Абайдың ақындық мектебі және Шәкәрім
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүріп, ұлы Абайдың дарынды шәкірті, әрі дәстүрін жалғастырушы Шәкәрім Құдайбердіұлы – қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірі болды. Ол –лирик, әрі эпик ақын, прозаик, шебер аудармашы, ғұлама философ, тамаша тарихшы, талантты сазгер және ірі қоғам қайраткері ретінде артына аса бай рухани мұра қалдырды. Сан қырлы тума талант иесі өзінің бүкіл саналы ғұмырында адамгершілік, гуманистік, демократтық және ағартушылық идеяларды тынбай уағыздай жүріп, туған халқының болашағы мен игілігі үшін бар күш-жігерін сарқа жұмсап өтті. Қазақ әдебиетінің жаңа сатыға көтерілуі, одан әрі дамуына өлшеусіз үлес қосты.
Шәкәрім Құдайбердіұлы поэзиясының кәусар бұлағы, бастау алған қайнар көзі ұлы Абайдың құдіретті жыры, ол бастаған реалистік дәстүр болды. Ол заңды да еді. Өйткені Шәкәрім Абайдың замандасы ғана емес, әрдайым жанында болып, тағылымын алған талантты ақын інісі, ұлы ойшылдың маңайына топтасқан жастар шоғырының шоқтығы биік өкілі еді.
Шәкәрім реализмі – Абай реализмінің заңды жалғасы. Ол да Абайша өз дәуірінің шындығын, қоғамдық құбылыстарды шынайы реалистікпен суреттеді. Өмір құбылыстарын шыншылдықпен бейнелеу ақын шығармашылығындағы сыншылдық сипатының өрістеуіне жол ашты. Ол айналасындағы кемшіліктерді, адамдардың мінез-құлқындағы кереғарлықты сынағанда халқын надандықтан арылтуға, рухани дамудың ізгі жолына салуға ұмтылды. Осы бағыт Шәкәрімді ағартушылық арнаға әкелді. Абайдың ізін басушы, оның өнегесін, тағылымын жете ұғынған Шәкәрім ана тілінен басқа орыс, араб, парсы, түрік тілдерін жақсы білді.
Шәкәрімнің халық бойындағы ертеден арылмай келе жатқан мін-кемшіліктерді батыл сынап, ел-жұртты адамгершілік пен адал кәсіпке, еңбек пен өнер-білімді игеруге шақыратын жырлары ұлы Абай идеяларымен терең астасып үндесіп отырады. Ақын ел болып оянып есеюдің, қатарға қосылудың бірден-бір дұрыс жолы: орыстың өнері мен білімін игеру, оның озық ойлы, алдыңғы қатарлы жазушыларының шығармаларынан үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие алу деп санайды. Қулық-сұмдық пен алдау-арбау, зұлымдықтан бойды аулақ салуға үндеген ақын орыс мәдениетінің халық бойын нұрға бөлейтін ізгі қа-сиетіне ерекше мән бере сөйлейді. Ақын Абай «Интернатта оқып жүр»:
Орыс теріс айтпайды
Жаман бол деп оларды.
Қаны бұзық өзі ойлар
Қу менен сұм боларды,
Орыста қалар жаласы.
Бұл іске кім виноват
Я Семейдің қаласы?
Я қазақтың аласы?
Ойында жоқ бірінің
Салтыков пен Толстой
Я тілмаш, я адвокат
Болсам деген бәрінде ой,
Көңілінде жоқ санасы.
Шәкәрім «Молдалар өзгелерді кәпір дейді» өлеңінде:
Орыстың жақсыларын білмес қазақ,
Болып жүр сондығынан көпке мазақ.
Өнерлі, білімді елден тәлім алмай,
Қуларға еріп момындар тартар азап...
Білсе егер Салтыков пен Толстойын,
Сезсе олардың айтылған терең ойын.
Гоголь мен Пушкиндерден ғибрат алса,
Қазақтың бөлер еді-ау нұрға бойын.
Лермонтов, Некрасовтай ақындарын,
Өнеге етсе олардың мақұлдарын.
