Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Абай шығармаларындағы «Толық адам» ұғымы.
Қойшығарина А.Қ.
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, директордың ғылыми – әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары. «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылы ІТ мекиеп-лицейі» КММ
Сарекин Ж.Ж.
«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылы ІТ мекиеп-лицейі» КММ-нің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Абай шығармаларындағы «Толық адам» ұғымы.
Аңдатпа. М.Әуезовтың «Ол адамгершілікті, моральдық философияны барлық жайдан жоғары қойды» деген пікірі ақын танымын терең танумен, оның сөз қолданысын және әр ұғым мәнін орынды жұмсауынан барып туған. Абай үшін ақындық мұрат емес, оның ақындығы – адамгершілік танымының құралы ғана, Абай шығармасындағы «Толық адам» ұғымының мән-мағынасын және бір сөзден тарайтын басқа да туынды сөздердің мағынасын кеңінен түсіндіру. Абай шығармашылығындағы «Толық адам» мәселесін семантикалық тұрғыдан қарастыру. Абай жұмбағын шешеуге тіл білімі арқылы жол ашу.
Аннотация. Мнение М. Ауэзова о том, что «он ставил нравственность и нравственную философию превыше всего», родилось из глубокого понимания знаний поэта, его словесного употребления и уместного употребления значения каждого понятия. Для Абая поэзия — не идеал, его поэзия — лишь орудие нравственного познания, широкое объяснение смысла понятия «цельный человек» в творчестве Абая и других слов, производных от того же слова. Смысловое рассмотрение проблемы «Полного человека» в творчестве Абая. Открытие пути к разгадке загадки Абая через языкознание.
Annotation. M. Auezov's opinion that "he put morality and moral philosophy above all else" was born from a deep understanding of the poet's knowledge, his verbal use and the appropriate use of the meaning of each concept. For Abai, poetry is not an ideal, his poetry is only an instrument of moral knowledge, a broad explanation of the meaning of the concept of “whole person” in the work of Abai and other words derived from the same word. Semantic consideration of the problem of "Full Man" in the work of Abai. Opening the way to solve the mystery of Abai through linguistics.
Абай туралы сөз айту, не болмаса сөз жазу бір жағынан оңай, екінші жағынан өте қиын. Абайды оқуға кімнің болса да ынтасы зор және одан әркім өзінше нәр алып, оны өзінше қабылдайды. Абай кімнің болса да жүрегіне еніп, оған із қалдырады. Абай туралы әркімнің өз түсінігі бар, сондықтан, әркімнің өз Абайы бар. Абай әлемі жатқан тұтас бір дүние. Ол – бүкіл әлем болмысын қамтиды. Сондықтан, Абай шығармаларынан бүкіл әлемнің сырын түсініп, керемет құпиясын көре аламыз.
Ақын толық адам туралы танымын өмірінің соңына дейін алып барды. 1902 жылы жазылған «Тоты құс түсті көбелек» атты мәні терең өлеңінде тағы да осы үш қасиеттің тұтастығын танығандай боламыз:
Адамзатқа не керек:
Сүймек, сезбек, кейімек.
Харакет қылмақ, жүгірмек,
Ақылмен ойлап сөйлемек.
Нағыз адамның суреткер сипаттай тын тағы бір қыры халыққа пайдалы болу, қарақан басының қамын жеп, «әкенің ғана баласы болмау». Отыз жетінші қара сөзіндегі нақылдарының бірінде ақын «Әкесінің баласы – адамның дұспаны. Адамның баласы - бауырың» дейді. Ел қамын ойлау, халқына адал қызмет істеу, ұлт тағдырына алаңдау парасатты да мейірімді, жеке бастың мақсатын көздеуден жоғары тұратын өрелі адамның ғана қолынан келетін іс емес пе? Олай болатын болса Абай танымындағы «толық адамның» бір белгісі ұлтжандылық деп тануға әбден болатын сияқты.
Абайға дейін поэзияда адам мәселесі жырланбады емес, жырланды. Адамның әр жасы, әр жастағы оның жағдайы, жақсы-жаман қасиеттері – бәрі де сөз болды. Алайда ол поэзияда сырттай сипаттау басым түсіп жатты. Ал, Абай ең басты мәселе етіп Адамды, оның жеке ісін, сезімін, тұрмысын, адами қасиеттерін алды. Оның поэзиясында Адам – Алланың махаббатпен жаратқан ең ұлы, ең сүйікті туындысы. Сол себепті бүкіл әлемнің, қауымның, болмыстың темірқазығы – Адам. Оның мүмкіндігі мен құдіреті – орасан. Адам - өмірдің қозғаушы күші, тірлікті дамытушы, қоғамды түзеуші. Міне, осы Адамды түсіну мен осы Адамды тану міндетін алға қойып, Адамды – дүниенің биік мұраты деп түсінуі – Абайды ренессанстық тұлға, ал оның поэзиясының қазақ ренессансының басы екенін айғақтайды.
