Материалдар / Абай Құнанбайұлы. Қалың елім, қазағым, қайран жұртым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абай Құнанбайұлы. Қалың елім, қазағым, қайран жұртым

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мектептің 10-шы санабына, ал колледждің 1 курсына арналған, Сабақ жоспары түсінікті жазылған, оқытушылар өз сабақтарында пайдаланса болады, сілтемелер берілген арқылы тапсырмаларды көруге болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Шілде 2024
279
2 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ШЖҚ «Түркістан жоғары медицина колледжі» МКК



САБАҚ ЖОСПАРЫ


Сабақтың тақырыбы: Қалың елім, қазағым, қайран жұртым


Picture 2

Модуль атауы: Қазақ әдебиеті

Педагог: Г.Алдабергенова.

2024 жылғы «16» ақпан.

  1. Жалпы мәліметтер

Курс І, топ: Е-101, Е-102, СД-111

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Мақсаты, міндеттері: А.Құнанбаевтың шығармаларына сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын ашу. Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен ауыспалы мағынадағы сөздерді табу, орны мен қызметіне талдау жасау. Әдеби эссе жазу.

(құндылықтарды дарыту)Білімділік: «Қалың елім қазағым, қайран жұртым» өлеңін талдап, білімдерін жүйелеу, шығармашылық жұмыстар арқылы Абай туындыларын таныту;

Тәрбиелік:Абай шығармаларының құндылық ретіндегі болмысын бағалауға, адамгершілікке, имандылыққа, туған жердің тарихын қастерлеуге, қоғамдағы өзгерістерге өз көзқарасын білдіруге баулу.

Дамытушылық: Оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-бірінің жауаптарын сыйлауға үйрету, қазақ әдебиеті шығармаларын насихаттауға, құрметпен қарауға шақыру.

Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі:

Әдеби шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы эссе жазу, бейнебаян әзірлеу.

  1. Күтілетін нәтижелер: Барлық оқушылар өлеңнің мазмұнымен танысады, мағынасын ашады. Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды.

Оқушылардың басым бөлігі Қазақ халқының мінез ерекшелігін танып біледі. Кейбір оқушылар сол кездегі дәуір тынысы мен бүгінгі заманды салыстырады.

  1. Қажетті ресурстар: Бейнефильм, аудиожазба, презентация. Тапсырма жазылған парақшалар; деңгейлік тестер.

Әдебиеттер:

  1. А.С.Ақтанова, А.Қ.Жүндібаева. Қазақ әдебиеті. 10-сынып қоғамдық –гуманитарлық бағыт. –Алматы: Атамұра, 2019

  2. С.Қасқабасов, Р. Әлімханов, Е.Раушанов, Қ.Қайырбай. Қазақ әдебиеті. 10-сынып қоғамдық –гуманитарлық бағыт. –Алматы:Жазушы, 2019

  3. А.С.Ақтанова, А.Қ.Жүндібаева. Қазақ әдебиеті. 10-сынып жаратылыстану-математикалық бағыт. Алматы: Атамұра, 2019

  4. С Қасқабасов, Р. Әлімханов, Е.Раушанов, Қ.Қайырбай. Қазақ әдебиеті. 10-сынып жаратылыстану-математикалық бағыт.- Алматы: Жазушы, 2019

  5. Электронды оқулықтар. https://mhelp.kz/skachat-elektronnye-uchebniki-kazahstan/

Электронды оқулықтар:

https://kitap.kz/author/265

https://kitap.kz/index.php/book/abaj-qunanbaev-shyharmalarynyng-tolyq-zhyjnahy

WEB сайттар мен сілтемелер тізімі:

https://www.youtube.com/watch?v=lClQqKY_03s


  1. Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу, студенттерді түгелдеу, сырт келбетіне назар аудару, аудиторияның тазалығын тексеру. (Топ басшы сабаққа келмеген студенттердің тізімін параққа жазып қояды). Психологиялық даярлық. «Сәлемдесу» ойыны. (№1 слайд).

ІІ. Сабақтың жоспары мен мақсатын хабарлау.

Бүгінгі сабақта Абай Құнанбайұлының саяси-әлеуметтік лирика жанрында жазылған өлеңімен танысамыз. Ұлы ақынның шығармаларының ерекшелігін, қазақ әдебиетіне қосқан үлесін, сөз шеберлігін талдап, тапсырмалар орындайтын боламыз.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Абай Құнанбайұлының «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңін мәнерлеп оқу. (№2 слайд)

  1. Сұрақ-жауап әдісі. (№3 слайд)

  2. Онлайн-тест. https://informburo.kz/kaz/tanym/abai-turaly-qansalyqty-zaqsy-bilesiz-test (№4 слайд.онлайн-тест)

Үй тапсырмасына жақсы дайындалып келгендерді мадақтау. Кейбір жауаптарды толықтыру. Пассивті студенттерді белсенді болуға шақыру. Үй тапсырмасын бекітіп, жаңа сабаққа көшу.

IV. Жаңа білімді меңгерту.

Миға шабуыл, жаңа сабаққа жетелеу сұрақтарын қою. (№5 слайд)

Жаңа сабақ тақырыбы анықталған соң, оқу мақсаты, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады. (№6 слайд). (Көркемдегіш құралдар мен ауыспалы мағынадағы сөздерді таба алады, талдау жасайды.)

«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңін бейнебаяннан көру, тыңдау. https://www.youtube.com/watch?v=lClQqKY_03s (№7 бейнебаян)

Топқа бөлу. Абайдың 3 поэмасының атауымен («Ескендір», «Әзім», «Масғұт») 3 топқа бөлу. Студенттер таңдаған қиынды қағазда кітаптың, алманың және адамның бас сүйегінің суреті шығады. (№8 слайд)

«Білу және түсіну».

Дәптермен, оқулықпен жұмыс. Кітаптағы мәтінді оқу, түсінгенін жазу. Бұдан соң шығармадағы өзекті мәселе, идеялық мазмұны туралы интерпретация жасау, (№9 слайд).

«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі бойынша Абай тілінің сөздігін жасау. (10/11 слайд).

Бес жолды өлең. «Синквейн» әдісі бойынша «Жұрт, орақ, сөз» деген сөздерге 5 жолды өлең құрастыру. (12/13 слайд)

V. Жаңа сабақты пысықтау, бекіту.

«Талдау және жинақтау».

«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңіндегі көркем эпитетті табу, тақтада жазу. Қатесіз жазған топқа ұпай беріледі. Эпитет-зат-құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз.(№14 слайд)

Қан ұрт, май ұрт, аузымен орақ ору, бас басына би болған өңкей қиқым, тиянақсыз қылтың, жыртың-жыртың күлкі.

Өлең құрылысын талдау. (берілген параққа жазу) .(№15/16 слайд)

1. Әр тармақтағы буын саны - 11-12

2. Әр тармақтағы бунақ саны - 3

3. Өлеңдегі тармақ саны - 30

5. Ұйқасы- аралас ұйқас ААВА

Бағалау.

Не білдің? «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңінің өміршеңдігі неде? Бүгінгі танысқан шығарма бойынша сурет саламыз. (№ 17слайд)

PISA тапсырмасы. Абай шығармаларындағы рухани құндылықтарға анықтама беріңіз. (№18 слайд).

Абай сипаттаған толық адамның бойында болуға тиіс қасиеттерді өз бойыңыздан таба аласыз ба? Адамның үш қасиетіне талдау жасаңыз. (№ 19 слайд)

VII. Сабақты бекіту, қорытындылау.

«Бэкроним» әдісі. Логикалық ойлау қабылеті дамиды, сөздік қоры молаяды. «Қайран» сөзіндегі әріптерге Абайға байланысты сөйлем құрастыру. Бекіту сұрақтары: Абай кім? Қандай адам? Қызметі? Шығармалары? (№20 слайд)

VIII. Бағалау. Тапсырманы жақсы орындаған топты мадақтау. Бағалау критерийі бойынша жинаған ұпайларын хабарлау. (21 слайд).

IX. Рефлекция. «Смартфон» әдісі. Сабақта не қызықты болды, не түсініксіз болды және қандай әсер алғанын жазады. (№22 слайд).

X.Үй тапсырмасы. (№23 слайд).

  1. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңін жаттау, мәнерлеп айту.

  2. «Мен таныған Абай әлемі» тақырыбында 1 минуттық бейнебаян әзірлеу.

  3. «Ұлтын сүйген Ұлы адам» тақырыбында 150-200 сөзден тұратын эссе жазу.

Пайдаланатын дерек көздер: https://abaiqunanbaiuly.enu.kz/




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!