Материалдар / Абайға көрініс

Абайға көрініс

Материал туралы қысқаша түсінік
Абайға көрініс
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Автор: Күнкенің аулына Абай келісімен Құнанбай мұны Құлыншақ аулына жұмсады. Бірақ Бетқұдық мәселесі  шешілмеген соң, Абай Құлыншаққа ішінен наразы болып аттанды.  Абай әкесіне Құлыншақтың көнгенін айтсада, өкпесін айтқан жоқ.

Абай: Ассалаумағалейкум!!! Әке Құлыншақтың елінде жер мәселесі шешілді. Сіз айтқан шарттарға көнетіндігін айтты.

Құнанбай: ААА дұрыс екен. Ондағысы жақсы болыпты. Ертең жаныңа Қарабасты қосып Сүйіндік ауылына барасың.

 (Құнанбай сыртқа шығып кетеді. Қарабас артынан жүгіріп келіп)

Қарабас: Балаңыз сөзге ысылып қалыпты. Тіпті, бір үлкен кісідей орамды жатыр. Құлыншақ екен ау демейді. Қалай болсада тең сөйлейді.

Құнанбай: Жетті доғар!!!

( Қатты күй ойналады )

2

( 2-ші көрініс басталады. Ақырын күй ойналып.. )

Автор: -Абай мен Қарабас Сүйіндік ауылына келеді. Ауылда жастардың ойын сауық кеші өтіп жатыр екен. Қыздардың сыңғырлаған күлкісін естіп, бишілердің тамылжыған биін көріп  екеуі кілт тоқтады. Осы қыздардың ішінде Сүйіндіктің қызы Тоғжан да бар еді.

( Шашу биі  орындалады.Би біткеннен кейін бір жігіт ортаға суырылып шығып күй тартады. Сол кезде Абай Тоғжанға ұзақ қарап мына өлең жолдары  оқылады. Өлеңді сахнаның сыртында бір жігіт оқып тұрады. Бұл кезде Тоғжан өлеңге сәйкес іс-қимыл жасап тұрады. Мысалға шолпысын ұстап, шашын ұстап деген сияқты)

 

 

Білектей арқасында өрген бұрым

Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?

Аласы аз қара көзі айнадайын,
Жүрекке ыстық тиіп салған сайын,
Үлбіреген ақ етті, ашық жүзді,
Тісі әдемі көріп пе ең қыздың жайын?

Бұраң бел, бойы сұлу, кішкене аяқ,
Болады осындай қыз некен-саяқ.
Піскен алма секілді тәтті қызды
Боламын да тұрамын көргендей-ақ.

Егерде қолың тисе білегіне,
Лүпілдеп қан соғады жүрегіңе.
Бетіңді таяп барсаң тамағына,
Шымырлап бу енеді сүйегіңе

( Музыка ойналады )

Автор: Бұл кезде киіз үй ішінде Сүйіндік бәйбішесімен және екі баласы Әділбек, Асылбек бәрі де қонақтарымен бірге отыр екен.

Абай: Ассалаумағалейкум!!!

Сүйіндік: Уағалейкум Ассалам!!! Жайғасыңдар балаларым! Я, не мәселемен келдіңдер? Айта отырыңдар.

(Тоғжан сырттан кіріп отырады)

Абай:  Сүйіндік аға! Рұқсат етсеңіз, осы өзіңіз айтқан кейбір сөздерді де өз аузыңыздан ұғынайын деп едім.

Сүйіндік: -Е, сұра, айт балам

Абай: -Ендеше, осы Кіші орданың тұсында Көжекбай Құлжабайдың жер дауына билік айтқан екенсіз. Сонда «мен қойдың бөлігін бөлмеймін, құдайдың бөлігін бөлемін » деп айтыпсыз. Осының мағынасы қалай.

(Бұл сұраққа Қарабас, Әділбек, Асылбек күліп жібереді.)

Сүйіндік: -Шырағым, бұл сөзді әкеңнен ұғынсаң етті.

Абай:- Менің әкем баламен ашылып сөйлей бермейді ғой.

Сүйіндік: -Бірақ жаңағы іске әкеңнің қатысы бар ғой. Оны білушіме едің?

Абай: Әкемнің қатысы барын білемін.

Сүйіндік: Ендеше, әкең аты араласқан сөзді ең әуелі әкеңнің өзінен ұғынғаның мақұл!

Абай: - Бәрекелді! Сүйіндік аға, оныңыз жақсы ақыл! Бірақ сол билік тұсы сіз бен менің әкем екеуіңіздің араңызды суытқан тұсы болды дейді. Ол рас қой.

Сүйіндік: -Рас

Абай: Сол менің әкеммен қырбай болып қалған жеріңізді өзіңіз ұғындырсаңыз, Сүйіндік аға!

Сүйіндік: Өтінсең айтайын! Біле жүр! Сенің әкең Мамай ішінде Жамантаймен көңілдес болып жүріп, өкіл күйеу болғанда екі жүз қой кит киген.