Өзімшіл надандықтан көзі ашылып,
Аңғарар адал жолға жақындарын.
Қос ақын да әйгілі орыс классиктерінің есімдерін атай отырып, олардың өнегелі шығармаларын өте жоғары бағалайды. Орыс әдебиетін оқи отырып, көзі ашылып, көкірегі оянатынын айту арқылы жастарға ой салуды, өнер-білімге шақыруды екі ақын да мақсат тұтады.Қос идеяның тоғысуын осыдан көруге болады.
Ел басшыларының әділетсіздіктері мен зұлымдығын, момындарға жасаған зорлық-зомбылығы мен парақорлығын ақын жеріне жеткізіп сына-ған. Абай «Болыс болдым мінеки»:
Болыс болдым мінеки,
Бар малымды шығындап.
Түйеде қом, атта жал,
Қалмады елге тығындап.
Сөйтсе-дағы елімді,
Ұстай алмадым мығымдап.
Күштілерім сөз айтса,
Бас изеймін шыбындап.
Әлсіздің сөзін салғыртсып,
Шала ұғамын қырындап.
Сияз бар десе жүрегім
Орнықпайды суылдап.
Сырқыларға сыр бермей,
Құр күлемін жымыңдап, -
немесе «Көзінен басқа ойы жоқ» өлеңінде:
Кітапты молда теріс оқыр,
Дағарадай боп сәлдесі.
Мал құмар көңлі – бек соқыр?
Бүркіттен кем бе жем жесі?
Ал Шәкәрім ақын:
Бай, жуан, әкім, сопылар,
Жемтік көрсе шоқылар.
Бірі алдап, бірі арбап,
Талайтын елді осылар, -
деп,топтап түйресе, енді бірде оларды ащы сын, өткір мысқылмен ажуалап:
Жуандар, елді билеп не қыласың,
Өздеріңе айтқызса әділ-ақсың.
Мен қарасам сендердің бетің теріс.
Әбден асып, ақ жолдан адасыпсың.
Мықты жайын айтайын тыңдап қара,
Ел алып, жауды жеңіп, шықпақ дара.
Партияның басшысы «батыр-ақ» сол,
Қайраты мол, ішкенді ант, шатқан пара,- дейді.
Ақындардың табиғат лирикасында жазғытұрын суреттеген өлең жолда-ры да өзара астасып жатады. Абай Құнанбаев:
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
Шәкәрімнің Абай өлеңімен сабақтастығын «Жаз келер» өлеңінен байқаймыз:
Жаз келер, қыстыгүнгі қысым өтіп,
Қар, суық, боран, аяз – бәрі кетіп.
Қасықтай қар, тобықтай тоң қалмайды,
Табиғат барша жанға рахым етіп.
Жастарға насихат тегінде адам мінезіндегі ызақорлық пен ашушаңдықты, жатып ішер жалқаулық пен еңбексіздікті, күндестік пен мақтанды, алдау-арбауды жойып, адамгершілік пен ардың салтанат құруы үшін тынымсыз күрес ашуға шақырды. Осы ұран Абай поэзиясында болса, Шәкәрім шығармашылығынан да көруге болады.
Абай ақында:
Досыңа достық – қарыз іс,
Дұшпаныңа әділ бол.
Асығыс түбі - өкініш,
Ойланып алмақ – сабыр сол.
Ақ көңілді жақсыдан,
Аянбай салыс ортаға.
Ақылы, ары тапшыдан,
Қу сөзін алма қолқаға...
Шәкәрім.
Бар еңбегін, шын тілегін,
Салса адалдық жолына.
Алып білім, төгіп нұрын,
Түссе адамдық соңына...
Ісі санамен алға өрлесе,
Бірігіп бастары.
Абай «Әсетке» өлеңінде:
Кісіде бар болса талап,
Отырмас ол бойын балап.
Жүрер, әрқайдан ізденер,
Алар, өз сүйгенін қалап, -
десе, енді бірде «Аш қарын жұбанама майлы ас жемей» өлеңінде ақын былай деп жырлайды:
Еңбек жоқ, харекет жоқ қазақ кедей
Тамақ аңдып қайтеді тентіремей.
...Жалға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел,
Малың болса, сыйламай тұра алмас ел.
Қаруыңның барында қайрат қылмай,
Қаңғып өткен өмірдің бәрі де – жел...
...Ары кеткен алдағыш,
Мені-ақ алда, сөкпейін,
Балы тамған жас қамыс.
Ормасаңшы көктейін!
Ал Шәкәрім ақын:
Тамақ, керегін жерден іздесе,
Қалап еңбекті ғана көздесе,
Болмайды қастары.
Табиғаттың, барша заттың,
Білер адам айласын.
Кетер кейіс, орнар бейіс,
Көрсе еңбектің пайдасын.
Еңбекпенен, өрнекпенен,
Өнер бойға тоқылса.
Жайнар көңіл, қайнар өмір,
Ар ілімі оқылса!!
Шәкәрім алдымен ішін түземей, тек сыртын әрлеп сырлайтын кердең де кербез қулардың іс-әрекет, сын-сиқын ұлы Абайша сипаттауға да зер салады.
Ақын өлеңнің ішкі мазмұны мен сыртқы түрін шебер қиюластырып, сол тұстағы надандық пен бояма жалғандықтың ұмытылмастай жиынтық кейпін жасайды.
Шедірейіп шекиіп,
Қасын керіп кекиіп
Қолдан пішін жасаған,
Біреу келер секиіп,
Шырт түкіріп шынтақтап,
Жүз құбылып қылпақтап.
«Сұлуын-ай шіркіннің»
Дегізбекші жұрт мақтап...
Ал Абай ақын:
Осындай сидаң жігіт елде мол-ақ,
Бәрі де шаруаға келеді олақ.
Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп,
Бар өнері – қу борбай, сымпыс шолақ.
Олардың жоқ ойында малын бақпақ,
Адал еңбек, мал таппақ, жұртқа жақпақ.
Жалғыз атын терлетіп, ел қыдырып,
Сәлемдеспей алыстан ыржаң қақпақ.
Ел ішіндегі алауыздық пен надандықты, мансапқорлықты жою үшін жастарды жаңаша оқытып тәрбиелеу қажет екенін түсінген ақын барлық күш-жігерін, ақындық өнерін соларға арнайды. Ол жаңа буын жастарды өнегелі өнерге, оқу-білімге бағыттауда, ең алдымен, ұлы Абайды үлгі, ұстаз тұтады.Адамның асыл қасиеттерін ашып көрсетеді.
Абай ақын «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» өлеңінде:
...Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек.
Еңбекті сат, ар сатып неге керек?
Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Шәкәрім «Мен кетемін» өлеңінде:
Ақ жүрек пен Таза ақыл,
Қылсаң Адал еңбек,-
Бәрінен де сол мақұл-
Артқыға жол бермек,-дейді.
Шәкәрім лирикасындағы философиялық терең ойшылдық пен поэтика-лық көркемдік Абай дәстүрімен әрдайым үндесіп жатады. Оның бүкіл әдеби мұрасынан Абай іргетасын қалаған реалистік әдеби дәстүрдің жалғастығы жарқырай көрінеді. Шәкәрім шығармаларындағы өзі өмір сүрген дәуірдің қоғамдық көріністері бейнеленді. Жастардың оқып, біліп, үйренуіне бұл мұра пайдалы еді. Жастардың көзін ашу үшін ақынның еңбегінің зор екенін көруге болады. Ақынның шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Шәкәрім тақырыбы – сарқылмайтын кеніш. Бұл байлықты ашқан үстіне аша түсу, сөйтіп әлем халықтарының ортақ игілігіне айналу жолындағы әрбір ізденіс талабы барынша қолдауға лайықты.
Өсер ұрпақ, келер дәурен, туар тарих қауымына әлем бас иген ұстазы ұлы Абай ұлағатын ұғынған Шәкәрім асыл қазыналарының өлмес рухы мен ғажап нәрін мейілінше пайдалануға мұра етіп қалдырды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Абайдың ақындық мектебі және Шәкәрім" мақала

шағым қалдыра аласыз