400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Абай-Тоғжан диалогі, мектеп пьесасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай - Тоғжан сценарийі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абай-Тоғжан






Сахна. “Шолпы” биі


Автор:Ажары айдай көзді еріксіз тартады,

Көрмегендей бұрын мұндай қалқаны.

Сыңғыр - сыңғыр сыңғырлайды сырғасы.

Мойынына таққан алтын алқаны .

Тәңірім - ау, қандай әппәқ тамағы !

Қарағанның көз мейірі қанады.

Маңдайында қос шамшырақ жарқырап,

Ақ жүзінен нұр тамшылап тамады.

Қарағанда Тоғжан көзін төңкеріп ,

Ұшқынына кеткендей ол өртеніп.

Ән де туар : “қарасы,

- деп ,

- көзімнің”

Жырда жазар көркем сөзбен көмкеріп.


Тоғжан:

Көзімнің қарасы,

Көңілімнің санасы.

Бітпейді іштегі,

Ғашықтық жарасы


Абай::

– Құрбым Тоғжан, сөздің айтсам дұрысын,

Әлемде жоқ, хас сұлусың – ұлысың!

Перизатсыз ажарыңа әнің сай,

Қандырдыңыз құлағымның құрышын.

Бәйгеден озып келген құнан керім,

Жарасар құнан керге құранды ерім.

Көп айдың көрмегелі жүзі болды,

Жүрмісің аман-есен бұраң белім?


Тоғжа:

Арымас алыс жолда қазан атым,

Көк өзен, жасыл көлге қаз қонатын.

Көп айдың көрмегелі жүзі болды,

Жүрмісің есен-аман азаматым?


Абай:

– Келем сөзсіз, келем бірақ жасырын,

Махаббатым, айдай көркем асылым.

Күтем сені шоқ теректің түбінде,

Жүрек тынбас, көргенінше ғашығын


Автор: Тербеліп боп, келді өзгелер кезегі,

Табысудың Алтыбақан себебі.

Бір мазасыз оянғанын сезімнің,

Іштей ұғып, екеуі де сезеді.


Тоғжан:

– Абай, сені қалай мұңға батырдым?

Соған менің еш жетпейді ақылым.

– Мұң себебін саған ашып айтуға,

Мен бейбақтың жетіспей тұр батылым.


Абай:

Қалқам-ау саған не болды?


Тоғжан:

Жүрегім сен деп соққанымен ,қыздар зарын тыңдайтұғын

заман жоқ .Кетіп барам, өз еркімсіз өзгеге .


Абай:

Еркем-ау , қалай қиямын сені өзгеге?

Айтшы жаным мен не істейін ендігі ?

(Тоғжан Абайды қатты қысып құшақтайды,Абай

Тоғжанның жасын сүртеді.Осы уақытта автор сөйлейді)


Автор: Бұл дәуірде ғашық жайын ұғар кім?

Қыз-жігіттер тең-теңімен қосылар,

Заман орнап, ашылар ма мұнар күн?!

…Уақыт қатал айырады талайды,

Атар ма алдан бақыт таңы арайлы?


Тоғжан:

Хош бол, жаным,

жарық сәулем аяулым,

Жүрегімді күйдіреді қаяу-мұң.

Мына баста сезім бар да, ми жоқтай,

Айрылуға ақыл-естен таяумын.

Жылап,жүгіріп кетіп қалады.Осы сәтте Абай көңіл күйсіз

сол жерде қалады.Абай тұрған сәтте Тоғжан мен

(Аллажар) келеді.(Аллажар) Тоғжанды сүйреп алып

кетеді(ұзатылу той)Оны көрген Абай қапаланады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
5 қаңтар
575
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі