«Бала Абай – дана Абай» әдеби-сазды кеші
Сахна қазақша үлгіде сәнделеді. Киіз үйдің іші сияқты болады. Барлық қатысушылар қазақша киінеді.
Жүргізуші: Қайырлы күн, қазақ елі!
Жүргізуші: Ар ма, ардақты ағайын!
Ж: Арада қанша уақыт өтіп, замана көші ғасырларды артқа тастаса да ешқашан ескірмейтін есті сөздер болады.
Ж: Халық жүрегімен сүйетін, жылдар өтсе де асыл бейнесі ел жадында жарқырай түсетін аяулы жандар болады. Олар мәңгі есімдер. Өлмейтұғын артына сөз қалдырған ұлы тұлға адамдар. Олардың қанатты сөздері біз үшін бағасы түспейтін асыл қазына іспетті. Мысалы, «Адам баласына – адам баласының бәрі дос».
Ж: Немесе «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Содан қашпақ керек. Әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық» деп білесің.
Ж: «Адам баласын заман өсіреді, кімде кім жаман болса, демек оның замандасының бәрі виноват».
Ж: Мұның бәрі әрдайым қазақ сүйінетін, қазақ іздейтін ұлы Абай мұрасы атты теңіздің бір тамшысы ғана. Біз бүгін күллі адамзаттың баласын бауырым деп сүйген ғұлама ақын, ойшыл, ағартушы Абайдың әлеміне жақынырақ бойлаймыз. Ақын рухына тағы бір тағзым етіп, сырласамыз.
Ж: «Асыл мұра» бірлестігінің тілдер апталығы аясында ұйымдастырылып отырған бүгінгі кешіміз қазақтың аяулы перзенті Абай Құнанбайұлына арналады.
Жазушылар үйі 1932 жыл:
-
Сахналық қойылым: Әлихан Бөкейхан. Домбыраның жай үні шығып тұрады. Әлихан мен Ахмет сахнада сөйлесіп отырады. Әлихан Абай өмірі туралы Ахметке айтады. Жігіттер үстіне қара костюм шалбар, қара мұрты болады. Қолдарыңда блокнот пен қауырсыны бар қалам болады. Ескі орындықтар керек. Ескі заттар керек. Газеттер керек.
Әлихан: Ахмет, Абайдың негізгі хатқа түскен есімі – Ибрахим. Бірақ қазақ халқы енді әжесінің еркелетіп қойған әсем де үнді есімімен Абай деп атап кеткендіктен. Барлығымыз солай қолданамыз. Ақынның бабасы тобықты руының батыр биі Ырғызбай Торғай обылысындағы Ырғыз өзенінің жағасында он жетінші ғасырдың елуінші жылдары дүниеге келген. Ол Тобықты руын сонау Түркісттаннан Шыңғыс тауына дейін көшіріп әкелген. Ал Абайдың атасы Өскенбей қазақ даласындағы өте әділ би болған адам. Оған қазақ руларының барлығы келіп, жүгініп, неше түрлі дауларды шешкен адам. Ал Абайдың әкесі Құнанбай тек төретұқымдарының сұлтандарына ғана тән лауазым, Қарқаралы округінің аға сұлтаны болған. Ал енді нағашы жағына келетін болсақ, Абайдың шешесі Ұлжан да бошан руының затты тұқымы Бертістен тарайды. Абайдың шешесі Ұлжанның төркіні Қушыкеш Қаңтай мен Тоңтай есімдері қазақ даласында кеңінен тараған есімдер. Бірде Қаңтай бай ұзақ ауырып жатады. Сол кезде молда, қожалардың барлығы келіп, халін сұрауға келеді. Жан тәсілім етіп жатқан Қаңтай «Ей, жазыла, жазыла мына молда қожалардан ұят болды. Осы жолы өлмесек болмайды» депті. Иәәәә, тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады дейді. Абай он, он екі жасар аралығында қазақ даласында жүріп хат таныды. Он екі жасында Семейдегі Ахмет Рыза молданың медресісе түседі. Он төрт жасында сол жерде жүріп, орыс мектебінен үш айлық дәріс алады. Медреседегі төрт жыл үш айлық орыс мектебіндегі дәріспен Абайдың мектептік оқуы аяқталады. Содан далаға қайтып келген он алты жасар Абай қазақ руларвның арасындағы беделі зор, сұлтан тұқымдарымен саяси билік тартысына түсіп, әкесінің қасына еріп, ел ісіне араласа бастайды. Бозбалалық шағына қарамастан, сол кездегі қайраткерлердің арасынан көрнекті орын алып, Абай би заманының өтіп кеткеніне қарамастан бүкіл халық оны би сайлайды. Жиырма жасында Абай нағыз от тілді, шешен, ділмар атанады.
Иәәә, Абай өз заманының саф алтыны еді ғой.
-
Ән. Абай Құнанбаевтың «Мен бір жұмбақ адаммын»
Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да,
Алдамаған кім қалды тірі жанда?
Алыс жақын қазақтың бәрін көрдім, 2 рет
Жалғыз жарым болмаса анда санда.
Көп адамдар дүниеге бой алдырған,
Бой алдырған, аяғын көп шалдырған,.
Өлді деуге сыя ма ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адамммын оны да ойла,
Соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстып кінә қойма.
Мен бір жұмбақ адаммын.
-
«Поэзия уақыты» Бес оқушы шахмат сияқты тұрады. Кезек кезек Абай өлеңдерін оқиды.
Бірінші:
Амал жоқ, қайттым білдірмей,
Япырмау, қайтып айтамын?
Қоймады дертің күйдірмей,
Не салсаң да тартамын.
Талаййсыз, бақсыз, мен сорлы,
Еріксіз аттап ұяттан,
Қорлыққа көндім бұл күнгі,
Байқалар халім бұл хаттан.
Әлімше мен де ұялып,
Білдірмен дедім өлсем де,
Шыдар ем күйіп мен жанып,
Айында бірер көрсем де.
Болмады көріп қалуға
Естіп біраз сөзіңді,
Шыдар ем бір ай жатуға,
Ұзақ түн жұмбай көзімді.
Екінші:
Көңіл құсы, құйқылжыр шартарапқа,
Адам ойы түрленіп, ауған шақта.
Салған ән көлеңкесі сол көңілдің.
Тактісіна билесін ол құлаққа.
Шырқап, қалғып, сорғалап, тамылжиды.
Жүрек тербеп оятар баста миды.
Бұл дүниенің ләззаты бәрі сонда,
Ойсыз құлақ ала алмас ондай сыйды.
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Үннің тәтті оралған мәні оятар,
Кейі зауық, кейі мұң, дерті қозғап,
Жас балаша жүректі жақсы уатар.
Әннің де естісі бар, есері
бар,
Тыңдаушының құлағын кесері
бар.
Ақылдыңың сөзіндей ойлы
күйді,
Тыңдағанда көңілдің өсері
бар.
Үшінші:
Мен жазбаймын өлеңді ермек
үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,
Көңілінің көзі ашық, сергек үшін.
Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей,
Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей.
Шу дегенде құлағың тосаңсиды.
Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей.
Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай,
Және айта бер дейді жұрт тыным бермей.
Сөз айттым "Әзірет Әлі", "айдаһарсыз",
Мұнда жоқ "алтын иек, сары-ала қыз".
Кәрілікті жамандап, өлім тілеп,
Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз.
Әсіре қызыл емес деп жиренбеңіз,
Түбі терең сөз артық, бір байқарсыз.
Төртінші:
Жүрегім, нені
сезесің,
Сенен басқа жан жоқ
па?
Дүниені, көңілім,
кезесің,
Тиянақ жоқ па, қой,
тоқта!
Сезгеніңді
сездіріп,
Жете алмадың
ортаққа.
Тірі жаннан
бездіріп,
Апарасың қай
жаққа?
Ортақтық, тыныштық достық
қой,
Оның қадірін кім
білер?
Әркімге-ақ тілеу қостық
қой,
Бәрі — алдамшы
саудагер.
Халықтың аты керек
қой
Я мақтауға,
боқтауға.
Құбылға бәрі зерек
қой,
Бәрі жайсыз
тоқтауға.
Досты қайдан
табасың,
Кеңесерге адам
жоқ.
Әрлі-берлі
шабасың,
Жалғыздықтан жаман
жоқ.
Ақыл айтсаң
біреуге
Ішің еріп,
егіліп,
Ұялмас ақы
тілеуге,
Бермесең қалар
түңілііп.
Ақы беріп
тындатқан
Сөз көкейге қонар
ма?
Құлағын сатқан тәңірі
атқан
Оңдырар ма, оңар
ма?
Күйесің, жүрек,
күйесің,
Күйгеніңнен не
пайда?
Дүниеде нені
сүйесің,
Өмір қайда, дос
қайда?
Бесінші:
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі
қан, бірі май боп енді екі ұртың.
Бет бергенде шырайың сондай
жақсы,
Қайдан ғана бұзылды сортша сыртың?
Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,
Аузымен
орақ орған өңкей қыртың.
Өзімдікі дей алмай өз малыңды,
Күндіз күлкің бұзылды, түнде – ұйқың.
Көрсеқызар келеді байлауы жоқ,
Бір күн
тыртың етеді, бір күн – бұртың.
Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын?
Өздеріңді түзелер дей алмаймын,
Өз
қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың.
Ағайын жоқ нәрседен етер бұртың,
Оның да алған жоқ па құдай құлқын?
Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ,
Сапырылды байлығың, баққан жылқың.
Баста ми, қолда малға талас қылған,
Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқын.
Оңалмай бойда жүрсе осы қыртың,
Әр
жерде-ақ жазылмай ма, жаным, тырқың?
Қай жеріңнен көңілге қуат қылдық,
Қыр артылмас болған соң, мінсе қырқың?
Тиянақсыз, байлаусыз байғұс қылпың,
Не түсер құр күлкіден жыртың-жыртың.
Ұғындырар кісіге кез келгенде,
Пыш-пыш демей қала ма ол да астыртын?
-
«Жас Абай» қойылымы.
Он үш жасар Абай оқудан ауылға қайтып келеді. Қуанышты қазақша күй ойнап тұрады. Ауыл адамдары топ болып жиналып, Абайды қуанып күтіп тұрады. Бір бірімен «Абай келе жатыр, Абай келіпті» деп сыбырласып тұрады. Бір бұрышта бір қыздар киіз басып жатса, апалар тары үгітіп болмаса күбі пісіп отырады. Егер бұл заттар табылса. Жас қыздар қазақша билейді. Бір кезде ортаға Құнанбай кіреді. Барлығы бас иіп, оң қолын кеудесіне қойып «Ассалаумағалейкум!» деп амандасады.
Бір келіншек шығып:
: Аманбысың, Құнеке, көңіл хошың жақсы ма?
Құнанбай:
Дарылдап, шарылдап, көп алаңдап балама,
Ашу артып, көз алартып далаға.
Сейіл қарап, зекіп ұрсып, жүргенімде ұқтырам деп ұқтырып,
Ер жетіпті балам.
Бұзықтықты тиямын деп.
Ілім білімге ұмтылып,
Жылдар жүріііп, міне ер жетті.
Абайдың анасы:
Жасаған ай, көптен күткен бір сөзім,
Босамайтын бор гүлім, бақ жүзім,
Шалынды ма құлағыңа, құдырет
Жылап жүүріп дұға қылған бұл сөзім.
Шіркін, жастық кернейді,
Жас жүректі тербейді.
Бір сағыныш шаршатты ау
Көкіректі кернейді
Сағындырған қозымды ай
Неге тез тез келмейді.
Бір жігіт:
Абай келе жатыр! Барлығы шулайды. Абай келе жатыр деп.
Абай:
Ассалаумағалейкум, елім жұртым,
Сағыныш селі жеңді дүркін, дүркін.
Біржан сал, Ақан сері, үкілі Ыбырай,
Салтымен жетеледі мені ғұрпың.
Сәлем, ауыл, сәлем бауыр баршаңа. Апа! – деп апасының қасына келеді.
Апасы:
- Әй, шырағым, балам әуелі ар жағыңда әкең тұр. Сәлем бер! – дейді.
Абай:
Ассалаумағалейкум, әке! Деп оң қолын кеудесіне қойып, аяғын бүгін амандасады.
Әкесі:
Уа, пәліі! Уағалейкумассалам деп ұзақ созып айтады да Абайға біраз қарап тұрады. Балам, бойың өсіп, ер жетіп қалыпсың ау. Молда болдың ба? Бойыңдай боп, біліміңді де өсті ме?
