Абайды білмек парыз ойлы жасқа

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Абайды білмек парыз ойлы жасқа

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал Абай шығармашылығын оқығанда пайдасы зор. Оқушылар Абайдың өлеңдерін, қара сөздерін, аудармаларын оқу арқылы Абай туралы көп мағлұмат алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді

Бастауыш сыныптар бойынша оқу-тәрбие орынбасары: Абдунасирова Г.А.


Мақсаты: Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Баланың мейірімді сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру.

Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл атқарады.Мұғалім мен ата-аналардың өзара қатынасы міндеттерінің ең негізгісі — психологиялық-педагогикалық білімдерін көтеру болып табылады.

Осы міндеттерді шешуде оқу бағдарламасын меңгертуде түрлі тиімді әдістер мен технологияларды пайдаланғаны сияқты, ата-аналарға көмек ретінде «Өзін-өзі тану» пәнінің формаларын пайдалана отырып ата-аналар жиналысының дәстүрлі емес түрін өткізгенде интерактивті тақтаны, яғни ақпараттық технологияны пайдалану ата-ана қызығушылығын арттырып қана қоймай, жеке танып- білуге, байланысты нығайтуға қосар үлесі зор.

Сіздерді ортаға шаттық шеңберіне шақырамын.

1. Шаттық шеңбері:



Дөңгеленіп тұрайық,

Керегені құрайық.

Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.

Міне сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.

Танысу: Бір шаңырақ иесі ретінде бір-бірімізбен жақынырақ танысайық. Мына үлгі бойынша: өз есіміңіздің алдына сын есім қосып айтасыз. Мысалы: мен сымбатты Сайрангүлмін. Ал, мен ақкөңіл Анармын.... Олай болса барлығымыз орнымызға жайғасайық.

2. Өзіңді-өзің танысаң — істің басы

Жақсы немесе жаман қасиеттер тренинг — Абай атамыздың «Сегіз батыр» деп басталатын жұмбағы еске түседі.

Алла мықты жаратқан сегіз батыр,
Баяғыдан соғысып әлі жатыр
Кезек-кезек жығылып, жатып тұрып
Кім жеңері белгісіз түбінде ақыр.

Міне, осы жұмбақтың жауабы сегіз батырдың біріншісі «жақсылық» болса, екіншісі «жамандық» екен. Кез келген адамнан ол екеуін табу үшін айнадағы бейнемізге қарап ойланамыз. Ал, енді сіздер берілген парақтың оң жағына жақсы , сол жағына жаман қасиеттеріңізді жазасыздар. 3 мин

  1. Қандай қасиеттерді көп жаздыңыздар?

  2. Қайсысынан өзіңізді көбірек таптыңыз?

  3. Осыған дейін осы қасиеттер жайлы ойланып көрдіңіз бе?

(Барлығы жазған қасиеттерін оқып шығады) Жаман қасиеттеріңізден арылғыларыңыз келе ме? Ендеше жаман қасиеттеріңізді бөліп жыртып алып «менің бойымнан осы жаман қасиеттер мәңгіге жоғалсын» — деп айтып ұсақтап жыртып тастаймыз.

Қорытынды: Бала ата-ананың айнасы-демекші, баламыздың бойына өз бойымыздағы жақсы қасиеттерді сіңіре білейік.

3. Ой қозғау:

Ата-аналар 4-топқа бөлінеді. Бала тәрбиесі жөнінде сұрақтар қойылады. Сол жағдаяттан шығу жолдарын тірек-сызба, сурет арқылы қорғап шығады.

  1. Бала жақсы білімді болу үшін ата-аналардың міндеті қандай болу керек?

  2. Баланың оқу үлгеріміне отбасының қарым — қатынасы әсерін тигізе ме?

  3. Сіз жұмыстан ашулы келдіңіз, балаңыз компьютер алдында отыр, үйдің іші жиналмаған, тамақ істелмеген, сіздің айтып кеткен тапсырмаңыз орындалмаған сіздің әрекетіңіз?

  4. Тоқсандық қорытынды бойынша сіздің балаңыз бір сабақтан үшке кетті делік. Сіздің іс-әрекетіңіз?

Өсиет әңгіме. Жағдайлы бір отбасы баласын ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық жағдайын жасайды. Қазіргі заманның озық технологиясымен жасалынған ойыншықтар, компьютер, тіптен қымбат телефонды да алып береді. Бірақ баласы осының бәріне қанағаттанбай, күнде ата-анасының жұмысқа кетпеуін өтінеді. Ата-анасы жұмысқа бармаса болмайтынын, ақша табатынын баласына түсіндіреді. Ал, баласы осы сәтте ата-анасының күніне қанша ақша табатынын сұрап біледі.

Бала сол күннен бастап ата-анасының өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын жұмсамай жинай бастайды. Жинаған ақшасы ата-анасының бір күндік табысына жеткен күні бала ата-анасына өтініш жасайды.

Әке, ана! Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңізді маған қиыңыздаршы.

Бір күнгі табыстарыңызды мен төлейін депті. (қалай ойлайсыздар бала неге өтінді?) Міне, ата-ананың аялы алақанының әсері балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыру мүмкін емес.

  1. Байлаулы бала (тренинг):

Бір ата-ана ортаға шығады. Төмендегідей сұрақтар қойылады.

  1. Сіз балаңызбен көл жағасына бардыңыз. Балаңыз суға қызыққаны соншалық суға қарай жүгіріп кетті. Сіз қалай тоқтатасыз? (аяғы байланады)

  2. Қарасаңыз балаңыз адамдардың тастап кеткен темекінің тұқылын жинап алып, сонымен ойнап отыр. Сіздің әрекетіңіз? (қолы байланады)

  3. Жұмыстан шаршап келсеңіз бала теледидардан атыс-шабыс, бір сөзбен айтқанда өз деңгейіне келмейтін кино көріп отыр. Сіздің әрекетіңіз? (көзі байланады)

  4. Балаңыз сізге басқа ұлттың қызын ұнатты. Бірақ сіздің қалауыңыз ол емес еді. Сіздің әрекетіңіз? (кеудесі байланады)

  5. Балаңыз досымен келіспей қалды да, жаман сөздермен сыбағасын берді. Сіздің айтар сөзіңіз? (аузы байланады)

Міне, баламыз қандай күйге түсті, құрметті ата-ана.



Мұндай күйге түспес үшін баламызға неге болмайтынын, «өйткені» сөзін қолдана отырып түсіндіруіміз керек. Сонда ғана сіз бала тәрбиесінде мақсатыңызға жете аласыз.

Топтық жұмыс : «Өнегелі отбасы» тірек сызба жасау



Жүректен жүрекке: Құрметті ата-аналар! Енді осы балапандарымызға жүрегімізден шыққан жылы сөздеріңізбен, тілектеріңізді қағазға (жапырақ) жазып ағашты көркейтейік.

Жүректен шыққан тілектеріңіз әрдайым жер бетіндегі балаларды қолдап желеп-жебеп жүрсін дегім келеді.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2017
906
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі