Материалдар / Абай Құнанбайқұлы Он жетінші қарасөзі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абай Құнанбайқұлы Он жетінші қарасөзі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қарасөздің мәнін, мағынасын, көтеріп отырған идеясының әлеуметтік саяси астарын ұғындыру; Өлеңдерін талдауға, мағынасын, тақырыбын, идеясын, тәрбиелік мәнін ашуға, түйінді ой айта білуге төселдіру; Сын тұрғысынан ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін дамыту, Өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, тілімізді қадірлеп, құрмет тұтуға тәрбиелеу. Қарасөздің мәнін, мағынасын, көтеріп отырған идеясының әлеуметтік саяси астарын ұғынады;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1015
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні Сынып:8 «Б» «В» Сабақтың тақырыбы:Абай Құнанбайұлы Он жетінші қарасөзі Мақсаты: Қарасөздің мәнін, мағынасын, көтеріп отырған идеясының әлеуметтік саяси астарын ұғындыру; Өлеңдерін талдауға, мағынасын, тақырыбын, идеясын, тәрбиелік мәнін ашуға, түйінді ой айта білуге төселдіру; Сын тұрғысынан ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін дамыту, Өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, тілімізді қадірлеп, құрмет тұтуға тәрбиелеу. Қарасөздің мәнін, мағынасын, көтеріп отырған идеясының әлеуметтік саяси астарын ұғынады; Өлеңді талдауға, мағынасын, тақырыбын, идеясын, тәрбиелік мәнін ашуға төселеді;Өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыланады; Тілімізді қадірлеп, құрмет тұтады;Топпен жұмыс істеуде оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері артады. Сабақтың барысы: «Шаттық шеңбері» Сабақ бойынша мұғалімнің бақылауы: Сабақта оқушылардың іс-әрекеттерін бақылап отырады Тапсырма 1 Мұғалімнің іс-әрекеті: не істеймін? Оқушылардың іс-әрекеті? 1.Оқушыларды топқа бөлу (Қайрат, Ақыл, Жүрек), бағалау парағын тарату 2.«Миға шабуыл» 1.Топтарға бөлініп, рөлдері анықталады. 2. «Мен саған, сен маған» сұраққа жауап береді Түсіндірме беру Ұлы Абайдың әдеби-шығармашылық мұрасында қарасөздері өз алдына бір байтақ әлемді алып жатыр. Қарасөз дегеніміз-ғылым туралы, философия туралы, дін туралы қара сөзбен жазылған еңбек. Абай Құнанбайұлының 1890-1898 жылдар арасында жазылған 45 қарасөзі бар. Қарасөздері алғаш рет Семей қаласында 1948 жылы «Абай» журналында жарық көрді. Абай қарасөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.  Тапсырма 2 Он жетінші қарасөзді рөлдерге бөліп оқу, мәтіндегі негізгі ойды анықтау І топ: Қайрат ІІ топ: Ақыл ІІІ топ: Жүрек 1.Оқулықтағы материалмен танысады 2.Рөлге бөліп оқиды Ғалымның сөзін мұғалім оқиды: -Ей, Қайрат! Қаттылығың да мол, пайдаң да мол, залалың да мол. Кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман. Адалдық пен ізгілік-тек жүректің ғана ұстанатын жолы. Адам үшін ең қажеттісі-жүрек қалауы. Осы үшеуің басыңды қос. Осы үшеуі тең табылған кісі –қасиетті адам. Сергіту сәті Тапсырма 3 Топтарға тапсырмалар беру І топ: Топтастыру арқылы «Абай Құнанбайұлына» анықтама бер ІІ топ: «Сәйкестендіру» кестесін орындау ІІІ топ: Он жетінші қарасөзге сатылай кешенді талдау Әр топ өз тақырыбын қорғайды. Постер құрады Қосымша материалдарымен жұмыс жасайды құрады Сергіту сәті Тапсырма 3 І топ: Қайрат Абай неге адамның көқасиеттерінің ішінен тек қайрат, ақыл, жүрек үшеуін ғана таңдап алған? ІІ топ: Ақыл Адам болу үшін қандай қасиеттер болу керек? ІІІ топ: Жүрек Абайдың көтеріп отырған мәселесі не? Ол біздің қоғамымызда өзекті ме? 1.Ой өрбітеді 2. Әр топ өз тақырыбын қорғайды. Постер құрады 3.Қосымша материалдарымен жұмыс жасайды Сергіту сәті Тапсырма 4 Ойтолғау І топ: ХХІ ғасыр азаматы ретінде Абай атаңа хат жаз ІІ топ: «Атадан ұл туса игі» ойтолғау ІІІ топ: «Абай қарасөздері-даналық мектебі» 1. Диалогке түсу, топпен орындау. 3. Әр топ, топ мүшелерінің іс-әрекетін бақылау Сергіту сәті Тапсырма 5 1.Тыңдау, бақылау 2.Рефлексия 1.Тест құрастыру (топтар бір-біріне құрастырған тест сұрақтарын қояды) 2.Кестені толтыру: Не білдім? Нені білгім келеді? Қорытындылау: Сонымен ұлы кемеңгер, ойшыл Абай ақынның сөздері халық үшін, халқының пайдасы үшін жазылған мол мұра боп, кейінгі ұрпағына адасқанда жол сілтер, шөліркесе сусын болар мәңгі өлмес, өміршең дүниелер боп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Ақын С.Торайғыровтың «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе» деп кейінгілерге қалдырған өнегелі сөзінің өзінен көп сырды аңғаруға болады. Абай шығармаларын оқып, қажетімізге жаратсақ, ол біздің ақын рухына деген құрметіміз болмақ. Үйге тапсырма: 1. Абайдың он жетінші сөзін жаттап келу 2. «Абай кім?» тақырыбына шығарма жазу Бағалау Топтардағы берілген тапсырмалар бойынша топ мүшелері бір-бірлерін бағалайды, қорытынды бағалау.

