Абайдың қара сөздерінің мәні мен маңызы
«Қара сөздер» деген атау өлең сөзден бөлек шығарма мағынасын білдіреді. Өлең өнерін қазақ қара сөз демейді. Қара сөз «проза» деген мағынада айтылған. Қара сөз еркін ой білдіру формасы. Ақын өлеңдерінің кейбір күрделі дүниетанымдық мәселелері қара сөздерде түсіндірілген. Абайдың біршама өлеңдерін қара сөздеріндегі кейбір ойларды түсініп барып қабылдауға мүмкіндік ашылады. Мысалы «Алланың өзі де рас , сөзі де рас» деген өлеңін түсіну үшін алдымен отыз сегізінші сөзді оқыған жөн. Абай қара сөздерінде Сократ, Платон, Аристотельдерді хакімдер деп атай отырып, өзінің де хакім екендігін дәлелдеп берген. Абай «хакім» деген ұғымды тек қолданып қоймай, оны түсіндірген. Отыз сегізінші сөзінде «хакім дегендер әрбір істің себебін іздеушілер» дей келе хакімдіктің мәртебесі : «Әрбір ғалым – хакім емес, әрбір хакім – ғалым» деп нақтылаған.
Ғалымнан хакімді жоғары қоя отырып , Абай нақлия және ғақлия деген ұғымдарға түсінік береді. Хаклия – хакімнің сөзі, нақлия – ғалымның сөзі. Абайдың қырық бес қара сөзі, негізінен, бәрі дерлік ғақлиялық мазмұнда, бірақ нақлиялық та сәттер бар. Абай философиялық деген ұғымды білсе де, оны қолданбаған, ол оның орнына хакімдік ғақлият сөзін пайдаланған. Кезінде Мұхтар Әуезов нақты айта алмаса да, қара сөздер туралы сол заман үшін өте құнды пікір білдірген еді: «Жалпы алғанда Абайдың осы қара сөз дейтін мұралары көркем прозаның өзінен бөлек, бір алуаны боп қалыптасады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Стиль, мазмұн жағынан алғанда, осы шығармалар Абайдың өзі тапқан, бір алуан көркем сөздің түрі. Бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінше адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді.»
«Абайдың қара сөздері» жанрлық сипаты жағынан әлемдік ойшылдар Монтеннің «Тәжірибелерінен», Паскальдің «Ойларынан», Ницшеннің «Афоризмдерінен», Шопенгауэрдің «Тұрмыстық афоризмдерінен», Борхестің «Философиялық тәсілдерінен», Жебранның «Шағын ойларынан»,т.б. табуға болады. «Абайдың қара сөздері» бірнеше шет тіліне аударылған, әлемдік ақыл-ой қазыналарының бірі болып мойындалды. Ұлы ақынның бұл философиялық мұрасын шет ел тілдеріне аударуға Ғ. Мұқанов, С. Санбаев тағы басқалары көп үлес қосты.
Ең алғашқы қара сөзінде алдағы
өмірінде нені кәсіп қылып, қайтіп өткізетіні жайлы талқылап,
жазған. Осы уақытқа дейін қылып жүрген істерінің байлаусызын,
баянсызын, барлығының қоршылық екенін 1-ші қара сөзінде атап
көрсетеді. Қорытындысында ойына келген нәрселерді қағазға жазып, ақ
қағаз бен қара сияны ермек қылуды жөн көреді: "Кімде-кім ішінен
керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім
өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір
жұмысым жоқ",- деп ойын түйіндейді. Абай ата өз өмірінде, жалпы
қазақ елінің өміріндегі кемшіл тұстарды айқындап жазып, тіпті
қазақтардың бойындағы жаман қасиеттерді жіпке тізіп осыдан
жиреніңдер деп өсиет етеді. Бір сөзінде мақтаншақтық жайлы сөз
қозғаса, енді бірінде иман жайында жазады, ал енді бірінде
қазақтарда кең қолданысқа ие болған алайда еш мағынасы жоқ, мағлұм
болған мақалдарды сынай отырып оқырманға оның дұрыс- бұрыстығын
нұсқап көрсетеді. Қара сөздерінің қайсысы болмасын қазақты
жақсылыққа, игі істерге шақырады , жамандық пен жалқаулықтан
жирендіру үшін түрлі әдіспен сөздерден маржан түзіп әсерлі етуге
барын салғандығы ерекше ұнайды. Қара сөздің барлығын
публицистикалық шығарма деп тануға әбден болады. Себебі қайсыбірін
оқысаңыз да санаңызға қозғау салып, ойыңызды шымырлата түсетіні
анық. Тіпті білім-ғылым жайында жазылған қара сөздерден ерекше қуат
алып, мотивация алатын жандар да баршылық. Әрбір қазақ азаматы осы
қара сөздерді оқып шығуға міндетті деп санаймын. Әлбетте ол ұлтының
нағыз жанашырын тәрбиелеп шығаратыны анық.
Абайдың қара сөздері дүниетанымдық мазмұнда
тек бір халықтың, не ұлттың еншісіне қатысты мәселелерді айтумен
шектелмеген, онда адамзат тарихы барысында сан заман ғұламаларын
толғандырып келе жатқан мәселелерге талдау жасалған. Сондықтан
Абайдың қара сөздері әлемдік өркениетте өз орны бар келелі мәдени
мұра.
Бірлікке, тірлікке, ізгілік пен адамгершілікке шақыратын публицистикалық шығарманы неге жаттап алмасқа?! Ақыл, жүрек, қайрат үшеуін бірге ұстап Абай атамыздың нұсқауымен жүрсек келешегіміз жарқын, болшағымыз баянды болары сөзсіз! Сөз соңында асқан байлыққа толы Абай атамыздың қара сөздерін бағалайық деп аяқтағым келеді.
Қостанай ауданы,
Мичурин ОМ
қазақ тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімі
Баймуханова Гулмиран
Абилхановна
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Абайдың қара сөздерінің мәні мен маңызы"

шағым қалдыра аласыз