Абай:
Шүкірлік, әке! Ат барған соң, дәріс тәмам болмаса да, қазіреттің рұқсатын, фатиқасын алып қайттым.
Әкесі:
Өзің тіпті, көшелі кісі болыпсың ғой. Бар, шешеңе бар, амандас балам!
Абай анасына жүгіріп бара жатқан кезде келіншектердің барлығы бір бірінен соң келіп, Абайдың бетінен сүйіп:
Телғара, соқталдай азамат болыпсың ғой.
Абайжан ау, қала сені өзгертіп жібермесе болды.
Телғара, ауылға қош келдің! Осындағы жастарға білгеніңді үйрет енді, деп кезек кезек көріседі.
Бір жеңгесі шығып:
Туй, мына жаман қатындар баламыздың бетінен сүйіп, сүйетін жер қалдырмады ау, дейді де Абайдың көзінен сүйеді де «Анаңа бара ғой» дейді.
Апасы бетінен сүймей, жай ғана қолын қысады.
Апасы:
Әжеңе бар, әнеки. Үлкен үйдің алдында сенің жолыңды тосып қарап отыр.
Әжесі Зере:
Жаман неме, маған бұрын келмей, әкеңе кеттің ау. Жаман неме. Абай барады. Абай барғанда әжесі
Қарашығым, қара қозым, Абайжаным деп кемсеңдеп жылайды. Абайдың анасы барлық келіншекті үлкен үйге шақырады. Барлығы сахнадан кетеді.
-
Бір ән немесе хор. Абайдың өлеңі. «Көзімнің қарасы» немесе «Желсіз түнде жарық ай».
-
Жазушылар үйі.
Ахмет: Иәә, қазақтың бас ақыны Абай. 1903-ші жылы қолыма Абай сөздері жазылған дәптер түсті. Оқып қарасам, басқа ақындардың сөзіндей емес. Олар сөзінен басқалығы сонша, әуелгі кезде жатырқап, көпке дейін тосаңсып отырасың. Сөзі аз, мағынасы көп, терең. Бұрын естімеген адамға шапшаң оқып шықсаң, түсініп, көбінің мағынасына жете алмай қалады. Көп сөздерін ойланып дағдыланған адамдар болмаса, мың ара оқыса да түсіне алмайды. Не мағынада айтылғаны біреу баяндап ұқтырғанда ғана біледі.Сондықтан Абай сөздері жалпы адамның түсінуіне ауыр тиетіні рас. Бірақ ол ауырлық Абайдың айта алмағанынан кемшілік емес, оқушылардың түсінерлік дәрежеге жете алмағанынан болатын кемшілік. Олай болғанда, айып жазушыда емес, оқушыда. Не нәрсе жайынан жазса да Абай түсіндіріп, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады. Оның сырын, қасиетін біліп жазған соң, сөзінің бәрі оқулыққа тіреліп, оқушылардың біліміне сын болып табылады. Оқушы сөзді сынаса, сөз оқушыны да сынайды. Абай сөзі заманындағы ақындардан оқшау, олар сөзінен үздік, артық. Ол оқшаулық, басқа ақындардан Абайдың жалғыз сөзінде ғана емес, өзінде де болған. Абайдың қандай болғанын көзбен көрмесек те, көргендердің айтуынан білеміз. Сөзінің қандай екендігін сөйлеген соң, өзінің де қандай екенін айтып,түсіндіріп өткеніміз теріс болмас.
-
Поэзия уақыты. Орыс сыныптардан бес оқушы шығып, Абай өлеңдерін оқиды.
-
Қойылым: Абай өмірінен. Абай мен Әкесі отырып, әңгімелеседі.
Абай: Әке, ел көрдім, жер көрдім. Білім алдым, сауат аштым. Десе де, білгенім тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз. Сірә, балаға әкеден асқан тәрбиені ешкім бере алмас. Сондықтан сізге келіп тұрмын. Сіздің жолыңыз мен үшін үлгі екені мәлім. Ер жетіп, ес білген балаңызға өмірлік сабақ ретінде не айтар едіңіз?
Әке: Е, балам. Бір бала әкесіне жете туады, бір бала әкесінен өте туады, бір бала әкесінен кейін қарай кете туады дейді. Олай болса, айтшы сен осылардың қайсысына жатасың?
Абай: Мен, өте туған шығармын. Себебі, елдің мұңын жырлайтын ақын болдым ғой.
Әке: Жоқ, балам, сен маған жете туған баласың. Себебі мен сендей ұлды Абай етіп тәрбиелеген әкемін. Міне, сенің бойыңдағы аңғалдықты осыдан байқауға болады. Бұдан бөлек сенді үш мінез бар. Ең әуелі - сен жұрттың бәрімен күліп сөйлейсің. Жайдақ су сияқтысың, жайдақ суды ит те, құс та жалайды, кісілерге қадірі болмайды.
Екінші, кім көрінгенге жақын боласың, кісі талғамайсың. Желбегей жүрген кісінің қасына ел үйірілмейді. Елді алатын қылық ол емес.
Үшінші, орысшылсың, орыстың дұшпандығын ұмытасың»
Абай: «Қолында құралы бар бірен-саранға тиетін шыңыраудағы судан да, қойшы-қолаңшы, жалшы, жақыбайдың күллісі бірдей мейірін қандыратын жайдақ су артық деп білемін...
Орысшылсың дегенге: «Заман орыстікі, ол жеңген, біз жеңілген елміз. Ендігі күнде алысатын дұшпанның айласы мен әдісін білу керек. Мен орыстың өзін сүймесем де, өнері мен ебінен үлгі аламын.
Әке: Бұл ойың да дұрыс шығар. Ең бастысы бойыңа жиған ақылың мен ілімің еліңнің шөлін қандырар дария болсын. Менің берген батам – осы.
-
І.Жансүгіров. Абай - қазақ ұғымындағы сөздің сабазы. Тілге Абай құйған қор көп. Оның өлеңі таудан тасыған бұлақтай сарқырап жатса, өлеңіндегі сөздер сол бұлақтың түрлі тасындай жарқырап жатады. Абай өзі тіл жасаған ақын емес, елдің тілін толық пайдаланған ақын.
Абайдың ақындық қуаты, тілге шеберлігі - оның сөзінің арасына қыл сыймайтындығы. Абай ақындықтың өнері - сөздің іші, сырты екеуі де жақсы, екеуі де көркем болсын деген. «Өлеңді өнер деп бағалаған Абай - сол өлеңді кестелеп, қазаққа қызмет етті. Өлеңнің өнер екенін көрсетті. Сөз өнерінің үлгілері ретінде өнер белгісін қалдырады. Абайды жазба әдебиеттің - сырлы әдебиеттің басы дейтініміздің бір жағы осында.
-
Абайдың бірінші қара сөзі.
Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.
Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді Құдай сақтасын!
Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ.
Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзі - бір тез қартайтатұғын күйік.
Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елге, осы жерде не қылған софылық?
Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харекетке қосайын? Балаларымның өзіне ілгері өмірінің, білімінің пайдасын тыныштықпенен керерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек қыла алмадым.
Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.
-
Бойы бұлғаң әні хормен, артында қыздар билейді.
Ж: Соңғы сахна. Барлық қатысушылар сахнаға шығады. Жүргізушілер әр қатысушының аты жөнін айтып, кімді сомдағанын хабарлайды. Қатысушылар біртіндеп сахнаның ортасына шығып, сәлем береді. Әрмен қарай барлығы шығып кетеді.
Ж: Адамзат өркениетінің тарихы сан мәрте дәлелдегендей Ұлы тұлғалар көбіне күйреп, жааңаның бой көтеріп, қоғамның бір сападан екінші сапаға ауысар дәуірінде дүниеге келеді. Абай Құнанбайұлы тұлғасында сондай аралық кезеңнің жемісі. Ескінің соңы мен жаңаның басын жалғаған алтын көпір. Ұлы ақын, дана ойшыл Абай он тоғызыншы және жиырмасыншы ғасырлар тоғысындағы ағартушы дәуірінің көшбасшысына, елдің болашақ бағдарын айқындап берген рухани темірқазығына айналды.
Ж: Қазақстан Республикасының Президентінің осы сөзімен бүгінгі кешімізді қорытындылаймыз. Расында да, тұтас ұлттың темірқазығына айналған ұлы ақын Абай Құнанбайұлының есімі мәңгілік. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Абай туралы әдеби кештің сценарийі

шағым қалдыра аласыз