Материалдар / Абай Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қара сөзі»

Абай Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қара сөзі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытушы ұстаздарға Абайдың қара сөздерін оқытуда көмегі тиеді деп ойлаймын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қазан 2020
882
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Физика-математикалық лицей»ММ,

Сагунбаева Асемгуль Шаяхметовна


Абай Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қара сөзі»


«Абай үні, Абай лебі, Абай тынысы-заман

тынысы,халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып,

жаңғырып,жаңа өріс алып тұр»- деп Мұхтар Әуезов бағалаған.


Ұлы Абай атамыздың кейінгі ұрпаққа қалдырған мұрасы аса зор. Мен де Мұхтар Әуезов атамыздың пікірімен келісемін, өте дұрыс, керемет, мәнді де жанды айтылған деп ойлаймын.Абай Құнанбаев үні, өлең, шығармаларындағы лебі – неше жыл өтсе де,қазіргі заманда берер тәрбиесі бар. Әлі де болса жаңғырып,жанарып келеді.

Абайды біз « Дана - ақын, дара- ақын» деп бекер айтпаймыз. Өйткені оның еңбектеріне баға жетпейді. Барлық еңбектерін айта келе, Қара сөздеріне тоқталғым келеді.

Абайдың қара сөздері – көркем әңгіме емес, ғақлиялық даналық сөздер. Онда ғылыми философиялық толғаныстар кең орын алған. Абай қара сөздерді жазуға зор дайындықпен келген деп айтылады.Ол бұл еңбектерін діни сопылық - теологиялық ғылымды да,жаратылыс заңдарын ашқан Галилей, Коперник, Ньютон, Дарвин еңбектерін де, ертедегі философ ғылымдар Сократ, Аристотель, Платон шығармаларын да, Шығыстың ойшылдары – Фердауси, Шамси, Қожа Хафиз,Бабыр т.б. еңбектерін де оқып алып, ақыл-парасаты әбден жетілген шағында жазуға кіріскен делінеді.Ол қара сөздердегі келтірілген терминдік атаулар мен сілтемелерден немесе ой-пікір үндестігінен байқалады екен.

Абай атамыздың әрбір қара сөздері – өз алдына бір заңғар таудай. Қара сөздерін оқи отыра сонау қиын заманда, қазақ халқының көрген азабын бірге көріп,сезініп,қолмен ұстағанын сезетіндей боламын. Қара сөздер ақыл мен пайымға толы, мағынасы терең, оқушыға ой саларлық, ғибрат біреуді көздей құрылған. Соның ішінде естілік пен білімділікті ажырататын қара сөзінің бірі –он тоғызыншы қара сөзі. Көпшілік қара сөздерінде философиялық сұрау беріп, сол сұраққа өзі жауап беріп немесе жауап іздеп жатады. Сол сияқты мен де, Абайдың 19 қара сөзін оқып, саралап көрдім,«қандай» мен «қалай» сұрақтарына жауап іздегім келеді.

Еске түсіре кетсек: Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды - дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп білген жақсы нәрселерін ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, соны адам десе болады.Мұндай сөзді есіткенде жай­қақтап, шалғырттанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерін қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек?

Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады делінген.

Менің пікірім бойынша, Абай атамыз бұл қара сөз арқылы адамдардың бірден ақылды, атақты, данышпан болып туылуы мүмкін емес екендігін, адам барлығын біліп туылмайтынын түсіндіргісі келген. Өмірдегі қиыншылықтар мен түрлі қиын-қасіреттерді, жаман мен жақсыны көріп қана бұл дүниеде бір нәрсені біліп, үйренуге болады. Ең маңыздысы - өмірдегі әр болған оқиғадан өзіңе сабақ алу. Егер жақсы болса, одан да игі істерді жасауға тырысып, ал жаман болса, сол істерді жасамауға ниет қылған жөн. Бір сөзбен айтқанда, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену керек. Адам жақсы нәрселерді ескеріп, жаман нәрселерден сақтанып, тек қана жақсылық жасауға ұмтылып тұрса, онда ол адамның адамгершілігінің молдығын, жалпы "адам" деген атқа лайық екенін аңғаруға болады. Ал нағыз жақсы адамды мойындамай немесе оған сенбеген адамға артық сөз айтудың да керегі жоқ. Ондай адамдарға тырысып түсіндіргенше, жақсыларды мойындайтын жануарды баққан дұрыс дейді. Яғни, жақсыны мойындамау - жануардың ісінен бетер.

Сонымен қатар өзінің он тоғызыншы қара сөзінде естілік ұғымы туралы терең ой қозғайды .«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды танидыдағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады» – дейді. Мінеки, естіліктің адам баласының бойында туа сала бітпейтінін,естіліктің күнделікті өмірде сезіну, түсіну арқылы қалыптасатынын айтады.

Адам баласы есейе келе,күнделікті өмірде алған тәлім – тәрбиесінің ,тәжірибесінің арқасында санасы, білімі дами береді.Абай атамыздың осы сөзіндегі ой тұжырымы, қазақ халқының мәтеліндегі «Көре-көре көсем,сөйлей- сөйлей шешен боларсың»деген ұғыммен де ұштасатын сияқты. Естілердің айтқан сөздерін ой елегінен өткізе отырып, оның пайдалы және ұтымды жақтарын күнделікті өмір тәжірибесінде оңтайлы қолдана білу,сол адамның ақылдылығын көрсетеді.Осы айтып отырған ойларын, Абай атамыздың мына өлеңдермен жалғастыратындай:

«Сен де - бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан!»

Ұлы Абай Құнанбаевтың қара сөздеріндегі бізге айтқан ақылын құлақ асып, зер салып,ден қойып тыңдасақ,естілерден алатынымыздың естияр болып қалыптасуымызға ықпалы дөп.

Қорыта келіп, мен Абай атамыздың осы қара сөзіндегі мына сөйлеміне тағы тоқталғым келеді. «Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады» деп, бір сөзбен айтқанда жақсылардан үлгі алыңдар деп, келешек ұрпақ санасына жеткізу арқылы, оларды өз бетінше жалқаулықты жеңе білуге, еңбектенуге, білім алуға, дамуға болатынын айтып, соның арқасында өмірден өз орнын таба алатынынына көздерін жеткізу әр ата-анамен ,ұстаздың міндеті.

Бір сөзбен айтқанда, 19 – шы қара сөзі – біздер үшін де, жастар үшін бағасыз сый! Сол сыйды өзіміздің қажеттілігімізге жарата білейік. Назарларыңызға рахмет!
















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