"Абайдың өскен ортасы" Абайтану пәні 5 сынып ҚМЖ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Абайдың өскен ортасы" Абайтану пәні 5 сынып ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
материал ұстаздар қауымына керек
Материалдың қысқаша нұсқасы



Күні :

Мұғалім:

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

І бөлім. Абайдың өскен ортасы

Сабақтың тақырыбы:

Абайдың тәрбие алған ортасы -1

Сабақ мақсаты:

Ұлы ақынның балалық және жастық шағы, өскен ортасымен

танысады.

Құндылықтарды игерту:

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:


  • Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы;

  • Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы,

«Туған жер» бағдарламасы, Абай шығармалары негізінде оқушылар рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады

Пәнаралық байланыс:

Қазақ тілі, тарих, өзін-өзі тану

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Ғаламтор желісіндегі электронды оқулық, интерактивті тақта, «Абай жолы» романының «Қайтқанда» бөлімінен үзінді

Осыған дейін

меңгерілген білім

Абайтану курсы, мақсат-міндеттері

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ресурс

Сабақтың басы

«Ой қозғау» әдісі

Интербелсенді тақтада берілген суреттерге сүйене отырып, тақырыпты болжаңыз.


Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болмақ?

«Абайдың балалық шағы» туралы бейнематериал көрсету


«Дейін,кейін» кестесі.

Сабақ басында оқушылар мәтінді оқымай тұрып тірек сөздер арқылы мәтінде қандай оқиға болатынын болжап «дейін» бөлігін толтырып өз болжамдарын жазады. Мәтінді оқып болған соң кейін кестесін толтырылады.(Тірек сөздер:Тобықты, тәрбие, ауыл, білім алу )


дейін

кейін




https://youtu.be/s23iZg

smbw

Сабақтың ортасы



























«Өкіл» әдісі

Мәтінді топтарға бөлікке бөліп беріп оқуға тапсырма беріледі ,топ тапсырманы орындап болғаннан кейін, әр топтан бір адам «өкіл» ретінде таңдалып, басқа топтарға қонаққа барады, қонаққа барған топқа сарқыт ретінде өз мәтіндерінің қиындысы ала барып,оқыған мәтіндерін түсіндіріп береді. Осылай ол барлық топқа өкіл болып барып шығады .Топтар мәтін мазмұнымен толық танысады.Және толық мәтінге ие болады. Келесі кезекте топтарға қиындыларды құрастырып мәтінді ретімен орналастыруға тапсырма беруге де болады.Оқушылар мәтін ретін дұрыс тапты , жоқ па оны білу үшін интербелсенді тақтаға мәтіннің толық нұсқасын қойып қояды.

Мәтінмен жұмыс.  «Deal» ә дісі D-describe-баяндау,суреттеу (оқығанды,көргенді сипаттау, сынау, өлшеу). E-Explain-түсіндіру (құбылыс немесе оқиға бойынша не білетіндерін,түсінгендерін суреттеу) A-Annalise -талдау (ақпаратты талдау,қорытынды жасау,себептерін атау) L-Links-байланыс (болжамдар немесе қорытынды жасау, өзінде бар біліммен байланыстару).

/Бұл жұмысқа оқушыларды бөлу үшін оқушылардың арқасына түсті қағаз жапсырып оқушылардың қабілетіне сәйкес топқа бөлуге болады/

1-топ. Сілтеме табушылар. (Мәтіндегі негізгі ойды анықтап тұрған, оқиғаның ең қызықты жерін тауып оқиды.)

2-топ. Кейіпкерлерді сипаттаушы. (Әр кейіпкерді танып, сипаттайды.)

3-топ. Ізденушілер. (Мәтінге қатысты қосымша ақпарат ұсынады.)

4-топ. Дәнекер топ. (Мәтіндегі оқиғаны қазіргі өмірмен байланыстыру.Мәселен «Абай жолындағы әке рөлі мен қазіргі замандағы әке рөлі»)

5-топ. Сөз тапқыштар тобы. (Мәтінге сәйкес мақал-мәтел, нақыл сөздер табу.)

6-топ. Бейнелеуші, суреттеуші топ. (Кейіпкерлердің суреттерін, соларға қатысты іс-әрекеттерінің суретін салады.

Дескриптор:


Оқушылар топпен берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жасайды.


http://abai- zholi-kiskasha- mazmuni.blogs pot.com/


https://kitap.kz/audio-book/abai-joly-i-tom-audio



https://bilimainasy.kz/niche


https://www.youtube.com/watch?v=FC-8TcD35I8

Сабақтың соңы

Сабақ мазмұны бойынша пікірлерін

«Төрт сөйлем» құрылымына салып жазу.

  1. Пікір. Оқыған мәтін бойынша өз пікіріңді бір сөйлеммен жазу

  2. Дәлел. Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелдеу.

  3. Мысал. Пікіріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтіру. 4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды жасау.

Кері байланыс : «Дейін,кейін» кестесінің кейін бөлігін толтыру мәтінді оқығанға дейінгі ойы қандай еді,оқыған соңғы пікірі қандай болды, өзгеріс бар ма?


дейін

кейін





Қайтқанда


Бұл тарауда Абай оқуын аяқтап, ауылына қайтады. Оны алып келу үшін әкесі Құнанбай қалаға өзінің көмекшілері Байтас пен жорға Жұмабай деген адамдарды жібереді.


Жол бойы Абай ауылына асығып үлкендердің мазасын алады. Оның қайта-қайта алға озып кете беретініне екі ересек ештеңе істей алмай, дегеніне көніп, өздері де жылдам жүруге мәжбүр болады. Үш күндік жолдың, әсіресе, соңғы күні қызықты өтеді. Аттылар Есембайдың жырасы деп аталатын ұрылар жататын жерге жақындағанда үлкендер Абайға "жанымыздан алыстама, мұнда қарақшы көп, астыңдағы атыңды тартып алады" дейді. Бірақ жас бала олардың айтқанын тыңдамай, шауып кетеді. 


Баланың артынан шапқан Байтас пен Жұмабай одан адасып қалады. Бір кезде екеуінің артынан бетін орап алған бір атты шығады. Байтастан сәл қалып қойған Жұмабай артымызға түскен ұры болар деп ойлап абдырап қалады. Ол шоқпарын аламын дегенше әлгі атты мұның тымағын бетіне түсіріп, көзін жауып, шоқпарын тартып алады. Жұмабай қорқып кетеді. Сөйтсе, ол Абай екен. Жұмабай баланың бұл қылығына ашуланады.


"Ұрылар жататын жерде мұндай жаман ырым бастауға болмайды" дейді ол. Абай біраз күлгеннен кейін Жұмабайдың Құнанбайға қадірі бар адам екенін есіне алып, оның үстіне әкесі өзі туралы теріс пікір естісе оңбайтынын түсініп, одан бұл әрекеті үшін кешірім сұрайды. "Ұйқы ашар болсын деген едім" дейді Абай. Жұмабай оның кішіпейілдігіне ырза болып, кешіргендей сыңай танытады. Мұның бәрін сырттай бақылап, күліп тұрған Байтас қалжыңды іліп әкетіп, жолдастарына өзінің басынан өткен қызықты оқиғаларын айтып береді. Артынша үшеуі күліп-ойнап ауылға қарай жарыса шабады.


Құнанбайдың ауылы бұл уақытта Көлқайнар деген суы мөлдір, мол бұлақты қоныста жатқан еді. Ауыл тұрғындары үш аттыны алыстан таныды. Сөйтті де, шуласа кетті. Үй ішінде жүрген Абайдың шешесі Ұлжан ұлының, шамамен, осы күні келетінін алдын ала болжаған. Абыр-сабырды ести сала ол да төрде отырған енесі Зерені хабарландырып, сүйемелдеп сыртқа шығады. Абай асығып аттан түсіп, шешелері тұрған топқа жүре бергенде Ұлжан оған анандайдан тұрып, "Балам, әуелі ар жағыңда әкең тұр..." деп, әкесіне барып сәлем бергені жөн екенін айтады.


Бала жалт қараса, қонақ үйдің тұсында аға сұлтан Құнанбай, оның тоқал шешесінен туған інісі Майбасар мен Майбасардың атшабары Қамысбай тұр екен. Әкесін байқамай қалғанына ыңғайсызданған Абай солай қарай беттейді. Онымен қатар Құнанбайдың жанына Байтас пен Жұмабай да келеді. Үшеуі жамырай амандасады. Құнанбай тез бұрылып қысқа амандық сұрасады. "Бойың өсіп, ер жетіп қалыпсың балам. Білімің де дәл солай өсті ме?" дейді ол. Абай алғашында бұл кекету ме, әлде расымен білгісі келіп сұрап тұр ма, түсінбей қалады. Кейін сұрақты жауапсыз қалдырмау үшін "Шүкірлік, әке. Ат барған соң, дәріс тәмам болмаса да қазіреттің рұқсатын алып қайттым" дейді. Үлкендер баланың бұл жауабын құп көреді.





coursera.kz@mail.ru





Құнанбай Абайды шешелеріне жібереді. Оның қаладан келген үшеумен сөйлесіп тұруға уақыты жоқ еді. Себебі, көңілінің бәрі дәл осы уақытта алыстан келе жатқан 4-5 атты адамда болатын.


Абай шешелеріне жеткенше жол жөнекей ауыл адамдары оны кезек-кезек сүйіп, құшақтап, мәре-сәре боп жатты. Құнанбайдың сұлу тоқалы Айғыз осы уақытта: "Мына жаман қатындар баламыздың бетінен сүйер жер қалдырмады ғой" деп, оның көзінен сүйді. Ұлжан ұлын сүймеді

Абай шешелерінің үйінде әбден еркеледі. Зере әжесінің құлағы дұрыс естімей қалған екен. Үйдегі жеңгелері балаң молда боп келді, үшкіртіп ал деп қалжыңдайды. Абай балгер, құшынаш дегендерді ұнатпаса да әжесінің көңіліне медеу болсын деп, әрі қалжыңдап өзі шығарған өлеңдерді шын молдаларша сыбырлап оқып "суф!" деп қойды. Оған таңдана қараған үй ішіндегілер алдымен не айтқанын түсінбей қалды. Кейін қалжың екенін ұғып, бәрі күлді. Нағашыларыңа тартып кетіпсің ғой десті олар.


Осы кезде үйге Майбасардың атшабары Қамысбай келіп, Абайды әкесі шақырып жатқанын айтты. Абай қонақ үйге қарай беттеді.


Келсе, іште Құнанбай, Майбасар мен Жұмабайдан басқа осы Тобықты ішіндегі рулардың белгілі адамдары отыр екен. Олар: Құнанбай шыққан Ырғызбай руына туыстығы жағынан жақын келетін Көтібақ руының рубасы Байсал.


Соңғы кезде барымташы, жортуылшы жігіттер көп шыққан Жігітек руының рубасы Бөжей. Халқы да, малы да басқалардан аз Бөкенші руының рубасы Сүйіндік.  Бұл руларға аса жақындығы жоқ, ара ағайын саналатын Көкше руының рубасы Қаратай. Арасында жас жігіт Байсалдың немере інісі Жиренше тағы бар.


Абай келіп отырысымен үлкендер қал-жағдай сұрасып, аздап әзілдесті де негізгі әңгімеге көшу үшін Құнанбайдың сөз бастауын күтті. Бірақ ол ұзақ ойланып, ештеңе айтпады. Сөйткенше сырттан Абайдан 5-6 жас кіші інісі Оспан кіріп келді. Ол сағынған ағасымен ойнаймын деп шектен шығып кеткендіктен Құнанбай оны жақтан тартып-тартып атшабарға алып кетуді тапсырды. Әкесінен таяқ жегенге Оспан жылаған жоқ. Керісінше, қырсықтық танытқандай сазарып тұрып алды. Оның бұл қылығы үйдегілерді таңдандырды.














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.12.2020
2448
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі