облысында
Сабақты бекіту. Тест тапсырмасы
-
Абай қай жылы туған?
А. 1845 жылы
В. 1904жылы
С. 1945жылы
Д. 1888жылы
-
Абай қай жерде дүниеге келді?
А. Қызылорда қаласында
В. Семей облысы. Шыңғыстау тауының бөктері.
С. Торғай облысында
Д. Батыс Қазақстан облысында
Сабақты бекіту. Тест тапсырмасы
-
Абай қай жылы туған?
А. 1845 жылы
В. 1904жылы
С. 1945жылы
Д. 1888жылы
-
Абай қай жерде дүниеге келді?
А. Қызылорда қаласында
В. Семей облысы. Шыңғыстау тауының бөктері.
С. Торғай облысында
Д. Батыс Қазақстан облысында
-
Абайдың әжесінің аты кім?
А. Ұлжан
В. Зейнеп
С. Ақлима
Д. Зере
-
Семейдегі Абай оқыған медресе қалай аталған?
А. Ахмет- Риза.
В.Бекен болыс
С. Ауыл молдасынан
Д.Омбыдағы Кадет корпусы
5. Абайдың неше қара сөзі бар?
А. 31
В. 26
С.46
Д.45
6. Абайдың алғаш жазылған өлеңі?
А. Ғылым таппай мақтанба
В. .Жаз
С. Күз
Д. Жасымба ғылым бар деп ескермедім
7. «Ақ киімді денелі ақ сақалды» қай өлеңнен үзінді?
А. «Жаз»
В. «Қыс»
С. «Күз»
Д. «Жазғытұрым»
8. Абайдың табиғат лирикасындағы тұңғыш өлеңі?
А. «Жаз»
В. «Көктем»
С. «Қыс»
Д. «Жазғытұрым»
9. Абайдың неше поэмасы бар?
А. 2
В.6
С. 4
Д.3
8. Үйге тапсырма
«Қыс »өлеңнің жаттау
9. Бағалау.
3.Сөзжұмбақ шешу.
Ең қысқы ай (Ақпан)
12-ші ай қалай аталады (Желтоқсан)
Ат сабылып алыстан
Борандатып жетеді
Үш ай төрде қонақ боп
Аунап-қунап келеді.
(қыс)
Қолы жоқ ұшады
Аяғы жоқ, желеді
Аузы жоқ, ұлиды.
(боран)
Құлағы мен көзі жоқ
Жоқ тіпті қол мен аяғы
Бірақ ғажап өнерпаз
Мәнерлеп ою салады
(аяз)