Абай Адамды – танылуы қиын жұмбақ деп біледі. Абай түсінігінде, адамның құдіреті – оның рухани азаттығында, ар тазалығы мен сезім еркіндігінде, ойдың тәуелсіздігінде, сөз бостандығы мен мінездің тәуекелділігінде.
Абай поэзиясынан Адамның өзі – құдірет екенін, құдіреті білімінде, ақылында, жүрегі мен жанында екенін көреміз. Адамды бар жағынан тексерген Абай үшін адам – бір жағынан біртұтас әлем, екінші жағынан адам өз ішінде қайшылығы мол, күрделі тұлға. Осы екеуі біріге келіп, тән мен жанның, тән азабы мен жан азабының арақатынасын құрайды.
Ауырмай тәнім,
Ауырды жаным,
Қаңғыртты, қысты басымды.
Тарылды көкірек,
Қысылды жүрек,
Ағызды сығып жасымды, - деген Абай тән азабы мен жан азабын қатар алып, жан күйзелісінің ауыр екенін жай ғана айтпайды. Тән күйзелісі сыртқы денені ғана ауыртады. Адам үшін одан әлдеқайда қиыны – жан ауруы. Жан «жылы жүректі» адамды қинайды, азапқа салады. Сол себепті де Абайдың «жүрегі қырық жамау», «сол себепті де ақын «жүрегінің түбіне терең бойлауға» шақырады. Ұлы ойшыл адамды өмірге текке келмеген жан, ол өз тағдырына өзі қожа бола алатын, қоғамға керек тұлға деп таниды. Өмірде өз орнын тауып, пайда келтіретін – саналы адам, толымды адам.
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін, [1. 76]-
деп толғанған ақынның өмірлік мұраты жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру болды.
Жаһандану үрдісінің ықпалы күшейіп, ұлт болашағы маңызды мәселеге айналып, барлық ұлттық құндылықтарымызға қамқорлық керек болып отырған қазіргі уақытта «адамның баласы» болып, елдің ертеңі үшін өмір сүруді өсиет етіп кеткен Абайдың асыл сөздерін жас ұрпаққа тәрбие берудегі басты құрал ретінде қолдану кезек күттірмейтін мәселе екендігін уақыт өзі дәлелдеп отыр.
Бүгін заман өркениетінің ұшар басына жеткен, бірақ адамшылық мінез-құлықтың бұрын-соңды болып көрмеген азғындық жолына түскен европалықтар өмірі көз алдымызда өтіп жатыр. Мінез-құлық жағынан солардың шалығына ұшыраған кейбір жастарымызды апатты жағдайдан сақтап қалу үшін Абай ілімі адамзаттың ортақ құндылығына айналар күн де жақындап келе жатқандай» деген.[2, 14]
Бұл Абайдың толық адам туралы ілімінің ұлттық сипатымызды, халқымызға тән ерекше қасиеттерімізді сақтап, қазақты қазақ етіп танытатын, ел ертеңі болар ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі мен маңызын анық көрсетіп, айқындап тұрған пікір. Ұлт болашағы, бүтін бір халықтың келешегі жекелеген адамдардың тұлғалық қасиеттеріне байланысты деп танитын болсақ, Абай мұрасындағы толық адам ілімі тек ұрпақ тәрбиесі ғана емес, ұлттың сақталуы, жаһандануға жұтылып кетпеуі сияқты бүгінгі күннің маңызды мәселесін шешуде де көмекке келері даусыз.
Абай туындыларындағы «толық адам» ілімінің бір ғылыми жұмыс көлемінде талқыланып, жүйеленуі мүмкін емес, бұл педагогикалық, психологиялық, философиялық тұрғыдан терең зерделеуді қажет ететін күрделі де қызықты, әрі Мекемтас Мырзахмет айтқандай жұмбақ мәселе. Сондықтан да оны тек танып, талдап қою жеткіліксіз. Абай ілімі ұрпақ тәрбиесінде кеңінен қолданылып, жүзеге асырылуы керек деген түйінге келдік.
Адами баспалдақтар
Абай шығармаларында Адам мәселесін тізіп, сатылайтын болсақ, былай болып шығар еді.
-
“Жыртқыш хайуан” (Адам баласына дұшпан, залым, ең төменгі сатыдағы адам).
-
“Мал тектес адам” (Өзі үшін ғана еңбек ететін, тәннің, құлқының құлы).
-
“Жарым адам” (Дінге де, ғылымға да берік сенімі жоқ, өзін де өзгені де алдайтын, қулықпен өмір сүретіндер).
-
“Адам” (Ғылымға махаббаты оянған “Бес асыл іс” бойынан табылатын адам).
-
“Толық адам” (Үш асыл қасиетке ие: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүректі адам).
-
“Хаким” (Дүние пайдасын ойламайтын, адамзаттың болашағы үшін үлкен ғылыми жаңалықтар ашқан өзіндік ілімі, мектебі бар данышпан адам).
-
Пайғамбар.
-
Жаратушы (Алла, Тәңірі).
Ал адам болып жаратылған адамның міндеті – ең болмағанда Адам болуға, одан Толық адам болуға, Хаким, тіпті пайғамбар болуға ұмтылу.[3.5]
Абай - өмірге ой тербетіп, ақыл күйттеп келген ақын. Сондықтан оның қай туындысын алсақ та, белгілі бір дәрежеде даналықтың дәрісі болып келеді. Абайдың шығармашылық мұрасындағы аса бір нәрлі де мәнді бөлігі – оның адамгершілік қасиеттер, дін және имандылық, толыққанды, жан-жақты жетілген адам сипаты туралы толғаныстары. Имандылықты адам өмірінің түпкі мұраты деп, шынайы өнерді мәңгі өлместіктің кепілі деп ұққан ақын өзінің бүкіл тіршілік тәжірибесі арқылы, қайталанбас ақындық дарыны мен биік адамгершілік қасиеті арқылы халқын ізгілікке тәрбиеледі, болашаққа даналықты өсиет етіп қалдырды. Замандар өткен сайын жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып отыратын әулиелігімен халқының ғасырлар бойы қадір-қасиеті кемімейтін абырой беделіне айналды.
Бүгінгі қазақ әдеби тілінде қолданылып жүрген ізгілік, парасат, зеректік, зейін, ақыл, рақым, әділет, даналық сөздерінің танымдық мәні Абай шығармаларынан бастау алатын тәрізді.
Тіршіліктегі бізді толғандыратын қандай мәселе болсын, әсіресе ұрпақ тәрбиесінің қай қырына қатысты сауал туындаса да жауапты Абай даналығынан, оның сөз мағынасын саралауынан танып, тауып келгеніміз, әлі де таба беретініміз талас туғызбайды. Дана Абай өзінің шығармашылығында халыққа үлгі боларлық, елге пайдасы тиерлік нағыз азаматтың, кемел тәрбиелі, парасатты адамның бойында болуға тиісті қасиеттер туралы ойларға жиі оралып отырады. Өйткені өмірін де, өлеңін де халық тәрбиесіне, гуманистік идеяларды жүзеге асыруға арнаған ғұламаның басты мақсаты оқырман санасына ізгілік нұрын құйып, «көкірек көзін» ашу болды.
«Ұлы ұстаздың ағартушылық көзқарасының алтын діңгегі – адам тәрбиесі, содан туындайтын бүкіл халық тәрбиесі. Абай қоғам тәрбиесінің жеке адамнан басталатыны, «адам түзелмей заман түзелмейтіндігі», әр адамда қалыптасатын тұлғалық қасиеттер сыры туралы өз туындыларында анық айтты».[17.19]
Бүгінгі күннің өзекті мәселесі жастарды ана тілі арқылы, туған тілінің сөз құдыретін түсіну арқылы тәрбиелеп, имандылық арқылы адамгершілікке, адами ізгілікке жетелеу болатын болса, ұлт ұстазы Абай мұрасының осы тұрғыдағы маңызы ерекше. Ақын түсінігіндегі «жетілген адам» - ең алдымен иманды адам. Сөз құдыретін түсіну – рухани тәрбие маңызыныңбастау бұлағындай. Абай мұрасы – адам тәрбиесіндегі негізгі бағытты анық, айқын, дәлсілтеп тұрғандай.
Адамгершілікке тәрбиелеуде ізгілікті уағыздап, ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүректі адам тәрбиесі жайында өлмес сөз қалдырған ұлы Абайдың өзін нағыз «толық адам» десек болғандай. Адамгершілік ұғымдарының мағынасын жан-жақты ұғынған ұрпақ толық, жан-жақты білімді, парасатты адам болуға ұмтылатыны сөзсіз.
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!, -
деп заманынан озық туған, қараңғылыққа қарсы тұрып, халық өміріне даналық сәулесін шашқан ойшыл Абай - өзі сипаттаған «нағыз адамға» тән қасиеттердің бәріне ие, ұрпаққа үлгі етерлік тұлға.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Абай Құнанбаев Қалың елім, қазағым. – Алматы: Атамұра, 2002. – 224бет.
-
Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – Алматы: 1994
-
Абайдың тәлімгерлік тағылымы («Абай тағылымы» атты конференция
материалдары) – Алматы: 1996.

