Сабақтың тақырыбы:
Абайтану
Мұғалімнің аты-жөні: Еллыбаева Айсулу Оралбайқызы
Күні: 03.02.2021
СЫНЫП: 9
Қатысқан оқушылар саны:
Қатыспаған оқушылар саны: 0
Тақырыбы Озық елдердің өнерін, ғылымын, білімін үйреніп, зарарынан қашық,
пайдасына ортақ болуға үндеуі. Жиырма бесінші қара сөзі
Мақсаты оқушыларға «Жиырма бесінші» қарасөзі туралы түсінік беру, қарасөзді талдау,
мағынасын ашу.
Күтілетін нәтиже Қарасөзді оқып, талдай алады, мағынасын түсінеді.
Қолданылатын
әдіс-тәсілдер
Кім жылдам,Миға шабуыл,Жигсо, Ойлан тап,Эссе
Қолданылатын
ресурстар
Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук
Ұйымдастыру
кезеңі
«Қайталау–оқу
айнасы» әр түрлі
деңгейдегі
сұрақтар беріледі,
Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар
• Абайдың ғылым, білім, ар, ұят
жайлы пайымдауларын қалай
түсінесіңдер?
• Қарасөзіндегі ақыл, білім
жөніндегі пайымдауларын
қалай түсіндіңдер?
• Ақынның адамгершілік,
адалдық, еңбекқорлық,
имандылық, парасаттылық,
қайырымдылық сияқты ізгі
қасиеттер жайындағы ойлары
қандай?
• Ақынның ақыл, насихат туралы
пікірі қандай?
• Адам бойындағы қандай
қасиеттерді ерекше
бағалайсыңдар, бізге қандай
қасиет жетіспейді деп
ойлайсыңдар?
Сабақ барысы Абай Құнанбаевтың жиырма бесінші қарасөзі
Балаларды оқытқан да жақсы, бірақ құлшылық қыларлық қана,
түркі танырлық қана таза оқыса болады. Оның үшін бұл жер
дарулхарап, мұнда әуелі мал табу керек, онан соң араб, парсы керек.
Қарны аш кісінің көңілінде ақыл, бойында ар, ғылымға құмарлық
қайдан тұрсын? Ашап-ішімге малдың тапшылығы да ағайынның
араздығына уә әртүрлі пәлеге, ұрлық, зорлық, қулық, сұмдық секілді
нәрселерге үйірлендіруге себеп болатұғын нәрсе. Мал тапса, қарын
тояды. Онан соң, білім түгіл өнер керек екен. Соны үйренейін не
балама үйретейін деп ойына жақсы түседі. Орысша оқу керек,
хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да - бәрі орыста тұр. Зарарынан
қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек
керек. Оның себебі олар дүниенің тілін білді, мұндай болды. Сен
оның тілін білсең, көкірек көзің ашылады. Әрбіреудің тілін, өнерін
білген кісі оныменен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана
жалынбайды. Дінге де жақсы білгендік керек. Жорғалықпенен
көңілін алсам екен деген надан әке-шешесін, ағайын-жұртын, дінін,
адамшылығын жауырынынан бір қаққанға сатады. Тек майордың
күлгені керек деп, к...і ашылса да, қам жемейді. Орыстың ғылымы,

