«Үздік мақала» номинациясына ұсынылады.
Жазған: Ақтөбе қаласы, «Смарт-білім»
Мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы
Сәтбай Мәншүк
Абай-әлемдік мәдениеттің тұлғасы
Абай атамыз 10 тамыз 1845 жылы Қарқаралы,Семей обылысында дүниеге келген. Шын есімі Ибраһим, кішкентайынан әжесі Зере еркелетіп «Абай» деп атап кеткен. Осылайша ұлы ақынымыз өзінің шын есімімен емес, әжесі еркелетіп атаған Абай деген есіммен тарихымызда қалды. Абай атамыз тек ақын емес, ұстаз, ағартушы, философ, сазгер, аудармашы және ең бастысы қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы.Абай атамыз кішкентай кезінен білімге деген қызығушылығымен,әкесі Құнанбайдың көзіне түсті. Абай атамыздың әкесі Құнанбай орыс тілін жақсы білгент,тобықты руының өте ықпалды биі болды.Абай болашақ жастар үшін өзінің 45 қара сөздерін және тек қара сөздермен тоқтамай,көптеген өлеңдер,дастандар,әндер жазды.Абай атамыздың халық арасында кеңінен таралған өлеңдері «Ғылым таппай мақтанба», «Күз», «Қыс», «Жаз», «Сегіз аяқ», «Ғашықтың тілі-тілсіз тіл», «Сенба жұртқа,тұрса да қанша мақтап», «Қалың елім,қазағым,қайран,жұртым», «Әсемпаз болма әрнеге», «Татьяна сөзі». Бұл өлеңдер халық аузында жүріп,танымалдылық жинады. Ал Абайдың аса танымалдылық жинамаған өлеңдері,мен жазған тізімнен екі есе көп дегім келеді.Абай атамыздың «Қарасөздер», «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» атты дастандар жарық көрді.Ал музыкасына келетін болсақ,Ақынның халық арасында танымал болған өлеңдері «Татьянаның қырдағы әні», «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай». Абай атамыз өз өлеңдерін жинастырмаған,яғни бір өлеңін бір парақ бетіне жазған және соны халыққа таратып берген. Жазушы тек өлеңдерін емес,өзінің бүкіл еңбектерін жинастырмаған еді, ақынның әр жазған еңбегі өте бағалы болып келеді.Абай Құнанбайұлын тек қазақ емес, бүкіл әлем таниды. Абай Құнанбайұлының шығармалары шет елдерде де танымал болып келеді. Ұлы ағартушымызға арналып көптеген кітаптар,романдар, өлеңдер,опералар,фильмдер жазылды. Мысалы: Мұхтар Әуезовтың ең танымал, 4-томдық кітабы «Абай жолы». Бұл кітапта М.Әуезов өзінің ұстазының толық өмірбаянын жазған.Ең күштісі бұл кітап,яғни «Абай жолы» Қазақстанда және шетел елдерінде танымал болып келеді.Қазіргі таңда Қазақстандық жас журналист-блогер Әлия Әшім,М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясын өзі оқып жатып,әлеуметтік желіге оқыған жерін қарапайым қара сөзбен мазмұнын салған болатын.Бұл бейнероликтер өте қызықты болғасын көп қаралым мен лайк жинады.Осы түсіндірмелі бейнероликтердің арқасында жас журналисттің танымалдылығы артты. Бұндай бейнероликтерді менде қызыға қараймын,бір бастап қарасаң жаңа бейне таспалар қашан шығады деп асыға күтесің. Ұстазға арналған тағы «Абай әндері» фильмі ,Мағжан Жұмабаевтің «Абайға», «Алтын хакім Абайға». Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Абай» өлеңдері. Қасым Аманжоловтың «Абай» өлеңі. Мұқағали Мақатаевтың «Абайға» өлеңі. Ахмет Байтұрсынов,Жүсіпбек Аймауытов,Міржақып Дулатұлының мақалалары. Айта беретін болсақ Абай атамызға арналған шығармалар мен өлеңдер өте көп. Бұнымен қоймай ұлы ұстаздың еңбектерін,басқа ұлттың ақындары мен жазушылары өз тілдеріне аударды.Басқа ұлттың ақындары мен жазушылары демекші, Абай өзіде басқа тілде жазылған еңбектерді өзінің ана тіліне аударған еді. Мысалы: А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» дастаны, М.Ю.Лермонтовтың «Шайтан»,»Қанжар», «Дұға» сияқты өлеңдерін аударған.Абай Құнанбайұлының еңбек жолын,еңбектерін өзі туралы толығымен жаздым деп санаймын.Менің түсінгенім,Абай Құнанбайұлы ұлы ақын және бүкіл әлемге танымал тұлға.Әлемге әйгілі екені әр бір азамат біледі. Оның бірде бір себебі жазушымыздың еңбектерін шет елдерге аударып сұранысқа ие болуы.Қазақстанда Абай атындағы 1-қала,1-облыс,30-дан астам ескерткіш,1400-ден аса көше,100-ге жуық мектеп,бірнеше колледждер,театрлар,музей, университет бар. Мысалы: Алматы қаласында Абай атындағы Қазақ ұлттық педогогикалық университет,Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театры бар.Ал,Семей қаласында Абайдың әдеби мемориалдық музейі,Абай атындағы тетар жұмыс жасайды. Ұлы ақынның құрметіне Мәскеу,Ташкент,Ош,Баку,Берлин,Париж,Анкара,Каир,Бейжің қалаларында ескерткіштер,көшелер,мектептер,музейлер салынған,қазірге таңда әлі жұмыс жасайды. Ұлы жазушының құрметіне орай 1995жылы 150-жылдығы халықаралық деңгейде атап өтілген болатын. Ал 2020-жылы 175-жылдығы әлем бойынша тойланды. Жазушының есімі тек қазақ халқының емес шет елдердеде орасан зор орын алатынының белгісі.Бұл Абай Құнанбайұлының әлемдік деңгейіндегі ұлы ақын екенін көрсетеді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Абай Құнанбайұлы

шағым қалдыра аласыз