Материалдар / Абай Құнанбаевтың аудармалары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абай Құнанбаевтың аудармалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Абайдың шығармашылығы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Ақпан 2021
338
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абай Құнанбаевтың аудармалары.

Каримова А.М. Сактаганова А.У.

КГКП «Шахтинск технологический колледж» г Шахтинск.



Абай жасаған аудармаларды түпнұсқамен салыстыра қарап отырсақ, Абайдың орыс тілін өте терең меңгергенін байқаймыз. Сонда Абай орыс тілін қайдан, қалай үйренген?

Көптеген адамдарға Абайға орыс тілін үйреткен демократ-революционер Михаэлс секілді болып көрінеді. Бұған Абайдың: «Өмірге көзімді ашқан Михаэлс»,-деген сөзі себеп болған секілді.

Михаэлс Абайға ғылымды өз салалары бойынша жіктеп, нені оқуды, қалай оқуды айтуы мүмкін, ал орыс тілін үйретті деген пікірге өз басым күмәнмен қараймын. Оның үстіне, жігіт ағасы жасына жеткен шағында Михаэлспен кездескен Абайдың, онымен сөйлесуі үшін  де орысша білуі керек емес пе? Себебі, Михаэлс қазақша біліпті деген дерек еш жерде жоқ.

Ғылым үшін ұсақ-түйек нәрсе жоқ,-деген қағиданы еске алсақ, Абайдың орыс тілін қайдан, қалай үйренгенін білу ұсақ-түйек нәрсе емес.

Абай орыс тілін біз ойлап жүргендей отыздан асқанда емес, одан көп ерте білген деуімізге толық негіз бар секілді.

Михаэлс арқылы ғылымды сала-сала бойынша кейінірек меңгерген Абайдың: «Қолымды мезгілінен кеш сермедім»,- деген сөзін перде етіп, Абай орыс тілін кеш үйреніп, орыс классик-жазушыларымен кеш танысқан деген пікір қалыптасып кеткен. Абайдың бұл жерде "қолымды мезгілінен кеш сермедім"- деп өкінуі, орыс тілін білуге байланысты емес, жалпы ғылымды меңгеріп игеруде кешіктім, уақытты босқа өткізіп, кеш бастадым,- деп өкінуі екенін дұрыс түсінгеніміз мақұл. Қалай десек те, Абай орыс тілін өте жақсы біліп, терең меңгерді. Оған дәлел Абайдың аудармалары. Абай өзінің аудармаға арналған шығармашылық жылдарында үлкенді-кішілі 50-ден астам шығарманы орыс тілінен қазақшаға аударыпты. А.С.Пушкиннің "Евгений Онегин" романынан 7 үзінді, М.Ю.Лермонтовтан 27 өлең, И.А.Крыловтан 12 мысал және әр түрлі авторлардан 7 өлең аударған.

Аудармаға қойылатын негізгі талап, мүмкіндігінше түпнұсқаның, сол шығарманың мазмұн-мәнін, көркемдік қасиетін толық сақтап, басқа тілді оқырманға төкпей-шашпай жеткізу.

Ал, Абай түпнұсқаны бар қалпында жеткізуді мақсат етпеген. Аударған шығармаларының көбін, Абай өз көңіл-күйіне үйлестіре қысылмай, қымтырылмай еркін әңгімелейді. Ақынның кейбір аударма өлеңдері түпнұсқамен жолма-жол бірдей келсе, ал кейбір өлеңдері түпнұсқаға мейлінше жақын келіп үндес шығып жатады.

Ал, еркін аударылған аудармалар өлеңнің мағынасын бастан-аяқ дәл, тура жеткізбей, аудармашы ақын Абайдың сол кездегі көңіл-күйіне сәйкес еркін жырлап кететіні  бар. Біз мұны Абай аудармаларының өзіндік ерекшелігі дейміз. Абай орысша тексті көбіне-көп дәлме-дәл аударуды алдына мақсат етіп қоймаған секілді. Мұның негізгі себебі, ақын сол кездегі қазақ оқырмандарының білімін, ұғым-түсінігін, ойлау ерекшелігін ескерсе, екіншіден өзі жақсы білген Шығыстың классикалық поэзиясының "Назира" үлгісін пайдаланған ақын, оқиға желісінің негізін сақтай отырып, мысалдағы жағдайларды қазақ өміріне, түсінігі мен ойлау ерекшелігіне жанастыра отырып, өзінше бейнелеуге ұмтылған. Мысал үшін, Шығыс ақындары жырлаған "Ескендір" тақырыбын Абай "Назира" үлгісінде өзінше жырлап, "Ескендір" поэмасын жазған. Шығыс әдеби дәстүрін жақсы білген Абайға және сол кездегі қазақ оқырмандарына бұл қалыпты жағдай болып көрінген сияқты. Бұл айтылып отырған "Назира" үлгісі қолын байлайтын, шеберлігіне шек қоятын жағдай деп емес, керісінше, алдыңғы ақында айтылған ойдың, сөздің орамын өзінше келтіріп,кейінгі ақынның тың, жаңа өрнек табуына мүмкіндік беретін жағдай деп түсінген жөн.

Абайдың аудармалары туралы айтқанда, ең бірінші айтарымыз Абайдың қазақ тілімен қатар, орыс тілін өте терең, жетік білгені көрініп тұр. Ол түпнұсқадағы ақын ойының нәзік иірімдерін мейлінше терең түсініп, аударып отырған ақынның айтам деген ойын өрнектей отырып, одан әрі биіктете, құлпырта аударады.

Орыс әдебиетіне зер салғанда Абайдың назары алдымен Пушкинге түседі. Неге? Себебі, Пушкин орыс әдебиетіндегі жаңа дәуірдің, тақырып-идеялары мен көркемдік сапасы мүлде жаңа классикалық  әдебиетінің басы болды. Ол орыс әдебиетінде қоғамдық ой-өрісі, дүниетанымы, эстетикалық көркемдік – барлық сипат қасиеттері өзгеше сөз өнерін қалыптастыра отырып, орыс әдебиетінде реализм әдісін берік орнықтырды. XIХ ғасырдағы орыс өмірін, сол ортада өмір сүріп жатқан кейіпкерлер арқылы орыс қоғамын шынайы суреттеген Пушкиннің "Евгений Онегин" секілді реалистік шығармасын, қазақ әдебиетінде реализмнің негізін салған Абайдың қазақшаға аударуы заңды құбылыс секілді. Себебі, Батыс пен Шығысты тең меңгеріп, данышпан хакім дәрежесіне жеткен ұлы Абайдың, Европалық әдебиеттің озық үлгісі реализм әдісі арқылы, халқын тәрбиеге, өнер-білімге шақырып, "тіл ұстартып, өнер шашуды" анық мақсат еткен шағы еді.Абай ұлылығының жарқын бір көрінісі екендігіне дау жоқ


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!