Абай шығармаларында араб сөздерінің
алатын орны
Тақырыптың өзектілігі
XIX ғасырдағы қазақ өлеңінің классикалық
үлгіcін өрбіткен Абай ақындығының
танылу тарихында қазақ өлеңінің
көп
сыры ашыла түскені шындық. X X ғасыр
басындағы нәтежелерді тұтастай ғылыми
айналымға қосу арқылы бұл тұста әлі
де көп көнбенің жатқанына көз
жеткізуге болады.
Абай
Құнанбайұлының толық адами іліміне
үңіліп, мұрасын зерттеу,
бабамыздың
рухани қазынасын елдік санамызды
нығайтуға және ұрпақ
тәрбиесіне
кеңінен пайдалану бүгінгі күннің
талабы.
Абай лирикасы кең
көлемді мол қазына биігі бітпес,
тереңі таусылмас сырлы мұра. Жалпы
лирика деген ұғымға қандай қасиеттер
тән болса, Абай өлеңінде соның бәрі
бар. Абай айтайын деген ой-пікірлерін
дәл, еркін, айқын айту үшін, өлеңдерін
мағыналы, өткір көрікті етіп келтіру
үшін қазақ халқының негізгі сөз
қорын түгел пайдалану үстінде ескі
диалект сөздерді де қолданған. Бұны
ақынның араб тілінен, кірістірілген
сөздерінен айқын көруге болады. Абай
өлеңдерінде араб тілінен: нәфрәтлі,
ғибрәтлі, күпір, мизан, бақи, тәслім,
кәлам, құдірет, саф Хакім, ишарат,
хасил, нәпсі, шафағат осы сияқты
сөздерді қолданған.
Ақын
бұл сөздерді зәру, қажет болғанда
ғана ойын айқын аңғарту,
өткір
айту үшін, имандылыққа, адамгершілікке
қолдану үшін орынды
қолданған.
Мысалы:
Абайдың 1882-1883 жылдарда жазған
«Қансонарда бүркітші
шығады
аңға» деген өлеңінде «хасса» сөзін
араб сөзінен пайдаланған.
Абай
бұл сөзді сұлулықты басқа тілмен
әдемі өрнектеп жеткізген.
...Қар-аппақ,
бүркіт-қара , түлкі – қызыл,
Ұқсайды
хасса сұлу шомылғанға ....
«хасса»
сөзі кемелге жеткен сұлулық, өте
сұлу деген мағынаны білдіреді. Абай
бұл өлеңінде қардың аппақтығын,
бүркіттің қара, түлкінің қызылдығын
сондай сұлу екендігін сипаттайды.
1885 жылы жазылған
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
атты өлеңінде
.....Бұл махрұм
қалмағыма кім жазалы,
Қолымды дөп
сермесем, өстерме едім?
«махрұм»
бос қалу, құр қалу деген мағынаны
білдіреді. Абай ержеткен
соң
уысына түспеген көп нәрседен құр
қалғанын арабша сөзді пайда
ланып
жеткізген. «Әсемпаз болма әрнеге»
өлеңінде
Әулет ,
шапқат кімде бар,
Сол
жарасар туғанға ...
«шапғат»
арабша- аяу, рахым ету деген мағынада
қолданылған. Яғни
туысқандар
бір-біріне рахымшыл болу қажетігін
айтады.
Енді Абайдың қара
сөздерінде қолданған араб
сөздеріне тоқталып
өтейін :
1-қара сөзінде
«Софылық
қылып, дін бағу?» Софы арабтың сөзі
болып, жүн шектеп
деген
мағынаны білдіреді. Мұхамбед
пайғамбардың заманында дін
жолына
берілген адамдарды софылар деп
атаған.
27-қара сөзінде де
(Сократ хакімнің сөзі ) көптеген араб
сөздерінен
түсінікті
етіп қолданған. «бәйітшілігі» арабша
мағынасы- ақындығы,
«үдесі»
арабша мағынасы –көмек, икемдеу,
бейімдеу. Абайдың 38-қара
сөзі
араб сөздерін ең көп қолданған
шығармасы. Бұл қара сөзінде
100
ден астам араб сөздері бар. Абай
жас шағынан араб, парсы, шаға
тай
тіліндегі әдеби шығармаларды көп
оқып, орыс тілін арнайы үйрен
ген.
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы
өз туындыларында осы
білімінде
орынды пайдаланған. Сонымен ақын өз
шығармаларында
қазақ
тілінен басқа 11 ұлттың тілдік қорын
пайдаланған. Ал, қытай
тілінен
«брут», араб тілінен енгізген «хибаи»,
«хұзағи» деген сөздер
ақынның
өз зерттеулерінің нәтежесі екені
даусыз.