Материалдар / АБАЙ СИПАТТАҒАН ТОЛЫҚ АДАМ БЕЙНЕСІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

АБАЙ СИПАТТАҒАН ТОЛЫҚ АДАМ БЕЙНЕСІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай толық адам хақында ұстанған көзқарасына сай сипаттарды қалай атағаны баяндалған және Ұлы ақын шығармашылығындағы ерекшеліктер баяндалған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Шілде 2024
193
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АБАЙ СИПАТТАҒАН ТОЛЫҚ АДАМ БЕЙНЕСІ


ШЖҚ «Түрікістан жоғары медицина колледжі» МКК

Қазақ әдебиеті пәнінің оқытушысы

Алдабергенова Гульмира Кыдыралиевна



«Әлемдік мәдениетте Абайды қаншалықты

жоғары дәрежеде таныта алсақ, ұлтымыздың да

мерейін соншалықты асқақтата түсеміз.

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев



Қазақтың жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы, классикалық қазақ әдебиетінің көшбастаушысы Абай мұрасында ұлттық, жалпыадамзаттық мәңгілік рухани құндылықтар мен асыл ой-тұжырымдар құрыштай қорытылып, құндызша құлпырып түйінделген, жинақталып жүйеленген. Бірінші. Ұлт ақыны Абай поэзиясы бастан-аяқ ұшантеңіз метафоралық суреттеулер мен көркем ақпараттардан тұрады десек, онда ойшылдың түйсінуі, елестетуі, қабылдауы, интуициясы, қиялы, танымы, психологиялық ерекшеліктері, интеллектуалдық-шығармашылық деңгейі – образдық-метафоралық ойлаудың таңғажайып мүмкіндіктерін тудырудың, жаңаша көркемдік тәсілдер туындатудың кепілі.

Абайдың көп тақырыптарының бірі – адам мен табиғат бірлігі. Қазақ әдебиетінің ұлы классигі Абай Құнанбаев халқымыздың салт-дәстүрі мен тұрмысын, төрт түлікті шаруашылығын, саятшылық, аңшылық өмірін табиғат лирикасымен ұштастыра жырлаған. Атап айтқанда кейіптеу тәсілін қолданға. Кейіптеу– әр түрлі жануарларды, табиғат құбылыстарын немесе жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп суреттейтін көркемдік тәсіл. Қазақ халқының бірқатар эпостық жырларында атқа тіл бітіп, адамша ойлап, сезетіндей етіп бейнеленеді. Ертегілер мен сықақ-мысалдарда қасқыр, түлкі, қоян,тағы басқа жануарлар адам кейпінде суреттеледі. Жазба әдебиетте кейіптеудің жаңа үлгілері мол ұшырасады. Мысалы,  “Қыс” атты өлеңінде

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап, қеліп қалды.

Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,

Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,

Аязбенен қызарып ажарланды.

Бұлттай қасы жауып екі көзін,

Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды деп,-қыстың қаттылығын, аяздың мықтылығын суреттеп, қыс мезгілін мейірімсіз, түсі суық, қатал шал кейпінде бейнеленген. Табиғат қысын асыл оймен астастырып бейжай, енжар жатқан қазақ даласына қорқыныш әкелген қатал бейнеде көрсетеді. Табиғаттағы құбылыстарды қимылға келтіріп, жанды бейнеге, яғни кейіптеуді қолданады.