Абай: Иә сонымен

Сүйіндік: Біртінде сол Жамантайдың баласы Көжекбай өзінің Құлжабай деген кедей ағайынымен жерге таласты. Сонда «билік айт, жер бөлігін айырып бер» - деп, мені апарды. Мен бөлік былай бөлінсін дедім. Сенің әкең бас қасымызда. Мен бөлікті өз көңіліме сыйған әділетпен бөлмекпін. Байқаймын, жүрісім Көжекбайға жақпады. Тыжырынып жарыла жаздады. Аздан соң әкеңе сыбырлап, айта бастады. Әкең Кенжебайды құп көрді білем, арт жағымнан саңқ етіп «Уай алапес, сен қалай жүріп барасың» дегені. Мен екі жағына тең би емеспінбе? Ыза болып кетіп «Уай тәйірі, қойдың бөлігін бөліп келе жатқаным жоқ, Құдайдың бөлігін бөлемін » - дедім.

Абай: -Иә сонан соң не болды?

Сүйіндік: -Арғысын қайтесің, сол шырағым  (Сүйіндік қолын бірақ сілтеді). Оданда алдыңдағы астан ала отыр.

Бәйбіше: Жеп, іш Абай!!!

Автор: Үй иелері: Жас қонақтың ұйқысы келді деп, соған жорып, ақыры төсек салынатын болып барлық еркектер тысқа шықты. Абай көңілі бұл кеште өзгеше бір күшті сезімнің әсеріне толы. Бұрын «Ғашық, жар» көп оқыған хикаялары енді кітап емес, аппақ мүсінмен, күлкісі, қозғалысы, тынысы мен «сол мен едім, мен мұндамын» деп көз алдына келгендей. Сүйіндік әңгімелерінің артынан, әуел кезде көңіліндегі тұнып жүрген бір ауыр сезім ренжіткендей, бірер төңкеріліп, түстіде, қайта шөгіп қалды. Ол емес тысқа шығып өз өзімен қалғанда, жұлдызды аспанға аса бір рахат қуанышпен қарап тұрып, кең тыныс алып......................(Желсіз түнде Жарық ай әні орындалады)

Абай:  (Музыканың 1 бөлігінде )

-Махаббатпа? Осы ма? Осы болса мынау дүние, мынау маужыраған тынысты нәзік түн..... бесігі ғой. Сол сұлу саздың құлақ күйі ғой.

(Музыканың 2 бөлігінде )

-Нені айтады ?... Не деп түсінеді?... Не сипатты бұл сезім? ....Не боп барам? Тағат сабырым қайда?

(Музыканың 3 бөлігінде )

-Таң ... жүрек таңы... Сол таңым сенсің бе? Жарығымбысың, кімсің?

(Абай сахнадан жаймен шығып кетеді)

3

( 3-ші көрініс басталады. Музыка ойналады )

Автор: Абай 15 жасқа толғанда әкесі оған Қазақтың ұлы билерінің бірі Қаз Дауысты Қазыбек бидің шөбересі Алшынбай бидің Жүсіп деген баласының 17 жасар қызы Ділдәні алып берді. Сөйтіп Құнанбай Арғын жұртының ең ықпалды руының бірі Қаракесек елімен, жеті атасынан бері билігі үзілмеген Қаракөсек тұқым Қаз Дауысты Қазыбек бидің әулетімен құдандалы болысу арқылы соңғы жылдары жалаңаштана бастаған іргесін бекітті, осылайша Абайдың нағашылары оның қайын жұртына айналды.

Әкелер тарапынан жүзеге асырылған құдалық Абайдың жас жүрегіне тағы бір жазылмас жара салды. Өйткені оның жас жүрегі бір көргеннен іңкәр болған сүйіктісі Тоғжан деп соғатын. Бірақ Тоғжанды өзінің аяулы жары етуге Абайдың еш мүмкіншілігі қалмағанды. Ғашығы Тоғжан ежелгі дала заңымен әлдеқашан басқа біреуге атастырылып қойылған еді. Алғаш көргенде Абайдың Ділдәні жатырқауында, оған үйренісе алмауында осынау мұңлы сыр бар еді.

( Өзеннің жағасында Тоғжан мен Абай кездеседі. Жай музыка ойналады.)

Тоғжан: -Таң атып қалды. Біреу міреу көріп қойса масқара боламыз.

Абай:-Сәл сабыр етші Тоғжан!

Тоғжан: -Бөгелмеңіз, барыңыз. Енді маған келмеңіз, таяуда атастырылған күйеуім келеді.

Абай: -Енді екеумізге қайтып кездесу мүмкін емес дегін кеп тұр ғой

Тоғжан: -Иә, енді бәрі кеш (аттың даусы естіледі). Біреулер келе жатыр. Менің әкем Сүйіндікпен сіздің әкеңіз араз екенін бүкіл ауыл біледі. Олар егер бізді ұстап алса, сізді бірінші жазалайды. Келе жатыр.

 (Айттым сәлем Қаламқас әні орындалады)

Абай: -Қош Тоғжан Қош......

(Ең соңында барлық қатысушылар және белсенді студенттер сахнаға шығады. Әшірәлі ағай сөз сөйлейді. Одан кейін “Қазақ елі”  әні орындалады студенттермен бірге. )


























































1 Сахна Оқушы мен періште арасындағы әңгіме (Сахналық қойылым)
1 бөлім
Кіріспе сөз
1 «Атаның баласы болма, адамның баласы бол»,- деп өсиет қалдырған қазақ халқының ғұлама ойшылы, данышпан ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына биыл 170 жыл.
Өлде деуге бола ма айтындаршы,
Өлмейтұғын артына із қалдырған, - деп төрелегін өзі шешкен Абай бүгінде бүкіл қазақ елінің мәртебесін көтеріп, әлемге танытып отыр. Сондықтан да ұлы ақынның артында қалдырған еңбектерін жас ұпақтын санасына жеткізіп, асыл қасиеттерін бойына сіңіру әркімнің де парызы.
ІІ Сахна ашылады
Ұлжан,Зере,Абай көрінісі
Көрініс -Кел,Абайжан,қоңыр қозым, қымыз ал!
-Әже, бұлдыр-бұлдыр күн өткен, бұрыңғыда кім өткен?
-Е,балам, сенің арғы аталарың өз заманының беделдісі, ел басқарған, нағаашыларын да сөзге шебер болған дана адамдар. Адам баласы ақиқатқа жақын болса, ондай адамның қалдырған ізі де жарқын болмақ. Халқына жақын жақсы адам үнемі жарқырап тұратын асыл тас сияқты.Шын асылдық қасиеті жоғалмайды.
ІІІ.Балалардың дауысы: Қалашылар, қалашылар келеді!
1.Әйел:Анау Абай, Абай ғой, айналайын ай. Апасына айтайықшы.
2.Әйел: Бәсе-е, телғара ғой...(ойланып) жаным-ау, мынау ... нық үнмен Телғара!Әпкеме айтайыншы.Жиналған жұрт қалашыларды күтіп тұрады.Қасында Байтас пен Жұмабай Абай кіріп келеді де көзі бірден шешесіне түседі.
3.Абай:Апа.Абай өзіне қарай жүгіре бергенде, апасы әкесін нұсқайды.4.Апасы: Әй шырағым балам, әуелі ар жағында әкең тұр...!Сәлем бер!Құнанбайдың қасында 2-3 кісі бар олар өзара әңгімелесіп тұр.Байтас,Жұмабай,Абай үшеуі барып Құнанбайға сәлем берді.
-Ассалаумағалейкум!
-Уағалейкумассалам!
Құнанбай: балам.Бойың өсіп ержетіп қалыпсың-ау!Молда болдың ба? Бойыңдай болып білімің де өсті ме?
Абай: Шүкірлік әке! Біраз тұрып ат барған соң, дәріс тамам болмаса да, хазіреттің рұқсатын, фатиқасын алып қайттым.Шымылдық жабылады.
І Құнанбай мен Ұлжан әңгімесі.Абай жолы...
Ұлжан:
-Мырза, аталық арманыңды ақтар балаң болсын.Сен үшін де, өзің үшін де тілер бар тілегім осы ғана.Мынадай сапарына кінә түгіл наз ертсем, оным білместік.Мені дардай етіп көтеріп аттың.Бірақ мен ондай емеспін ғой.Әр кездегі ішімді ойласам өзімнің де кінәм көп. Жөн бе, теріспе білмеймін, мырза.
-Жастықта адамға төсек те, үй де, тіпті, дүние де тар екен. Ал егде тартып, зауал шағына бейімдеген сайын дүние кеңейе береді екен.Өзің салсаң, кішірейе беріп, айналаң қуыс дүниені көп тауып, суына бастайды екенсің. Осы көңіл мені жеңгеніне көп болған.
ІІ бөлім
 Абай сахнаға шығады
Назерке мен Надираның орындауында «Айттым сәлем Қаламқас»
І қара сөз оқылады.
Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.
Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!
Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ.
Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзі - бір тез қартайтатұғын күйік.
Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елге, осы жерде не қылған софылық?
Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харекетке қосайын? Балаларымның өзіне ілгері өмірінің, білімінің пайдасын тыныштықпенен керерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек қыла алмадым.
Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.
Абай ата!Қасиетті ұлы Абыз!Өзіңіз үміт артқан ұрпақтарыңыз өнегелі сөздеріңді тоғамақ.
ІІ Оқушылар сахнаға шығып,афоризм,өлеңдер оқиды.
37 қара сөзі
1. Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес.
2. Хикмет сөздер өзімшіл наданға айтқанда, көңіл уанғаны да болады, өшкені де болады.
3. Әкесінің баласы - адамның дұшпаны.
Адамның баласы - бауырың.
4. Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың.
5. Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі виноват.
6. Дүниеде жалғыз қалған адам – адамның өлгені. Қапашылықтың бәрі соның басында. Дүниеде бар жаман да көпте, бірақ қызық та, ермек те көпте. Бастапқыға кім шыдайды? Соңғыға кім азбайды?
7. Дүние-үлкен көл,заман-соққан жел,алдыңғы толұын-ағалар,артқы толқын-інілер,кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінер.


ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Айымгүл
14 Ақпан 2024
396
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі