Материалдар / АБАЙДЫҢ «БІРІҢДІ ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ ІСТІҢ БӘРІ БОС» ДЕГЕН ӨЛЕҢ ЖОЛДАРЫН ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ ТҰРҒЫСЫНАН ТАЛДАП ЖАЗ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

АБАЙДЫҢ «БІРІҢДІ ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ ІСТІҢ БӘРІ БОС» ДЕГЕН ӨЛЕҢ ЖОЛДАРЫН ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ ТҰРҒЫСЫНАН ТАЛДАП ЖАЗ

Материал туралы қысқаша түсінік
АБАЙДЫҢ «БІРІҢДІ ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ ІСТІҢ БӘРІ БОС» ДЕГЕН ӨЛЕҢ ЖОЛДАРЫН ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ ТҰРҒЫСЫНАН ТАЛДАП ЖАЗ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қараша 2021
2597
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АБАЙДЫҢ «БІРІҢДІ ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ ІСТІҢ БӘРІ БОС» ДЕГЕН ӨЛЕҢ ЖОЛДАРЫН ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ ТҰРҒЫСЫНАН ТАЛДАП ЖАЗ


«Сен маған досыңды көрсет, мен сенің кім екеніңді айтайын», деген даналық сөздің мағынасы терең. Өйткені достық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Достықты жырға қоспаған ақын кемде кем. Солардың ішінде Абайдың алатын орны ерекше. Күн сайын жаулықтың отына май тамызып тұтатушы қоғамның жуан ортасында отырса да, Абай өле-өлгенше достықты жырлаумен болған. Гуманист ақынның адамды сүйе білу идеясын, достық туралы айтқан нақыл сөздерін оқып, ойға бекітіп, санада жаңғыртқан әр адам өзіне мол азық алатыны сөзсіз. Ақынның түсінігінде ең қызық өмір – достық, татулық.

Кемді күн қызық дәурен тату өткіз, 

Жетпесе біріңдікін бірің жеткіз, –

немесе:

Жүрегі жұмсақ білген құл

Шын дос таппай тыншымас, –

деген тармақтарда адам баласы біріне-бірі жаулық емес, достық іздесін деген пікір өзек болып тартылып жатыр.

Біріңді, қазақ, бірің дос,

Көрмесең істің бәрі бос...

Осы нақыл сөздерді оқи отырып, дәл қазіргі қоғамда достықты қалай бағалап жүрміз, Абай айтқандай, «біріміздікін біріміз жеткізіп» жүрміз бе, шын достық бар ма деген сұрақ көкейіме оралады. Адам адам болғалы достық қарым-қатынас олардың адамгершілігі мен еңбегін айқындайды. Дос – қиналғанда астындағы атын түсіп беретін, жан-дүниесін сезіне білетін жан.

Адамның бойындағы ең жақсы қасиеттерінің бірі бұл оның тот басып, кір шалмайтын, хан менен құлыңды қатар көретін қарапайымдылығы. Оның тау төбе байлығы бола тұра, оған құнықпауы, шені мен шекпеніне, қызметінің мəртебесіне бола масаттанбауы, кедейді кемсін деп кемсітпей, əлсізбен де, əкіммен де əдемі де көркем мəміледе болуы. Қарапайымдылық қасиет пен көркем мәміледе болған жанның досы да көп болады. Ал достық бақытқа, берекеге, табысқа жеткізеді. Олай болса, Абай айтқан «жүрегі жұмсақ құл» қазір өте көп. Достық болмаса, адам өмір сүре алмас еді.

Қорыта келгенде, ең үлкен ұлттық құндылығымыздың бірі шын достық мәселесі. Қазір біз өмір сүріп отырған қоғамның негізгі мақсаты – бір-бірімізді жолға тастамай, бірлік пен берекеге әкелетін достықты құрметтеу, адамдардың достықта, татулықта бақытты өмір сүруі. «Жүз сомың болғанша, жүз досың» болсын деген нақылды әрдайым есте ұстаған жөн.

103 мектеп-гимназиясы

10 «Ә» сынып оқушысы

Ермекбай Даниал

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!