Аяздан шидем мен тонды қабаттап киген малшының долы боранға «бет қарауға шыдамай теріс айналғаны», яғни мал соңында жүрген жылқышылардың кешкен күні, суықтан титықтаған тай-құнандарға аузын арандай ашып жүрген аш бөрілер елестейді. Расында, осы өлең шумағын оқығанда, қыстың суық ызғары бетіңе тигендей болады. Негізінде, табиғатты оқиғамен байланыстыра суреттеу халық ауыз әдебиетінде бар. Бірақ қазақ әдебиетінде табиғат жеке тақырып ретінде алынады. «Батыстың классик ақындарының үлгісімен табиғатты суреттеу Алтынсарин мен Абайдан басталады. Әсіресе,оны жоғарғы сатыға көтерген - Абай». Мәселен, Абай «Қыс» деген өлеңінде қысты адам бейнесінде суреттейді. Бұлай суреттеу бұрын болмаған. Абайдың қыс бейнесін «кәрі құда» ретінде әлек салғызуы да өзіндік шеберлігі. Қазақ өлеңдерінде мұндай теңеу алғаш рет кездеседі. Қыс ақ сақалы, ақ киімі бар шал бейнесінде суреттеледі.Бұл шығармадан қыстың шаруа тұрмысына қандай әсері бар екені баяндалады. Мәселен, мал баққан малшыға қыс жылдың қолайсыз уақыты екендігін айтады. Қорыта айтқанда, Абайдың табиғат лирикасы адам өмірімен, оның тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланыста ашылған. Абай табиғаттың тамаша келбетін, сұлулығы мен түрлі құбылыстарын адам психологиясымен, оның сан алуан сәттерімен астарлы байланыста суреттейді.

Сондай-ақ «Жаз» туралы өлеңінде жаратылыстың жайдары жазы, күз туралы жырлағанда, сары жапырақ жамылған сары күз, қысты суреттеген өлеңінде аппақ мамық қардың үстіне үйіріле соққан үскірік аязды желі көз алдында тұрады. Мысалы: «Күз» деген өлеңінде Абай:

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес, бала шулай,

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айырылған ағаш-қурай- деп сидиған, көркінен айырылған ағаш-қурайды, мүсәпір, өмірінің көркі жоқ қайыршы шал- кемпірге ұқсатады. Немесе:

Қар жауса да тоңбайды бай баласы,

Үй жылы, тұтқан айналасы,

Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,

Ағып жүріп ойнатар көздің жасы –деген өлең жолдарынан көп нәрсені ұғып, пайымдауға болады. Расында, үстіне түлкі ішік пен басына қалың тымақ киген байдың торсықтай баласы мен оны қожайынынан қорқып, көзі жәутең-жәутең етіп, жұқа киімінен тоңып дірдек қаға ойнатып отырған кедейдің баласын сөзбен суреттейді.


**

Көркемдеуіш құралдар

Көркемдегіш құралдар – автордың шығарманы әсерлеу, бейнелуіне септігін тигізіп, оның шеберлігін танытатын құралдар. Ондай құралдарға ажарлаудың, құбылтуды түрлерін жатқызуға болады. Олар: эпитет, теңеу, метафора, метонимия, кейіптеу, аллгория, синекдоха және литота, т.б. Мысалы, Абайдың "Қыс" өлеңіндегі мына бір жолдарда кейіптеу тәсілі қолданылған:
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Абай өмірдегі, табиғаттағы көркемдікті ете нәзік сезініп, шебер бейнелеп айта білетіні табиғат көріністерін жырлайтын лирик. туындыларынан да айқын көрінеді. «Жазғытұры» атты өлеңінде жылдың осы мезгілінің елге жылылығын айтқанда ақын: «Анамыздай жер иіп емізгенде,"Бейне әкеңдей үстіңе аспан төнер...» - деп, жерді мейірімді анаға, аспанды қамқор әкеге теңейді. Жерді ана бейнесінде алып қарау - қазақ халқы ғана емес, басқа елдердің ой-санасына да тән нәрсе. Ал, Абайдың басқа бір шығармасында «атам-анам - қара жер» деген жолдар да бар. Аспанды әке бейнесінде көрсету де жайдан-жай алына салмаған. Аспанды әке деп түсінетін нанымның ерте кездегі, ежелгі замандағы адамның ой-санасында орын алғандығын байқататын суреттер де кездеседі.  Жер табиғат, біздің планетамыз ғаламның бір бөлшегі болса, адам оның бөлшегі». Адам мен табиғат, адамның табиғатқа қатысы қашанда келелі тақырып болып қала бермек. Осы байланыс-бірлікті шығармаларына арқау еткен сөз зергерлері, ойшылдар, ғалым-зерттеушілер қай халықта да аз емес. Солардың ішінде табиғатпен ерекше үндесе білген ақын деп Абайды айтамыз. Абай табиғатты жырлағанда оны жалаң алмай, адамның ішкі дүниесімен астастырып, болмыстың сырларымен салыстырып суреттеген.

