Абайтану .11-сынып Абайдың "Сегіз аяқ"өлеңі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Абайтану .11-сынып Абайдың "Сегіз аяқ"өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары жас мұғалімдерге Абайтану пәнін жүргізудеқажет болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абайтану

Сынып:11-сынып

Мұғалім: Куеубаева С.Н.

Сабақтың тақырыбы: Абайдың «Сегіз аяқ»өлеңі

Мақсаты:

Өлең үзінділеріндегі мәселелерді анықтайды,өлеңнің идеялық мазмұнын ашады,терең түсінеді.

Сабақтың барысы:

І.Ой шақыру.

Қойылатын сұрақтар төмендегідей:

  1. Абай өлеңдері бүгінгі заманға дейін өзінің өзектілігін жойған жоқ. Неліктен Абай өлеңдері өміршең?

  2. Абайды не толғандырды?

  3. Абай нені сынға алды деп ойлайсыз?

  4. Н.Назарбаевтың «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз,қазақ халқын танытамыз.Абай әрқашан ұлттық ұранымыз болуы тиіс» деген сөзін қалай түсіндірер едіңдер?

ІІ.Мағынаны тану

Оқушыларға Алтынай Жорабаеваның орындауында «Сегіз аяк» әнін тыңдату

https://www.youtube.com/watch?v=QI94Ui1my_0

І.Ойбөліс.

1.“Сегіз аяқ” әнінде не жайлы жазылған?

2. Абайдың айтар ойы қандай?

3. Әннің әуені қандай өлшеммен орындалады?

4. Әннің басқа әуендерден өзгешелігі неде?

ІІ. « Талдау» стратегиясын жүргізу

Жеке тапсырма.

1-оқушы тапсырмасы: Етістіктерге назар аудара отырып, олардың иесін табыңыз, қиуа, тағысөздерінің өлеңдегі мағынасын түсіндіріңіз. «Надан адамның» бейнесін Абайдың сөздерімен суреттеңіз.Өлең шумағына пікіріңізді білдіріңіз.

2-оқушы тапсырмасы:

Автордың адамдарға тағар сынын анықтаңыз. «Пайдасыз тақыл – байлаусыз ақыл» сөзі қандай көркемдеуіш құрал? Мағынасын түсіндіріңіз.

Автордың оқуырманға берер тағылымын анықтаңыз. Афоризм сөзді табыңыз

3-оқушы тапсырмасы:

Абай өлеңіндегі заман мәселесі(проблемасы) неде? Афоризм сөзді табыңыз.

Өлең шумағында бейнеленген автордың сезімін анықтаңыз.

4-оқушы тапсырмасы:

Автордың оқырманға айтар ақыл – кеңесін анықтаңыз.

«Атадан алтау, анадан төртеу» сөздерініңі мағынасын түсіндіріңіз? Өлең жолдарындағы ақынның көңіл – күйін анықтаңыз.

ІІІ.Қорытынды «Не білдік?»Сабақта не білгендерін ортаға салады.

Үйге:

ІІІ.«Абайды білмек парыз ойлы жасқа» Абай өлеңінің идеялық мазмұнын терең ашу үшін оқушыларға 2тақырып беріледі.Бір тақырыпты таңдап жаба жұмысын орындайды.

1.Ақын насихат ететін құндылықты қазіргі кездегі маңыздылығына баға беріп, оның өзіңіз, отбасыңыз және қоғам үшін пайдасын пайымдап, «Біріңді қазақ, бірің дос...» деген атпен шағын эссе жазыңыз.

2.Ақынның күйіну қапалану себептерін ашып, өз көзқарасыңызды білдіріп, бауырмалдық пен жанашырлық сезімінің өлеңдегі көріну сипатына талдау жасап, «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...» деген тақырыпта шағын ой-толғау жазыңыз.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.10.2020
1622
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі