Материалдар / Абай шығармаларында қолданылған интерпретация әдіс-тәсілдері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абай шығармаларында қолданылған интерпретация әдіс-тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай поэзиясы – қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Тек қана Абай өлеңдерінен қазақ даласының табиғаты, қазақ өмірінің шындығы, қазақ халқының сезім-сыры, арман-тілегі, ұлттық ерекшелік қасиеттері түгел көрініп, сезіледі. Дана Абай кестелі сұлу сөз бен келісті соны ойдың иесі, яки көркем әдебиеттің өшпейтін жарық жұлдызы ғана емес, ол сонымен қатар адам өмірі мен тірлік мәнінің Темірқазығындай.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Ақпан 2023
504
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абай шығармаларында қолданылған интерпретация әдіс-тәсілдері


Алпысбай Әлия Темірханқызы, Түркістан облысы,

Ордабасы ауданы, "Қарақұм" жалпы орта білім

беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі


Қазақ кім десе, қазақтың ақыны кім десе, қазақта данышпан кім, дана кім дегенде, сөз жоқ, қазақтың санасына, аузына ең бірінші боп оралатыны – Абай. Қай заман болмасын, қай кез болмасын Абайды зерттемеген адам кемде-кем. Абай құпиясы, Абайдың ақындық қуаты деп әркім өзінше зерттеп, зерделеп келеді. Бірақ сырын алғызатын Абай жоқ. Біздің бір білетініміз Абай қай заманда болса да, оның сөзі ескіретін емес. Адам санасы жаңғырған сайын, тереңдеген сайын Абайдың тұлғасы мұнартып асқақтай береді.

Абай поэзиясы – қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Тек қана Абай өлеңдерінен қазақ даласының табиғаты, қазақ өмірінің шындығы, қазақ халқының сезім-сыры, арман-тілегі, ұлттық ерекшелік қасиеттері түгел көрініп, сезіледі. Дана Абай кестелі сұлу сөз бен келісті соны ойдың иесі, яки көркем әдебиеттің өшпейтін жарық жұлдызы ғана емес, ол сонымен қатар адам өмірі мен тірлік мәнінің Темірқазығындай. Бірақ, ақынды туғызған заманды кеңінен қарастырмайынша, оның асыл мұрасының тереңіне бойлау екіталай.

Абай әлемдік татулық пен ынтымаққа өз үлесін қосатын мәмілегер. Кешегі надан қараңғы заманда ғаламат тәуекелге бара алған ерекше парасат пен рух иесі. Ол күллі адамзаттың рухани сардарларының біріне айнала отырып халқын алға сүйреу үшін өзге жұрттың тірлігіне терең үңілді. Өзі өмір сүріп отырған «сырқат» қоғамды сауықтырудың жолдарын тынымсыз іздеп, шарқ ұрды және сол арқылы қазақтың жиырмасыншы ғасырдағы санасына тікелей әсер ете алды. Абай мұраты – адалдық пен ар-намыс, білім мен өнер, еңбек пен зейнет, ақиқат пен әділет ұраны біз үшін қазір де таптырмас. Темірқазық ақын:

«Пайда ойлама, ар ойла

Талап қыл артық білуге.

Артық ғылым кітапта,

Ерінбей оқып көруге...

немесе:

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

Абай шығармаларын оқушыларға меңгертуде әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану қажет. Бұлар оқушыға белгілі бір мазмұнды меңгертудегі танымдық әрекетіне лайық іздемпаздылыққа жетелер, яғни зерттеуге арналған әдістер болады. Тек әдістердің қолданылуында және мұғалімнің осы әдістердің қай қайсысын таңдауында басшылыққа алып, қатты ескеруінің өлшемі мыналар болу керек. Олар:

  • қолданылатын әдістің оқу мақсатына сәйкестігі;

  • оның оқуда көзделетін бағалау критерийлеріне сай келетіндігі;

  • сабақ мақсатына жете алатындай болуы;

  • оқушының оқу мүмкіндігіне сәйкестігі (жас, психикалық жағынан);

  • сынып ұжымының ерекшелігі (оқушылардың үш деңгейін ескеруі).

Абай Құнанбаевтың шығармаларын оқытуда жинақы түрде оқу бағдарламасына кірген жаңа типтегі, бүгінгі оқыту талап-тілегінен шығатын кешенді көрнекіліктер қажет. Абай шығармаларын оқытуда мәтінмен істелетін жұмыстардың барлығы Блум таксономиясы бойынша жүзеге асады. Білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау талаптарын жүзеге асыра отырып, жаңа әдіс-тәсілдерді өз тәжірибемде қолданамын. Атап айтсам, «Шығыс базары», «Білім қабырғасы», «Ыстық орындық», «Ара ұясы», «Сана саяжолы», «Графикалық органайзерлер», «Дара диаграмма», «Қос диаграмма», «Оқиға тауы», «Галереяға саяхат», «Хикая картасы», «Эмоция кестесі», «Фишбоун» секілді әдістер.

Абай Құнанбаев шығармаларын мектепте оқыту әдебиетті оқыту принциптерімен тығыз байланысты. Абай шығармалары сөз өнерінің биік үлгісі ретінде әдебиетті оқытудың мақсат-мүддесіне толық жауап береді.Ол үшін Абай шығармаларын оқытуда оқушы мен мұғалімнің іс-әрекеті мақсатты түрде қалыптасқан жүйеде ұйымдастырылуы керек. Осыған орай жасалған Абай шығармаларын меңгертуге арналған «Шиыршық» қағидаты негізінде меңгертуге болады.

«Күз» өлеңінде Абай бұлттың түсін неліктен басқаша қолданбай (қара бұлт, ақ бұлт, шарбы бұлт, ақша бұлт т.б) «сұр бұлт» тіркесімен берген? Ерекшеліктерін тереңдей ұғуға әрі сол табиғат құбылысын дөп басып айтты. Өлеңнің жолдары сол ұғымдардың бояуын қанықтырып, өлеңнің әлеуметтік мәнін түсініп қабылдауға жол ашады. Оқушы санасында Абай бейнелеген күздің тұтас суреті орнығады.

Сабақты бекіту мақсатында «Галереяға саяхат» әдісі арқылы сурет салғызып, оны қорғатуға да болады. Ал жыл мезгіліне қатысты оқушылар қандай түсті елестететінін сұрау да белгілі бір дәрежеде оқушы санасына әсер етеді. Абстрактылы ойлауынан нақты көзбен көру арқылы қабылдау, сипаттап айту мүмкіндігі арта түседі.

«Қыс» өлеңін оқытқанда да осы әдіс-тәсілдің берері көп. Абай «Қыс» өлеңінде жылдың бұл мезгілін, табиғат көрінісін жаңаша үлгіде сипаттайды. Әдебиеттің бағдарламасында да Абайдың «Қыс» өлеңін оқытқанда әдебиет теориясынан затты, құбылысты жанды бейнеде суретте «кейіптеу» ұғымын беру көзделді.

Оқушының ассоциациялық қиялдағы қыс көрінісін «Постер» әдісі арқылы да жүзеге асыруға болады. Абай өлеңіндегі «ақ киімді», «ақ сақалды», «ақ қырау», «ақ орда» тіркестеріндегі ақ эпитетінің қолданысында да қыс суретін анықтап көрсету мақсаты көзделген. Оқушының елестетуінде қыс келбетінің ақ түсі осы көріністерге сәйкеседі. Сондай-ақ келтірілген тәсіл өлендегі «үскірік», «аяз», «қар», «беті-қолы домбығып, үсік шалды», «борандап, бұрқ-сарқ етіп», «басқан жері сықырлап» деген сөздер мен тіркестердің қыс табиғатына тән көріністер екендігін оқушыға еркін сезіндіруге жағдай жасайды. Сондықтан осы ұғымдарды жеткізе, сезіндіре білу де мұғалімнен жаңа әдіс-тәсіл қолдануды талап етеді.

Қолданыстағы әр түрлі жаңа әдіс-тәсілдер оқушы қызығушылығын арттыру, сезіміне әсер ету, қиялын ұштау, сол арқылы шығармашылыққа жол ашу, оқушыға еркіндік беру деп түсінеміз. Осы жолда жақсы нәтижеге жетектер бір жол – сабақта оқушылар өз ойын сезінеді. Көп жағдайда оқушыға сабақтың қалыптасып қалған міндеттілік, мәжбүрлік, ықтиярсыз шаралары кері ықпал етеді. Эмпатиялық диалог жүргізуде «Өлеңді оқып шыққанда қандай көңіл күй пайда болады?» немесе «Абай заманға неліктен ренжиді? Ренжуі неден туып тұр?» деген сияқты сауалдар арқылы Абай өлеңіндегі шытыңқы қабақ, ақын жанына жайсыз тиіп тұрған жағымсыздықты бірден-ақ көрсетіп, байқатуға жанап өтпейтін құрғақ сұрақтармен, көңілге қонымсыз тапсырмалармен («Қыс болғанда» тақырыбына шығарма жазып келіндер. Өлеңді жаттап алыңдар т.с.с) шектелу не жүрекке, не миға ықпал етпесі анық.

Не нәрсені қабылдағанда ол сезім органдарына тікелей әсер еткенде ғана іске асатындығын үнемі есте тұтқан дұрыс. Бұл әдіс-тәсілдерді сабақта пайдалану тақырыпты ашуға, шығарма идеясына үңілуге, шығарманы жіктеп талдауға пайдасы көп. Түйіндей айтқанда, әдістемеде осыған дейінгі бар әдіс-тәсілдердің тиімді жақтарын сараптап, ұтымды деген әдіс-тәсілдерді педагогика, психология, философия, әдебиеттану т.б ғылымдарымен бірлікте жүзеге асыру мақсат етілді. Олар:

  • сабақ барысында жүргізілген тәсілдер арқылы оқушы ассоциациясымен , ой-қиялын дамыту;

  • Абай шығармаларын талдауда сабақты эмпатиялық диалог құра отырып, оқушы ақыл-ойына, еркіне, сезімінеәсер ету, эмоциясын тәрбиелеу;

  • сабақтың негізгі мазмұнын интеграциялық байланыста жүзеге асыру арқылы оқушының кең дүниетанымын, жан-жақты түсінігін қалыптастыру.

Бүгінгі күні дамыған технологияға негізделген әр түрлі жаңа әдістер көп айтылып жүр. Оқытудың инновациялық әдісінің бірі – «Бейнепоэзия сайысы» (жеке немесе топтық жұмыс). Оның ерекшелігі бұрыннан танымал әдістерді негізге ала отырып, оқушы қызығушылығын арттыру, оқушы еркіндігін, белсенділігін туғызу, сезім күйіне жағымды ықпал ету болып табылады. Абай шығармаларын оқытудағы осы бір тиімді әдіс-тәсілді оқушы қызығушылығын арттыру, сезіміне әсер ету, қиялын ұштау, сол арқылы шығармашылыққа жол ашу, оқушыға еркіндік беру деп түсінеміз.

«Мозаика» әдісі көбінесе жаңа сөздерді өткен кезде қолданамын. Оқушыларға қима суреттерді ұсына отырып шыққан сурет атауын қазақша-орысша-ағылшын тілдерінде қайталатамын.

«Торлы диаграмма» әдісі. Мақсаты жаңа тақырыпты аша отырып бөлімдерге тарату. Тыңдалған немесе оқыған мәтіндерін торлы диаграммаға толтыра отырып, біріншіден қызығушылықтары артса, екіншіден ізденіске тартылад

Сабақта қолданып жүрген алты қақпақ, түртіп алу, күнделік жазу, әлем шарлау, рөлдік ойындар, диалогтік әңгіме жүргізу, топтастыру, семантикалық карта, венн диаграммасын толықтыру, Джиксо, сұрақ-жауап, т.б. әдіс-тәсілдер интерпретацияны кеңінен ашып береді. Мысалы оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақ қою арқылы байқағаным: оқушылар тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталанады, зерттеуге ынталанады, оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі, оқушылар бір-бірінен үйренеді, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпалын тигізеді, оқытудағы қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтайды.

Мысалы, Абайдың табиғат лирикасынан «Күз» өлеңін оқытқанда мына тектес сұрақтар беруге болады: «Күз сөзі көз алдымызға қандай көріністерді елестетеді?», «Күз сендерге қандай сезім-күй туғызады?», «Күз қандай түсті елестетеді?». Сұрақ, тапсырмаларға берілген жауаптарды жинақтап, оқушылардың дәптерлеріне немесе тақтаға еркін жазу, яғни оқушы жауаптары бойынша жүйесіз жазып шығу керек. Жинақталған «ым» – түсініктерден оқушы өз ассоциациясындағыларын бөлек теріп жинақтайды, оларды топтастырып шығуға болады. «Қыс» мезгілін оқытар алдында берілген сұрақтарға «қар», «қырау», «аяз», «үскірік», «шаңғы теуіп жүрген балалар», «сырғанақ», «аяз ата», «шыршаны жағалай айналған балалар», «жаңа жыл», «қатып жатқан сулар, өзендер», «қар үстіндегі адам іздері» алуға болады.

Ұсынылып отырған әдіс-тәсілдер оқушының ой-қиялын ұштап, өздігінен пікір айтуға, шығармашылыққа жетелейді, сонымен қатар, көркем шығарманың эмоциялық, эстетикалық әсерін күшейтіп, сол арқылы оқушы жан дүниесіне ықпал етеді, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға, ұлт адамын тәрбиелеуге негіз болады.

Абай шығармашылығын оқытуда пайдаланылатын барлық жаңа әдіс-тәсілдердің алдына қоятын басты мақсаты – білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру болып табылады. Мұғалімнің рөлі мұқият ойластырылған сұрақ қойып, нұсқау беріп, пікір таластыруға тартып, тапсырманы орындардың алдында, орындау барысында және орындағаннан кейін ойлануға жетелеу әрі қолдау көрсету болып табылады. Нәтижесінде оқушылардың бойынан мынадай өзгерістер байқалады:

  • ынтымақтастыққа үйренеді,

  • жеке, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйренеді,

  • өз ойларын еркін жеткізуге үйренеді,

  • өзіне-өзі баға беруге, сыныптастарын бағалауға үйренеді,

  • бір-бірін тыңдауға, талдауға, салыстыруға, сабақты қорытындылауға, қорғауға үйренеді.

Қорыта айтқанда, ұлы Абайдың лирикалық шығармаларын 5-8 сынып оқушыларына үйрету барысында ең қажетті сыналған әдістемелерді пайдаланып, оларды әрбір сабақта жаңалап, жетілдіріп отыру, әрбір тақырыпты өтуге шығармашылықпен қатынас жасау бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі болып табылады. Себебі жастарымыздың дүние танымына, дүниеге көзқарасын қалыптасыруда, олардың заман дәрежесіндегі азамат болып өсуінде, биік интеллектуальдылыққа, «толық адам» болып жетілуінде, олардың бойындағы эстетикалық талғамының ұштала түсуінде ұлы Абайдың шығармалары бірден бір рухани азық болып табылады. Оның философиялық дана ойлары, жауһар жырлары - әлем халқына ортақ асыл қазына.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!