«Әлем таныған - ұлы Абай » атты әдеби –танымдық кеші.
1.Жүргізуші
Көп адам дүниеге бой алдырған
Бой алдырып,аяғын көп шалдырған
Өлді деуге бола ма,ойлаңдаршы
Өлмейтұғын артыңнан сөз қалдырған, -деп төрелегін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де, бізбен 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек
2 Жүргізуші
Құрметті қонақтар , ұстаздар, оқушылар, әдебиет сүйер қауым!
Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл,дана ,ғұламаларының бірі қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Әлем таныған - ұлы Абай »атты кешімізге қош келдіңіздер.
1.Жүргізуші
Бүгінгі кешімізді ашып беруге сөз кезегін «Толыбай батыр атындағы №66 жалпы орта білім беретін мектебі» директоры Балықбаев Күмісбек ағайға және де осы кешімізге қонақ болып келіп отырган қонақтарға ұсынайық.
2 Жүргізуші
Видеоролик
Әрине Абай атамыз туралы айта беру артық емес.Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен ол туралы білетініміз тым аздау.Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе дана Абай әлемін шарлап қайталық құрметті халайық.Абай Құнанбаевтың өмірімен шығармашылығына қысқаша көз жүгіртейік.
1Жүргізуші Мәнерлеп оқу.
Туғаннан дүние есігін ашады өлең Өлеңмен жер қойнына кіреді денең Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен деп,Абай атамыз айтқандай келесі кезекті Абай атамыздың өлең шумақтарына берейік.Ия, Абай атамыздың өлең шумақтарын айтаберсек өте көп.
2 Жүргізуші Абай Құнанбайұлының бірінші қара сөзі.
Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі – қара сөздері.
Абайдың қара сөздері - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын ,философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған празалық шығармасы.Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған әр алуан.Оның алы жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн ,тақырып жағынан өзгешелеу,ауқымды болып келеді.Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай ,оның тереңдігіне,логикалық мәніне зер салған.Келесі кезекті Абайдың қара сөзіне берейік
1 Жүргізуші « Күй»
Қазақтың ұлы ақыны ұлттық музыка тілінде өзіндік стилімен байытқан. Абайдың «Май түні» , «Майда қоңыр» , « Торы жорға », « Абайдың желдірмесі» атты домбыраға арналған күйлері бар.Өзіндік мәнерімен ерекшеленетін Абайдың күйлері мен әндерінен өзара үндестік байқалады.Алдарыңызда күй қабыл алыңыздар.
2 Жүргізуші Абайдың 17 қара сөзі
Дәмі қайтпас,бұзылмас тәтті барма Бір бес күннің орны жоқ аптырғанға Қай қызығы татиды қу өмірдің Татуды араз,жақынды жат қыларға Абай осылай деген екен бір өлеңінде. Татумен араздасуға ,жақыныңмен жат боларға бұ тірліктің еш қызығы таптырмайтынын,тіршілік қызығы бірлікте екеніне мысал арқылы түсіндіреді.
Абай қайраты мен ақылын ізгі жүрекке бағындыра жұмыс істеген адамды,басқаларға үлгі тұта табанның топырағы көзге сүртелік қасиетті адам деп баға бері.Келесі кезекті Абайдың 17 қара сөзіне береміз.
1 жүргізуші
Көзімнің қарасы
Әнніңде естісі бар есері бар
Тыңдаушының құлағын кесері бар
Ақылдының сөзіндей ойлы күйлі
Тыңдағанда көңілдің есері бар деп жырлаған Абайдың өлеңге, әнге қояр талабы мен талғамы өте жоғары болды
-
Жүргізуші
Құлақтан кіріп бойды алар
Жақсы әнмен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй демекші келесі кезең Көзімнің қарасы
1 жүргізуші: Ескендір поэмасы
2жүргізуші
Абай Құнанбаев қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік дара да, дана тұлға Абай қазақ поэзиясының өсіп гүлденіп жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті.Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы алуан өлеңдер үлгісін қалдырды.Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай дайындалған Ұлы халықтың , ұлы Абайы атты кешімізді көріп тамашалағандарыңызға алғысымыз мол келген қонақтарға және қатысушыларымызға үлкен рахмет. 5 « ә » сынып оқушыларының орындауында хор .
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерекесіне орай "Әлем таныған-ұлы Абай" танымдық кешіне іс-шара жоспары

шағым қалдыра аласыз