Тексерілді: 30.11.2016 ж

Сынып:8 «Б», «В» Сабақтың тақырыбы: Абай. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» Сабақ мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Абай өлеңінің мәнін түсіндіре отырып, сол кездегі дәуір тынысын, қазақ халқының мінез ерекшелігін ұғынуға жағдай жасау. Дамытушылық: Абай шығармаларын оқу арқылы адам бойындағы қасиеттерді саралай білуге, ой түюге, мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру. Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, еңбекқор болуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту Сабақтың әдіс-тәсілдері: Блум таксономиясы әдіс -тәсілдері, салыстыру, талдау, инсерт,т.б. Сабақтың көрнекілігі: Слайд, Абай портреті, шығармалар жинағы Пәнаралық байланыс: орыс тілі Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Өткенді еске түсіру ІІІ. Жаңа сабақ. Сынып оқушыларының сабаққа дайындығын қадағалау. Өткенді еске түсіру. Қосымша сұрақтар қойылып, жауап алынады. Слайдтан Абай суреті мен сабақ эпиграфы көрсетіледі. «Абай-қазақ халқының рухани қазынасына өлшеусіз үлес қосқан ғұлама ғана емес, ел болуына ұлан-ғайыр еңбек еткен данагер...» (Н.Ә.Назарбаев) Жаңа сабаққа жетелеу сұрақтары:  Абайдың шығармашылығы туралы не білесіздер?  Абай өмір сүрген кезеңге сипаттама беріңіз? Теориясы «Білу». Жаңа сабақ «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңін оқу (Оқушылар өздері ұғынған мәліметтерді айтады) Бұдан соң «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңін Абайдың шығармалар жинағынан карап мәнерлеп оқып танысады . Түсіндіру әдісі: «Дереккөз» Дәптермен, оқулықпен жұмыс.Өлең алдымен қазақтың кескінін көз алдыңа алып кеп, кейін оның ішкі әлемі-мінезін аша бастайды. Қазақ халқына айтылған терең ой жатыр. Халықтың надандығы мен әкімсымақтарын сынайды. «Қазағым», «елім», «жұртым» дей отырып, Абай халық басындағы мұңға қинала сөйлейді. Іске жоқ, жыртың-жыртың мағынасыз күлкі,қу сөзді,мылжың, бөспе,күндіз күлкі, түнде ұйқы бұзу себебі-өз малына өзі ие емес сорлы. Қосымша мәлімет: Бұл өлең 1886 жылы жазылған. 30 жолдан тұрады. Өлең мәтіні 1909, 1957 жылғы жинақ және Мүрсейт қолжазбалары (1905, 1910)бойынша алынды. Теориясы «Түсіну». Абай тілінің сөздігін жасау. Тыртың-қолдан келмейтін тыраштанған іс-әрекет Қиқым- Бір нәрсенің майда, ұсақ қалдығы Ырық-өз қалауы, еркі Сиық-түр-тұрпат, көрік, түр-сұрық Қырт, қыртың-көп сөйлеу, мылжың Шырық- берекені алу, мазалау Практикасы «Қолдану». Теориясы «Талдау». Оқушыларға өлең құрылысындағы Абай өрнегін тапқызу 1. Әр тармақтағы буын саны - 11-12 2. Әр тармақтағы бунақ саны – 3 3. Шумақтағы тармақ саны - өлең тармаққа бөлінбеген, жыр үлгісінде жазылған 4. Өлеңдегі тармақ саны – 30 5. Ұйқасы- аралас ұйқас ААВА 6. Анықтамасы - Тармақтары 11-12 буыннан, 3бунақтан, 30 тармақтан тұратын аралас ұйқаспен жазылған өлең. Теориясы «Жинақтау». Абайдың сөзден салған суретін айқындау 1. Жақсы менен жаманды айырмадың, Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың. 2. Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді, Аузымен орақ орған өңкей қиқым. 3. Бас-басына би болған өңкей қиқым, Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын. 4. Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ, Сапырылды байлығың, баққан жылқың. Шығармашылық жұмыс. Топпен ақынның өлеңіне сурет салу Бағалау. Не білдің? Түйін: Абай сөзі - қазақтың бойтұмары.

Үйге тапсырма «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» үзінді өлеңін жаттау.

Тексерілді: 23\24.11.2016ж





































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!