өнері - дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі. Ләкин
осы күнде орыс ғылымын баласына үйреткен жандар соның
қаруымен тағы қазақты аңдысам екен дейді. Жоқ, олай ниет керек
емес. Малды қалай адал еңбек қылғанда табады екен, соны
үйретейік, мұны көріп және үйренушілер көбейсе, ұлықсыған
орыстардың жұртқа бірдей законы болмаса, законсыз қорлығына
көнбес едік. Қазаққа күзетші болайын деп, біз де ел болып, жұрт
білгенді біліп, халық қатарына қосылудың қамын жейік деп
ниеттеніп үйрену керек. Қазір де орыстан оқыған балалардан артық
жақсы кісі шыға алмай да тұр. Себебі: ата-анасы, ағайын-туғаны,
бір жағынан, бұзып жатыр. Сүйтсе де, осы оқыған балалар - ана
оқымаған қазақ балаларынан үздік, озық. Не қылса да сөзді ұқтырса
болады оларға. Жақсы атаның балалары да көп оқыған жоқ, қайта,
кедейдің балаларын орысқа қорлап берді. Олар осыдан артық қайда
барсын? Және де кейбір қазақтар ағайынымен араздасқанда: «Сенің
осы қорлығыңа көнгенше, баламды солдатқа беріп, басыма шаш,
аузыма мұрт қойып кетпесем бе!» деуші еді. Осындай жаман сөзді,
құдайдан қорықпай, пендеден ұялмай айтқан қазақтардың баласы
оқығанменен не бола қойсын? Сонда да өзге қазақ балаларынан
артық үйренгені немене, қай көп үйреніпті? Кірді, шықты, ілді,
қайтты, түбегейлеп оқыған бала да жоқ. Әкесі ел ақшасымен
оқығанға әрең оқытады, өз малын не қылып шығарсын? Турасын
ойлағанда, балаңа қатын әперме, енші берме, барыңды салсаң да,
балаңа орыстың ғылымын үйрет! Мына мен айтқан жол - мал аяр
жол емес. Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең -
оқыт, мал аяма! Әйтпесе, бір ит қазақ болып қалған соң, саған рахат
көрсете ме, өзі рахат көре ме, я жұртқа рахат көрсете ме?
Қолдануы Абай Құнанбайұлының 25-қарасөзіне талдау
Абай Құнанбайұлының 25-қарасөзі басқа да қарасөздері
сияқты әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан емес.
Аталған қарасөзде Абай атамыз оқу-білімге байлық аямау
керек дегенді айтады. "Мал тапса, қарын тояды. Онан соң, білім
түгіл өнер керек екен. Соны үйренейін не балама үйретейін деп
ойына жақсы түседі", - дейді ол.
"Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" деген қазақтыкі болып
кеткен Қадыр атамыздың сөзін дана Абай да айтып кеткен.
"Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренген" халықты көкірек көзді
ашуға шақырады ол. "Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де,
ғылым да - бәрі орыста тұр", - дей келіп, өзге жұрттың тілін білген
адам терезесі тең тұрып сұхбат құра алады дегенді айтады.
Дәулет әр адамға өз несібесімен келеді. Қазір оқу-білімге
жұмсалған ақша болашақта қайтарымы бар берекелі ақшаға
айналмақ. "Өз келешегін ойлаған әр адам орыс ғылымын үйренсін"

деген тұжырым бүгін де өзекті болып тұр. "Турасын ойлағанда,
балаңа қатын әперме, енші берме, барыңды салсаң да, балаңа
орыстың ғылымын үйрет! Мына мен айтқан жол - мал аяр жол емес.
Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең - оқыт, мал
аяма! Әйтпесе, бір ит қазақ болып қалған соң, саған рахат көрсете
ме, өзі рахат көре ме, я жұртқа рахат көрсете ме?".
Назар салсақ, оқуға қолын бір сілтеген адамның көкірек көзі
қараңғы болып, тұмшаланып, ішіп-жеп қана өмір кешетін төрт
аяқты хайуаннан еш айырмасы болмайтыны айтылған, "бір ит қазақ
болып қалған соң, саған рахат көрсете ме, өзі рахат көре ме, я
жұртқа рахат көрсете ме?" деген жолдар – осы сөзіміздің куәсі. Оқу-
білімнің қажеттілігін сөз құдіретін жіті түсінген халқымыздың
мақтамен бауыздау тәсілін қолдана отырып жеткізген ғұламадан
асырып ешкім айта алмаса хақ-ты...
Сұрақтар/ бекіту • Ақын қарасөзінде озық елдің қандай ерекшеліктеріне
тоқталып, бағалаған?
• «Балаң бала болсын десең, оқыт» деп өсиет айтуынан не
аңғарылады?
• «Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік» мәнін
түсіндіруге тырысыңдар.
• Абайдың қарасөздеріндегі көтерілген даналық ой-пікірлер
өлеңдерінде айтылған ойлармен сабақтастығын ашыңдар.
•
Үй тапсырмасы Қазақтың бала тәрбиесіне қатысты 10 мақал-мәтелін теріп
жазыңдар. «Жиырма бесінші» қарасөзін оқу, талдау.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Абай Құнанбайұлы "Жиырма бесінші" қара сөзі

шағым қалдыра аласыз