Ақын поэзиясына алғаш баға беріп, оның сырын терең ұғып сипатын таныған Ахмет Байтұрсынов: «Не нәрсе жазса да, Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады», - деп айтқан.

Абайдың табиғат тақырыбында жазған тұңғыш өлеңі – «Жаз». Мұнда жазғы табиғаттың көркем көрінісі мен неше алуан қызықты құбылыс асқан шеберлікпен суреттеледі. Шілде айындағы толысқан табиғат, жайлауға жаңа келіп қонып жатқан көшпелі қазақтың қарбалас тіршілігі өлеңде бар болмысымен шынайы суреттеледі. Табиғат бояуы сақталынған сурет көрсетіледі.

Жаздыгүн шілде болғанда,

Көкорай шалғын, бәйшешек.

Ұзарып, өсіп толғанда,

Күркіреп жатқан өзенге.

Көшіп ауыл қонғанда...

деп суреттейді де табиғаттың ауыл өміріне жерін әдемі өлеңмен жеткізеді. Жазда жан-жануар масайрап, шаруаның малы көбейіп, береке, молшылық, ырыс, қуаныш әкеледі. Ақын осы құбылысты даналықпен, сезімталдықпен, шынайы суреткерлікпен жеткізеді.

«Қыс», «Күз», «Жазғытұры», «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай» өлеңдерінде:

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жауанр, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі...

деген өлең жолдары бар. Бұл лирикасында жердегі тіршілік жерінен күн энергиясының тіршілікке айналатындығын білдіреді.

«Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай» өлеңінде ақын сұрықсыз күздің суық бейнесін, аш-жалаңаш бүрсең қаққан кедей балаларының аянышты халін, үйі жылы, қарны тоқ, киімі бүтін байлардың тұрмысымен суреттеп, қарама-қайшы екі дүниенің тарихи шындығын көзімізге елестетеді.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айрылған ағаш, қурай,

деп жас бала, кемпір-шалға дейін атап, күнкөрісі шындығын ашады.

Абайдың табиғат лирикасының ішіндегі ең таңдаулыларының бірі «Желсіз түнде жарық ай», «Көлеңке басын ұзартып» өлеңдері.

Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп.

Ауылдың маңы терең сай,

Тасыған өзен гүрілдеп, - деп басталатын өлеңі табиғаттың түнгі сұлу көрінісін махаббаты жарасқан екі жастың жүрек дүрсілімен ұштастыра бейнелейді.

Сыртқы ортаның тіршілікке әсерін Абай шығармаларындағы табиғат лирикаларынан жылдың төрт маусымындағы тіршілік сипаттауын байқаймыз. Абай – оқығаны, білгені мол, білімі терең, дана ақын болумен қоса табиғаттың құбылысын ерте түсінген табиғатшы ғалым.

**

Абай сипаттаған – ТОЛЫҚ АДАМ


Толық адам – Абайдың армандаған, аңсаған мұрат-мақ­сат­тарының ең биік қол жетпес асқар шыңы. Толық адам ғана нұрлы ақылдың иесі бола алмақ. «Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек». Абай адам баласына қа­жетті үш нәрсе ыстық қай­рат, нұр­лы ақыл, жылы жүрек екенін тереңнен толғап, толық адамға тән қасиетті көрсетеді. Хакім іздеген толық адам осы қасиеттерден ­туындайтын талапты, еңбекқор, ізгілікті, мейірімді, қанағатшыл, рахымды, тұла бойы толған ар, ұят, пенделіктен қол үзген иман­дылық жолындағы абзал азамат. «Ақыл, қайрат, жүректі бір­дей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек», – дегенде, Абай то­лық адам хақында ұстанған көз­қарасына сай сипаттарды атай­ды. Осы үш ұғымнан туындайтын әділет, рахым, мейірім, ар-ұят, талап, еңбек, өнер сияқты қасиеттерге ерекше мән береді. Абай адамгершілікті, әділеттілік­ті ең негізгі моральдық принцип ретінде поэзиялық туындыларын­да да, қарасөздерінде үнемі атап көрсетіп отырады. Ғылым-бі­лімді уағыздаған ағартушы ақын ақылды, білімді аса жоғары баға­лайды. Не нәрсеге болсын ақыл – таразы, дүниенің сырын танып білуде ақылдың мүмкіндігі шексіз мол деп санайды.

Енді «Адам» мен «толық адамның» айырмашылығына келейік. Олардың айырмашылығы үлкен. Ол айырмашылық иманның деңгейімен анықталады. Екеуінде де иман бар. Бірақ әртүрлі. «Адам» күнәлі істер жасамаса, ал «толық адам» оған қоса бұрынғы істердің күнәсін де жояды. Осылай ол толық тазару жолына түседі.

«Адамның» иманы әлсіз, тұрақты емес. Ал «толық адамның» иманы берік, оған ешқандай бөгет жоқ. Иманы толық. Осыған байланысты «Адам» мен «Толық адамның» рухани дәрежесі ғана емес, мақсаттары мен өмірге көзқарастары да бөлек. Абай: «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген адамзатты сүю қағидасына ұмтылады. Данышпан оларды «Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі – бос» деп бірлікке, өзара сүйіспеншілікке үйретеді. Ал «толық адам» Алланың Өзін сүюге ұмтылады. Оларға Абай «Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті» қағидасын береді. Бұл таза рухани деңгей.

Толық адам – рухани жаңғырудың шыңы, өзінің рухани болмысын тануы. Адам өмірінің екі мақсаты бар. Бiрiншiсi, өзiнiң материалдық құмарлықтарын қанағаттандыру. Екiншiсi, рухани құмарлықтарын қанағаттандыру. Абай біріншісін – «тән құмары» десе, екіншісін – «жан құмары» дегені айтылды. Жан құмары мақсаты – Алла тағаланың разылығы үшін әрекет жасау. Мысалы, хирург пышақпен операция жасайтын болса – бұл жақсы іс-әрекет. Себебі, ол адамға өмір беру үшін жасалды. Ал егер пышақты қылмыскер пайдаланса – жаман әрекет. Себебі, адамның өмірін алу үшін жасалды. Осылай жасалу мақсатына байланысты іс-әрекет жаман-жақсы болып бөлінеді. Өмірдің мәнді не болмаса мәнсіз болуы адамның мақсатына, оның ниетіне байланысты.

Толық адам болудың жолын Абай былай деп береді:

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста.

Сонда толық боласың елден бөлек.

«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстау» тек нәпсімен күресе білетін адамның ғана қолынан келеді.

Қорыта айтқанда Абай Құнанбаевтың шығармаларындағы адам бейнесі сыртқы келбеті ғана емес, ішкі жандүниесі де сипатталады. Абай адамзат баласын жақсылыққа, адамдық қасиетті жоғалтауға шақырады.

Абай шығармаларындағы рухани құндылықтар:

Парасаттылық

Ұлтжандылық

Дарындылық

Табандылық

Шыншылдық

Әділдік

Өткір тілділік

Адалдық


Толық адам болуға:

Рақым

Махаббат

Ұят

Қанағат

Талап

Еңбек

Шыдамдылық

Терең ой

Білім

Зеректік.

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек.








Пайдаланылған әдебиеттер:


1.ҚұнанбаевА.Өлеңдер жинағы. – Алматы: Жазушы, 2005.

2.ӘуезовМ. Абай Құнанбаев. Монографиялық зерттеулер мен мақалалар. – Алматы: Санат, 1995.

3.Досжан Д. Абай айнасы. – Алматы:Қазақстан, 1994.

4.Жұмалиев Қ.Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі. – Алматы: Жазушы, 1958

5.Қазақ әдебиеті, 7 сыныпқа арналған оқулық.
6.
Алматы 2017, Ақтанова А.С.; А.К. Жундибаева.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!