400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Абай шығармаларында араб сөздерінің алатын орны

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай туралы мағлұмат
Материалдың қысқаша нұсқасы



Абай шығармаларында араб сөздерінің алатын орны

Тақырыптың өзектілігі XIX ғасырдағы қазақ өлеңінің классикалық үлгіcін өрбіткен Абай ақындығының танылу тарихында қазақ өлеңінің

көп сыры ашыла түскені шындық. X X ғасыр басындағы нәтежелерді тұтастай ғылыми айналымға қосу арқылы бұл тұста әлі де көп көнбенің жатқанына көз жеткізуге болады.

Абай Құнанбайұлының толық адами іліміне үңіліп, мұрасын зерттеу,

бабамыздың рухани қазынасын елдік санамызды нығайтуға және ұрпақ

тәрбиесіне кеңінен пайдалану бүгінгі күннің талабы.

Абай лирикасы кең көлемді мол қазына биігі бітпес, тереңі таусылмас сырлы мұра. Жалпы лирика деген ұғымға қандай қасиеттер тән болса, Абай өлеңінде соның бәрі бар. Абай айтайын деген ой-пікірлерін дәл, еркін, айқын айту үшін, өлеңдерін мағыналы, өткір көрікті етіп келтіру үшін қазақ халқының негізгі сөз қорын түгел пайдалану үстінде ескі диалект сөздерді де қолданған. Бұны ақынның араб тілінен, кірістірілген сөздерінен айқын көруге болады. Абай өлеңдерінде араб тілінен: нәфрәтлі, ғибрәтлі, күпір, мизан, бақи, тәслім, кәлам, құдірет, саф Хакім, ишарат, хасил, нәпсі, шафағат осы сияқты сөздерді қолданған.

Ақын бұл сөздерді зәру, қажет болғанда ғана ойын айқын аңғарту,

өткір айту үшін, имандылыққа, адамгершілікке қолдану үшін орынды

қолданған.

Мысалы: Абайдың 1882-1883 жылдарда жазған «Қансонарда бүркітші

шығады аңға» деген өлеңінде «хасса» сөзін араб сөзінен пайдаланған.

Абай бұл сөзді сұлулықты басқа тілмен әдемі өрнектеп жеткізген.

...Қар-аппақ, бүркіт-қара , түлкі – қызыл,

Ұқсайды хасса сұлу шомылғанға ....

«хасса» сөзі кемелге жеткен сұлулық, өте сұлу деген мағынаны білдіреді. Абай бұл өлеңінде қардың аппақтығын, бүркіттің қара, түлкінің қызылдығын сондай сұлу екендігін сипаттайды.

1885 жылы жазылған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» атты өлеңінде

.....Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,

Қолымды дөп сермесем, өстерме едім?

«махрұм» бос қалу, құр қалу деген мағынаны білдіреді. Абай ержеткен

соң уысына түспеген көп нәрседен құр қалғанын арабша сөзді пайда

ланып жеткізген. «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңінде

Әулет , шапқат кімде бар,

Сол жарасар туғанға ...

«шапғат» арабша- аяу, рахым ету деген мағынада қолданылған. Яғни

туысқандар бір-біріне рахымшыл болу қажетігін айтады.

Енді Абайдың қара сөздерінде қолданған араб

сөздеріне тоқталып өтейін :

1-қара сөзінде

«Софылық қылып, дін бағу?» Софы арабтың сөзі болып, жүн шектеп

деген мағынаны білдіреді. Мұхамбед пайғамбардың заманында дін

жолына берілген адамдарды софылар деп атаған.

27-қара сөзінде де (Сократ хакімнің сөзі ) көптеген араб сөздерінен

түсінікті етіп қолданған. «бәйітшілігі» арабша мағынасы- ақындығы,

«үдесі» арабша мағынасы –көмек, икемдеу, бейімдеу. Абайдың 38-қара

сөзі араб сөздерін ең көп қолданған шығармасы. Бұл қара сөзінде

100 ден астам араб сөздері бар. Абай жас шағынан араб, парсы, шаға

тай тіліндегі әдеби шығармаларды көп оқып, орыс тілін арнайы үйрен

ген. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы өз туындыларында осы

білімінде орынды пайдаланған. Сонымен ақын өз шығармаларында

қазақ тілінен басқа 11 ұлттың тілдік қорын пайдаланған. Ал, қытай

тілінен «брут», араб тілінен енгізген «хибаи», «хұзағи» деген сөздер

ақынның өз зерттеулерінің нәтежесі екені даусыз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
318
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі